КХДР ядролық бағдарламасын екі кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең — КХДР ядролық салада негізгі зерттеулерін жүргізіп,сәйкес инфрақұрылым құра бастаған 50 жж. ортасынан 70 жж.аяғына дейінгі аралық.
Екінші кезең – 70 жж. аяғынан бастап қазіргі кезге дейінгі уақыт аралығы. Аталмыш кезең КХДР-дың негізінен өз күшімен ғылыми-өндірістік базаны дамытуымен сипатталады, сондай-ақ осы кезде КХДР елдегі энергетикалық дағдарысты шешу үшін шетелден көмек алуға тырысты.
1947-1950 жж. КСРО жүргізген геологиялық барлауларының нәтижесінде Солтүстік Кореяда 26 млн. тонна уран қоры табылған, ал оның 4 млн. тонасы өнеркәсіптік өңдеуге жарамды. Кеніштер құрылысы басталып, КСРО өз кезегінде КХДР-дан 9 мың тонна моназит рудасын алған болатын. Корей соғысы аяқталғаннан кейін (1950-1953жж) КХДР ядролық саланы зерттеуге ғылыми-техникалық мамандар дайындауды қолға алады, ол үшін 1956 жж. КСРО-мен корей мамандарын дайындау туралы келісімге келді.Олар МИФИ, Бауман атындағы МВТУ, МЭИ-де оқып, Дубнадағы Біріккен ядролық зерттеулер институтында тәжірибеден өтіп отырды. Жалпы 90 жж. басына дейін КСРО-да үш жүзге жуық корей мамандары дайындалған. КХДР-дың өзінде ядролық физика және радиохимия ғылыми-зерттеу институттары ашылған болатын. 1953 ж КСРО-мен атом энергиясын бейбіт пайдалану келісіміне қол қойғаннан кейін Ненбенде (Пхеньянның солтүстігінен 80 км жерде) ядролық зерттеулер орталығының құрылысы басталып, ол 1965 жылы аяқталды. КСРО орталыққа жылу қуаттығы 2 Мвт ИРТ-200 зерттеу реакторын қондырған болатын, Солтүстік Корея оны екі рет жаңартып, жылу қуаттығын 8 Мвт-қа жеткізді. 1991жылға дейін реактор үшін жанар-жағармай КСРО-дан тасылды.Сонымен қатар, КСРО радиоактивті изотоп пен критсборк(100 вт, 10 %-ке байытылған уран қышқылы негізінде) алу үшін 7 камера мен 9 блоктан тұратын радиохимиялық лабороториямен қамтамасыз етті.70 жж. КХДР өзінің ядролық циклын ашу мақсатында белсенді зерттеулер жүргізіп, корей мамандары Ким Ир Сен нұсқауымен ядролық қару жасаудың жобасына кірісті [11].
1974 жылы КХДР Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) құрамына қосылады, осының арқасында Солтүстік Корея ядролық- энергетикалық кешен инфрақұрылым ашу бойынша ашық материалдарға қол жеткізеді.Осы жылы КХДР ядролық қару жасау үшін ҚХР-дан көмек сұрады, нәтижесінде 1977 жылы корейлер қытайлық ядролық қару сынағына қатысады.
1977 жылы КХДР МАГАТЭ-мен тағы да келісімге келіп, Солтүстік Кореяға МАГАТЭ кепілдігімен ИРТ реакторы мен критсборк енгізілді.
1980 жылдан бастап Ненбенде ірі құрылыстың екінші кезегі басталып, КХДР өзінің Магнокс 5 Мвт(электрлі) реакторы мен жылу қондырғыларын өндіру зауытын өздігінен қамтамасыз етуді қолға алды. 1985 жылдан бастап Ненбенде 50 Мвт электр реакторы мен Тэчонда 200 Мвт электр реакторының құрылысы басталған болатын.
Осы жылы КХДР Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қояды, себебі бұл КСРО-ның Пхеньянға АЭС –тың 4 блогының (ВВЭР-440) құрылысына көмек көрсетуі үшін қойған шарты болатын. КСРО-мен әріптестік 1991 жылы КХДР атқарылған жұмыс үшін қаржы төлеуге бас тартқанға дейін тоқтамаған болатын [12].
