Құрылыс өндірісі технологиясының шаруашылық субъектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыруда әсер ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді.
Өндірістік процестің ұйымдастырылуы және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі есептік жазбалардың қалыптасуы келісім – шартта айтылған барлық талаптарға көп тәуелді болады. Құрылыс ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларының бейнеленуінде өзіндік ерекшелік бар.
Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады [2]. Бұл өзіне тән ерекшелік бағаны құрғанда, құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде және де инфляция мен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайында бас мердігерлер үшін үлкен тәуекелмен байланысты.
Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді қамтиды.
Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзақтығына және көптеген объектілерде бір мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.
Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс – монтажды өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек ресурстарын, материалдар, жылу және электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар міндетті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.
Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну құны кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың нақты шығынын есепте дұрыс көрсетуі үшін ай сайын инвентарлық есептеу жүргізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.
Кейде құрылыс – монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: көлік жете алмайтын жерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында, электр құрылғыларының желілеріне жақын орындарда жүргізіледі.
Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі мердігерлік құрылыс кәсіпорынның басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім – шартқа отырып, құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің және субмердігердің қатысуы олардың қарым – қатынастарының күрделі жүйесінің қалыптасуны әкеледі, ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.
Келісім – шарт нақты белгіленген баға және ашық көрсетілген болып бөлінеді.
Ашық баға бойынша келісім – шарт құрылыс жұмысын жүргізу кезіндегі барлық нақты шығындарды өтейді.
Ал нақты баға белгіленген келісім – шарт бойынша құрылыс жұмыстарының нақты құны екі жақпен келісіледі.
Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының арасындағы жасалған келісім – шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық есептеменің халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады [3]. Яғни, стандартта көрсетілген түсім және мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тәртіпті анықтайды:
- біріншіден, түскен түсім келісім бойынша және байланысты болуы;
- екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне қарай біркелкі бөлінуі тиіс.
Есептеудің тәртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:
- Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өзгеруіне байланысты құбылмалы;
- Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау.
Мердігер кәсіпорындар мен тапсырыс берушілердің келісім – шартының құрамында көрсетілген құрылыс өнімдеріне келісім бағалар ведомостын рәсімдейді. Аталған келісім бағалар ведомостының формасы № 1 формада көрсетілген.
Келісім әрбір құрылыс нышанына жеке – жеке жасалады, бұл құрылыс нышанының түрінің өзіне тән ерекшелігінің болуына байланысты.
Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тәсіл болып саналады.
Құрылыс өнімінің күрделілігі, материалдық және адам ресурстарын бір шаруашылық субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс кәсіпорындарын мамандандыруға, олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажетілігіне, яғни лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге әкеліп соғады.
Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кәсіпорындары жалпы құрылыстық және мамандандырылған болып бөлінеді. Тапсырыс берушімен келісім – шарт қатынасының сипатына байланысты құрылыс – монтажды кәсіпорындар бас мердігер және субмердігер деп жіктеледі. Бас мердігермен өндірістік байланыстың ұзақтығына қарай кәсіпорындар тұрақты және жылжымалы субмердігерлер (мамандандырылған) деп бөлінеді. Тұрақты кәсіпорындар ұзақ мерзімді өндірістік байланыста болады. Жылжымалы кәсіпорындар үнемі қозғалыста болады. Осындай кәсіпорындар ірі құрылыс корпорацияларының құрамында анда – санда құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі бір аумақта жұмыс орындау үшін құрылады.
Бұл мақсат үшін қаржылық – шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс жоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің шоттары – «Өндірістік есептің шоттары», оның бөлімшелері: 8110 «Негізгі өндіріс», 8210 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8310 «Қосалқы өндірістер», 8410 «Үстеме шығыстар» белгіленген. Шығындардың деңгейін бақылау және сараптау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне, бөлек бөлімшелерге, жұмыс түрлеріне байланысты топтастырады.
Құрылыс кәсіпорындары бухгалтерлік есепті және қаржылық қызметті берушілікті ҚР Бухгалтерлік және қаржылық есеп берушілік туралы Заңына сәйкес жүргізуі тиіс [4].
«Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-де бухгалтерлік есеп журнал – ордерді формада жүргізіледі.
Күрделі салымдар, қайта конструкциялау мен модернизациялау серіктестікте негізгі құралдардың есептелген амортизациясына, таза табыс немесе ұзақ мерзімді несиелер есебінен жүзеге асырылады.
Материалдық емес активтер бастапқы құны бойынша бағаланады:
- Сатып алу бағасы;
- Бағдарламалық өнімді орнату және реттеу бойынша шығындар.
Материалдық емес активтер бойынша тозу ай сайын бекітілген нормаға сай есептеледі. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімі олардың түрлеріне байланысты (лицензия, патент, пайдалану құқығы), арадағы мәміледе қарастырылған жағдайлармен анықталады.
Тауарлы – материалдық қорлар есебі № 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Олардың есебі қоймалы карточкаларында және типтік құжаттарда жүргізіледі. Тауарлы – материалдық қорлардың өзіндік құны оларды сатып алу, транспорттық –дайындау шығындарынан құралады. ТМҚ орташа құн әдісімен бағаланады.
Егер келісім – шарт бойынша мердігерге тапсырыс беруші өз материалдарын беретін болса, онда олар баланстан тыс шотта жүргізіледі. Пайдаланылуы № 2 нысандағы акт бойынша рәсімнің төленуге тиісті материалдар көлемінің сомасын алып тастағанға тең болады.
Мердігерлер құрылыс өнім нысанын өз қажеттілігі немесе тура тапсырыс негізінде жасай алады. Бұндай жағдайда есептің кейбір түрлері пайдаланылуы мүмкін:
өз қажеттілігі үшін – құрылыс өнімінің өзіндік құнын құрайтын шығындар есебі 8110 «Негізгі өндіріс» шотында жүргізілді. Бұл шотқа кәсіпорынның өзінің шығарған шығындарымен қоса, субмердігерлердің жұмыс көлемдерінің шығындары шот бойынша енгізіледі.Әр айдың соңында 8110 шоттың сальдосы 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотына апарылады. Бұл шот жинақтаушы қызмет атқарып,басқарушы есеп пен қаржылық есепті байланыстырады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысан дайын өнім ретінде сатылуға арналса, 1320 «Дайын өнім» шотына, ал егер негізгі құрал ретінде пайдаланылса, онда мердігердің 2410 «Негізгі құралдың тозуы және құнсыздануы» шотының дебеті бойынша кірістеледі.
Тура тапсырыс бойынша нысан мердігерлік мәміле бойынша салынып, шығындар 8110 «Негізгі құрылыс» шотында қалыптасады, № 2 нысандағы акт негізінде шығындар 7010 «Сатылған өнімнің өзіндік құны» шотына шығысталады. Осы қағидамен субмердігерлік кәсіпорындар есебін жүргізеді. ҚР Үкіметінің № 1328 15.10.01 жылда қабылдаған қаулысы бойынша құрылыс нысаны мердігердің иелігінде пайдалану актісіне қол қойылғанға дейін болады, соған орай № 268-ХІІ 24.12.94 жылдан қабылданған 236-баптың талаптары орындалуы керек [5]. Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлардың өзіндік құны өзіне запастарды сатып алуға кеткен, қазіргі кездегі олардың орналасқан жеріне жеткізумен байланысты көліктік дайындық шығындарды және олардың қажетті қалыпқа келтіру шығындарын өзіне біріктіреді. Құрылыста құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізу орнына еңбек құралдарын тасымалдау бойынша шығындар үлкен маңызды орынға ие және де оларды есепке алудың дұрыстың ұйымдастырылмауы мердігерлік кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелігінен көрініс табуы мүмкін. Тәжірибе жүзінде бухгалтерлік көп жағдайларда есепке алуды жеңілдету мақсатымен тауарлы-запасты қорларды, құндылықтарды жеткізуге жүзеге асырылған нысанның құрылысы бойынша үстеме шығындардың құрамына кіргізеді. Бұл есепті кезең ішінде құрылыс материалдарын толық көлемде қолданбаған кезде, қолданылмаған материалдардың қалдықтарына кіретін, көліктік – дайындық шығындар сомасына есепті кезең шығындарының жоғарылуына әкеліп соғады. Сатып алынатын құрылыс материалдарының өзіндік құнына көліктік кәсіпорын қызметін төлеу шығындарын кіргізу қажет. Тауарлы – материалдық босалқыларды есепке алу бағалары бойынша өзіндік құннан ауытқуы мен қозғалысын есепке алуды ұйымдастыру жағдайында «Құрылыста есепке алуды жүргізу» шығарылымында көрсетілген есепке алу әдістемесін қолдануға болады [2]. Егер де есепке алу нақты өзіндік құн бойынша жүргізілсе, онда материалдардың әрбір жеткізілуі кезінде көліктік-дайындық шығындар сомасын келіп түскен материал түрлерінің арасында олардың келісім – шарттық бағасы, саны, көлемі және салмағына пропорционалды түрде бөлуді жүзеге асыру қажет. Мұндай есеп те үлкен қиындықтарды тудырмайды және бухгалтерлік есепте, ең бастысы салықтық есепте қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Құрылыс кәсіпорындары орталық қоймадағы материалды запастардың синтетикалық және аналитикалық есебін 1300 «Материалдар» бөлімшесінің барлық шоттарын қолдана отырып жүргізеді.
