Бұл бөлімде біз тұтынуға салынатын салықтарға жататын қосылағн құн салығы және акциз салықтары жөнінде баяндаймын. Қазіргі кезде халықаралық стандартқа сәйкес және экономикалық термин ретінде тұтыну салығы деп аталып жүр. Кейбір дамыған мемлекеттерде «тұтыну салығы» десе, ал бірқатар елдерде «жанама салықтар» ретінде аталуда, қалай атасақта бұл салықтардың мағынасы мен мазмұны өзгермейді. Сондықтан кейде қатар аталып күнделікті тұрмыста қолданылуда.
Қосылған құнға салынатын салықты 1954 жылы М. Лоре (Франция) енгізіп, айналымға салынатын салықты алмастыруға қабілетті салық ретінде бейнеледі. Бұл салық Франция жерінде 1968 жылы толығымен енгізіліп болды. Кейін келе Еуропалық Одаққа мүше болғысы келетін мемлекетке қойылатын алғы шарттардың бірі болып саналды.
Қосылған құнға салынатын салықты есептеу барысында негізінен 4 әдіс қолданылады:
- тікелей аддивті немесе бухгалтерлік;
- жанама аддивті;
- тікелей шегерім жасау әдісі;
- жанама шегерім жасау әдісі немесе шоттар бойынша есепке жатқызу.
Аддитивті қосу жолымен алынатын шама.
Бірінші және екінші әдістер балансқа негізделген, анығын айтқанда ол
пайдалы анықтау негізінде есептеледі. Бірақ компанияның балансында жасалған мәмілелер жолпылама түрле көрсетіліп, тауарлар түрлері бойынша жіктелмейді.
Үшінші әдіс өндірілген өнім құнынан жұмсалған шығындарды шегеріп тастағаннан кейін кейін ғана салық сомасы есептеледі. Бұл үшін әдісті біртұтас салық ставкасын қолданған жағдайда ғана пайдаланады.
Ал тәжірибеде, негізінен төртінші әдіс кеңінен тараған. Бұл әдіс арқылы дифференцияланған салық ставкасы мәміле жасалған сәтте бірден қолданылады, сондай-ақ щот-фактураны толтыру арқылы жасалған мәміле туралы, компанияның салық міндеттемелерді туралы ақпар алып отыруға мүмкіндік туады.
Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жумыстарды қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін ьюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынандай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.
- Жеке кәсіпкерлер.
- Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда).
- Қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер.
- Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері.
- Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында импорттайтын тұлғалар.
Қосылған құн салығының негізгі салық салу объектілері:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт.
Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт:
Тауарларды өткізу бойынша айналым тауарларға қатысты өткізу бойынша айналым:
1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:
- тауарларды сатуды;
- тауарларды тиеп жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға алмастыруды;
- тауар экспорттын;
- тауарды тегін беруді;
- жарғылық капиталға жарна төлеуді;
- жұмыс берушінің жалдамалық қызметкерге жалақы есебінен тауар беруін.
2) тауарларды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді және мүлікті қаржы лизингіне беруді;
3) комиссия шарттары бойынша тауарларды тиеп жөнелтуді;
4) қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілге қойвлған мүлкін (тауарларын) беруін;
5) кәсіпкерлік қызмет мақсаты үшін сатып алынған тауарды кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды өткізу үшін, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушінің не оның жалдамалы қызметтерінің, қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы үшін пайдалануын;
6) бір заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушілері болып табылатын бір құрылымдық бөлімшесінің екінші құрылымдық бөлімшесіне тауар жөнелтуін;
7) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді.
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып
табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алу кезінде салық салынатын айналым.
Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушілердің айналымы болып табылады және оларға Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиіс жұмыстарды, қызмет көрсетулері алушылардың салық салынатын айналымының мөлшері осы баптың мақсаттары үшін, оған Қазақстан Республикасындағы көздерден төленген табыстардың төлем көзінен ұсталуға тиіс салық сомасы ескеріле отырып резидент емеске төленуге тиіс сома негізге алына отырып анықталады. Төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы 15 пайыздық ставканы салық салынатын айналым мөлшеріне қолдану арқылы анықталады.
Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін төленетін төлем шетел валютасымен жүргізілген жағдайда салық салынатын айналым жасау күні валюта алмастырудың пайыздық бағамы бойынша теңгемен есептеледі.
Есептелген қосылған құн салығының сомасы салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етілетін мерзімнен кешіктірілмей төленеді.
Қосылған құн салығының төленгенін растайтын төлем құжаты салық сомасы есепке жатқызуға құқық береді.
Тағы рефераттар
- Автомобиль көлігі
- Пушкин және Қазақ даласы
- 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар
- Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі
- Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің қаржысы