М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ……… 3

1 ҚОРЛАР – ӨНДІРІС ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ
1.1 Қорлардың экономикалық мазмұны және маңызы………7
1.2 Қорлардың жіктелуі мен бағалануы………………..9
1.3 Қорлар есебінің қазіргі заманғы жағдайы және оны жетілдіру……17

2 ҚОРЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «АлматыСтройТранс» АҚ-ң бухгалтерлік есебі және есеп саясаты…… 23
2.2 Қорлардың кіріс және шығыс есебі, құжаттық жабдықталуы………… 34
2.3 Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі………….38
2.4 Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі…………43

3 ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
3.1 Қорлар есебінің аудиті, мақсаты және міндеттері…….. 45
3.2 «АлматыСтройТранс» АҚ-ң қаржылық жағдайын талдау…….67

ҚОРЫТЫНДЫ ……….81
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……..83
ҚОСЫМШАЛАР………86

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Өндірісте  қорлардың есебінің дәл қазіргі кезде елімізде өзектілігі күннен күнге артуда. Бухгалтерлік есепте қорларды есепке алуды дұрыс жүзеге  асырып, олардың маңыздылығын түсіну керек. Сондықтан да осы дипломдық жұмысымның тақырыбын «Қорлар есебінің  қазіргі  заманғы  жағдайы  және оны жетілдіру  жағдайы» деп таңдап алу себебім, қазіргі нарықтық экономиканың даму барысында негізсіз шығындармен күресу, өнімнің өзіндік құнын азайту және оның сапасын арттыру мәселесі тұрғандықтан әсіресе орта және шағын кәсіпорындардың бәсеке қабілеттіліктерін жоғарылату мен отандық өнім өндіруді дамыту мәселесі алдыңғы орындардың бірін иеленгендіктен осы тақырыпты теориялық жағынан ізденіп жазуды алдыма мақсат етіп  қойдым. Өйткені  бұл тақырыптың қазіргі кезде  өзектілігі  артып отыр. Оны шешу үшін төмендегі мәселелерге көңіл бөлу керек :

— Қорларды тиімді қолдануды жақсарту әдістерін таңдау;

— Өндірісте қорларды тиімді пайдалану мен оларға аудиторлық тексеру жолдарын жетілдіру;

— Дайын өнімдер мен тауарлар бәсекелестікке төтеп беру үшін сапасын жақсартып, оларға жұмсалған шығындарды бақылау ;

— Тауарлар мен дайын өнімдерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;

— Өнімдердің өзіндік құнын төмендету жолдарын қарастыру және сапасын арттыру;

— Қорлар есебін дұрыс жолға қойып, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда өнім түрлеріне қарай  тиімді әдістерін таңдау және есеп саясатына енгізіп отыру.

Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырым­дама міндеттерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал-тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды. Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін (табысты­лығын) қамтамасыз етуі тиіс. Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорлар және олардың тиімділі­гін білу маңызды.

Қазіргі уақытта басқару ресурстарын жүйелеу мен өндірістегі қорлар проблемасы өзекті, дегенмен әрбір қайта құрылған немесе қайта жасалған кәсіпорын көптеген жағдай­ларда мыналардың есебінен өндірістік емес шығындар болады:

-өндірістік құжаттарды толық пайдаланбау;

— айналымдық қаражаттың айналымдылығын өндіріс­тік ресурстарға жоғары баға болуына байланысты азайту.

Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі  бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады. Бухгалтерлік есеп  нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдарда ерекше маңызды орынға ие. Есепке алу мәліметтері ұйымдардың  және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасын дамыту заңдылықтарын зерделеу және зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында ұйымдардың күрделі экономикалық тетігін нық және жақсы жолға қойылған есеп жүйесінсіз, сондай-ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару, іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтанда кез-келген ұйымдар үшін есеп ақпараттық жүйелері маңызды орын алады. Оның ішінде қорлар есебінің де ұйымдастырылуы, олардың өз уақытылы іске асырылып отыруы  өз әсерін тигізбей қоймайды.  Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынасқа көшу барысында аймақты, қатал бақылау-тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін сол елде – бәсекелестік қамтамасыз ету үшін шешуші роль атқарады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін   өте қатал бақылау-тексеру болуы қажет. Соның нәтижесінде ғана нарықты қатынас жолмен дамудың тиімділігі іске асырылады. Ұйымның өндіріс шығындары айналым қорларының негізгі бөлігінің бірі болып табылады. Оның құрамына материалдар мен шикізаттар,  өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы, негізгі құралдардың амортизациясы және басқа да үстеме шығындар кіреді.

