Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру туралы қазақша реферат
Қылмыстық кодекстің 8-бабымен қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру мәселелері реттелген. Осы бапқа сәйкес басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтарын, егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, сол мемлекетке ұстап беруге болмайды.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде-қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке ұстап берілуі мүмкін.
ТМД бойынша қылмыс жасаған адамды ұстап беру немесе қылмыстық құдалауды жүргізу 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы Минск Конвенциясымен реттеледі. Осы Конвенцияның 56-бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылыкқа тарту немесе үкімді орындауды іске асыру үшін Конвенцияға қатысушы мемлекеттер өзара сұрау салулар бойынша бір-біріне өздерінің аумағындағы қылмыс жасаған адамдарды ұстап беруге міндеттеніп, келісімге келді. Ұстап беру сұрау салған және сұрау салынған жақтың заңы бойынша жазалануға жататын және жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда неғұрлым ауыр жаза көзделген әрекеттер жасалғанда жүргізіледі.
Егер ұстап беру, үкімді орындауды іске асырумен байланысты болса — бас бостандығынан айыруға соттау 6 айдан кем болмауы керек немесе ауыр жаза көзделуі қажет.
Егер қылмыскер сұрау салынған (сұрату жасалынған) елдің азаматы болып табылса ұстап беруден бас тартылады. Бұл жағдайда Конвенцияның 72-бабына сәйкес Конвенцияға қатысушы елдер сұрау салған жақтың аумағында қылмыс жасаған өз азаматтарын қылмыстық құдалауды өз заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
1994 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе үкімді орындауды іске асыру үшін қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру туралы келісімді бекітті. Осы келісім бойынша егер келісуші екі жақтың да заңнамасында 2-бапта көрсетілгендей әрекет қылмыс деп табылса келісім бойынша адамды ұстап беру жүргізіледі.
Сұрау салынған жақтың келісуінсіз ұстап берілген адамды ұстап беруге негіз болғаннан басқа қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа немесе жазаға тартуға болмайды. Ұстап беру мәселелерінің шешілу барысы жөніндегі жауап қылмыс жасаған адамды ұстап беру туралы өтінішті алған сәттен бастап 15 күннің ішінде берілуге тиіс. Ұстап беру жөніндегі өтініштің мазмұнында сұрау салушы мекеменін атауы жөніндегі мәліметтер, сұрау салушы келісуші жақтың әрекеттің қылмысқа жататындығын негіздейтін заңының мәтіні, қылмыскердің жеке басының мінездемесі, сондай-ақ келтірілген материалдық залалдың мөлшері қамтылуы қажет.
Тағы рефераттар
- Макростарды бухгалтерлік есептеуде қолдану дипломдық жұмыс
- Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдаудын теориялық негізі дипломдық жұмыс
- Құжаттардың бланкілерін, мөрлер мен мөртабандарды есепке алу және сақатуға құжаттарды оперативтік сақтауға байланысты ұсынымдар
- «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы
- ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИСТІК ДИКТАТУРА — МОНОПОЛИСТІК КАПИТАЛДЫҢ БИЛІГІН ІСКЕ АСЫРУ ҚАРУЫ