Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

  1. Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі
  2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
  3. ФИФО әдісі
  4. ЛИФО әдісі

Арнайы сәкестендірілген есептеу әдісі

Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі әдетте бірімен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есетпеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы оның кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар түрінің  орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдарының сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

ФИФО әдісі

ФИФО  есптен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы тізімі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың бағасымен бағаланады.

ЛИФО әдісі

ЛИФО әдісі кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай срңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

Өндіріске жұмсалынған және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО және ЛИФО әдістері бойынша мына түрде есептелінеді. Мысалы: А – түрлі материалдар тобы

2-кесте. Қорларды бағалау әдісі

 

Саны (дана)

Бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)

А) Қаңтар айының бірінші жұлдызына кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдығы

50

100

5000

Қаңтар айында кіріске алынған материалдық қорлар

1-Топтамада

2-Топтамада

3-Топтамада

4-Топтамада

5-Топтамада

100

80

90

100

70

110

120

130

140

150

11000

9600

11700

14000

10500

Кіріске алынған материалдық қорлардың жиынтығы

440

56800

Бастапқы қалдықпен қоса есептегендегі қалдығы

490

61800

Ай бойы материалдық қорлардың шығыс етілгені

ФИФО әдісімен бағалағанда

250

28200

ЛИФО әдісімен бағалағанда

250

34900

Ай соңындағы материалдық қорлардың қалдығы

ФИФО әдісімен бағалағанда

240

33600

ЛИФО әдісімен бағалағанда

240

26900

 

Бұл кестеден көріп отырғанымызда йшығыс етілген 250 дана материалдық қорлардың құны бойынша есептелінеді.

ФИФО әдісі бойынша:

Бірінші кіріс етілгенде, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны  80 дана сомасы  9600 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған материалдардың тек қана  20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+9600+2600) теңгенің материалдары.

ЛИФО әдісі бойынша:

Соңғы кіріс етілгендер, соның ішінде: бесінші топтамада кіріске алынғаны 70 дана, сомасы 10500 теңге, төртінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана, сомасы 14000 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған  90 дана материалдардың сомасы 11700 теңге,  80 данасы сомасы 10400 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (70+100+80) дана сомасы 34900 (10500+14000+10400) теңгенің материалдары.

Материалдық қорларды ФИФО және ЛИФО әдістерімен бағалау барысында материалдардың талдамалық (аналитикалық) есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.

Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептуе бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны  материалдық қордың сатып алынған құны мен дайындау-тасымалдауы шығындарының қосындысынан тұрады.
Тағы рефераттар