Шертпе күй дәстүрі, оның жанрлық-көркемдік ерекшеліктері
Дәстүрлі аспаптық музыка және күйшілік өнер қазақтың халықтық музыка мәдениетінің қос қанаты іспеттес. Қаншама ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып келе жатқан күйшілік өнер, әсіресе бүгінгі күнге дейін шашау шықпай бізге жеткен домбыра мен қобызда орындалатын күйлер — дүние жүзінде теңдесі жоқ асыл қазына, ерекше құбылыс. Әр дәуірде ғұмыр кешкен күйшілік өнердің тарлан жүйріктері мен жансыз дүниеге жан бітіріп, тілін бұлбұлша сайратқан дүлдүлдері қаншама, орындаушылық өнердің сан тарау мектептері қаншама!
Домбыра мен қобызға арнап шығармалар жазған халық композиторларын, ұлттык дәстүрді әрі қарай дамытып, аспаптық музыка саласында айтулы еңбектерімен танылған Қазақстан композиторлары. Осыдан соң дәстүрлі күйшілік өнер мектептерін саралай келе Құрманғазы, Дәу-леткерей, Тәттімбет, Абыл, Ықылас, Қазанғап, Дина күйлері.
Мысалға, еуелі Құрманғазы күйшілігі мен күйлеріне шолу жасай келіп, «Сарыарқа» күйіне тоқталсақ. Неше рет жер аударылып, Сібір түрмелеріне қамалып, аяғына кісен салынып, «Кісен ашқан», «Түрмеден кашқан» күйлерін шығарған Құрманғазы «бірде түрмеден қашып келе жатып, Арқа, Алатауды басып өтіп, өз еліне жеткен екен, «Сарыарқа», «Алатау» күйлерін сол жерлерде жол-жөне-кей қона-түней жүрген кездерінде шығарыпты» деген әңгімелер бар. Сол әңгіме желісі бойынша Құрманғазы бір түрмеден қашқан жолында Арқадағы атақты күйші Тәттімбетке соғып, күй тартысып, сауық-сайран құрып, ұзақ күндер қадірлі қонағы болыпты. Сонда Тәттімбеттің сый-сияпатына риза болған Құрманғазы Тәттімбетке «Сізге арнаған сыйым болсын» деп осы «Сарыарқа» күйін шығарып, тарту етіпті дейді. «Сарыарқа» күйіне айызы қанып, рақат-танған Тәттімбет, «ендеше мен де саған бір күй арнайын» деп «Көкейкесті» күйін Құрманғазыға арнаған екен. Осыдан соң Тәттімбет Құрманғазының астына жарау ат мінгізіп, жанына жүз қаралы жігіт ертіп, жүз шақырымдай жерге шығартып салдырған екен деседі.
Ал енді «Сарыарқа» күйінің өзіне келетін болсақ, бұл күй тек Құрманғазының ғана емес, жалпы қазақтын ұлттық топырағында туған аспаптық музыкамыздың асқаралы шыңы деуге болады. Сондықтан да Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі барлық концерттерін осы күймен аяқтап отырады. Оркестрде осындай жайдың қалыптасуына ықпал еткен қалың көпшілік көрермен қауымның өзі. Себебі, әйгілі Құрманғазы атындағы оркестр концерттерінің бірде-бірінде көпшілік оркестрді «Сарыарқа» күйін орындатпай сахнадан жібермейді, «Сарыарқа» деп залдың әр тұсынан дауыстай қол шапалақтап отырып алатын болған.
1950 — 1956 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы оркестр гастрольдік сапармен Қытай халық республикасына бірнеше рет барып, концерттері жоғары бағаланып, үлкен шығармашылық жеңіске жетті. Қытай жерінде өткен сондай алғашқы концерттерінің бірінде «Сарыарқа» күйі орын-далғанда зал толы жұрт түгелдей орындарынан түрегеліп тұрып тыңдапты. Осы жайға куә болғандардың айтуынша тыңдарман көпшілік кауымның күй басталғаннан-ақ орындарынан ұшып тұруы оны біздің ұлттык әнұранымыз екен деп түсінгендіктерінен болса керек. Міне, күй құдіреті осындай.