Құрылыс кәсіпорындарын материалдық – техникалық жабдықтаудың ерекшелігі өндірістік технологиялық кешеннің арнайы басқармасын тарту мүмкіндігі болып табылады [2]. Олар құрылыс кәсіпорындарының қажеттіліктеріне қарай құрылыс материалдарын жабдықтаушылармен келісімді жүзеге асырады, жеткізуді бақылайды және құрылыс кәсіпорнынан делдалдық қызмет үшін қажетті құрылыс материалдары кешені түрінде сыйақы алады. Өндірістік – технологиялық кешеннің арнайы басқармасы ережеге сәйкес материалдардың пайдалануы жүзеге асырылатын құрылыс орнына олардың қажетті ассортименті мен қажетті көлемде уақытылы жеткізілуіне жауапкершілікте болады. Мұндай материалды – техникалық жабдықтау тәртібі құрылыс – монтаждық жұмыстарды «шарлап монтаждау» әдісімен жүргізетін құрылыс кәсіпорындары үшін ыңғайлы, яғни бұл жерде құрылыс материалдары, конструкциялар мен бөлшектер нысанға белгілі бір жұмыс түрлерін орындау графигіне сәйкес жеткізіледі және алдын ала қоймада сақталусыз қолданылады [6].
Материалды құндылықтардың келіп түсуі әрбір жағдайда бірыңғай схема бойынша көрсетіледі. Жіберілетін жүк құжаттарымен бірге жабдықтаушылардан (ӨТКБ, тапсырыс беруші) алынған шоттар, келіп түсетін жүктерді есепке алу журналында тіркеледі, сонымен қатар осы журналға қоймаға материалдардың түсуі туралы жазбалар, шотты төлегені туралы берілгендер, акцептен бас тарту және т.б. туралы жазбалар енгізіледі. Материалдарды көліктік кәсіпорыннан немесе жабдықтаушы қоймасынан қабылдап алу, экспедитормен берілген сенімхат негізінде жүзеге асырылады. Алынатын материалдардың құжаттарда көрсетілген берілгендерге сәйкес келуі жағдайында, қосымша құжаттардың құрылуы талап етілмейді. Келіп түскен материалдардың саны, сапасы және ассортименті құжаттардағы берілгендерге сәйкес келмеген жағдайда, тиісті тәртіппен материалдарды қабылдау туралы акт құралады. Актінің 1 данасы материалдардың келіп түсуін есепке алу үшін бухгалтерияға, 2-ші данасы жабдықтаушыға наразылық білдіру үшін негіз болады. Қателіктер болған жағдайда темір жолға немесе кеме жолына наразылық білдіру үшін негіз болатын коммерциялық акт жасалады.
Ай сайынғы орындалған құрылыс – монтаждық жұмыстардың есебі кәсіпорын мен мердігерлердің өзара келіскен формалары бойынша, яғни нақты орындалған жұмысқа толтырылған наряд бойынша жүргізіледі.
Экспедитормен материалдарды орталық қоймаға немесе өндіріске өткізу кезінде 2 данада кіріс ордері рәсімделеді. Бір данасы қоймада қалып, ал 2-шісі экспедитордың есебі үшін ақталу құжаты болып қызмет етеді, оның негізінде журналда келіп түсетін жүктерді есепке алу туралы жазба жасалады, одан кейін ол материалдардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға беріледі. Орталық қоймадағы материалдардың аналитикалық есебі өндірістік кәсіпорындардағы тәртіппен жүргізіледі: материалдардың қоймалық есепке алу карточкаларындағы әрбір номенклатуралық нөмірі бойынша сандық өлшеуімен. Жазба үшін негіз болып кіріс және шығыс құжаттары табылады (кіріс ордері, материалдарды қабылдау актісі, коммерциялық акт, лимитті – заборлы карта, материалдарды ауыстыруды талап ету актісі (қосымша жіберу), тауарлы – көліктік накладной және т.б.). 1 ай ішінде барлық келіп түскен құжаттар бірінші деңгейлі құжат реестерінде кіріс пен шығыс бойынша жеке көрсетіледі және жүйелі түрде бухгалтерияға синтетикалық есеп жүргізу үшін беріледі. Бұдан басқа, материалдардың қалдықтарын есепке алудың жылдық ведомосты (сальдолық кітап) жүргізіледі, бұған материалдарды қоймалық есепке алу карточкаларының нәтижелік берілгендері бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың әрбір 1-ші күніне берілгендер кіргізіледі. Бұл құжатты тек қалдықтары ғана емес, сонымен қатар әрбір кезеңдегі материалдардың қозғалысын көрсететін сорттық айналым ведомостары ауыстыруы мүмкін. Айдың соңында бұл ведомостар таксировка және материалдардың синтетикалық есебінің берілгендерімен салыстыру үшін есеп бөліміне беріледі.
Келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы бойынша тіркеу нөмірі көрсетілген жабдықтаушылардың акцепттелген шоттары мен қоймаға материалдарды құндылықтардың түсуін айқындайтын құжаттар № 6 журнал – ордерді толтыру үшін негіз болып табылады. Бұл журнал – ордер оны толтырудың бірыңғай принциптерін қолдану арқылы жүргізіледі:
- Аналитикалық және синтетикалық есептерді бірге жүргізу, хронологиялық тәртіппен есепті жүргізу;
- 3310 «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының кредиті бойынша, дебеті бойынша да корреспонденцияланатын шоттар көлемінде әрбір шотты көрсетуге сызықтық позициялық әдісті қолдану (№ 6 журнал – ордердегі № 1 – 13 жазбаларды қараңыз)
Құрылыс кәсіпорындарында тауарлық босалқыларды өндіріске босату міндетті түрде бақылануы қажет . Бақылау мақсаты төмендегідей түрлерге бөлінеді:
- Алдын ала бақылау – өндірістің материалдық қажеттілігінің мөлшерін шектеу үшін орындалады. Босату мөлшерлік карталармен, толықтыру ведомостарымен жүргізіледі;
- Ағымдағы бақылау – күнделікті қоймадан өндіріске босату кезінде жүзеге асырылады. Бұл жауапты тұлғалардан талап ететін құбылыс;
- Кейінгі бақылау – өндіріске жіберілген босалқыларды есепті кезеңнің соңында жасалады. Бұл бақылау М-29 және М-19 формадағы есепті негізге ала отырып жасалынады.
Материалдарды, өнімді дайындауға, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға босату алғашқы құжаттар арқылы жауапты тұлғалардың материалдық есебі негізінде келесі бухгалтерлік жазбалар:
— дебетінде 2930 «Аяқталмаған өндіріс», 8010 «Негізгі өндіріс», 8030 «Көмекші өндіріс», 8040 «Үстеме шығындар» шоттары, ал кредитінде 1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1350 «Басқа да босалқылар» шоттары көрсетіледі.
«Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-де көбіне лимиттік – заборлық картаның М – 28 және М – 28А нөмірлі үлгілі түрлері қолданылады. Үлгілі түрі М – 28 лимиттік – заборлық карта материалдарды салынып жатқан құрылысқа ол құрылыс басталғаннан бастап, аяқталғанға дейін, босатуға арналған. Лимиттік – заборлық картаның бұл түрі құрылыс жұмысын проабтар немесе мастерлер тағы да басқа жұмыс жүргізушілердің біреуінде болады. М – 28 түрі лимиттік – заборлық карта арқылы әрбір объекті бойынша құрылыс басталғаннан бастап жұмсалынған материалдар жайлы деректер анықталады.
Серіктестік үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғаннан, бөлшектегеннен алынатын іске жарамды материалдарды кіріске алу үшін үлгілі түрі М – 35 санды акт толтырады.
«Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-де сонымен қатар құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық – сорттық карточкасының орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы М – 19А санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Бұл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар (кіріс ету, босату, түгендеу) негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған (жұмсалған) материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді.
Сатып алынған тез тозатын заттар, инструменттер, төсек жабдықтары, арнайы киімдер, қорғану заттары эксплуатацияға берілгенге дейін 1315 « Басқадай материал» шотының 04 «Қоймадағы көп ретті пайдаланылатын заттар» аралық шотында есепке алынады. Ал пайдалану мерзімі бір жылдан жоғары заттар негізгі құралдар ретінде 2417 «Инструменттер, өндірістік және шаруашылақ инвентарлары» шотында есепке алынады.
«Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-де өндіріс шығындарын есепке алу үшін 8110 «Негізгі өндіріс» 8310 «Көмекші өндіріс», 8410 «Үстеме шығындар» шоттары ашылған». Құрылыс – монтаж жұмыстарының барлық шығындары тікелей, үстеме және басқадай шығындарға бөлінеді.
Тікелей – мердігерлік мәмілемен байланысты тікелей шығындар. Оған материалдық шығындар, негізгі жұмысшылардың еңбек ақысы мен еңбекақыдан аударымдар, негізгі құралдарды және материалдарды құрылыс участігінде орын ауыстыру шығындары, участкеде пайдалану үшін жалға алынған негізгі құралдар бойынша шығындар, жобалау және авторлық бақылау шығындары, үшінші тараптың талабын қанағаттандыру бойынша шығындар енеді.
Тағы рефераттар
- Қорлар және №2 ХҚЕС
- Меншікті капитал есебі, қарыздық капитал есебі курстық жұмыс
- Өндірістік мақсаттарға арналған тауарларды сатып алу
- Білім берудегі компьютерлік технология ерекшеліктері курстық жұмыс
- Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің менеджментінің маңызы мен рөлі