1985-1992 жылдар аралығында КХДР мен МАГАТЭ арасында барлық толық кепілдіктерді қолдану келісіміне келу туралы бірқатар келіссөздер жүргізілді.Пхеньян бұл келісімге қол қою үшін саяси шарттарды, соның ішінде Солтүстік-Оңтүстік қарым – қатынастарын жақсарту шартын қойды. Нәтижесінде тек 1992 жылы 30 қаңтарда ғана Ядролық қаруды таратпау келісім-шарты бойынша КХДР мен МАГАТЭ арасында ядролық қауіпсіздік кепілдігі туралы келісімге қол қойылды. Ал 1992 жылы 9 көкекте КХДР Жоғарғы халық жиналысы бұл келісімді күшіне енгізді.10 көкекте КХДР-ға МАГАТЭ тарапынан техникалық көмек ретінде бұрынғы КСРО-да құрастырылған ядролық жеделдеткіш енгізілді. Бұл КХДР-ға АҚШ пен Оңтүстік Корея тарапынан жасалған күшті қысым еді. Сондай-ақ, келісімге сәйкес Агенттік кепілдігімен Солтүстік Кореядағы ИРТ зерттеу реакторы, 5 Мвт реакторы, ядролық жағармайды сақтау орындары және ядролық өңдеу зауыттарының жұмыстары тоқтатылды.КХДР-дың өз иелігіндегі ядролық материалдар туралы мәлімдемесіне сәйкес, онда 1989 жылы 5 Мвт реакторын тоқтату кезінде бұзылған жанар-жағармай қондырғыларын қайта өңдеу кезінде алынған 100-300 г плутоний бар екендігі белгілі болды.Дегенмен, МАГАТЭ бұл мәлімдеме мен Ненбендегі радиоактивті қалдықтар орнында жүргізілген зерттеулер арасында сәйкессіздіктер бар екендігін анықтады, өйткені бұл зерттеулер КХДР-да ол мәлімдемеген плутоний бар болуы мүмкіндігін куәландырған еді. Пхеньян мәлімдемесі бойынша ядролық емес болып табылатын екі объектке арнайы бақылау орнатуға қойылған талапқа жауап ретінде КХДР 1993 жылы 12 наурызда ЯҚТК-ден шығатынын жариялады. Осыған байланысты, Ресей Солтүстік Кореямен ядролық саладағы әріптестігін үзіп, Синпхо аданындағы жеңілсутек реакторлы АЭС құрылысын тоқтатты.
БҰҰ ҚК 1993 жылы 11 мамырдағы Пхеньянның ЯҚТК- не қайта қосылуына және МАГАТЭ-мен ынтымақтастыққа келуіне үндеуі КХДР тарапынан оның ішкі істеріне араласу және егемендігіне қол сұғу деп бағаланды. Осы жылдың маусымында Солтүстік Корея АҚШ оның ішкі істерге араласпау және күш қолдану арқылы қатер төндірмеу туралы міндеттемелерін алғаннан кейін ЯҚТК-нен шығу туралы шешімінің күшін «жойғанын» мәлімдеді [13]. Пхеньян ЯҚТК-мен ынтымақтастығын одан әрі жалғастыру үшін Корей түбегіндегі әскери—саяси мәселелерді шешу және АҚШ-пен қатынасты жақсарту шартын қойды. КХДР өз территориясындағы жекелген объектерге Агенттіктің бақылаушыларын өткізбеуіне байланысты МАГАТЭ Басшылығы кеңесі бірқатар жобаларды жүзеге асыруда Пхеньянға техникалық көмек көрсетуді тоқтатуды ұйғарды. Осы шешімге орай, КХДР
1994 жылы 13 маусымда Агенттіктің бақылауынан бас тартатынын және МАГАТЭ-ден шығатынын жариялады [14].
Бұл кезде мәселенің ушығуына байланысты Б.Клинтон басқарған американ әкімшілігі КХДР ядролық нысандарын жою үшін әскери күш қолдану мүмкіндігін талқылауға алған болатын.Дегенмен мәселені одан әрі күрделендірмеу мақсатында 1994 жылы 13 маусымда Женевада КХДР мен АҚШ арасында солтүстік корей ядролық дағдарысын шешу туралы келісім өтті, ол бойынша Пхеньянның бүкіл ядролық бағдарламасын тоқтату,
КХДР- ды жеңілсутек реакторлы АЭС құрылысы кезінде мазутпен қамтамасыз ету, ең соңында КХДР-ң МАГАТЭ- мен жасалған келісімі бойынша алған міндеттемелерін қалпына келтіру қарастырылды.Бұл үшін АҚШ Солтүстік Кореяның энергетикалық қажеттілігіне жұмсау үшін жыл сайын 500 мың тонна мазутпен қамтамасыз етуге міндеттелді.
