Психологияда қылмысқа барған жасөспірімдердің мінез-құлқы ерекше мәнге ие. Соның ішінде біз қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлқын қарастырамыз. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімнің делинквенттілігі – бұл заңның немесе қоғамдық нормалардың бұзылуында жүзеге асырылатын әрекеттердің кең ауқымы үшін нақты емес түсінік болып табылады. Ол әлеуметтану, медициналық психология және заң салаларында жан-жақты қарастырылады. Мәселен заң саласында қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквенттілігі – бұл кәмелет жасқа толмаған адамдардың қылмыстық кодексті бұзатын мінез-құлқы ретінде қарастырылады.
Делинквенттіліктің әлеуметтік және психологиялық анықтамалары мәнді шамада бір-бірлеріне сәйкес келуі мүмкін, бұл жерде екеуі де заңның анықтамасымен қиылысады. Әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда, делинквенттіліктің құрамына жол беруге болмайтын жасөспірімдердің әр түрлі, яғни агрессивті мінез-құлқы, қыдырулар, кішігірім ұрлық, немесе есірткі қолдану сияқты әрекеттері енеді. Делинквенттіліктің психологиялық анықтамасының құрамына мінез-құлықтың бұзылуы мен антиқоғамдық мінез-құлықтар кіреді. Мінез-құлықтың бұзылуы – бұл әдетке айналған дұрыс емес қылықтармен сипатталынатын мінез-құлықтық паттерндердің бүтіндей класын белгілеу үшін қолданылатын диагностикалық ұғым. Әдетке айналған дұрыс емес қылықтарға: ұрлық, өрт қою, үйден кету, мектептен қашулар, төбелестер, жануарлар мен адамдарға мейрімсіз қатынас жасау және әдетке айналған өтірік айту сияқты қасиеттер жатады [1, 33-35 б.б.].
Осы қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық ерекшелігін көптеген ғалымдар зерттеген. Солардың бірі психолог А.Я. Колодная делинквентті мінез-құлық ерекшелігі бар жасөспірімдерді мынадай үш топқа жіктеген болатын, олар:
1. ата — аналары тарапынан бақылау жасалынбағандықтың нәтижесінде жағымсыз микроортаның әсеріне кез болған, психикалық және физикалық дендері сау жасөспірімдер;
2. жүйке жүйесінде ауытқулары бар, оңай қозатын, жағымсыз әсерлерге оңай берілетін және жанұясы мен мектептен тиісті тәрбие алмаған жасөспірімдер;
3. психикалық жүйке ауруларына шалдықпаған, алайда толығымен дендері сау деп есептеле алмайтын, шекаралық күйдегі жасөспірімдер.
Бұл жердегі қылмысқа барған жасөспірімдердің А.Я. Колодная бойынша ұсынылған жіктелуі өте жалпы болып табылады. Оның классификациясы қылмысқа барған жасөспірімдерге медициналық, медико-педагогикалық және тәрбиелеудің күшпен жасалынатын шараларын қолдану мүмкіндігіне бағдарланған ( егер жауап беруге қабілеттілік шегіндегі психикалық ауытқулары бар адамдар туралы айтылса ). Бұл жерде құқықтық аспект айқын анықталмаған, және қылмысқа барған жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері ашылмаған.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің тағы бір классификациясын жасаған П.П. Бельский болатын. Ол өз кезегінде қылмыс жасаған жасөспірімдердің – антиқоғамдық мінез-құлық мотивациясын негізге ала отырып жіктеуді ұсынған. Ол қылмысқа барған жасөспірімдерді мынадай топтарға бөлген:
1) қарапайым және төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға белсенді талпынушы жасөспірімдер;
2) ерік-жігердің және сенгіштіктің әлсіздігінен арбауларға оңай берілетін жасөспірімдер;
3) арманшыл жасөспірімдер;
4) истерияның немесе психопатияның әсерінен әрекет етуші жасөспірімдер;
5) моральдық және ақыл-ойлық дефектілері бар жасөспірімдер.
Осы П.П. Бельскийдің тұжырымдамасын ұстана отырып, Г.Г. Бочкарева қылмыс жасаған жасөспірімдердің үш типін бөліп көрсеткен, олар: «өкінетіндер», «конфликтілі еместер», «циниктер». Автордың бұл жіктеуі айыпты адамның жасаған қылмысын бағалауына негізделген және белгілі-бір шамада оның құндылық бағдарын бейнелейді.[2.54-63]
Бағыттылықты талдаудың негізінде Г.М. Миньковский қылмыс жасаған жасөспірімдерді төрт топқа бөлген болатын, олар үшін жасағандары: а) кездейсоқ (коллизионды), тұлғаның жалпы бағыттылығына қарама-қайшы болып табылатындар; б) бағыттылықтың тұрақсыздығын ескергенде мүмкін, бірақ қылмыс жасау жағдайы тұрғысынан жағдайлық болып табылатындар; в) тұлғаның жалпы жағымсыз бағдарының нәтижесі болып табылатындар; г) тұлғаның қылмыстық бағдарының нәтижесі (асоциалды бағалаулар мен қатынастар жүйесі) болып табылатындар.