Расында да әрі шаттық-қуанышты, әрі жігерлі, фанфармен бір тосын алапат күшті сездіретіндей «Сарыарқа» күйінің кіріспесінің өзі кім-кімді де елең еткізетіндей әсерлі естіледі. Күй үздіксіз алға ұмтылған қуаттылығымен қазақтың дүбірлі кең даласының бүкіл тіршілік-тынысын, елдігі мен еркіндігін, қайтпас қайсарлығы мен ерлігін, құдіретті жойқын күшін танытқандай. Күйтолассыз ілгері ұмтылуы арқылы дала төсінде кеудесін желге қарсы тосып, ат құлағында ойнап, құйғыта құйындатып шапқан, ертеңіне сеніммен бет түзеген, өмірсүйгіш қазақтың батырлық мінезінің образын бергендей болады. Былайынша жайбарақат жатқан жомарт тірлікті қазақтың сары даласында тынымсыз өмір өтіп жатқанын және ол халқымыздың елдігі, ар, намыс, абыройы үшін, өмір үшін күреспен өтіп жатқанын білдіретіндей.
Күйдің осынау арындаған алаулы екпіні сарынынан тек ат шабыс, жігер, күрестерді ғана емес, түйдектелген дыбыстар қатарынан сезімге сәуле түсірер лирикалық әуен нышандарын да байқауға болады (нотамен мысалдар келтіре отырып, осы тұста музыкалық талдау жасау қажет).
Бұл күйдің қорытынды бөлігі де (кодасы) ерекше. Мұндағы тақырыпты қорытындылау, түйіндеу тұсында автор бұрын кездеспеген әдіс-амалдарды қолданады. Құрманғазы — «Сарыарқа» күйі арқылы күй құрылысына үлкен жаңалықтар ендіріп, оны орындаушылық ерекшеліктерге де езгерістер әкеліп, жалпы ұлт аспаптық музыкамыздың одан әрі дамуына зор үлес қосқан адам.
Ал Дәулеткерей 1821 жылдар шамасында бұрынғы Бөкей ордасындағы Қарамола деген жерде дүниеге келген. Ол Құрманғазыдай кедей табынан емес, белгілі төрелер тұқымынан. Әкесі Шығай сұлтан ауқатты адам болған. Шығай Дөулеткерейді Бөкей хандығының қол астындагы ел-жұртты билеп-төстеуші ұлық-әкім болады деп үміттенгенімен Дәулеткереіі әр кездері билік жұмысымен айдалысқаны болмаса, оның таңдаған жолы мүлде басқаша, күйшілік өнер жолы еді.
Дәулеткерейдің күйшілік бағыт-бағдары да, қолтаңбасы да Құрманғазыдан өзгеше. Бірақ екі ұлы күйшінің бірін-бірі жақсы білгені, күйшілік өнерде бір-біріне әсер еткені анық. Мысалы, Құрманғазы мен Дәулеткерей бір кездескенінде екеуі күй тартысып отырып, Дәулеткерей өзінің «Бұлбұл» күйін тартады. Сонда Құрманғазы: «Ал енді сен менің «Бұлбұлымды» тыңдап көр», — деп өз күйін тартады. Құрманғазы күйін тартып болғаннан кейін Дәулеткерей сүйсініп: «Оу, мынауыңыз «Бұлбұл» емес, «Бұлбұлдың құрғыры» ғой депті. Сөйтіп, Құрманғазы сондағы тартқан күй күні бүгін де «Бұлбұлдың құрғыры» аталады.
Жалпы Дәулеткерей — өнер ұлағатымен Бапас атанып, «төре күйлері», «төре тартыс» деген атауларға өзіндік із салып, өзгеше дәстүрді қалыптастырған ұлы күйші-композиторлардың бірі. Сондықтан да оның күйлерінің құрылұсы, тақырып мазмүны мен образдық өрнектері өзгеше бо-лып келеді.