Сонымен қатар, 1995жылы наурызында АҚШ, Корея Респуликасы және Жапония өкілдері қатысқан келісім нәтижесінде жеңілсутек реакторлы АЭС салу мақсатында «Корей түбегіндегі энергетикалық даму ұйымы» халықаралық консорциумы (КЕДО) құрылды, оған кейін ЕО да қосылады.Мұндай типтегі реакторлар «қауіпсіз» болып табылады, оның қалдықтарынанядролық қару үшін керекті материалдар жасау мүмкін емес. 1997 жылдың тамызынан АЭС құрылысы Синпхода басталды, ол 2008 жылы толығымен аяқталады деп жоспарланды.Алайда тараптар келісім бойынша алған міндеттерін аса мұқиат орындамады. Негізгі қаржыны Оңтүстік Корея бөлсе де, КЕДО-да жетекші орынға ие болған АҚШ АЭС құрылысын салуға асықпады.Ол Пхеньянмен келісілген құрылыс мерзімінен әлдеқайда артта қалды. Өз кезегінде АҚШ- ты міндеттерін орындамағаны үшін кінәлаған КХДР әлі де болса, ядролық қару жасау ниетінен арылмаған болып шықты [15].
Осылай тараптар арасында Солтүстік Кореяда ядролық қару бар ма, жоқ па деген мәселе тұрды. Егер АҚШ КХДР- да бірден алтыға дейін ядролық заряд пен олардың бірнешеуін жасауға жетерлік уран бар деген пікірде болса, ресейлік мамандар Солтүстік Кореяны ядролық державалар қатарына қоспады.
Ал, 1998 жылы 31 тамызда КХДР өзінің көп сатылы ракетасын іске қосып, ол Жапонияның үстінен өтіп, Тынық ммұхитына барып құлайды.Осылайша корейлер кез-келген жапон аралына шабуыл жасай алатыны белгілі болды.
Осы жылдың 17 қарашасында АҚШ пен КХДР арасында жоғары дәрежедегі келіссөздердің алғашқы раунды басталды. Бұл келіссөзде Солтүстік Кореяда жерасты ядролық нысанының құрылысы басталды ма деген мәселе қаралды, сондай-ақ, АҚШ тарапы атом энергиясы бойынша бақылаушыларды КХДР-ға енгізуді талап етті.Бұған жауап ретінде 1999 жылдың 27 ақпаны мен 16 наурызы аралығында болған келіссөзде тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету көмегін көрсетсе, МАГАТЭ бақылаушыларын енгізуге қарсы болмайтынын білдірді. Осы жылдың мамырында американ бақылаушылары жүргізген зерттеулері ядролық бағдарлама шеңберіндегі жұмыстардың жалғасын дәлелдейтін еш нәрсе таппады. Осыған орай, 28 мамырда Пентагон басшысы Уильям Перри Пхеньянда АҚШ-ң қарусыздану туралы ұсынысын білдірді. Пентагонның бұл қадамына сәйкес КХДР осы 1999 жылдың 13 қыркүйегінде алыс радиусты зымырандарды сынау жұмыстарын келіссөздер аяқталғанға дейін тоқтатуға міндеттелді.Ал АҚШ президенті Клинтон 1953 жылы Солтүстік Кореяға салынған экономикалық санкцияны жеңілдетуге келісім берді. Сонымен қатар, 1999 жылдың желтоқсанында АҚШ бастаған халықаралық консорциум КНДР- де 4,6 млрд долларды құрайтын екі АЭС –ті салу келісім-шартын жасады [16].
Дегенмен, бұл келісімдерде қарастырылған мәселелер кейіннен іс жүзінде жүзеге аспады. 2000 жылдың шілдесіндегі КХДР мәлімдемесі бойынша егер уәде етілген АЭС құрылысының салынбауына байланысты электр энергиясының жетіспеушілігінен туған шығындарды АҚШ толтырмаса, Пхеньян өзінің ядролық бағдарламасын қайта қалпына келтіретіні жарияланды.Ал 2001жылдың маусымында Солтүстік Корея егер де Вашингтон қарым- қатынасты қалпына келтіруге бағытталған келісім не келіссөздер жүргізбесе зымырандардың сынағына мораторий жүргізуді қайта қарастыратынын мәлімдеді [17].
