Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамыту мемле кеттің тәуелсіздік жылдарындағы рөлінің өзгеруі, саяси жүйенің, экономи каның, қоғамдық қатынастардың қалыптасу, мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру үрдістерімен тығыз байланысты.
Қазіргі уақытта, Қазақстанның бәсекеге аса қабілетті 50 елдер қатарына кіруге қатысты міндет қойылған кезде мемлекеттік қызметшінің төзімділігін арттыру — мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселеге айналды. Өйткені мемлекет бәсекеге қабілетті болуы үшін оның құрамындағы әрбір мекеме, әрбір ұйым, ал өз кезегінде әрбір сол мекемеде қызмет ететін маманның іс — әрекеті мен қызметі де бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Ал маманның бәсекеге қабілетті болуы өз кезегінде кез келген салада сапалы қызмет етуге байланысты. Және де мемлекеттік саясатты тікелей жүзеге асыратын тұлғалар — мемлекеттік қызметшілер болғандығына байланысты мемлекеттік қызметшілердің төзімділігін арттыру мәселесі — мемлекеттік маңызы бар мәселелер қатарында десек артық айтқан болмас едік.
1997 жылы мемлекеттік дамудың ұзақ мерзімді басымдығы ретінде кәсіби үкімет құруды айқындап берген «Қазақстан – 2030» стратегиясында мемлекеттік қызметті дамыту үрдісінің негізі қаланған.
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан тәуелсіздікке ие болған кездердің бірінші жылдарында әзірленген Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту стратегиясында Қазақстан Республикасының қазіргі уақытқа сай нарықтық экономикасы, тұрақты саяси жүйесі, ашық әрі толенрантты қоғамы бар мемлекет ретіндегі оң имиджін қалыптастыруды Қазақстанның ұзақ мерзімді басымдықтары ретінде белгілеген.
Мемлекеттік қызметшілер – қоғамның қозғаушы күші, оның стратегия лық әлеуеті. Сондықтан да мемлекеттік қызметшілердің төзімділігі ел іргета сының мықты болуына, халықаралық қатынастарда мемлекеттің оңтайлы бей несін қалыптастыруға зор үлес қосуы сөзсіз.
Мемлекеттік қызметшілер ортасында төзімділік пен ұлтаралық мәде ниетті тәрбиелеуде қазақ мәдениеті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәде ниет, ол ұлтгық тәлім — тәрбиенің негізінде дамып қалыптасады. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Қазақстан мемлекеті — көп ұлтты мемлекет. Сол себепті, біздің этникалық фак торымыздың қоғамның дамуындағы атқаратын ролін ескере отырып, ұлта ралық қарым-қатынасты шынайы достық рухында дамытуды есте үстауымыз қажет. Әрбір мемлекеттік қызметшілердің төзімділігі еліміз еге мендік көшін енді түзеп, адамзаттық құндылықтар мен асыл қасиеттерге бейіл бере бастаған бүгінгі жағдайда өте қажет болып табылады.
1999 жылы қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) мемлекеттік қызметтің кәсіби және тиімді жүйесі мен бірыңғай кадр саясатын қалыптастыруға бағытталған, өзекті қажеттіліктерге сәйкес келетін жаңа тәсілді айқындап берді. Заңның қабылдануы мемлекеттік қызмет қағидаттарын, мем лекеттік лауазымдардың сатылығын белгілеу жолымен мемлекеттік қызмет қаты настарын реттеуге, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін айқындауға және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеуге, сыбайлас жемқор лыққа қарсы шектеулерді енгізуге мүмкіндік берді.
1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-І Заңы тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет жүйесін институттандырудың бастауы болып, мемлекеттік басқару жүйесінің кадрлық ұйытқысын сақтауға мүмкіндік берді және мемлекеттік қызметтің мемлекеттің маңызды институты ретінде дамы тылуына негіз қалады.