Мысалы, Дәулеткерейдің «Жігер» аталатын күйі — күйшінің; халық тағдырын ойлап, сол кездегі қогамдық-әлеуметтік жағдайға, отаршылдық саясатқа қарсы қыр көрсете наразылық білдіруі, тіпті өзі өскен сұлтандық ортаға да қырын қабақ танытқандай философиялық ойын білдіретін Дәулет-керей шығармашылығындағы ең шоқтығы биік туынды.
Дәулеткерей мұнда айтар ойын Құрманғазыдай тура маңдайға ұрып, көзге шұқып дегендей етіп емес, сабырлы салмақпен астарлай жеткізеді. Ол жөнінде А. Жұбанов: «Бұл күйде босана алмай, булығып жатқан алапат күш, жалыны мол жігер бар. Сірә, күйші іште тұнған наразылық сезімін, нар тәуекел деп бірден ашып тастамай, қабақпен, ыммен шымырлата жеткізген тәрізді», — деп жазады.
«Бұл күйдің атын «Жігер» деп неге қойды екен?» деп А. Затаевич әуелі сұрақ койып ойланады да, әрі қарай өзінің топшылауын былайша білдіреді: «Егер біз жігер дегенді күш-қуат деп түсінсек, күйдің өн бойында тасып-төгіліп, кемерінен асып бара жатқан ештеңе жоқ. Оның орнына сырт көзге жай қалыптағы жігер суреті бар, яғни мұнда тақсірет көрген ержүрек жанньң сабырлы да салмақты, салиқалы тебіреніс-толғанысы шаң береді».
Бұл қазақ күйлерінің ішіндегі ең ұзақ күйге жатады. Күй құрылысында тақырыпты бірнеше рет қайталауы, оны ортаңғы буында, кіші сағада дүіркін-дүркін әр түрлі желіде дамытуы, үлкен сағадағы екінші октаваның «ре» пернесіне баруы, төре тартыс күйлерінің құрылымдык даму жолдарына қосқан Дәулеткерейдің жетістігі деп түсінген жен. Күй тақырыбы пунктирлі ырғақпен синкопа, алты сегіздік, екі сегіздік, ширектік сияқты ноталық ұзақтықтарды қолдану арқылы дамиды. Буындар мен сағаларга бірнеше рет орала қайталап келу арқылы автор ез ойларын әр қырынан дамыта отырып, кейде өкініш, кейде сағыныш, кейде қажырлылық пен жігерлілік иіндерін жан-жақты көрсетіп, адам өмірінде күрсіністі сәттер де, қайғылы халдер де кездеседі, жарқын күндерге жеткізер даңғыл жол жоқ, бі рақ оған барар жолда халқымыздың бойындағы қажыр-қайраты мен жігері сақталуы керек дегенге меңзейді.
Музыка табиғат сұлулығын, адамның жан тебіреснісін сыртқы сұлулық пен ішкі жарасымдылықты асқақ сезіммен суреттеп бере алатын күдіреті бар күрделі өнер. Музыка өнерінде осы айтқанымызға күйлер жатады. Күйлер өзінің дәстүрлік орындаушылық ерекшеліктеріне байланысты орындалу мәнеріне, құрылыс тәсілдеріне, қағыс түріне, саз әуені мен екпін ырғағына қарай негізінен екі үлкен мектепке жатады. Олар төкпе күйлер, шертпе күйлер деп аталады. Оның біріншісі төкпе күйлерге музыкалық образы жағынан симфониялық сипатты бейнелейтін, көбіне тез қарқында орындалатын Қазақстанның батыс өңіріндегі күйлер жатады. Шертпе күйлерге құрылымы жағынан адамның ішкі жан сезімін тербететін әуендері күйдің атына сай ауызекі әңгімелеп отырғандай тыңдаушысына ұғымды, екі ішекті алма кезек сұқ саусақпен шертіп орындау түрлерімен асықпай орта екпінде баяндалатын күйлер жатады.