Осылайша КХДР ядролық бағдарламасы мәселесі тараптар арасында қайтадан біртіндеп агрессиялық сипатқа ие болды. 2001 жылы шілдеде АҚШ мемлекеттік департаменті Солтүстік Кореяда алыс радиусты зымырандарды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде және Тайпдонг – 1 зымыраны сынақтан өтті деп мәлімдеді. Сондай-ақ, осы жылдың желтоқсанында АҚШ- тың жаңа президенті Джордж Буш КХДР мен Ирак егер жаппай қырып-жою қаруын дайындап және көршілес мемлекеттерге террорлық іс-әрекеттер жасайтын болса, олар «жауапқа тартылады» деп мәлімдеді. Ал 2002 жылдың 29 қаңтарында Буш КХДР, Ирак және Иранды «зұлымдық ошағына» жатқызды.
2002 жылдың 6 сәуірінде КХДР АҚШ және Оңтүстік Кореямен диалогты жаңартуға келісім берді. 14 тамыздан бастап Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея бейресми дәрежедегі кездесулерді жаңғыртып, қарым- қатынасты жақындатуға баяу бағыт алды.
КХДР-ге сапармен келген АҚШ өкілі Джеймс Келлимен өткен кездесуде Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасын (уран байытуды) жүзеге асырып отырғанын мойындады. Пхеньян Корея түбегіндегі ядролық мәселе туралы шешімдерін КХДР мен АҚШ арасындағы өзара шабуыл жасамау келісім – шартымен сәйкестендіретінін білдірді [18].
2002 жылдың 2 желтоқсанында МАГАТЭ-ның Басшылар кеңесінің (БК) мақұлдаған резолюциясы КХДР-ң ядролық бағдарламаны жүзеге асыруы оның халықаралық міндеттемелерін (соның ішінде, ЯҚТК және МАГАТЭ-пен кепілдіктер туралы келісімдерді) бұзды деп жариялады және Пхеньянның ядролық қару құқығы туралы ашық мәлімдемесін сынады.
12 желтоқсанда Солтүстік Корея 1994 жылы АҚШ пен КХДР арасындағы келісім нәтижесінде тоқтатылған өз ядролық бағдарламасы жаңартатынын
мәлімдеді, бұл жағдай «екінші ядролық дағдарыстың» басталуына түрткі болды.
Пхеньян бұл шешімін АҚШ-тың аталмыш келісім бойынша АЭС салуға және ЖЭС-ке мазут жеткізу міндеттемелерін орындамағанымен, сонымен қатар оны «зұлымдық ошағының» қатарына кіргізгенімен байланыстырды.
2002 жылдың аяғында АҚШ-тың КХДР-ге жанар-жағармай тасымалын тоқтатуы ондағы электр энергиясына деген мұқтаддықты одан әрі шиеленістірді. Оның үстіне, көп ұзамай КЕДО халықаралық консорциумы екі жеңілсутек ядролық реакторының құрылысы жұмыстарын тоқтатты.
Бұған жауап ретінде КХДР өзінің барлық ядролық объектілерінен МАГАТЭ-нің бақылау камераларын алып тастап, Агенттіктің бақылаушыларын елден шығуды ұсынды [20].
2003 жылдың 6 қаңтарында МАГАТЭ-ның Басшылар кеңесінің кезектен тыс сессиясы бірауыздан қабылдаған резолюциясы КХДР-ды Агенттікпен ынтымақтастықты қайта жалғастыруды, мониторинг бойынша құрал-жабдықтың қызметін қалпына келтіру және МАГАТЭ-ның бақылаушыларын қайта қабылдауға үндейді. Сондай-ақ, резолюция мәселені бейбіт шешу қажеттігін атап көрсетті.
9-13 қаңтарда Нью-Мексико штатының губернаторы У. Ричардсон мен БҰҰ жанындағы КХДР постпред орынбасары Хан Сон Ера арасында бейресми кездесу өтіп, мұнда Солтүстік Корея ядролық бағдарлама мәселесін алтыжақты келіссөздер арқылы талқылауға дайын еместігі байқалды.
