МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ……3
І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ
1. Құқықтық мемлекеттің концепциясының тарихи аспектілері………5
2. Құқықтық мемлекеттің мазмұны………8
ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
1. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері ….10
2. Құқықтық мемлекеттің қағидалары ………11
III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1. Қазіргі отандық теориядағы құқықтық мемлекет түсінігінің мазмұны……….18
2. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың теориясы мен тәжірибесі……22
3. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру….24
Қорытынды………..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……28

Кіріспе

     Мемлекет дүниете келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.

Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің – мемлекеттің пайда болуына әкелді.

Мемлекеттің іргесі қаланып,  оның құрылымдық шарттарыны нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.

Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.

Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды. Азаматтық  қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан.

Сонымен, халықтың басым бөлігі – саясаткерлер де, қарапайым  көзі ашық  азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не? Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген  құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.

    Жұмыстың мақсаты.

    Соңғы кездері «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.

    Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет  теориясы    құқықтық мемлекет

жөніндегі үстемдігін бекітті. В. М. Гессен былай деп көрсетті:  «Құқықтық мемлекет деп өзінің қызметінде, үкіметтік және соттық функцияларды атқарғанда құқықпен шектелетін және байланысты болатын, құқықтан төмен тұратын, одан тыс және жоғары болмайтын мемлекетті айтамыз».

Қазіргі кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі – мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әрбір адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.

 Курстық жұмыс / 28 бет
Тағы рефераттар