Мазмұны
Кіріспе 3
1 – Бөлім. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ 5
1.1. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ 5
1.2. Мәліметтердің криптографиялық өзгеру әдістері 5
1.3. Криптожүйелер класы 6
1.4. Криптографиялық жүйелерге қойылатын талаптар 7
1.5. Симметриялық криптожүйелер 8
1.6. Алмастыру шифрлары 9
1.7. Ауыстыру шифрлары 11
1.8. Аналитикалық өзгерулердің көмегімен шифрлеу 14
1.9. Гаммерлеу әдісімен шифрлеу 15
2- Бөлім. Ашық кілтті криптожүйелер(Ассиметриялық) 18
2.1. Ашық кілтті ассиметриялық жүйелер 18
2.2. RSA алгоритмі ( Р.Райвест, А. Шамир,А.Эйдельман) 18
2.3. Эль-Гамаль алгоритмінің негізіндегі электронды қолтаңба 21
2.4. Криптографиялық кілттерді басқару 22
Қорытынды 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

Кіріспе

Бөтен адамдарға оқуға мүмкіндік бермейтіндей түрлендіру әдісімен ақпаратты қорғау проблемасы адамзатты бұрынғы заманнан толғандырды. Криптографияның тарихы адамзат тілінің тарихымен жасты. Сонымен қатар, ежелгі қауымдастықтарда онымен тек қана таңдаулылар иемденгендіктен алғашқы жазу криптографиялық жүйемен тең болған. Оған мысал ретінде Ежелгі Мысыр, Ежелгі Үндістанның қасиетті кітаптары бола алады.

Жазу-сызудың кең таралуына байланысты криптография жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Алғашқы криптожүйелер біздің эрамыздың басында кездеседі. Сондықтан Цезарь хат жазуда өзінің атымен аталған жүйелі шифрді пайдаланды.

Криптографиялық жүйе бірінші және екінші дүниежүзілік соғыста қарқынды дами бастады. Соғыстан кейінгі уақыттан бері қазіргі күнге дейін есептеу құрылғыларының пайда болуы, криптографиялық әдістерді өңдеу мен жетілдіруді жеделдетті. Мәліметтерді қорғаудың криптографиялық әдістері автоматтандырылған жүйелерде ЭЕМ — дерде өңделетін  ақпаратты қорғау үшін пайдаланады. Криптографиялық түрлендіру рұқсат етілмеген алдын-алу тәсілі ретінде көп ғасырлық тарихқа ие. Қазіргі кезде көптеген шифрлар әдістері жетілдірілген және қолданудың теориялық және практикалық негіздері құрылған. Бұл әдістердің көбісі ақпаратты жабуда ойдағыдай пайдалануы мүмкін. Қандай себептен ақпараттық жүйелерде криптографиялық әдістерді пайдалану проблемасы қазіргі кезде аса маңызды болды. Бір жағынан, компьютерлік жүйелерді, соның ішінде үлкен көлемді мемлекеттік ақпараттарды, әскери, коммерциялық және жеке тұлғалардың рұқсат етілмеген мәліметтері жіберілетін интернет глобальді жүйесі пайдаланады. Екінші жағынан, жаңа қуатты компьютерлердің жүйелі және нейронды есептеу техникасының пайда болуы шешуге мүмкін емес деп саналған криптографиялы жүйеге сенімсіздігін арттырды.

Ақпараттарды түрлендіру жолымен қорғау проблемасы мен – криптология айналысады ( “сryptos”- құпиялы, “logos”- ғылым деген грек сөздерінен шыққан).  Криптология 2 бағытқа бөлінеді : криптография және криптоанализ. Бұл бағыттардың мақсаты бір-біріне қарама-қайшы.

Криптография – ақпаратты түрлендірудің математикалық әдістерін іздеу және зерттеумен айналысады. Басты мақсаты – мәліметтердің жасырындылығын (құпиялығын),тұтастығын және шынайлығын қамтамасыз ету. Криптоанализ ортасы – ақпаратты кілтсіз шешу мүмкіндігін зерттейді.Басты мақсаты : ақпаратты қорғаудың криптографиялық жүйесінің осал жерлерін тауып,шифрланған мәтінді дешифрлау немесе жалған хабарламаны шынайы деп көрсету.

Қазіргі заманғы криптология 4 үлкен бөлімнен тұрады:

1.Симметриялы криптожүйелер

2.Ашық кілтті криптожүйелер

3.Электронды қолтаңба жүйелері

4. Кілттермен басқару

Криптографиялық әдістерді пайдаланудың негізгі бағыттары- ақпаратты байланыс салалары арқылы жіберу ( мысалы, электронды почта), жіберілетін хабарламалардың шығынын растау, тасығыштағы шифрланған түрдегі ақпаратты сақтау ( документтер, мәліметтер базасы ). Сонымен, криптография ақпаратты оқу тек кілтін бергенде ғана мүмкін ететіндей түрлендіреді.

 Курстық жұмыс / 25 бет
Тағы рефераттар