Жаңа жыл мерекесі

Ертенгіліктің мақсаты: Балаларға  «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.

Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Музыка, тіл дамыту, айналамен танысу, би өнері.

Көрнекілігі: Сиқырлы таяқшалар, әсемделген шырша, қыс суреті,ойын өткізуге арналған құралдар.

Кейіпкерлер:

Аяз ата- Айжан апай

Ақша қар- Нәзира апай

Қоян- Индира апай

Сыйқыршы- Болат апай

Алдар көсе- Айсұлу апай

Аққала- Жанна апай

Жалмауыз әже- Дана апай

Ескі ұлу жылы- Айнұр апай

Жаңа жылан жылы-Асел апай

Жүргізуші-Айгерім апай

Көмекшілері- Жазира, Нұргүл апайлар

Жүргізілген топ-«Күншуақ» тобы

Ертенгіліктің барысы: музыка залында ата-аналар, қонақтар жиналған зал қыс бейнесімен және де әдемі көрікті шыршамен әсемделген.

Жүргізуші- «Күншуақ» елінің «Жаңа жыл» мерекесінің құрметті қонақтарын қарсы алыңыздар-

—         «Күншуақ»-елінің сыйқыршы балаларын қарсы алыңыздар( топ балалары кіреді.)

—         Сыйқыршылар елінен- сыйқыршы мырза

—         Орман әлемінен –қоян батыр

—         Ескі жылымыз- Ұлу ханым –хош келдіңіздер!

Жалмауыз- Ах, мені мерекелеріне шақырмайын деген екенсіңдер! Мен, мен жалмауыз әже әдемі көйлегімді киіп келсем сендер мені қонақ қылдырмайсыңдар! Мә, саған! – деді де бәрін қатырып тастайды.

Алдар көсе-

Даламызға, қаламызға

Жаңа жыл кіріп келеді

Дабыл соғып қағыңыздар

Шашу шаттық себеді-

деп әндетіп келе жатқан кезінде шыршаның артына жалмауыздан қорқып тығылып қалған қоян жылап шығады

Қоян- Алдар көке, жаңа жыл болмас енді жалмауыз әже бәрін қатырып тастады. Енді не қыламыз?

Алдар көсе- Уайымдамандар біз бұның есебін табамыз біздің балапандарымыз сыйқырланбаған ғой, қазір біз олардың көмегімен  сыйқырды жоямыз. Енді менімен бірге – Ақ моншақ болып шашылсын

Жасыл шырша жағылсын- 3-рет сонда ғана сыйқыр жойылады.

Балалар Алдар көсенің айтқаның жасады жасыл шырша жағылып қонақтар сыйқырдан босатылды. Мәз мейрам болып «Жаңа жыл» мерекесі басталды.

Қоян- Мен ақ қоянмын сендерге менің сыйлығым бар мен «Жасыл шыршаға» арнап әсем ән алып келдім бірге орындайық.

«Жасыл шырша жанында».

Өленің жазған: Ә. Дүйсенбаев

Әнін жазған:Л. Хамиди

Сыйқыршы- Құрметті қонақтар менің сіздерге арналған сыйқырым бар көрсетуге рұқсат етіңіздер! (Сыйқыршы сыйқырын көрсетеді)

Жүргізушу- Сыйқыршы мырза біздің де сізге деген сыйлығымыз бар бізде балалар да сыйқыр көрсете алады. Айым мен Диляраның сыйқырына назар аударыңыздар! (Қыздар бір-бірлерінің  мойындарынан қызыл лента сыйқырлы сөз айтып шығарады)

Жүргізуші- Сыйқырды көрдік, қонақтарды қарсы алдық енді біздің құрметті қонағымыз жетіспейтін сияқты, ол кім екен балалар?

-Аяз ата мен Ақша қар!

-Дұрыс айтасыңдар Аяз ата мен Ақшақар екен. Қане, шақырайықшы Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар!(Ортаға Аяз ата мен Ақша қар кіреді)

Аяз ата-

Армысыңдар,қарақтарым,

Армысыңдар, құлындарым!?

 Жаңа жылды алып келдім,

Ақ шырақты жағып келдім!

Сендерге мына балаларым,

Тәтті сыйлық алып келдім!

-Аяз ата ортаға келіп балалармен бірге бір ән салыңыз, би билеңіз.

“Таяғы бар қолында»-

аяз атаға арналған

ән шырқалады.-хор

-Аяз ата біздің балапандардың сіздеге арналған тақпақтары бар екен айтуға рұқсат етіңіз.

Сәрсенбай Нұрдәулет:

Боранмен буып белді,

Жаңа жыл тағы келді.

Берекесін ала келсін,

Нұрға бөлеп біздің елді.

Ыдырыс Әжібек:

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

Бирманова Малика:

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Сені күттім елендеп.

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.

Абдрахманов Темірлан:

Жасыл шырша, қош келіпсің,

Сені күтіп жүрдік біз.

Көркейсін деп сенің жүзің,

Ойыншықтар ілдік біз.

Ақшақар:- Өте тамаша, балалар өнерлерін өрге жүзсің. Менің де, сендерге арналған өнерім бар.

Менің әсем ұлпаларым,

Маған ұшып келеді

Таң қалдырып өнеріне

Бәрі билеп береді.

«Ұлпақарлар биі»

Өте тамаша! Биіңіз таңғажайып екен!

Аяз ата:

Қарақтарым,шырақтарым

Мен сендердің өнерлеріңді көрдім,әндеріңді тыңдадым, ал, енді мені басқа елдердің балалары да асыға күтуде.Міне, сендерге деп арнайы дайындаған сыйлығымды берейін. Ақшақар…

Ақшақар:-Ата сыйлық Аққалада болған, балалар Аққаланы көрдіңдер ме?

-Жооқ!

Сыйқыршы: -Ал қазір мен сыйқырыммен Аққаланың қайда екенің айтайын «Сим салабим, Ахалай-мақалай. Бум»-ап Аққала Жалмауыз кемпір мен сыйлықты қоса алып келе жатыр екен!

Аяз ата:

-Дұрыс екен, ендеше біз жүре берейік. Сау болыңдар балалар!

-Сау болыңыз!(аяз атаны көңілді әуенмен шығарып салады)

Көңілді әуен есіктен «Жаңа жыл» кіреді.

Ескі жылға сәлем бердім

Жаңа жыл мына мен келдім

Балаларға базарлық

Жақсы ойын әкелдім!

Ата-аналармен ойын «Ойлан тап» (сандықшадағы сөздерді мимикамен көрсетіп, таныту)

«Ескі жыл» « Жаңа жылға» өзінің берекелі жылын жылы сөзбен тапсырады.

Есіктен арқаланып Аққала кіреді. Бір қолында Жалмауыз әжені ұстаған, бір қолында сыйлығы

Ух,ах шаршадым

Сіздің елді таппадым

Сыйлығымды желкелеп,

Жалмауызды жетектеп

Қашады ол безектеп

Сұра қане кешірім!

Әйпесе мен саған

Көрсетемін дедім мен!

Жалмауыз:

Кешіріндер, кешіріндер

Енді жаман болмаймын

Өшіргішпен өшіріндер

Менде сыйлық сыйлаймын

Аққала балаларға сыйлығын береді.Жалмауыз бен мереке қонақтары және балалар соңғы кештің биін билейді. «Буги ОК»-қимылды биі.
Тағы рефераттар