Қоғамдық өзгерістер, елдің бәсекеге қабілеттілігінің күн сайын арта түсуі, мемлекеттік қызмет жүйесі жаңартылып жатқан кезде мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар да өзгеруде. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшіге енді тек біліктілік талаптары қана емес, сонымен қатар мораль дік – психологиялық қасиеттердің бар болуына қатысты талаптар қойылады. Бірінші кезекте аталған қасиеттердің ішінде мемлекеттік қызметшінің төзімді болуы, төзімділік қасиетін атап өтуге болады
Біздің елімізде төзімділік бірінші кезекте сенім, өзара құрметтеу, ниет тестік пен мәдениетаралық үндесу арқылы көрініс табады. Оның негізінде – құндылықтар бірлігі, мүмкіндіктердің теңдігі мен дәстүрлер мен патриоттық сезімдердің синтезіне негізделген ұлттық рух. Дәл осы қасиеттердің бар болуына байланысты Қазақстанда Тәуелсіздіктің 20 жылының ішінде этностық алауыздық көріністері орын алған емес.
Қазіргі кезде тәуелсіз Қазақстан Республикасының мақсаттары мен басымдықтарын іске асыру үшін кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың тиімді жүйесін құру, мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашық тығын қамтамасыз ету қажеттілігі маңызды болып табылады.
«Төзімділік қағидалары туралы декларацияда» аталған ұғымға қатысты келесі түсініктемелер берілген: төзімділік біздің дүниеміздің мәдениетінің көп түрлілігін, адамнын, жекелігінің өзін білдіру нысандарында және көрініс тәсілдеріне сыйлаушылықты, қабылдау мен түсіндіруді білдіреді. Жасөспірімдер ортасында төзімділік пен ұлтаралық мәдениетті тәрбиелеуде сапалы білім ашықтық қарым-қатынас септігін тигізеді.
Төзімділік түрлері:
- Шыдамдылық нысанындағы төзімділік;
- Неге болса да, кімге болса да бейімделуі;
- Орнықтылығы;
- Жол беру;
- Қабылдау;
- Түсіністік.
Көпұлтты қоғамда әрдайым белгілі бір этникалық топтың мәдениеті мен тілі оның өкілдері қаласын, не қаламасын, міндетті түрде өзге көршілес халықтың мәдениеті мен тілімен өзара қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан полиэтникалық қоғамда ұлтаралық қатынастардағы толеранттылық мәселесі сол мемлекеттегі этностардың бірге өмір сүруі үшін өзекті мәселе болып табылады. Батыстық дәстүр бойынша төзімділік — екі субъект арасын дағы жеке тұлға қүкықтарын қүрметтеу негізінде құрылатын өзара бейта раптық қарым-қатынас. Ресейлік зерттеулерге келсек, 2002 жылы төзімді лікке мынадай анықтама берілген: «Төзімділік — өзін-өзі шектеу мен әдейілеп араласпаудың белсенді тұрғысы (позициясы), қарым — қатынас субъектіле рінің келіспеушілігі жағдайында әртүрлілік және қарама-қарсы лыққа өзара бірге шыдауға ерікті түрде келісу».
Төзімділік ұғымының синонимі болып табылатын толеранттылық — (ағылш., франц. «tolerance”, лат. «tolerantra” — төзімділік) төзімділік, өзге пікір лерге, сенімдерге, мінез-құлық, салт-дәстүрге, мәде ниетке, сезімге, идея ларға кішіпейілдікпен қарау, плюрализм тұжырым дамасы мен адам бостан дығы мен құқығымен тығыз байланысты негізгі демократиялық принцип терінің бірі. Төзімділік жалпыға ортақ және саяси мәдениеттің маңызды белгісі.
Қазіргі заманғы әлеуметтік мәдени жағдайлар болашақта адамзаттың өмір сүруінің басты шарты ретінде төзімділіктің калыптасуының маңызы зор екенін көрсетіп келеді. Бұл төзімділікті объективті шындықтың көп компо нентті құбылысы деп тануға мүмкіндік берді.