ДинаНұрпейіскеліні БатысҚазақстан облысы Жаңақала ауданындағы Бекетай деген жерде 1861 жылы дүниеге келген. Ол туа біткен дарынының арқасында тогыз жасар кезінде-ақ күйшілік өнерді еркін меңгеріп, әйгілі күйшілер Дәулеткерей, Байжұма, Баламайсан күйлерін нақышына келтіре тартып, ел ішінде «домбырашы қыз» атанады. Динаның тізгіннің екі ұшындай екі ұлы мектебі бар. Оның, бірі Құрманғазы да, екіншісі: — Дәулеткерей. Осы екі үлкен мектептен үлгі-өнеге алған Дина Құрманғазының өршіл рухы мен Дәулеткерейдің сыршылдық жүрек сезімін өз шығармаларында ұштастыра білген. Сонымен қатар Дина сол мектептер шеңберімен ғана шектелмей, әрі қарай өзіндік жол тауып, өзінін, шығармашылық қолтаңбасын қалыптастырған.
Тоғыз жасар Динаның күйшілігі Құрманғазыдай ұлы тұлғаның назарына ілігіп, күй атасы оны арнайы іздеп келіл жолығуының өзі Динаның біртуар үлкен өнер иесі екенін танытса керек.
Жұртшылыққа әйгілі Дәулеткерейдің «Бұлбұл», Құрманғазының «Бұлбұлдын құрғыры», Динаның «Бұлбұл» күйлері бар. Дәулеткерейдің «Бұлбұлына» еліктеп шығарған Динаның «Бұлбұлы» одан мүлде бөлек өзгеше түрге ие болған. Жалпы өзіндік сипат алған Дина күйлері ғана емес, ол күй тартудың да өзіндік мәнерін жасап қалыптастырған. Тоғыз жасынан он тоғызға келгенге — дейін Дина — Құрманғазы баулуында, Дәулеткерей ықпалында болса да, ол ұстаздар төлімінен үлгі ала отырып, өзіндік сүрлеу жолын салған шебер талант иесі болған күйші.
Енді Динаның «Бұлбұл» күйі жөнінде аздап тоқтала кетейік. Құрманғазының да, жоғарыда айтқандай, Дәулеткерейдің де, Динаның да алған тақырыптары бір — «Бұлбұл», алға қойған мақсаттары да бірдей. Сөйте тұра, Динаның «Бұлбұлында» ұстаздарының күйлеріне қарағанда бұлбұлдың. сайрауы дәлме-дәл, анық естіледі. Динаның «Бұлбұлында» құстың сайраған үні тек жалаң түрде ғана емес, сезімнің еркіндігі ой-арман желілерімен ұштастырыла берілген. Қуаныш ләззаты мен бақыт рақатын білдіретін тұстары да бар. Мұнда автор дәстүрді сақтай отырып, асқан шеберлікпен ұсақ ноталар арқылы, ерекше қағыстар арқылы бұлбұлдың сайрағанын бейнелейтін, табиғат сұлулығын айшықтайтын образды сурет жасайды.
Динаның бұдан басқа да: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Көгентүп», «Көкөніс», «Қарақасқа ат», «Қосалқа», «Мендіқара», «Науысқы», «Он алтыншы жыл», «Өттің дөурен», «Сегізінші март», «Тойбастар», «Шынар» тағы сол сияқты толып жатқан күйлері бар.
Шертпе күйлер ежелден Қазақстанның Шығысы Алтай, Тарбағатай, арқа елінің Шыңғыстау мен Баянтау, Қарқаралы мен Ұлытау өңірінен бастап Жетісу, Қаратау және Сыр бойына дейін ел арасында кеңінен тарап, орындалып келген. Ел арасында «Шертпе күй» деп те «Нақысты күй» депте аталған. Қазақтағы «Сыр шерту», «Көңіл күйін шерту» деген сөздерге шертпе күйлер өзінің аты жағынан ғана емес, ішкі әуендік құрылым мазмұны жағынан да үйлесіп отырады.
