Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы ретінде көсемшелер де жұмсалады, әрі есімшеге қарағанда, қосымша әлементтерді қажет етпейді. Қазақ тіліндегі көсемшенің қызметтері туралы айта келе, И. И. Мещанинов “Сөйлемдегі негізгі бөліктің баяндауышындағы қосымша элементтерінің біреуінің анықталған құрылымын білдіретін көсемше құрмалас сөйлемнің жеке бір бөлігінің құрастырушысы ретінде көріне алады. Сөйлемнің бөліп қарастырып отырған бөлігіндегі көсемше бұл жерде де дербес, аяқталған мазмұн алмайды, тек негізгі сөйлемдегі баяндауыштың қызметін нақтылайтындығын көрсетеді.
Әрi қимылдың өзiн, әрi қимылдың амалын бiлдiретiн етiстiктiң ерекше түрi болып саналатын көсемше сөйлемде 2 түрлi синтаксистiк қызмет атқарады:
1) пысықтауыш
2) баяндауыш
Косемшелердiң құрмалас сөйлем жасаудағы ролi оның бағыныңқының баяндауышы қызметiн атқаруынан көрiнедi. Көсемше – етiстiктiң тиянақсыз түрi. Бұлар құрмаластың өзi баяндауыш болып келген бөлшегiн екiншi компонентке бағындыра байланыстырады да, ол бөлшектердiң бiрлiкте, тұтастықта болуын қамтамасыз етедi. Сөйтiп көсемшелер әрi дәнекерлiк қызмет атқарады.
Көсемшелердiң iшiнде сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентiнiң баяндауышы қызметiнде жиi қолданылатыны да және өзi баяндауыш болып келген компонеттi тиянақты компонентпен әр түрлi мағыналық қатынаста құрмаластыратын –ып, -iп, -п жұрнақты түрi. Өткен шақтық көсемшенiң дәнекерлiгi арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдердiң бiрсыпыраларында тиянақсыз компонент тиянақты компонентке тек тұлғалық жағынан өз дербестiгiн сақтап басыңқы сөйлемнiң ешбiр мүшесiне меңгерiлмей, онымен жарыса, салаласа айтылады.
Жай сөйлемдердi бiр-бiрiмен құрмаластыруда -а, -е, -й, жұрнақты көсемшенiң де өзiндiк ролi бар. Бұл тұлғадағы көсемшелерде тиянақсыздық сипат басым болғандықтан бағыныңқының тұлғалы баяндауышы әрi мағыналық, әрi тұлғалық жағынан тиянақсыз болады.
Аталған формалардан басқа жай сөйлемдi бiр-бiрiмен құрмаластыруда — ғалы / -гелi, -қалы/ -келi жұрнақты көсемше қолданылады. Жай сөйлем құрамында мезгiл не мақсат пысықтауыш қызметiнде жұмсалатын бұл тұлға құрмалас сөйлем бағыныңқысы баяндауышы ретiнде тек соңғы кезде (өте сирек) қолданылады.
Көсемше формасы арқылы жасалатын құрмаластарға тіліміздегі қимыл-сын бағыныңқылар, себеп, қарсылықты, шартты, мезгіл бағыныңқылар мен мезгілдес сабақтастар жатады.
Бағыныңқы комонентi басыңқы компоненттегi iс-әрекеттiң қалай орындалатынын бiлдiретiн сабақтасты амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас деймiз.
Мезгiл, салыстырмалы, себеп бағыныңқылы түрлерi сияқты, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастың компоненттерi бiрi екiншiсiне бағыныңқы, тәуелдi болып, соңғысы алдыңғысын жетектеп, меңгерiп тұрады.
Жасалу жолдары:
1) –п формантты көсемше
2) –а, -е тұлғалы көсемше
3) -ғандай тұлғалы көсемше.
Тағы рефераттар
- Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары
- СЕЙТЕН КӨЛІ АРТЕМИЯСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӨНІП-ӨСУ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
- Педагогикалық-кәсіптік қасиеттері – балаға деген ынта
- Басқарудағы классикалық немесе әкімшілік мектебі
- Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні