Құқық нормасы құрылымының түсінігі және оның элементтері туралы қазақша реферат

Бұған дейін айтылғандай, ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар, оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі және тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша құқықғы құрайтын құқықтық нормаларға жүктелген.

Солай болғандықтан, аталған аядағы әр түрлі қоғамдық қатынастар ең жалпы түрде Қазақстан құқығының осы саласының пәнін құрайды деп айтуға болады. Құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады. [1]

Құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.

Бұл ең маңызды жәйт, өйткені тек пән бойынша, яғни реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипаты бойынша құқықтық салалар ажыратылады. Олай болатын болса, құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарға нелер тән? Ең алдымен мынаны айту керек, олар мемлекеттік басқару аясында пайда болады, өзгертіледі және тоқтатылады. Бұған қарағанда бәрі түсінікті сияқты көрінеді, өйткені бұл аяның шекарасы ҚР-ның барлық деңгейіндегі атқарушы билік жүйесінің (механизмінің) ұйымдастырылуымен және жұмыс істеуімен, мемлекеттік — басқарушылық қызметті жүзеге асыру процесімен айқындалатындығы белгілі. Бірақта әзірге мына бір жағдайды ғана сенімді түрде айтуға болады: біз ынта қойып отырған қоғамдық қатынастардың мемлекеттік — басқарушылық қызметпен байланыстылығы оларды жинақтап басқарушылық қатынастар ретінде сипаттауға болатындай мүмкіндік береді. Бұл шындығында да солай. Бірақ олардың мәнін толық түсіну үшін бұл жеткіліксіз. Мәселе мынада, бұған бұрын да көңіл аударылған болатын, басқарушылық сипаты бар қатынастар мемлекеттік — басқарушылық қызметтен тысқары пайда болуы мүмкін. Айталық, «өз ісін» ұйымдастыру (өзін-өзі ұйымдастыру) мақсаты бар ішкі партиялық немесе ішкі кәсіподақтық қатынастардың шүбәсіз басқарушылық сипаты бар. Мысалы, өздерінің жарғылық нормаларының негізінде тиісті басқару органдарын құру, ішкі ұйымдастырушылық ережелерді белгілеу, т.с.с. [2]

Бізге керегі мына сияқты басқарушылық сипаты бар қоғамдық қатынастар, олардың мемлекеттік — басқарушылық қызметпен тікелей байланыстылығы себепті оларда мемлекеттік (жариялы) мүдде, мемлекеттік басқарушылық ерік тікелей көрініс табады. Соған сәйкес құқықтың пәнін анықтаған кезде атқарушы билік жүйесінің қызметімен тікелей байланысты болатын қатынастар басты назарда болуға тиіс. Ал мұндай қызмет атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде барлық қажетті мүмкіндіктері мен өкілеттіктері бар арнайы субъектінің болуын болжайды. Сондықтан, мемлекеттік басқару аясының шегі ең алдымен арнайы субъектілердің-тиісті басқарушылық қатынастардың қатысушыларының бар болуымен айқындалады. [3]

Басқадай жағдай мемлекеттік басқару аясы деп қоғамдық маңызы бар кез-келген қызмет түрін, яғни тіпті заң шығару мен сот биліктерін жүзеге асыруды да түсінуге сөзсіз келтіреді. Әрине, қаралып отырған проблеманы бұлай шешуге болмайды. Бұған дейін ұсынылған құқықтың анықтамасында, онымен реттелетін басқарушылық қатынастар атқарушы билікті жүзеге асыруға «байланысты» және «сол туралы» пайда болады дедік. Бұл да кездейсоқ айтылған емес.

Құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастардың атқарушы билікті жүзеге асыруға байланысты пайда болатыны нені білдіреді? Бұл жерде тек қана мынадай қатынастар (және бұл өте маңызды) еске алынып отыр, оларда қандай да болмасын атқарушы орган, яғни атқарушы биліктің тиісті субъектісі міндетті түрде қатысады. Олардың қатысуынсыз болатын қоғамдық қатынастар құқық — құқықтық реттеудің шеңберінен тысқары болады. Бұлар, мысалы, азаматтардың арасындағы, қоғамдық бірлестіктердің және олардың ішіндегілердің арасындағы, өндірістік кәсіпорындар, шаруашылық шарттарға негізделген коммерциялық құрылымдар арасындағы, т.с.с. қатынастар.

Неге бұл қатынастар құқықтың реттеуіне жатпайды? Олай болатын себебі, аталған қатынастарда мемлекеттің еркі мен мүддесін заңды түрде білдіретін, мемлекеттік билікті (жариялы мүддені) атқарушы — өкім етуші түрінде нақты іске асыратын қабілетті қатысушы жоқ. Нақ соның қызметі мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының жүйесі мен механизмін тікелей білдіруші болып табылады, олар және де құқықтың тиісті нормаларымен бекітіледі. Сонымен, құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға атқарушы-өкім етуші өкілеттіктер берілген субъектінің қатысуы әрқашанда алдын ала көзделеді. Бұлар атқарушы биліктің органдары, сондай-ақ солардың атынан іс-әрекет ететін лауазымды адамдар.

Құқықпен реттелінетін басқарушылық қатынастар атқарушы билікті жүзеге асыру туралы пайда болады деген нені білдіреді? Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да болмасын атқарушы орган атқару-өкім етушілік сипаты бар функцияларды орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады.

Атқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде нақты жүзеге асыратын болса, тек сонда ғана ол атқарушы биліктің шынайы субъектісі болып табылады. Басқаша айтқанда, мына жағдай еске алынып отыр, ол өзінің құзыретінің мазмұнын құрайтын заңдық биліктік өкілеттіктерін іске асырады. Ал мұндай құзырет оған нақ сол мемлекеттік-басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу үшін беріледі.

Сонымен, құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарда әрқашанда тек қандай да бір атқарушы органның қатысуы ғана емес, сонымен бірге ең алдымен оның мемлекеттің атынан өкілдік ететін мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының субъектісі ретінде қызмет атқаруы болжанады. Тұтастай алғанда, біз мән беріп отырған мағынадағы басқарушылық қатынастар атқарушы-өкім етуші функцияларды жүзеге асыратын және соларға сәйкес келетін заңдық биліктік өкілеттіктерді қолданатын «алаң» болып табылады. Не азаматтардың, не мемлекеттік емес құрылымдардың мұндай өкілеттіктері болмайды. Баяндалған жағдайлар «мемлекеттік басқару аясы» деген ұғымның мазмұнын белгілі бір шамада түсінуге көмектеседі. Дегенменде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге құқықтың пәнінен де көрініс табатын кейбір өте айырықша белгілер тән. Бұл жерде мына жағдай еске алынып отыр. Мемлекеттік басқару аясы дәл мағынасында мемлекеттік — басқарушылық қызметтің кез-келген көрінісін қамтиды. Бұл даусыз. Бірақта практикада жағдай мынадай, бұл аяға елдің экономиқалық, әлеуметтік — мәдени және құқық — саяси өмірінің барлық негізгі көріністері кірігеді. Соған сәйкес, құқықтың пәнін құратын басқарушылық қатынастар Қазақстан құқығының басқа салаларының нормалары қолданылатын жерлерден де жиі табылады. Мысалы, еңбек, қаржы, экология, кәсіпкерлік және тіпті азаматтық құқық пәндеріне кіретін қоғамдық қатынастар өзінің мәні бойынша басқарушылық болуы мүмкін. Бұлар мемлекеттік қаржылық тәртіпті қамтамасыз етумен, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын ресімдеумен, құқық бағыныштылық негізінде мүліктік қатынастардың пайда болуымен байланысты қатынастар, т.с.с. Әлбетте, бұл сияқты қатынастар құқықтың пәнінен шығарылып тасталуы мүмкін емес. Әрине, атқарушы органдар қызметінің кейбір жақтары да сол сияқты құқықтың өзге салаларының нормаларымен реттелуі мүмкін. Мемлекеттік басқару органдарының жасайтын мүліктік мәмілелерді реттеумен байланысты мысал келтірілген болатын. Тағы бір мысал келтірейік: атқарушы органдардың қызметкерлерінің басым көпшілігі құқық нормаларынан басқа, сонымен қатар еңбек құқығы нормаларының негізінде де қызмет атқарады, т.с.с. Құқықтық реттеудің тағы бір айырықша ерекшелігі бар. Оның мәні мынадай: құқықтың өзінің заңдық құралдары бар, солардың көмегімен құқықтың басқа салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды қорғау жүзеге асырылады. Бұл жерде құқық жауапкершілік туралы айтылып отыр.