Жасөспірімнің қылмысқа алып баратын жолы әдетте бірнеше өзара байланысты кезеңдерден тұрады, ол тәртіпті қылық – кішігірім қылмыстық әрекет – қылмыс деп бөлінеді. Қылмыс, айтылып өткеніндей, — объективті және субъективті факторлардың күрделі байланысының нәтижесі. Біздің пікіріміз бойынша, олардың мәнін ашу үшін мыналар біршама маңызды болып табылады:
1) антиқоғамдық мінез-құлықтың мотивтерін туғызатын жасөспірімнің әлеуметтенуі және оның тұлғалық қасиеттерінің өзгеруі процесстеріндегі ауытқуларды талдау;
2) қылмыс жасаған жасөспірімнің тұлғасын қалыптастыратын тұлға аралық байланыстар мен қатынастардың құрылымын зерттеу;
3) жиі жағдайларда жасөспірімге шешуші әсер ететін және тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қирауын, қылмыскер тұлғасының қалыптасу процессін аяқтайтын топтық қылмыстық мінез-құлықтың мазмұнын ашу.
Жасөсіпірімнің қылмыстық жолға түсуі ең алдымен тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамымағандығымен немесе деформациясымен байланысты. Қылмысқа барған жасөспірімдердің дамудағы ауытқулары ең алдымен өнегелі сананың деформациясында көрінеді. Қылмысқа барған жасөспірімдер мен заңды ұстанушылардың құқықтық, өнегелік және моральдық тыйым салулары туралы білімдері жуықтап алғанда бірдей болғанымен, қылмысқа барған жасөспірімдерде оларды түсіну тереңдігі көп төмен болып табылатындығын зерттеулер көрсеткен. Олар сонымен қатар өздерінің және қоршаған адамдардың өнегелік, моральдық қасиеттерін мәнді шамада примитивті бағалайды. Құқық бұзушылар әдетте қарастырылып отырған құбылыстардың мазмұнын ашпастан және жиі жағдайларда олардың түпнегіздік мәндерін түсінбестен ненің «жаман», ненің «жақсы» екендіктерін атаумен ғана шектеледі. Тұлғаның жағымсыз қасиеттерін бағалауда да, оларға танымал адамдарды констатациялауда да қылмысқа барған жаөспірімдерге – әдетте белгілі-бір «үлкендікті» көрсете отырып, біршама реалисттік позицияны ұстану тән. Бұл жерде тікелей әсерінен олардың тұрмыстық саналары қалыптасқан антиқоғамдық мінез-құлықтың белгілі-бір тәжірибесі мен микроортаның жағымсыз әсері білінеді деп болжам жасауға болады. Қылмысқа барған жасөспірімдер өздерінің жеке мінез-құлықтарын – «барлығы осылай жасайды», «бұл үшін жазаламайды», «ойланбастан әрекет етіппін», «барлығы жаман» және т.б. деп біржақты және примитивті бағалап отырады.
Сана бағыттылығының бұрмалануы олардың ұсынылған талаптарды түсінуін қиындататындығы сөзсіз. Өмірдің негативті жақтары, оның ішінде криминалды жоспар қылмысқа барған жасөспірімдердің кейбіреулері үшін жалпы қабылданған моральдық және өнегелі талаптарға қарағанда, біршама таныс және жақын болып келеді. Бұл жерде қоршаған адамдардың мінз-құлықтарын жағымсыз бағалау, негізінен, өзінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарының кедейлігімен, жұтаңдығымен сәйкестенеді, бұл балалық шақтан бастап спирттік ішімдіктерді қолдануда, ерте жыныстық өмірде, есірткі қабылдауда және т.б. көрінеді [3, 426-427 б.].
Қылмысқа барған жасөспірімдердің интеллектуалды сұраныстары, әдетте, аса кедей болып келеді. Олар көбінесе бастысы көңіл көтеру сипатындағы қызығушылықтармен алмасады. Бұл жерде осындай қызығушылықтар бірінші орынға шығады. Бұндай жасөспірімдердің қызығушылықтары интеллектуалды және өнегелі примитивизммен ерекшеленеді.
