Кремнийорганикалық полимерлі сұйықтықтар иісі жоқ, тұтқырлығымен, қайнау және қату температураларымен ерекшеленеді. Олар өте термотұрақты және егер жанатын болса, қарапайым органикалық материалдарды бұзатын химиялық және физикалық факторлардың көпшілігі, судың әсеріне аз ұшырайды. Өз кезегінде, олар пластмасса, каучук, краска немесе тірі тканьдер және организмдер сияқты органикалық материалдардың көпшілігіне мүлдем әсер етпейді немесе өте аз әсер етеді. Кремнийорганикалық сұйықтықтар жақсы электроизоляциялаушы материалдар болып табылады, түссіз және гидрофобты қасиеттерге ие.
Мұндай физикалық қасиеттердің бірігуі – оларды присадкаларда мотор майлары үшін, әр түрлі жаққыш материалдарды дайындау үшін, лак – краскалы жабындарда, косметикада, кулинарияда варенья және джем құрамында (көбіктенуді ескерту мақсатында), кең диапазонда оң және теріс температураларда пайдаланылатын демпферлі және гидравликалық сұйықтықтарды дайындау үшін, асфальт өндірісінде, медициналық құрылғыларда, пленкаларда, жиһаз құрамындағы және автомобильдегі полиролдерде пайдалануға мүмкіндік береді. Кремнийорганикалық полирольдердің беткейінен өңдеуден кейін қалдырылатын және олармен сіңірілген өңдеуші маталармен қалдырылған жұқа пленкалар шаң және су итергіш қасиеттерге ие. Мұндай өңдеуден кейіңгі беткей сумен суланбайды және шаңнан оңай тазартылады.
Кремнийорганикалық полимерлі сұйықтықтар таза күйінде де қолданылады. Сезімтал құралдардың дәлдігі және олардың зақымдануларға тұрақтылығы, егер амортизирлеуші сұйықтықтар ретінде кремнийорганикалық полимерлер қолданылса, жиі жоғарылап отырады. Жақсы таңдалынған сұйықтық қажет емес дірілді және бағыттарының секірісін жояды. Кремнийорганикалық сұйықтықтар двигательдердегі, әр түрлі типтегі автомобильдік мотордан локомативті дизельдерге дейін, маховиктің вибрациясын шешуге мүмкіндік береді. Кремнийорганикалық полимерлер самолет массасының сұйықтық амортизаторларында пайдалануға мүмкіндік беретін, күшті сығылу қасиетіне ие.
Көптеген органикалық материалдар кремнийорганикалық полимерлерге жабыспайтындықтан, кремнийорганикалық сұйықтықтарды жиі дайын бұйымды формасынан оңай ажырату үшін (резина немесе пластмассаны қалыптауда және металдарды қысыммен құйғанда) пленка түрінде пайдаланады.
Кремнийорганикалық сұйықтықтардың термо- және суға тұрақтылығы оның өте күшті электроизоляциялаушы қасиетімен бірге және электр өрісінде соққыға беріктігімен оларды авиадвигательдердің свечаларын изоляциялауда, радио және рентген құрылғыларында, антенналарда, аккумулятор батареяларында, электрлі кабельдерде пайдалануға мүмкіндік береді. Олар сонымен қатар жұмыс істеудің ұзақ мерзімділігін, конденсаторлардың жұмысының және жоғары температурада қолданылатын трансформаторлардың жұмыс істеуінің сенімділігін қамтамасыз етеді.
Молекуласында әрбір кремний атомына бір метил тобы CH3 және бір сутек H атомы қосылған сұйықтықтар
текстильді өңдеуде (аппретирлеуде) кең қолданысқа ие болды. Олармен өңделген маталар бағалы (құнды), сипауға жағымды және де суитергіш қасиетке ие болады. Оларда құрамында суы бар сұйықтықтар – сүт, алкогольсіз сусындардан, кофе және тағы да басқадан ешбір дақ қалмайды. Сонымен қатар, силиконды аппрет ешқандай жуғанмен де, химиялық тазартудан да кетпейді. Бұл артықшылықтар киім және беттегіш маталар үшін өте бағалы болып саналады.