Құқықтық реттеудің айрықша ерекшеліктерін білдіретін барлық баяндалған жәйттар құқық пәнін сипаттаған кезде ескерілуге тиіс. Бірақта оның анықтамасына тікелей қатысты тағы да бірнеше көзқарастар бар. Мемлекеттік — басқарушылық қызмет өзінің негізгі көріністері бойынша ұйымдастырушылық немесе ұйымдастырушы болып табылады. Бұл орайда ұйымдастыру деп қандай да болмасын бір жүйенің (тұтастай қоғамның, оның жекелеген элементтерінің, ұжымдардың, т.с.с.) қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасау түсініледі. Бұдан шығатын қорытынды, ұйымдастырушылық қатынастар тек мемлекеттік басқару аясында ғана болуы мүмкін емес. Мысалы, оның жекелеген көріністері заң шығарушы және сот биліктері органдарының, проқуратура органдарының қызметінен табылады. Олар, мысалы, Парламент аппаратының жұмысымен, сот органдары басшыларының өз аппараттарына басшылық жасау жөніндегі және проқурорлардың проқурорлық жүйенің төменгі тұрған буындарының қызметкерлерін тағайындау туралы, олардың жұмысына бақылау жасау туралы қызметімен байланысты, т.с.с. Бұл сияқты қызмет өзінің мәні бойынша заң шығару немесе сот билігінің, проқурорлық қадағалаудың көрінісі болып табылмайды. Олар осы мемлекеттік органдарға жүктелген конституциялық функцияларды орындауды ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету мақсатына қызмет етеді. Әрине, ол атқарушы биліктің де көрінісі болып табылмайды. Бірақ, ішкі ұйымдастырушылық болғандықтан, ол құқықтың нормаларымен белгіленген тәртіптердің негізінде жүзеге асырылады. Алайда жоғарыда көрсетілген органдардың басшылары атқарушы органдарға сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктерді жиі пайдаланады (мысалы, тәртіптік жазалар қолданған кезде). Мұндай жағдайларда олардың бұл сияқты қызметін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес жүзеге асырылатын құқықтық регламентациялау екені белгілі.

Сонымен бірге тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, мемлекеттік басқару аясында атқарушы билік субъектісіңің қатысуынсыз да қатынастардың пайда болуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайда, бірақта, оны міндетті түрде мемлекеттік биліктің атқарушы органдарына сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктер берілетін өзге субъект ауыстыруға тиіс (өкіл етіп берілген өкілеттіктер). Сөйтіп бұл өзге субъект мемлекет атынан өкіл болуға мүмкіндік алады. Атқарушы биліктің органы еместерге заңдық биліктік өкілеттіктер беру оларды өкілдік ету ретінде білдіреді.

Сонымен бірге құқық-құқық жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті атқарушы билік органдарының арасындағы басқарушылық қатынастарды да реттейді.Сонымен, құқықтың пәні өте әр түрлі және бұл нарықтық қатынастардың дамуының қазіргі кезеңдегі жағдайында да өмірдің экономиқалық және әлеуметтік аяларындағы қоғамдық байланыстардың төте көп тобын қамтитын мемлекеттік — басқарушылық қызметтің қоғамдық — саяси маңыздылығымен толығынан алдын-ала айқындалған жаңа құбылыстар (экономиқалық реформалар, жеке меншік институттарының қалыптасуы, приватизация, т.с.с.) өзінен-өзі, стихиялы білінбейді. Олар тек мемлекеттік қолдау мен қорғауды ғана емес, сонымен бірге реттеуді де қажет етеді. Сондықтан әлеуметтік басқарудың негізгі субъектісі ретінде мемлекет қызметінің маңызы сақталады, ол өзінің көрінісін, мысалы, құқықтық реттеудің белгілі бір шамада кеңейуінен және модификациялануынан табады.