Қылмысты топпен жасау кәмелет жасқа толмаған жасөсіпірімдерге ниеттердің жүзеге асуына сенімділік береді және өздігінен олардың көпшіліктері үшін олар формальды байланыстар мен қатынастар сферасында ала алмаған қауымдастық сезімінің арқасында тартымды болып табылады. Сонымен бірге кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің қылмыстық топқа қатысуы оның қалыпты ұжымнан шеттетілуін күшейтеді. Бұндай позиция ұсталып қалудан және жасалынған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылу мүмкіндігінен қорқудан және шартты түрде күштеп істелінген сипатқа да ие болуы мүмкін. Қалыптасқан қылмыстық топтағы шеңберлік сипаттың болуы жасөспірімнің арнайы ортадағы жеткілікті күрделі жағдайын одан ары тереңдетеді және оның әлеуметтік нашар халін күшейте түседі. Бұл жерде қылмыстық топтан кетудің әдетте басқа қатысушылардың тарапынан мүмкін болатын жазалаудан қорыққандықтан қиын болады, бұл жиі жағдайларда орын алады. Егер жас өспірімде өмірлік жобалар болмаса және ол қайтадан нашар жағдайларда көрінсе, арнайы шаралармен бұзылған жасөспірімнің қылмыстық байланыстары тез арада қайтадан қалпына келуі мүмкін [4, 430-431 б.].
Антиқоғамдық бағытты топпен байланыс және осындай топқа кіру ешқашанда кездейсоқ болмайды. Бұл топ сол топтың әрбір мүшесінің тұлғасының алдын-ала болатын нашар өнегелі қалыптасуларымен дайындалынады.
Қазіргі кезде әсіресе қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық іс-әрекетке тарту психологиясы туралы сұраққа баса назар аударған жөн. Соттық практикалық зерттеулер, қылмыс жасаған жасөспірімдер топтық қылмыстардың 25 %-тен астамын үлкендердің қатысуымен, олардың тікелей әсер етуімен жасайтындығын көрсетеді. Кәмелет жасқа толмаған жас өспірімдерді қылмыстық іс-әрекетке тарту бірнеше факторлармен жүзеге асады. Біріншіден, жасөспірімдер өздерінің өзбетінше өмір сүре алатындықтарын дәлелдей отырып, үлкендерге деген табиғи талпынысқа ие болады. Осы үлкендерге тартылу олардың бойындағы құрдастарымен қарым-қатынасқа деген қажеттіліктерін еш күрделендірмейді, керісінше оны толықтырып отырады. Жасөспірім өзінің құпия ойларын бөлісетін және әр түрлі өмірлік қиындықтар туындағанда кеңес алатын ұстазды қажет етеді де осының әсерінен қылмыстық іс-әрекетке тартылады. Екіншіден, жас өспірімдер әдетте үлкендерге еліктеуге бейім болып келеді. И.П. Павловтың пікірінше, «еліктеу рефлексінің (үлкендердің мінез-құлықтары мен әрекеттерін механикалық дерлік көшіру) көмегімен біздің барлығымызда да балалық шағымызда күрделі жеке индивидуалды және әлеуметтік мінез-құлқымызды қалыптастырамыз, дейді» [5, 124-128 б.б.].
Жасөспірімдер еліктеу объектісінің тек сыртқы ғана емес, сондай-ақ ішкі де психологиялық қасиеттеріне еліктейді: мінез, ерік, дүниетаным және т.б. Бұл әсіресе кіші жастағы жасөспірімдерде пайда болады. Ал біршама үлкен жастағы жасөспірімде бірінші орынға бірте-бірте таңдалып алынған идеалға сәйкес өзіндік сана-сезімі мен жетілу элементі пайда болады. Алайда идеал ретінде оған тән деп есептелінген қасиеттерге мүлде ие емес адам алынуы мүмкін, яғни идеал жалған болып шығуы мүмкін. Өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігі, айқын қалыптасқан тәртіптік пайымдаулардың жоқтығы жасөспірімдерде түпнегіздік идеалды таңдап алуды сөзсіз қиындатады. Жасөспірімнің тікелей қарым-қатынас сферасындағы жағымды идеал мүлдем жоқ немесе жалған болғандықтан, ол антиқоғамдықпен алмасуы мүмкін.
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің, ол үшін референтті болған қылмыстық топқа жатуы әлеуметтік пайдалы байланыстар мен қатынастардың толығымен ажырауына алып келуі мүмкін. Сөйтіп, қылмыс жасаған жасөспірімдердің қылмыс жасауларының негізгі себептері мыналар: олардың дамуының нашар жағдайлары, жанұя мен қоғамның бақылауынан тыс қалуы, жағымсыз микроортаның, соның ішінде антиқоғамдық мінез-құлық тәжірибесі бар адамдардың белсенді әсері екендігі көрінеді.
