Қылмыс және теріс қылық туралы қазақша реферат
Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді. 1) Қылмыс. 2) Теріс қылық.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет — әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктік және басқа да құқықтары. Қылмыстың заңды сипаты – оларға қылмыстық заңмен тыйм салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды.
Қылмыс басқа құқық бұзушылық түрлерімен салыстырғанда қоғамға үлкен қауып әкеледі. Қылмыстың қоғамдық дәрежесін білу үшін, мынандай факторларға сүйіну керек: обьектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы, уақытты, әдісі, келтірген зиянның көлемі мен сипаты, себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі.
Теріс қылық дегеніміз – қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.
Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктелінеді.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қаупті әрекет-әрекетсіздік.
Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек объектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес, жазалау сипатында қолданылатын санкцияларымен де ерекшеленеді. Мәселен, ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.
2. Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынаушылық тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында тұрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолдану мүмкін: ескерту, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару.
3. Азаматтық құқық бұзушылық – азаматтық құқық нормаларымен реттелетін мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты – азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз – азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады.
Азаматтық құқық бұзушылықтың қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы, олардың заңда тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құқық бұзушылыққа тән ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкцияларымен тыйым салынуы болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына келтірілуі көзге түседі: заңға қайшы келетін мәмлені өзгерту, келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру және т.б. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық құқық бұзушылық келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруін көздейді.
Қылмыс пен теріс қылықты терең зерттеу үшін, тарихқа назар аударғаны дұрыс болар. Осы жұмыста, құқық бұзушылықты түсіну үшін, қазақ халқының 18-19 ғасырдың құқық нормаларына назар аударам. Әсіресе, алған уақыт аралығын жақсы зерттеген С.Л. Фукстың «Обычное право казахов в 18-первой половине 19 века» деген еңбегіне сүйінем.
18-19 ғасырдағы қазақ халқы «қылмыс» деген терминді қолданбаған, яғни бұл сөз әлі болған жоқ. Оның орнына «жаман іс», «жаман қылық» деген ұғымдар болған.[8] Құқық бұзушылықты бұлай бөлуі, көбінесе феодалдық қоғамға жатады. Мысалы, «жаман қылық» деп германдықтар, «опасыздық» деп орыстар, «зұлымдық» деп литовтықтар атаған. Бірақ литовтықтар феодалдық қоғамның ең жоғарғы сатысында «зұлымдық» сөзін «заңдықтан шығу» деген сөзбен ауыстырған. Сондықтан да, қазақ халқы қолданған «жаман іс», немесе «жаман қылық» сөздері, қоғамда қылмыстық құқықтың қай сатысында тұрғанын толық көрсетпеген. Жалпы қазақ халқының тарихында, қоғамды реттейтін бірнеше заңдар жиынтығы болған. Оның бірнешеуі ғана, жазбаша құжаттармен дәлелденеді, көбінесе заңдар жиынтығы ауызша сақталған. Ең алғашқы белгілі заң жиынтығы, бұл 12-13 ғасырда қолданылған Шыңғысхан империясының қоластында болғандықтан «Жасақ» заңы. Бірақ та, бұл заңда «қылмыс» пен «теріс қылық» арасындағы айырмашылық көрінбейді. Көбінесе, орташа немесе ауыр құқық бұзушылық болсын, оларға бір ғана жаза болды, ол — өлім жазасы. Орта ғасырларда (14-17 ғасырлар арасы) «Қасымның қасқа жолы», «Есімнің ескі жолы», «Жеті жарғы» заңдар жиынтығы пайда болады. Бұл заңдардың пайда болуының басты себебі, бұрынғы заңдарға қайта талдау жасап, уақытқа, заманға сай келетін өзгерістер енгізу. Жоғарыда айтылғандай, заң қандай да керемет болмасын, оның ескірілуі мүмкін, яғни әдеттегідей, реформа жүргізу қажеттілігі туындайды. П. Маковецкий 18-19 ғасырдағы қазақ қоғамындағы құқықтық нормалар, қылмыс, теріс