Құқық нормасы (ағыл. rule of law; нем. Rechtnorm f ;лат. norma — улгі) — Құқықтың білдірілу нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа да мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы (заң, жарлық, қаулы) міндетті тәртіп.
Біртекті қатынастарды реттеп, құқық саласын құрайтын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық және т.б.) құқық нормасының жиынтығы.
Құқық нормалары жалпыға міндетті күшке ие, жауапкершілікті бұзған жағдайда, субъектілерге заңдық құқықтар мен міндеттерді беруді қарастырады.
Құқықтық норма — қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор.
Қоғамдық қатынастардың маңызды реттеушісі болып табылатын құқық нормалары да мемлекет бекітетін талаптарға сай болуы қажет. Уақыт пен қоғамның өзгеруіне байланысты, олар да объективтік өзгерістерге ұшырап отыратыны объективтік заңдылық. Бұл мақала тақырыбына қатысты бірінші мәселе. Заңнаманы жүйелеудің екінші мәселесі көптеген нормативтік актілерді, нормаларды пайдаланушыларға, тіпті кейбір жағдайларда құқық қолданушылардың өзіне де, ыңғайлы етуге байланысты. Сондықтан құқық теориясында нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу мәселелері де терең зерттеледі. Олардың нәтижелері қолданбалы сипатта, мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық қатынастарды реттеуге аса қажет, схоластикадан арылған, күнделікті қарапайым өмірге қажетті еңбектер мен ережелер.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы 20 жылдың ішінде мыңдаған заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылданды. Ал ведомстволардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, кәсіпорындардың қабылданған құқықтық актілерінің жалпы санын шығару мүмкін емес. Міне, осындай массивті құқықтық актілерді реттеу қажеттігі олардың бір-біріне қарама-қайшылықтарынан, деңгейлік орынсыздығынан, сапасыз дайындалғанынан, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының қостілдік тәжірибесінен туып отыр. Сондықтан ұлттық құқықтық жүйеде тұжырымдық қателер, тілдік сәйкессіздіктер, аударма қателері, «заңдар (нормалар) шайқасы» сияқты кемшіліктер орын алып келеді. Осыған орай, ұлттық заңнаманы жүйелеу мәселелерін ғылыми ортада талқылау орынды және қажет іс.
Жалпы құқық теориясы бойынша жүйелеудің бірнеше түрі бар. Олардың ішінде, негізгілері ретінде кодификациялауды, инкорпорациялауды және консолидациялауды атауға болады. Олардың бәрі құқық теориясында сипатталған, мойындалады және тәжірибеде кең қолданылады. Аталған түрлерді жеке жұмыстар ретінде қарастыруға болады. Оларды жүргізу тек топтастыру, жіктеу, кемшіліктерін түзету ғана болып табылмайды. Сондықтан оларды жүргізген кезде құқықтық нормалар, міндетті түрде, кешенді сараптамадан өткізілуі тиіс. Жүргізілетін ғылыми сараптамалардың мақсаты — нормалардың сапасын өңдеу арқылы арттыру. Бұл жұмыс кешенді болғандықтан, сараптаманың бірнеше түрін бірге жүргізуді қажет етеді. Сондықтан, Қазақстан Республикасында қолданылатын ғылыми сараптамалардың құқықтық, экономикалық, криминологиялық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық сияқты түрлерімен бірге, жақында ғана институциялана бастаған лингвистикалық сараптаманың да алатын орны ерекше. Ғылыми лингвистикалық сараптама Қазақстан Республикасының тілдік саясатына орай, қазақ және орыс тілдеріндегі заңнамасының сапасын арттыру үшін қажетті құрал. Ұлттық заңнама сапасының төмен екендігін онымен айналысып жүрген мамандардың бәрі мойындайды. Оған қоса заңдардың қазақ тіліндегі кемшіліктерін жеке мүддесіне заңсыз оң пайдаланып жүрген жеке және заңды тұлғалар аз емес көрінеді. Сондықтан ұлттық заңнаманы жүйелеу — нормаларды реттеу деп түсінетін болсақ, ғылыми лингвистикалық сараптама құқық нормаларын тілдік қателіктерден тазарту деп түсінуге болады.
Тағы рефераттар
- Құқықтық мемлекет шығу тегі, мазмұны және мемлекет қызметінің орындалу әдістері
- Домбыра көшпелі елдің көне өз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі
- Сыбайлас жемқорлықпен күрес дипломдық жұмыс
- Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
- Суды тазарту процестері қандай?