Құқық бұзушылық түсінігі, тарихы туралы қазақша реферат

Жер бетінде адамзаттың пайда болуымен, планетада күрделі процесстер жүре бастады. Алғашқы да, адам баласы жабайы өмір сүріп, минимальді қажеттілігін қоршаған ортада бар заттармен қанағат болды. Неолит кезіндегі «революция», қола мен темірдін ашуы, адам баласын прогресс жолына салды. Еңбектің нәтижесінде, алғашқы тайпалар, материалдық – техникалық базасын жақсартты, сонымен бірге адам арасындағы қарым – қатынастар күрделене бастады. Алғашқыда, тобырда немесе ру ішіндегі тартыстарды ақсақалдар кеңесі шешті. Тайпалық одақтардың пайда болуымен, үлкейе бастаған қоғамды, көсемдер реттеп тұрған. Адам баласы, дүниеге келгелі шақтан, қоғаммен, басқа адаммен тығыз қарым – қатынаста болады. Адам жалғыз өмір сүру мүмкін емес. Сонымен де, қоғам ішінде қарым – қатынастың алуан түрлі процесттер жүреді. Соның ішінде құқық бұзушылық.

Құқық бұзышылықты түсіну үшін, екі жақтан қарауға болады, бұл: 1.Социальдық  2.Құқықтық жақтан.

Социальдық көзқарасынан құқық бұзушылыққа қарасақ – ол субьективті және обьективті әрекеттерге байланысты. Қоғамға обьективтік әсерге  социальдық, экономикалық , психологиялық процесстер жатады.[1] Бұларға мысал ретінде, Қазақстанды 1991-98 жылдарындағы кезенді еске алған жөн. Осы кезде халықтың өте төмен деңгейде өмір сүруі, инфляцияның жоғарлығы, жұмыссыздық, мемлекеттің үлкен кризистік жағдайда болуы, бұның барлығы, құқық бұзушылықтың жоғары деңгейіне әкеліп соқты. Сонымен бірге, Кеңес Одағы құлдырап, ТМД елдері нарықтық қатынасқа бет бұрай бастады. Сол кездерде әлеуметтік теңсіздік пайда болып, адамдар қайта класстарға бөліне бастайды. Және де, адамдардың өмірге деген көзқарасы өзгере бастайды. «Советтік мектептен» өткендер, жаңа заманның, «батыстық – нарықтық» принциптерін дұрыс түсіне алмай «психологиялық шокқа» түседі. Мемлекеттің шекарасы шетел елдеріне ашылуы, көптеген апат әкеле бастады, яғни осы кездерде есіртке, қару – жарақ, шетелдің басқа да тауарлары әкеле басталды. Моральдық және мәдени жағынан, Қазақстан қоғамы өте үлкен зардапқа ұшырады. Осы кездерде бандитизм, рэкит, тонау, есіртке сату, проституция, кең қанат жайды. Аталған құқық бұзушылықтың  түрлері ең ауырлардың бірлері. Ол жалпы бір қоғамға емес, бүкіл мемлекетке қауып төндіреді. Олармен күресу үшін, тек бір ғана тұлғаны жазаға тартумен шектелмеуі тиіс, проблема мемлекеттік дәрежеде шешілуі тиіс.

Субьективтік жақтан қарасақ, мұнда жеке тұлғаның мінез-құлқысы, менталитеті, алған тәрбиесі, қоршап тұрған қоғамның әсері тиеді. [2]

Құқықтық жақтан қарасақ, құқық бұзбауға алдын ала шарттар істеу керек деп, яғни алдын ала қандай да бір әрекетке немесе әрекетсіздікке тыйм салатын  заңды бекіту.

Тарихқа назар аударсақ, бұрынғы ерте өркениетте Вавилон, Шумер, Египет елдерінде қоғамдағы тәртіпті дін қызметшілері сақтаған. Оның себебі, адамның өмір көзқарасы толығымен Жаратушымен бірге болды. Яғни, ертедегі қандай да дін болмасын, ол қоғамдағы адамдардың арасындағы қарым – қатынасты реттеуші рөлін атқарды. Мұндай принцип орта ғасырларға дейн сақталып тұрды. Оның себебі, ислам мен христиан діні, адам баласына кең қолдау тауып, оның нормалары, ережелері, кейбір қоғам үшін заң ретінде болды, Мысалы, Ислам дінінде Шариғаттың заңдары қазіргі кезінде де, араб елдеріне басты заң болып табылады. Бірақ та, көбінесе, қоғамды реттейтін заңдарға, бұрынғы этикет нормалары, әр халықтың дәстүріне, менталитетіне сай, заң қабылданады, элементарлық нормалар да, заңдастырылуы мүмкін.