қылық және дінге сәйкес келмейтін әрекеттерді айыра білмейтіндігі туралы жазған. [9] Бұл қате пікір. Құқықтық нормалар жақсы дамығандықтан, қазақ сот жүйсінде «қылмыс» пен «дінге сәйкес келмейтін әрекеттер» арасындағы айырмашылықты жақсы түсінген. Соңғысы қылмысқа жатқан жоқ, оны көбінесе теріс қылыққа жатқызған болатын. Бірақ, осы үш терминге нақты түсінік болмағандықтан, қазақ сот жүйесі мәселені еркін жүйде шешкен. «Әр құқық бұзушылық, ол қандай да болмасын, оны шешуге және жазаны белгілеуге бидің қолында, ол нақты бір жүйелі заңға сәйкестірілмеген» — деп хабарлайды дАндре. [10] Бірақ, Фукстың айтуынша, бұндай жағдай тек қазақ қоғамында ғана емес, ол бүкіл феодалдық және дофеодалдық қоғамдарда кездеседі, ол заманға сай келетін құбылыс. Н. Гродеков П. Маковецкийдің көзқарасына карама-қарсы болған. Оның айтуынша «қазақ халқы теріс қылықты, күнәдан айыра алады» деп айтқанымен, ол бір қатені түзетіп, өзі басқа қателікке соғады. Яғни, ол қоғамдағы көпшілдік-құқықты мінезді мойындамай, сонымен қоса, қазақ қоғамында класстық бөлініс болмағаның мойындайды. Яғни, «жеке құқықтық» деген ұғым пайда болады. Бұл көзқарастардың қате екендігі айқын көрінеді. Себебі, жауапқа тарту процессі доминанты болса да, қазақ қоғамында істі қарауда, оның қоғамға қаншама зияндығы бар болғаның зерттеп, «жаман істі» тек бір тұлғаға емес, барлық қоғамға, болып тұрған класстық жүйеге қаншалықты зиян екендігін зерттей білген. Мысалға, 1803ж. «Обет» құжаттына назар аударайық. Бұл құжатта мынандай жағдай келтіріледі, егер де елде тонаушылық, мал ұрлау жағдай болып қалса, «дала атқамінерлері» сұлтандар, байлар, бийлер, бұны «бір тұлғаға қарсы жасалған жаман қылық» демей, оны «бүкіл елдің тыныштығына қауып төндіретін қылмыс» деп айтып, Ресей үкіметінен бұл қатерлікті жоюды талап еткен. [11] Яғни, класстық бөлініс айқын болғандығын дәлелдейді, осыдан соттың шешімі материалдық және ру-патриархалдық, туыстық қатынасқа назар аударғаның көрсетеді.
Сонымен де, 18-19 ғасырда қазақ қоғамының құқықтық қатынастары жоғарғы деңгейде болған деп айтуға болады. Оның себебі, жауапқа тартылатын тұлғамен бірге, оның руы де жауапқа тартылатын. Есімізге салған жөн, қазақ қоғамында «жаман қылық» үшін құн төлінетін болатын. Құн 17 ғасырға жақын кезеңінде енгізілген болатын. Бұл қазақ қоғамында заманға сәйкес енгізілген «гуманистік» норма деп айтуға болады. Құн жүйсін енгізудің басты себебі, демографиялық фактор әсер етті деп айтуға болады. Қазақ жерінің географиялық орның ескерсек, мұнда геосаяси жағдай қиын болғаны айқын көрінеді. Көрші елдермен үнемі соғыста болған қазақ халқы, бейбіт өмір кезінде жауынгер саның сақтап қалуды көздеген. Құн төлегенде, жеке тұлғаның материалдық жағдайы нашар халде болса, оған бүкіл ру және туыстары көмекке келуге міндетті болған. 18-19 ғасырлар кезінде, жауапқа тартылған адамға көмек көрсету, енді көбінесе топтық жауапкершілігімен сипатталады. Бұл жағдай Фукстың ойынша, феодалдық құқықтың жоғарғы сатысы екендігін айқын көрсетеді.[12]
Сол кезенің құқық жайлы тағы бір айта кететің мәселесі, қазақ қоғамында жануарлар, жансыз заттар жауапқа ешқашан тартылған жоқ. Мысалға, бұрында Афинада притандар соты жансыз заттарды, олар адамның өліміне себепкер болса, жазаға тартқан. Немесе кейбір неміс қалаларында жануарлар адам өліміне кінәлі болса, сот оларды өлім жазасына кескен. Ал Францияда тышқандарға қарсы сот процесстері болғаны белгілі. Жалпы орта ғасырларда көп мемлекеттерде жануарларды сотқа тартқан.[13] Қазақ тарихында ондай прецеденттер Тәуке хан кезінде орын алған, бірақ бұл құқықтың төменгі сатысы 18-19 ғасырда жойылған. Сотқа адам өліміне кінәлі болған жануарлар да, сол жануардың иесі де жауаптан босатылатын. Ал жансыз заттарды сотқа тарту немесе жазалау деген оқиға, қазақ қоғамында кездеспеген. Сонымен бірге, есі дұрыс емес «дервиштерді» де, жауаптан босатқан. Бұл жағдайлар қоғамдағы құқықтық қатынастар жоғарғы деңгейде болғаның көрсетеді.
Тағы рефераттар
- Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерi
- Ежелгі шығыс елдерінің даму тарихы
- Кәсіпорында айналым қорларын үнемдеу элементтері
- Джон Ф. Кеннедидің сыртқы саясаты
- Негізгі құралдер есебі дипломдық жұмыс