Төзімділік денгейінде тәрбиелеу адам баласының бейнесін коршап, орта ны қабылдау тәсілдері мен мінез-құлқына қарай тануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік механизімінің негізі болып табылатын мемлекеттік қызмет шілердің іс – әрекеттері тиімді атқарылуы мақсатында мемлекеттік қызметті атқаруға үміткер адамға өз бойында келесідей мінез – құлықтың бар болуына шарт қоюға да болады. Олар келесі шарттар: мемлекеттік қызметшінің шыдамды, төзімді, сабырлы болуы, өз қатесін мойындай алуы, басқаларға деген құрмет көрсете білуі, кеңпейілділік таныта білуі, сонымен қатар келесі рухани – моралді қасиеттері де бар болуы шарт болса, нұр үстіне нұр болар еді. Олар: кешірімділік, аяушылық, жұмсақ мінезділік, көңіл білдірушілік, басқалармен еркін қарым – қатынас, тұрақтылық, татуласуға дайын болу т.б. тек сонда қана мемлекеттік қызметтің мәртебесі артып, мемлекеттік қызмет тарапынан көрсетілетін қызметтер сапасы арта түсер [15, 28 б.].
Мемлекеттік қызметішінің тұлғасын қалыптастыру – күрделі әрі сан қырлы әлеуметтік үрдіс. Осы үрдістің күрделілігі мен қайшылығы мемлекет тік қызмет саласында және жалпы қазақстандық қоғамда көптеген әлеуметтік институттардың әлеуметтанушылық ықпалында және жалпы қазақстандық қоғамда көптеген әлеуметтік институттардың әлеуметтанушылық ықпалын дағы терең өзгерістердің бейнеленуі ретінде орын алатын реформалар кезінде ерекше айқын көрініс табады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда материалдық және рухани мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері бар 130-дан астам ұлтар мен ұлыстар өкілдері өмір сүріп жатыр. Халықтың 57%-ын қазақтар, ал қалған 43%-ын өзге ұлттармен ұлыстар өкілдері өмір сүріп отыр.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды егемен мемлекет ретінде сақтаудың басты шарты — қазақтар мен орыстарың және басқа да этнос өкіл дерінін достығын нығайту, Орталық Азия халықтарынын бірлігін сақтау, аймақтын тен құқылы негізде әлемдік қауымдастыққа енуінін куатты факторы ретінде бірлікті нығайту қарастырылады. Ал осы бірлікке қол жеткі зудің маңызды шарты – мемлекеттік қызметті тиімді жүзеге асыру арқылы мемлекеттік идеологияны, мәдениет факторларын дұрыс қалыптастыра білу. Осының барлығы мемлекеттік қызметшілердің міндеттері болып табылады. Яғни, елімізде толеранттылықты нығайту ісінде мемлекет тік қызметтің, атап айтқанда осы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік қыз метшілердің үлесі зор болмақ.
Елімізді егемен мемлекет ретінде сақтаудың бірден бір жолы – Қазақстан халқының бірлігі, яғни біздің елімізде тұратын топтасқан этностық, діни және басқа әлеуметтік-мәдени топтар қоғамдастығының бар болуы.
Ұлтаралық қарым – қатынас саласындағы толеранттылық – бұл төзімділік, яғни қандай да бір нәрсенің қатар өмір сүруіне мүмкіндік беру ғана емес, ең бастысы «өзгенің» құндылығы мен қызығушылықтарын мойындауға және құрметтеуге дайын болу, өзгенің пікірін ескере отырып, өзара әрекеттестікті ұйымдастыру.
Қазақстан тәуелсіздігінің болашағы, оның өсіп-өркендеу, нығаюы үшін қазақтың – өзіміздің ұлттың бірлігі керек. Ал мемлекеттік қызметшілер осындай бірлікті қамтамасыз етуші мызғымас күш болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда толеранттықтың жоғарыда аталған түрлері орын алуда, яғни мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаттарының негізгі ұстанымы – толерантты, кез келген елдердің, этностардың, ұлттардың бір – бірлеріне деген өзара сыйластық, құрмет көрсету саясатының қалыптасуы. Толеранттылық Қазақстан халқы бірлігінің факторы болып табылады. Әртүрлі ұлт өкілдерінің арақатынасында мына үш жағдай байқалады:
а) ынтымақтастық, ә) бейтараптылық, б) алауыздық.