Күйлердің орындаушылық ерекшеліктерін, олардың екі үлкен мектепке бөлініп: шертпе күйлер, төкпе күйлер болып дараланатының сөз еткенде, екі мектептің де басында тұрған ұлы күйшілерді атамай болмайды. Олар 19 ғасырда өмір сүріп, артына өшпес мұра қалдырып кеткен халық композиторлары Құрманғазы мен Тәттімбет. Бірі төкпе күйдің, бірі шертпе күйдің алғашқы негізін қалап, қалыптастырып кеткен тұлғалар.
Шертпе күйдің атасы саналатын Тәттімбеттің қазақтың аспаптық музыкасы мен дәстүрлі күйшілік өнердегі алатын орны ерекше. Тәттімбет Қарағандыоблысы, Қу ауданындағы Мөшеке бұлағы деген жерде 1817 жылдар шамасында өмірге келіпті. Мөшеке Тәттімбеттің атасы көрінеді. Бұлақтың Мөшеке атануының өзі де тегін емес. Кез келген адамға жер атын тели бермесі анық. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, Тәттімбеттің атасы Мөшеке ойға жүйрік, сөзге шешен, тапқыр да өрелі адам болса керек. Сондай ата тәлімін алып, өзі де зерделі туған Тәттімбет те тек асқан дәулескер күйші ғана емес, әрі арынды ақын, зерек ойлы, өткір тілді шешен адам болған деседі. Оның мұндай қасиеттері талай алқалы жиындарда, небір адуын, арынды ақсүйектер, белгілі де беделді топтар бас қосула-рында ақындық, тапқырлық, шешендік өнерімен танылған. Тәттімбет Дәулеткерей сияқты малбасы түгел, ауқаттылар әулетінен болғандықтан оның арақатынастық ортасының да, араластық аумағының да шекаралық ауқымы өте үлкен болған. Тәттімбет Қазанғапұлы — қазақ жерінің Орталық, Шығыс, Оңтүстік өңірлеріне ең тамаша талант иесі ретінде танылған күйші-композитор. Сондай-ақ ол — бүкіл қазақ жұртына әйгілі бұлбұл жүйріктері: Жана, Шөже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ тәрізді дүлдүл күйшілерімен, Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы, Ыбырай сияқты ел басқарған лауазымды адамдармен аралас-құраластықта болып, қадірлес-сыйлас болған адам. Керек десеңіз, ол II Александр патшаны таққа отырғызу салтанатына (Омбы генерал-губернаторының құзырымен болса керек) қатысады. Омбы генерал-губернаторын атаудағы себебіміз — А. Жұ-банов айтуынша, Шорманның Мұсасы, Қыпшақ Ыбырайлар сияқты айтулы адамдар ғана шақырылған генерал-губернатор жиынында Алшынбай би орнына барған Тәттімбет өзгелерден озық ділмар шешендігімен де, білгірлік дипломатиясымен де, күйшілік өнерімен де көзге түсіп, генералдың ықылас-ілтипатына бөленеді. Сондықтан да әрі дәулеттілер әулетінен саналатын, әрі әлгіндей атақ-абыройға ие болған Тәттімбеттің патшаның таққаа отыру тойына баруы кездейсоқтық емес деп ойлаймыз. Сонымен бірге, бұл жай Тәттімбеттің аса дарынды, дарабоз күйші болумен қатар, халық қамындағы әлеуметтік мәселелерге де, ел басқару жұмыстарына да араласқан көкірек көзі ашық, білгір, қайраткер адам болғанын дәлелдесе керек.
