Төмеңгімолекулалы полиорганосилоксандарды моно-, ди- немесе трифункционалды алкил (арил) хлорсиландардың немесе алкилэтоксисиландардың гидролизімен алады.
Бұл технологиялық схемның негізгі агрегаты – гидролизер сулы суыту жейдесі бар болаттан жасалған эмальданған реактор. Гидролиз реакциясы экзотермиялық және суыту арқылы оны 30 – 50оС аралығында ұстап отырады. Диметилдихлорсиланның судың артық мөлшерімен гидролизінде [-Si (СH3)а-О-]n типіндегі 50% жуық циклді полимерлер түзіледі, ондағы /гЭ*2. Қалған гидролиз өнімдері негізінен НО-[-Si(CHа)2 — -О-}n-Н типіндегі жоғарымолекулалы диолдардан тұрады. Сызықты полимерлердің шығымын арттыру мақсатында гидролиз өнімдерін реакторда тұрақты тұтқырлық пайда болғанға дейін концентрленген H2SO4 (4% мөлшерде, көлемі бойынша) араластырады.
Тігілген жоғарымолекулалы полиорганосилоксандар ди- және три- функционалды алкил (арил) хлорсиландардың қоспасының конденсациясы және гидролиздеу (бірінші саты) және қыздыру кезінде алынған өнімдердің қатаюы (екінші саты) нәтижесінде алынады.
Бастапқы мономерлердің гидролизі және конденсациясы катализаторлар қатысында (әдетте қышқылдар) жүргізіледі. Құрылыс материалдары өндірісінде біріншілік гидролиз өнімдері және еріткіш сұйықтық немесе қатты зат болып саналатын және қыздыру кезінде жылдам балқымайтын және ерімейтін күйге өте алуға қабілетті R : Si< 1, Г> қатынастағы конденсация өнімдері пайдаланылады.
Қолданылуы
Құрылыста сұйықтық түріндегі төмеңгімолекулалы кремнийорганикалық полимерлер әртүрлі құрылыс материалдарының беткейіне гидрофобты қасиет беру үшін кеңінен пайдаланылады. Гидрофобталушы сұйықтықтардың негізгі қасиеттері – улы еместігі және қолдануға ыңғайлылығы. ГКЖ – 94 қолданылуы оның жоғары құндылығымен шектеледі. Жиі ГКЖ – 10 немесе ГКЖ – 11 қолданылады.
Жоғарымолекулалы кремнийорганикалық полимерлердің ішінде құрылыс материалдары өндірісінде полиметилфенилсилоксанды құрайтын К -40 полимері қолданысқа ие болған.
Бұл полимерлерді пенопласттар, лак, эмаль және краска, сіңіруші құрамдарды дайындау үшін қолданады. Полиорганосилоксанды каучуктарды (сызықты полимерлер) құрылыста изоляциялаушы және герметизирлеуші паста және желім түрінде пайдаланады. Одан бөлек, кремнийорганикалық полимерлер құрылыста әр түрлі қабатталған пластиктер, талшықтардан бұйымдар жасауда, пресс – порошоктар, желім және егер материалдың жоғары жылуға тұрақтылығы қажет болған жағдайда, түрлі бұйымдар жасау үшін қолданылады.
Тағы рефераттар
- Қылмыс
- Мусин Қапан Әубәкірұлы
- Инновациялық қызметті ақпараттық қамсыздандыру
- Т — триггері
- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің активтерінің аудиті