Алауыздық салдарынан ұлттардың бір-біріне қарсы тұруы, қастандық, бітіспес қайшылықтар мен арпалыс күрес, тағы баска да келеңсіз жағдайлар орын алады. Бұлардын мемлекетаралык сипаты ел арасындағы қақтығыс тарға себеп болатынын, мемлекеттін ез ішіндегі алауыздық азамат соғысына апаратынын керіп жүрміз. ТМД-нын Кавказ халықтарынын, Югославия халыктарынын, Тәжікстан мемлекетінің бастан кешіріп отырған көптеген ауыртпалықтары осы ұлтаралык келіспеушіліктен болғаны белгілі.
Бейтараптық жағдай мемлекеттер арасында, бір елдің өз ішінде, сондай-ақ, адамдардын арасында кездесуі мүмкін. Біріне-бірі ашық жауласпағанымен, олардын арасындағы салқын қабақ танылмай коймайды. Белгілі дәрежеде біріне-бірі шыдамдылықпен төзіп, шын пиғылын көзге керсетпесе де, бейта раптық жағдайында бір ұлттың екінші ұлт мүддесіне енжар қарауы, сырттай сыйласқан сияқты болуы да келеңсіз көрініс. Мұндай жағдайлар көбінесе жеке адамдар арасында, шағын ұлт топтары арасында кездеседі.
Нақты әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде адамдардың біріне-біріне деген адамгершілік қатынастарынын, гуманизмінін үш деңгейі анықталған. Соның ішінде ең жоғарғы деңгей — ізгілік қатынастар мен адамның ақылын толық қамтып, сана-сезімдерінен, іс-әрекеттерінен, басқа ұлт өкілдерімен ара қатынасынан анық көрінеді.
Ал орта деңгей жеке адам болмысынын белгілі бір жақтарын ғана қамтиды, яғни сол адам белгілі бір мәселеде мейірімділік, туыстық пиғыл танытып, басқа бір жағдайда ұлт шеңбері аясында қалады.
Төменгі деңгейде адам баскаға алакөз, іші тар, қаскөй мінез танытады, ұлтшылдық дертімен уланып, сол ұлттык түсінік деңгейінен аса алмайды [27, 69 б.].
Ұлтаралык катынастар мәдениеті түрлі үлт өкілдері арасында сыйластык, өзара көмек, гуманизм, өз ұлтының да басқа ұлттар мен ұлт топтарынын да рухани мәдениетін игеруге құштарлық болып табылады. Әлбетте, ұлтаралық қатынастар мәдениеті өз бетімен пайда болып, калыптаса коймайды. Ол үшін мемлекеттің, партиялардың, козғалыстардың, ұлттык мәдени орталыктардың күнбе-күнгі белсенді қызметі сияқты субъективті он факторлары керек. Егер мұның бәрі болмаса, ұлттық келісімге, ұлттық бірлікке жарықшак түседі, ұлтаралык шиеленіс, алауыздық белең алады.
Қазакстан Республикасынын тәуелсіздігі жағдайында барлық ұлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын жалпы ұлттық патриотизм идеясының қалып тасуы керек. Оның темірқазығы —Қазакстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаны ретінде сезінуі.
Еліміздегі демократия және ұлт мәселесі жөнінде айтқанда, тағы бір көңіл аударатын мәселе — Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы. Ол еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы болып табылады. Мұндай ұйым ТМД елдерінің шеңберінде осы кезге дейін құрылмаған. Ең бір қиын күндерде ол шын мәніндегі халық өкілеттілігінің органына айналды. Қазақстан Халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылы желтоқсанда өткен Қазақстан халықтары құрылтайында кабылданды. Онда Ассамблея парламенттің немесе атқару билік органының баламасы бола алмайды деп көрсетілді. Бірақ ол мүдделестер клубы сияқты қуыршак ұйым да болуға тиісті емес еді. Ұзак ізденістердін, ұлттык мәдени орталықтар өкілдерінің, энтологтардын, заңгерлердің, баска да сала мамандарының пікірлерін зертей келе, Ассамб леяға мемлекет басшысынын жанындағы консультативті кенесші орган дәрежесін беруге үйғарылды. Қазірдің өзінде ол өз кызметінің жемістерін бере бастады.