Ал Тәттімбеттің күйшілік өнеріне келсек, өзіндік шертпе күй дәстүрінің қалыптасуына жол ашқан, осы саладағы ең, соқталы, аса көрнекті ірі тұлға. Тәттімбет домбырада күй тартудың, оң бұрау, теріс бұрау, шалыс бұрау, қалыс бұрау, қосақ бұрау сияқты техникалық түрлерін ендіріп, өзінің сондай тәсілдермен орындалатын көптеген күйлерін үлгі-өнеге етіп шығарған. Қазақ халқының дәстүрлі аспаптық музыкасының алтын қорына енген Тәттімбеттің шоқтығы биік шығармаларының бірі — «Саржайлау» күйі. Бұл күй — Арқа өңіріндегі күй тарту дәстүрінде өзінің құрылысы жағынан да, көркемдік суреттелуінің мазмұнға бай өрнектелуі жағынан да кең тынысты, өсем, сұлулық сымбатымен адамның жан дүниесін баурап алатын кесек туынды. Күйдің өне бойындағы алуан түрлі әшекейлі өрнектермен өрілген лирикалық әсем әуен тыңдаушыны рақат сезімге бөлегендей. Күйде табиғат тылсымының әдемі өрнекті сымбаттық сипаты мен адамдар тыныс-тіршілігінің жарастығы көріністерінің қосарлы желімен қатар үндесе үйлесім тапқанын ұққандаймыз.
Күй екі ішекті жеке-жеке қағу немесе керек жерінде қос ішекті оң қолмен түйдектете қағу тәсілімен орындалады. Күй буындарының ара-арасындағы қайырымдар арқылы шығарма шумақтық түрге ойысқандай болады. Бірақ байыптай барлап қарағанда, күй сол біртұтас лирикалық ба-ғытынан ауытқымай, дамыған түрін бейнелейді. Ал шығарманың соңындағы қорытынды үзіндіде (кодада) күйдің негізгі желісінде кездеспеген жаңаша бір сөз сарынымен аяқталады. Қалай болғанда да Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі — табиғаттың саялы тылсымы аясымен астаса, жарасымдылықпен ғұмыр кешіп жатқан адамдар болмысынан философиялық ой түйіндейтін өресі биік туынды.
Абыл Тарақұлы Маңқыстау өңірінің Оймауыт, Желтау деген жерінде дүниеге келген. Бір дерек бойышпа 1800-1872 жылдарда, екінші деректе 1820-1892 жылдар аралығында өмір сүрген күйші. Қалай болғанда да, 72 жыл өмір сүріп, өз жерінде қайтыс болған. Әкесі Тарақ ауқаттылар әулетінен, содан да Абыл әке дәулетінің арқасында дүниеден еш таршылық көрмей, ертерек айыл тартып ат мініп, еркін түлеп, ел аралап, өнерлі адамдарды көріп-біліп, әңгіме, өлең-жыр, күйлерін тыңдап өсті. Ол өзінің өнерге ден қойып, әнші-күйші, саятшыл сал-серілерімен етене жақын, қоян-қолтық араласып кетуі нәтижесінде көп жайларға қанығып, өзі де солардай болуға ынтыға құштарланды. Сондай өнер өлкесімен қауышқан сапарларында ол тек Маңқыстау, Атырау аймақтары ғана емес, Хиуа, Қарақалпақ, Түрікмен жерлерін де еркін аралаған кісі. Соның арқасында Абыл қазақ, өзбек, қарақалпақ, түрікмен халықтарының өнерімен, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігімен жете таныс болған, өзінің күйшілік-орындаушылық, сазгерлігімен қоса олардың да музыкалық өнерлерін бойына сіңіре білген. Мәселен, ол түрікмен дутарында да қазақтың домбырасымен бірдей кез келген күйді орындай беретін болған.