Нарықтық экономика жағдайында айналым қорының айналымдылығын жоғарылату оның маңызды және нақты көрсеткіші болып табылады. Өнімнің өзіндік құнында материалдардың үлес салмағы өнеркәсіптерде 70% , ал тоқыма және химиялық өнеркәсіптерде 85%-ке  жетеді. Өндіріс процесіне еңбек заттары өндіріс қорлары ретінде қатысып, жаңа қалыптасқан өнімге өзінің құнын толық беріп отырады. Олар бұл процесте толық қолданыла отырып, жаңа өнімнің материалдық негізін құрайды.

Қорларды тиімді қолдану мәселелерін қымбат материалдарды өнімнің сапасына нұқсан келтірмейтін арзанырақ материалдармен ауыстыру, өндіріс қалдықтарын анықтап тиімсіз шығындарды максималды түрде жойып, шаруашылық айналымына қайталанбалы ресурстарды кеңінен енгізу арқылы шешу қажет. Бұл сауалды шешуде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының маңызы зор.

Бухгалтерлік есеп материалдардың сақталынуы, шығындар нормасының төмендетілуі және тиімді қолданылуы туралы мәліметтерді жинақтайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

— қорларды келешекте пайдалану үшін сақтау, басқа жаққа және өндіріске босату мен пайдалану мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіру;

— белгіленген тәртіп бойынша тауарлы-материалдық қорлардың қалдығын жаппай түгендеп отыру;

— оларды бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижелерін дер кезінде есепке алып отыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

— қорлар бойынша операциялардың құжаттарда уақытылы және дұрыс көрсетілуі, материалдардың түсуі мен босатылуы, дайындалуы бойынша нақты мәліметтермен қамтамасыз етілуі;

— материалдық — қорлардың сақталу орындарында және барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталынуын бақылау;

— қордың бекітілген нормасының сақталынуын бақылау;

— қойма қорларының жағдайын бақылап отыру.

«Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу халықаралық стандарттарға көшуде және де Жұмыс шоттар жоспары енгізілді. Экономиканың қай саласындағы болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі болып саналады. Бұл орайда ұйымның материалдық құндылықтарын сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуте болады.

Зерттеу жұмысының обьектісі: “АлматыСтройТранс” Акционерлік Қоғамының мәліметтері алынып, қорлар  есебі мен  аудитін қарастырып,  оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу және зерттеп жазу.

Зерттеу пәні құрылыс ұйымдарындағы  қорлардың есебі және аудиті, олардың қалыптасуы және оны саралау факторлары, бухгалтерлік  есептің  жүзеге  асырылу тәжірибесі мен теориялық зерттеу маңыздылығын қарастыру болып табылады.

Зерттеу жұмысы бойынша ұсыныстар:

— артық және қажет емес шығындарды анықтап, олардың өткізілуіне бақылау жүргізудің әдістерін ұсыну;

-өндірісте қорлардың қолданылуын жүйелі түрде бақылау тәсілдерін анықтау;

-дайындалған қорлардың нақты өзіндік құнын және көлік дайындау шығындарын дұрыс және уақытылы есептеу;

— қорлардың өнімнің өзіндік құнына дұрыс аударылуын бақылау;

— қорлар есебі бойынша ұйымның есеп саясатының сақталуын және дұрыс қалыптасуын қадағалау. Дұрыс ұйымдастырылған есеп қорлардың түгелдей сақталынуына, олардың үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді.

Дипломдық  жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі,  жұмыстың мақсаты мен міндеттері,  зерттеу объектісі мен зерттеу пәні және ұсыныстар берілген. Бірінші бөлімінде, қорлардың  қалыптасуы  және   нарықтағы ролі сондай ақ теориялық негіздері толығынан жазылған. Екінші бөлімде, «АлматыСтройТранс» АҚ-ң  бухгалтерлік есебі  және есеп саясаты, қорлардың кіріс және шығыс есебі, құжаттық жабдықталуы, қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі және қорлардың  синтетикалық және аналитикалық есебі қарастырылады. Жұмыстың үшінші бөлімінде қорлар есебінің аудиті, мақсаты мен міндеттері,   «АлматыСтройТранс» АҚ-ң    қаржылық жағдайын    талдауы жазылған.

  Дипломдық жұмыс / 86 бет
Тағы рефераттар