Шайырлар. Кремнийорганикалық шайырлар өздерінің асырушы қасиеттерінің арқасында түрлі қолданысқа ие болады. Шайырдың негізіндегі термотұрақтылық, гидрофобтығы және материалдың басқа да құнды қасиеттері машина және құрылғылардың жұмысының сапасын жақсартуға, олардың салмағын төмендетуге, материалдардың шығынын азайтуға мүмкіндігін туғызды және жаңа электроизоляторлар, қорғағыш жабындар құруға сәйкес келді. Төменде кремнийорганикалық шайырлардың негізгі қолдану аймақтары көрсетілген.
Жабындарға арналған шайырлар краска, лак және эмаль өндірісінде сыртқы көріністі жақсарту мақсатында және объектіні коррозиядан қорғау және жоғары температура әсерінен қорғау мақсатында қолданылады.
Қабатталған материалдарды біріктіруші шайырлар – бірнеше қағаз, мата, асбест қабатын бір блокқа біріктіріп – берік материалдар – жоғарывольтты трансформаторларда төсеніш және изоляторлардың электрлі панельдерін дайындауда пайдаланылатын – қабатталған диэлектрлер алу мақсатында қолданылады. Шайырлар тұтас жабындар «жабыспайтын» (антиадгезиялық) қабатты қажет ететін беткейде қолданылады. Мысал ретінде пекарняда және вафельницаға арналған жабындарды атап айтуға болады.
Су итергіш шайырларды құрамдарды сіңіру үшін және суға тұрақты бетон алу үшін қолданады.
Қалыптағыш щайырлар – қабатталған материалдарды біріктіруші шайырлармен ұқсас, тек оларды ажырататын мата немесе қағаз орнына толықтырғыштар қолданылады. Бұл шайырларға ең күрделі формаларды беруге болады. Олардан патрондар, шестерндер, электрлі жаққыш детальдар, электронды құрылғылар және моторларды штамптайды (қалыптайды).
Кремнийорганикалық шайырлардан жасалынған электроизоляциялаушы материалдар термотұрақты, озонға берік және агрессивті ортаға тұрақты болып келеді. Мұндай шайырлардан жасалынған детальдар электрқұрылғылардың ұзақмерзімді жұмыс істеуін және техникалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді.
Элостомерлер. Сәйкес термиялық өңдеуден өткеннен кейін жоғары молекулалық массасы бар кремнийорганикалық полимерлер молекулаларының арасында пайда болатын көлденең байланыстармен тігіледі, силиконды каучук түзіледі, оны әрі қарай вулканизациялап, табиғи каучуктан алынатын резинадан ешбір айырмашылығы жоқ, эластомерлер алады. Тігілу дәрежесінен тәуелді алынатын материалдың қасиеттерін (эластикалығын, беріктігін, қаттылығын және т.б.) өзгертуге болады. Силиконды резиналар созу кезінде және шөгуде де эластикалығын жоғалтпайды. Оларды параққа, труба немесе күрделі формалы бұйымдарға қайта қалыптауға болады, сонымен қатар бөлме температурасында қататын массаға айналдыруға болады. Олар төмеңгі температураларда да, қарапайым синтетикалық резина қатты күйге айналып, және жоғары температурада қарапайым резина жабысқақ массаға айналып жатса, эластикалығын сақтап қалады. Олар ескіруге, ауа – райының әсеріне,су, электр көзі, көптеген сілті, қышқыл, тұз және майлардың әсеріне үшырамайды.
Тағы рефераттар
- Кеңес беру — әлеуметтік көмек беру әдісі ретінде
- Оңтүстік Американың климаты
- Психиканы дамытудың биологиялық шарттары
- Қылмыс және теріс қылық
- Жарнаманың экономикалық тиімділігі