Біздің заманымызға дейн 20-16 ғасырда Хаммурапи заңдары шықты. Бұл кезеңде алғашқы қарапайым қоғам күрделене басталғаның, ішіндегі қатынастарды жаңа жолмен шешу керек екендігін түсінік пайда болады. Алғашқы және қазіргі қолданып жатқан заңдарға назар аударсақ, олардың басты принциптері бірдей екенің көруге болады. Яғни, қоғам ішіндегі тәртіпсіздіктерді тоқтату, халыққа жат істерге жол бермеу. Бірақ уақыт өткеннен сайын, заңдар адам ойлап тапқан барлық жасаныс сияқты табиғат заңына бағынатын болғандықтан, олар да ескіре бастайды. Мысалға, 4000 мың жыл бұрын қолданылған Хаммурапи заңдары, 21 ғасырға сай келмеуі мүмкін. Себебі, жоғарыда айтылғандай, адамзат үнемі прогресс жолында тұр. Қарым – қатынастар күрделене бастайды, прецеденттер пайда болады. Бұның барлығын реттеу үшін, заңдар үнемі жаңару керек. Заңдар қоғамды реттеумен бірге, оның ең басты атқаратын рөлі, алдын – ала құқық бұзушылыққа жол бермеу. Ұлы грек ойшылы Солон, Афин азаматтарының көптеген қиындықтарды шешу үшін, бұрын қолданған заңдарға реформа жүргізді. Оның пайдасы, қалалықтарға айқын көрінді. Афиндықтар енді Солонға үлкен құрметтпен қарап, оған толығымен сене бастады. Ойшыл, афиндықтардан заңды 10 жыл өзгертпеуге ант алды. Реформатор түсінген, заңдар қалай да керемет болғанымен, уақыт өткен сайын оларды қайттан жаңарту керек. Сондықтан да, ол тек қана 10 жыл уақытқа ант алған. Солон заңдардың кереметтігі неде болған? Біріншіден, заңдар қарапайым халықтың жағдайын жақсартты, екіншіден қарыздар жойылды, экономикалық жағдай жақсарды, сот жүйесі жаңарды. Бірақ, сол заманға Солон заңдары қандай да керемет болғанымен, құл иелінушілік жойылған жоқ, жер мәселесіне онша көп назар аударылған жоқ.

Дамып келе жатқан адамзат, этнос-халық болып бірігіп, мемлекет, басқару жүйесін, мемлекеттік апараттарды ойлап тапты. Алғашқы, тұрақсыз, кейде формальді шекаралар пайда болды. Мемлекет ішіндегі құқық бұзушылықты тоқтату, оған жол бермеу үшін жазалау, сот апараттары құрыла бастады. Құқық бұзушылық – бұл енді тек бір кішкентай қоғам емес, тұтас мемлекет шешетін мәселеге айналды.

Құқық бұзушылық пайда болу уақытын нақты айту қиын. Бірақ теология көзқарасына сүйінсек, алғашқы бұзықты жасаған Құран, Інжіл кітаптарында жақсы суреттелген Адам мен Хауа. Құдайды қанша алдағанмен бұзық

3

жасаған үшін олар жазаға тартылды. Бұдан мынандай мораль туады, қандай да келісімді, шартты, құқықты бұзған үшін, міндетті түрде жазаға тартылуы тиіс.

Құқық бұзушылықты, қоғамды реттеу жұмысында, әртүрлі діндер үлкен рөл атқарған. Мысалға, орта ғасырларда Рим катольдік шіркеу пайда болуымен, батыс Еуропаның барлық саяси жағдайы Рим папаның қолында болды. Сол кезде қатаң жазалаушы орган ретінде инквизиция құрылды. Рим папасы құрастырған заңдарға кімде-кім бағынбаса, оны «кәпір», яғни «еретик» айыппен сотқа тартып, шіркеуден шығарған. Көбінесе құқық бұзушылықтың қандай түрі болмасын (ауыр немесе жеңіл) құқықты бұзған адамды өлім жазасына кескен. Бірақ та, қандай да жаман қылық болмасын, оған кешірім де болған. Бұл – Католик шіркеуі сатқан, индульгенция болды. Индульгенция – (латын тілі «кешіру», «шыдау») жаман әрекет жасаған адамға уақытша кешірім ретінде, берілген құжат болған. Бұл, шіркеу үшін, қаражат жинау көзі болған. Өте бай азаматтар, құқық бұзушылық үшін жауапқа сирек тартылған, көбінесе инквизиция сойылы қарапайым халықтың басына түскен. Алғашқы рет, Рим папасының индульгенция сату құқығына  қарсылық көрсеткен неміс ойшылы Мартин Лютер болатын. Оның көзқарасы бойынша, жаман іс үшін кешірім сұрау және кешірім беру құқығы тек Құдайдың қолында. Оның көзқарасы Германия (лютерианство) және солтүстік Еуропа (кальвинизм) елдерінде кең қолдау тапты. Рим шіркеуіне қарсылық ретінде реформа жүргізіле басталды. Радикал – реформаторлар Рим шіркеуінен бас тартуды ұсынған. Көп уақытқа созылған күрес нәтижесінде, қоғамды жаңадан реттейтін реформалар жүргізіле бастады.

Қиыр – шығыс Азия елдерінде 7-8 ғасырда араб түбегінде Ислам діні пайда болды. Пайғамбар Мұхаммед(с.ғ.с.), араб халқының көзқарастарына, мәдениетіне, қоғамдық өмірге, үлкен өзгерістер енгізді. Мұсылман елдерінің заңдары, шариғатқа қарсы болмау керек. Шариғат дегеніміз Құран сүрелері мен Сүннеттен тұратын, құқықтық – нормативті құжат. Шариғатты басты заң құжат ретінде Араб мемлекеттері 20 ғасырға дейін қолданылған. Оның себебі, мұсылман елдері «жабық есік» саясатын ұстанып, басқа дін немесе басқа саяси типология елдердегі юриспруденция жағынан жаңалықтарды қолданысқа алмаған.

Жоғарыда зерттелген ақпарат, бұл «құқық бұзушылық» мәселесін тарих жағынан қарастырылған, сонымен бірге бұл мәселеге юриспруденция жағынан талдау біздің міндеттіміз. Құқық бұзушылық құқықтану анықтауында, оның тарихи және логигалық бастауында социологиялық  түсінік тұр. Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйм салынған әрекеттерді жасау. [4] Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс  адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Тағы рефераттар