Шынайы патриотизм — жалпы азаматтық құндылықтардың маңыздысы болғандыктан, басқа халықтарға, ұлттар мен ұлыстарға сыйластыкпен, ізгі ниетті адамгершілікпен қарауды көздейді. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этнос өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде түратын барлык халықтың ортақ патриотизмімен тұтас байып отырады. Өйткені, «халық» деген ұғым мемлекеттегі барлық адам, яғни ұлттар, ұлттық топтарды қамтиды.
Қазақстан Республикасында патриотизм бірден жалпы қазақстандық, осында тұратын барша ұлттардың жалпы ұлттық патриотизмі және қазақтардың, орыстардың, ұйғырлардын, тағы басқалардың өзіне тән ерекше ұлттық патриотизмі түрінде көрінеді. Осылайша, жалпы қазақстандық ұлтара лык қатынастар мәдениеті, ең алдымен, халықтардың тең қүқылығы, өзара сыйластык, өзара көмек, гуманизм және баска да өркениетті қатынастар принциптерінің ұлттық санаға қаншалықты сіңгеніне, сол санада ұлттық мүдделер мен басқа халықтардын мүдделері қаншалықты үйлесім тапқанына байланысты дамиды. Ал ұлтаралык қатынастар мәдениеті дегеніміз — ұлттар дың қамсыз, мұңсыз өмір сүруіне қажет мүлде жаңа сипаттағы рухани-парасат ортасынын және ұлтаралық катынастардың қалыптасуына себепкер әрі сол себептердін нәтижесінде қол жеткен ақтық нәтиже болып табылады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқы бірлігін нығайту, оның толеранттылығын нығайту ісіне зор үлес қосуда. Атап айт қанда олар саяси үндесу инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру мақсатында Қазақстанның азаматтық қоғамы саяси əріптестігінің жалпы ұлттық инфрақұрылымын қалыптастыру тұжырыда масын, өңірлік пікірталас клубтарының отырыстарын өткізу жөніндегі əдісте мелік ұсынымдарды əзірледі.
Мемлекетіміздің ішкі саясаты саласында жаңа басымдықтар контексінде этникааралық жəне конфессияаралық қатынастар аясындағы жұмысты күшейту үшін ұлтаралық тұрақтылықты жəне қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған идеологиялық жəне саяси-бұқаралық жұмыс тұжырымдамасы, саяси — бұқаралық жұмысты жетілдіру жөніндегі əдістемелік ұсынымдар дайындалып, мемлекеттік қызметшілерге өз жұмыстарында пайдалану үшін жолданды [28, 57 б.].
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілерге, жалпы мемлекеттік қызметке қойылатын маңызды міндеттерінің бірі — ұлтаралық қарым-қатынас мәдение тіндегі қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Патриотизм өмірдің жекелеген қырлары, Отанның, Атамекеннің тұтастығы мен бірегейлігімен тікелей байланыста қаралатын қоғамдық-саяси қатынастардың мәні мен құндылықтарын зерделеу тәсілі ретінде көрінеді.
Ұлтаралық қарым-қатынастардағы мемлекеттік қызметшілер мәдение тінің негізгі қағидаттары: іс-әрекет бірлігі, халықтардың өзара көмегі мен ауызбірлігіне ықпал ету; халықтар мен мемлекеттердің достық ынтымақ тастығы; ұлттық мүддені, егемендікті құрметтеушілік; жалпы демократия лық және жалпыұлттық принциптердің бірлігі және т.б. сондай-ақ, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің танымдық, саяси, реттеушілік, тәрбиелік, құндылықты-нормативтік, үлгілік-өнегелік, болжамдық және коммуника тивтік сияқты маңызды қызметтері қарастырылады.
Тағы рефераттар
- Маркетингтік зерттеулер процессі, ролі және оның кезеңдері
- Қазақстан Республикасындағы мүлік салығы және оның жетілдірудің ерекшеліктері дипломдық жұмыс
- Ит туралы қазақша мақал-мәтелдер
- Темперамент жөнінде түсінік
- Жарнама