Өзін шынайы күйшімін деп есептеген адамдардың бәрі меңгеруге тиісті «алпыс екі тармакты Ақжелеңді» Абыл түгелдей жетік меңгеріп, оларға өз «Ақжелеңін» қосып тартқан. Абылдың «Ақжелеңінен» басқа «Ақсақ құлан», «Әренжанның шалқымасы», «Кеңес», «Нарату», «Абыл» деген тағы басқа күйлері болған. Сол күйлерінің ішіндегі ең көңіл аударып, зер салатын қызықтысы автордың өз атымен аталатын «Абыл» күйі. Бұл күй туралы А. Жұбанов былайша ой толғайды: «1858-1859 жылдар тарихта «жыл ауа» атанған окиғалар болады. Билеушілер салған ауыр салықтан халық қиналды. Ел ішінде ірілі-ұсақты көтерілістер болады. Халыққа ауырлық түседі. Осы оқиғаларды көріп-біліп отырған Абыл билеуші топтың бұл ісіне ашулы ыза мен ауыр салықтан қиналған жарлыларға жан ашу ретінде күй шығарды. Автор ол күйіне ат бермеген. Ел ішіне «Абыл» атымен (осы оқиғаға арнаған Абылдың күйі дегенді білдірсе керек) жайылған бұл күй Абыл шығармашылығының шыңы және ақырғысы болып есептеледі. Оның бұдан соңғы күйлері бізге мәлімсіз».
Енді бұл күй туралы А.Затаевич пайымдауларына келсек, ол былайша баяндалады: «Басталуы, аяқ алысы ауыр, зілді, салмақты болып келгенімен аздан соң ол құлашын кең тастап, аспандап, өзінің қарқынды күшін көрсетеді. Мұндай сипат бұл тектес шығармаларда сирек кезігетін жайт. Енді өткінші бөлімнен кейін күйдің нәзік, майда әуенді екінші бөлімі басталады. Мұнан соңғы өрістеу негізгі элементтерден құралып, шалқыған кең толқумен жүрісі жайлап барып бітеді. Бүл пьесаның құрылысы оның негізінде бір поэтикалық бағдарламасы болғанын анықтайды. Бірақ не екенін мен біле алмадым. Дегенен бұл музыкалық поэманың кейіпкері тарихта шын болған. Орал жене Адай казақтарының көпшілігі болып есептелетін Байұлы табынан (руынан) шыққан Абыл екені даусыз».
Байқап қарасақ, екі ғұлама ғалымның айтқан ойларында ауытқитындай алшақтық жоқ. Мысалы, А.Затаевич: «Басталуы зілді» дейді, А.Жұбанов «Ел ішінде ірілі-ұсақты көтеріліс болады» деп халықтың буырқанған ашу-ызасының қуат-күшін білдіретінімен дәлелдей түседі. А.Затаевич: «Өткінші бөлімнен кейін күйдің нәзік, майда әуенді екінші бөлімі басталады» деген болса, А.Жұбанов: «Абыл ауыр салықтан қиналған жарлыларға жан ашу ретінде күй шығарды» деп ол ойды да құптай түседі. А.Жұбанов: «Автор өзі ол күйіне ат бермеген. Ел ішіне «Абыл» атымен жайылған күй» деген сөзін А.Затаевич те: «Бұл музыкалық поэманың кейіпкері Абыл екені даусыз» деп қуаттай қостайды. Демек, «Абыл» күйі — адам өмірі мен тұрмыс-тіршілігін, сонымен байланысты туған ой-сезім толғаныс-тебіреністері мен іс-әрекеттерін бейнелейтін философиялық күй. Күй құрылысының бір ерекшелігі негізгі тақырыптан кейін сол тақырыпты орта буында әуелі «ми», одан соң «фа» пернелерінде екі рет қайта дамытады. Ал үлкен сағадан кейін дәстүр бойынша орта буын қайтып оралмастан кең толқулы үнмен баяулап барып аяқталады.
Тағы рефераттар
- Инновациялық инфрақұрылым
- Саяси лидерлік және оның типтері
- Экономикалық дамудың қалыптасуы
- Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні
- Әлем таныған тұлға — Мұстафа Шоқай