 

Құқық, сонымен, өзінің қасиеті бойынша айтарлықтай әртүрлі, бірақ біртектес қатынастарды реттейді. Олардың ішінде:

а)    атқарушы биліктің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
тікелей жүзеге асырылатын қатынастар;

ә) заң шығарушы (өкілді) және сот биліктері субъектілері, сондай-ақ проқуратура органдары қызметінің процесінде пайда болатын ішкі ұйымдастырушылық сипаты бар қатынастар;

б)    жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне мемлекеттік-биліктік сипаты бар өкілеттіктер берілген болса, онда олардың атқарушы органдарының қатысуымен пайда болатын қатынастар;

в)    қолданылып жүрген заңнамаларда тікелей қаралған жағдайларда қоғамдық бірлестіктердің және өзге мемлекеттік емес құрылымдардың қатысуымен болатын қатынастар (мысалы, оларды  мемлекеттік тіркеуді және қызметіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырған кезде). Сонымен қатар құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарды, олардың арналымы мен реттеудің мақсаттарына байланысты екі топқа бөлуге болатынын ескеру керек. Мұндай мағынада ішкі және сыртқы қатынастар ажыратылады.

Оларды бұлай топтастырудың қандай мәні бар? Ішкі (ішкі ұйымдастырушылық немесе ішкі жүйелік) басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы (өкілді) және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады. Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Сыртқы қатынастар, солардың шеңберінде атқарушы билік органдарының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері тікелей жүзеге асырылады, өйткені атқарушы билік органдары тарапынан басқарылатын сыртқы объектілердің еркі мен мінез-құлқына басқарушылық ықпал жасалынады. Сыртқы қатынастар болып мыналар саналады:

а)    атқарушы биліктің әртүрлі органдарының (біріне бірі бағыныштылардың және біріне бірі бағынышты еместердің) арасындағы;

ә)     атқарушы билік органдары мен азаматтардың арасындағы;

б)    атқарушы билік органдары мен олардың ұйымдастыру жағынан бағынысындағы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың
арасындағы;

в)    атқарушы билік органдары мен сот билігі органдарының арасындағы;

г)     атқарушы билік органдары мен қолданылып жүрген заңнамаларда қаралған жағдайларда мемлекеттік емес ұйымдардың арасындағы. [4]

Басқарушылық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің нәтижесі оларды құқықтық сипаты бар қатынастарға айналдыру болып табылады. Басқарушылық қатынастарда белгілі бір объект болады. Бұл жерде олардың не жөнінде пайда болатыны көзделіп отыр. Бұдан бұрын баяндалған жағдайлардан мынадай қорытыңды шығады: құқықтық нормалар нақты қоғамдық қатынастар тараптарының өзара байланысты міндеттері мен құқықтарын қарайды, олар сол тараптардың іс-әрекеттерінде жүзеге асырылуы мүмкін болады. Бұл міндеттер мен құқықтар мемлекеттік басқару аясындағы тараптардың қажетті мінез-құлықтарымен, яғни олардың белгілі бір іс-әрекеттер жасауымен өте тығыз байланысты. Демек, басқарушылық қатынастардың өздері де осы іс-әрекеттер арқылы іске асырылады. Осыған сәйкес басқарушылық қатынастардың, сондықтан да, және құқықтық реттеудің объектісі қоғамдық қатынастардың осы түрінің қатысушыларының мінез-құлқы болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені мемлекеттік басқару аясында адамдар мен олардың тиісті ұжымдық құрылымдары жұмыс істейді (мысалы, атқарушы органдар, кәсіпорындар мен мекемелер, қоғамдық бірлестіктер). Осы себепті мемлекеттік — басқарушылық қызметтің объектісі адам болып табылады деп айтылатын кездегі жағдайларда, мұндай формуланы (жеке қорытындыны) сөзбе-сөз ұғынуға болмайды. Адамның өзі емес, оның мінез-құлқы, яғни.қандай да бір іс-әрекеттері реттеуге жатады. Адамдардың іс-әрекеттері өзінің арналымы мен нақты мазмұны бойынша әр түрлі. Олар атқарушы билікті жүзеге асыру жөніндегі күнделікті міндеттерді жүзеге асырумен (мысалы, құқықтық актілер шығарумен), атқарушы органдардың және реттелінетін қоғамдық қатынастардың өзге қатысушыларының қарым-қатынастарымен (мысалы, азаматтың шағым беруі және оны шешу) байланысты болуы мүмкін, т.с.с. Барлық жағдайларда тараптардың тиісті өзара байланысты іс-әрекеттерінің бар екендігі көрініп түр. Адамдардың іс-әрекеттері материалдық нәрселермен (заттармен) байланысты болуы мүмкін. Мысалы, полиция қызметкерлері өздерінің құқық қорғау міндеттерін жүзеге асырған кезде қару пайдалануға құқылы; адамдар әр түрлі көлік құралдарын көп пайдаланады, т.с.с. Бұл сияқты жағдайларда да басқарушылық қатынастың объектісі заттың өзі емес, реттеуге жататын ол емес, затты пайдаланатын, оған билік ететін адамдардың іс-әрекеттері болып табылады. Осыған сәйкес құқықтық нормалар заттарды біреуге беруге немесе пайдалануға байланысты тараптардың міндеттері мен құқықтарын белгілейді. [5]

Құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды. Әлбетте, бұл жалпы құқықтық функция-құқықтық нормалардың ең маңызды мазмұны, өйткені реттеу заң мағынасында қажетті мінез-құлық ережелерін белгілеуден көрініс табады. Мемлекеттік басқару аясындағы осы сияқты ережелерді белгілеу құқықтың атқаратын қызмет рөлінің негізгі көрінісі болып табылады. Басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің әр түрлі мақсатты міндеттері және, соған сәйкес, өзінің көрінісінің әр түрлі нысандары болуы мүмкін. Осыны ескере отырып, құқықтың үш аса маңызды көріністері жөнінде айтуға болады. [6]

1. Атқарушы биліктің мемлекеттік — биліктік механизімдегі рөліне толығынан сәйкес келетін құқықтың құқық атқарушылық функциясы өте айқын деңгейде көрініс табады. Бұл құқықтық реттеудің ең негізгі мазмұны өзінің көрінісін өзіне тәнді құралдармен қолданылып жүрген қазақстанның заңнамаларының талаптарын іске асыруды (атқаруды) қамтамасыз етуінен көрініс табатынын білдіреді.

2.    Құқықтық реттеу сонымен бірге мынадан да көрініс табады, атқарушы биліктің тиісті субъектілері дербес, бірақ заңға
тәуелді негізде құқықтық нормалар шығаруға өкілетті. Құқық
құқықтың құқық шығару немесе құқықты белгілеу функциясының мәні
осында. Бұл орайда қажетті түрде ескеруге жататын ең маңызды
жәйт, құқық шығару құқықтың негізгі, яғни
құқық атқарушылық функциясынан туындайды және соның
мүддесіне қызмет етеді. Шын мәнінде бұл дегеніміз атқарушы билік
органдарының өздері жасап шығаратын құқықтың нор
малары өзінің мәні бойынша да құқық атқарудың нақты нысаны
болып табылады. Мысалы, ҚР-ның Үкіметі — ҚР-сы Конституциясының, заңдарының және Президентінің нормативтік жарғыларының негізінде және соларды орындау үшін нормативтік сипаты бар
құқықтық актілер шығарады.

3.    Құқықтық реттеу процесінде сондай-ақ өзінің
міндеті белгіленген құқықтық режимді сақтауды және реттелетін
қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды құқықтары мен
мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатына арналған құқық
қорғаушылық функциясы да жүзеге асырылады. Тағы да бір рет
атап айту керек, атқарушы органдар мен олардың лауазымды
адамдары бақылау-қадағалау өкілеттіктерінің кең көлемін жүзеге
асыру және құқық мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен
қолданылып жүрген құқықтың өзге салаларымен реттелетін көптеген қоғамдық қатынастарды құқықтық қорғау іс жүзінде қамтамасыз етіледі.

Құқықтық реттеуді жүзеге асырғанда қазіргі кезде басты назар республиқалық, салалық және аймақтық маңызды бағдарламаларды іске асыруға (мысалы, экономиқалық, әлеуметтік-мәдени салаларда: индустриалды — инновациялық, бәсекеге қабілетгі өнімдер шығару, тұрғын-үй, білім, денсаулық сақтау, т.б.); шаруашылықтың ұйымдық-құқықтық негізін қамтамасыз ететін талаптарды өмірге енгізуге (мысалы, монополизмнің жолын кесу, кәсіпкерлікті мемлекеттік ынталандыру, тұтынушылар құқықтарын қорғау); жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік басқару аясындағы құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге; атқарушы биліктің республиқалық және аймақтық органдарының, шаруашылық және әлеуметтік-мәдени өмірінің мемлекеттік және жеке меншік секторларының қызметін үйлестіруге; реттелінетін қоғамдық қатынастардың аясында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға аударылады
Тағы рефераттар