Ал, 10 қаңтарда Пхеньян БҰҰ ҚК төрағасына және ЯҚТК–не қатысушыларына 1993 жылы 11 маусымда қабылданған Келісімнен шығу процедурасын тоқтату шешімінен бас тартатынын мәлімдеді. Оған себеп — АҚШ тарапынан болып отырған «күшті қаскөй саясат мен қысым» жағдайындағы жоғарғы ұлттық мүдделерді қорғау қажеттілігі. Солтүстік Корея 2003 жылдың 11 қаңтарынан бастап өзін ЯҚТК мен МАГАТЭ-мен кепілдіктер туралы келісімі бойынша міндеттемелерден тәуелсіз деп санайтынын жариялады. 12 ақпанда МАГАТЭ-ның Басшылар кеңесі (БК) көпшілік дауыспен КХДР-дың ЯҚТК-ге байланысты кепілдемелер туралы Агенттікпен келісім шарттарын орындамауы жайында БҰҰ ҚК- не баяндама жолдауға резолюция қабылдады. Мәселені шиеленістірген жағдай: құрамында Нёнбендегі реактордың ядролық жанармайы бар 8000 стерженді қайта өңдеу жұмыстары аяқталуға жақындығы туралы 18 көкектегі Пхеньянның мәлімдемесі КХДР-де біршама көлемде қарулық плутоний бар екендігін білдіруі [21].
Бұл мәселе Корей түбегімен көршілес мемлекеттердің алаңдаушылығын туғызды, өйткені жаңа ядролық державаның пайда болуы ешкімге тиімді емес еді. Себебі, бұл жағдай ядролық қару жасауға мүмкіндігі бар, бірақ ядролық қаруды таратпау режиміне сәйкес бұл істі жүзеге асырмай отырған мемлекеттер үшін «үлгі» болуы мүмкін еді.
Пхеньян мен Вашингтон өзара қатаң мәлімдемелер жасауы кезінде бұл аймақта біршама ықпалға ие державалар Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония оларды келіссөздер жүргізуге үгіттеді. КХДР мен АҚШ бұл мәселені ұзақ талқылауға алып, ақырында КХДР, АҚШ, Қытай, Ресей және Оңтүстік Корея қатысуымен болатын алтыжақты келіссөздерге келіп тірелді.
Алтыжақты келіссөздердің алғашқы раунды 2003 жылдың 27-29 тамызында Пекинде болып өтті. Бұл келіссөз сәтсіз аяқталуының себебі АҚШ пен КХДР-дың өзара мәмілеге келуге ниетсіздігінен туды: Вашингтон КХДР талап еткен жазбаша кепілдіктер тек Пхеньян алдымен өз ядролық бағдарламасынан бас тартқаннан кейін ғана мүмкін болады деген пікірді ұстанды. Өз кезегінде Солтүстік Корея да бірінші болып АҚШ талабын орындағысы келмеді.
Алтыжақты келіссөзден кейінгі кезең диалогқа қатысушылардың әртүрлі құрамымен кездесулері мен ондағы тараптардың келісулері мен ұсыныстары және оған қарсылықтарға толы өтті. 2003 жылдың қазанында Пхеньянда өткен келіссөзде Ким Чен Ир ядролық мәселе бойынша алтыжақты келіссөздерді жалғастыруға келісімін берді. 5 қарашада АҚШ КХДР- мен 1950-1953 жылғы Корей соғысы аяқталуы кезінде қол қойылған соғысты тоқтату келісімінің орнын басатын жаңа көпжақты бейбіт келісім жасауды ұсынды. Вашингтоннның басты талабы- Пхеньянның ядролық бағдарламаны тоқтатып, химиялық және баллистикалық зымырандарға қатысты кепілдік беруі. Ал, бұған жауап ретінде, 16 қарашада Солтүстік Корея үкіметінің өкілі егер АҚШ өзінің қаскөй саясатын тоқтатса, ядролық зерттеулерін одан әрі жалғастырмайтынын жариялады. Осыған сәйкес, КЕДО халықаралық консорциумы Солтүстік Кореядағы ядролық реактор құрылысын бір жылға тоқтатты
Тағы рефераттар
- Нұрмұхамедұлы Жанқожа
- Джон Ф. Кеннедидің ішкі реформалары
- Әлихан Бөкейхановтын өмірбаяны
- Меншікті капитал мен капиталдың есебі
- 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық астарлары