Қылмыс жасаған жасөспірімдерде қоғамдық пайдалы еңбекке деген талпынысы антиқоғамдық мазмұнды примитивті, утилитарлы қажеттіліктермен және қызығушылықтармен алмасып кетеді.
Қылмыс жасаған жасөспірімдердің қылмысқа бару себептерін қарастыруда әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасы мәселесі ерекше қатаң мәнге ие . Әлеуметтік құбылыстар сферасындағы себептіліктің үнемі тек объективті ғана емес, сонымен қатар субъективті де сипатқа ие болатындығы мәлім. Бұл қылмыс жасауға да – материалдық өмір, қоғамдық және жеке индивидуалды сана сфераларын қозғайтын себептік тәуелділіктің өзіндік заңдылықтары бар әлеуметтік құбылысқа да қатысты. Объективті түрде бар болып табылатын идеологиялық, моральдық, өнегелік және құқықтық ұстанымдар мен талаптар жеке индивидтің санасында орын алады, меңгеріледі, бағаланады, қабылданады, күшейтіледі немесе жоққа шығарылады.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына әсер ететін шарттар ретінде, жасөспірім тұлғасының нашар өнегелік қалыптасуын, жанұядағы және мектептегі мәдени — тәрбие жұмыстарының кемшіліктерін, қожайын болудың, иелігін қорғаудың басқарулық кемшіліктерін және т.б. айтуға болады. Бұл себептер қылмысқа барған жасөспірімдердің әлеуметтік жағынан шартталғанын көрсетеді. Өсіп келе жатқан тұлғаның мінез-құлқында нормамен қатар ауытқуларды да туындататын биологиялық фактордың да әсері зор болатындығын ұмытпаған жөн.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасауының себебін криминологтар әлеуметтік және биологиялық факторлармен байланыстыра отырып толық және арнайы деп бөліп қарастырады. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасауының толық себебі — қылмыс жасаумен себептік және шарттандырушы байланыста болатын әлеуметтік құбылыстардың бүкіл жиынтығын білдіреді. Ал арнайы себеп (өзіндік себеп) бағынбаушылық дәстүрлерге, эгоизмнің, тәртіпсіздіктің және т.б. әдептері мен салттарына жататын әр түрлі жағымсыз құбылыстармен байланысты себептер. Бұндағы бір ғана объективті жағдай қылмыс жасауға тура алып келмейді.Тек барлық аталған себептердің жиынтығы тұлғаға әсер етудің нәтижесінде ғана қылмыстық әрекет немесе қылмыс жасау әрекеттері мүмкін болады [6, 321-325 б.б.].
И.И. Карпецтің ойынша, зерттелініп отырған мәселелерді дұрыс шешу үшін қылмыс жасаудың себептерін жалпы және нақтыларға, бірінші және екінші ретті себептерге, олардың арасындағы шек қозғалмалы болғандығына қарамастан қылмыс жасауға жағдай жасайтын шарттарды бөлудің мәні бар дейді. Сонымен қатар ол қылмыс жасауға экономикалық және басқа да факторлардың әсерлерін анықтаудың аса терең зерттеуді қажет ететіндігін атап көрсеткен. И.И. Карпец бірінші ретті басты себептер ретінде мыналарды атайды: әлеуметтік құбылыстардың тарихи шарттанғандығын; сананың болмыстан артта қалуының объективті заңының әрекет етуі (бұл адамдардың санасы мен мінез-құлқындағы әр түрлі бастан өткерулердің болуында өзінің нақты көрінісін табады) [7.43-44б.].
Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа бару себебін В.Н. Кудрявцев үш негізгі деңгейлерде қарастырудың жақсы талпынысын жасады, олар:
1. құрамында антиқоғамдық мінез-құлықтардың объективті мүмкіндіктері бар негізгі әлеуметтік процесстер әрекет ететін қоғам;
2. адамдардың өзара қатынастарының объективті заңдылықтары жүзеге асырылатын өндірістік ұжымдар мен кіші (формальды емес) топтар;
3. субъектінің белгілі-бір мінез-құлқының психологиялық себептері әрекет ететін жеке индивидуалды деңгей [8, 54-56 б.].
А.Б. Сахаровтың пікірі бойынша, қылмыс — жеке индивидуалды-тұлғалық қажеттіліктерді заңмен қорғалынатын қоғамның қызығушылықтарына қарама-қарсы қоятын жеке топтардың немесе нақты адамдардың жеке индивидуалисттік психологиясының көрінуі болып табылады [9, 83-84 б.].
Өткен өмір туралы санадағы жалпы формуланы қылмыс жасаудың себептері ретінде нақтылауға тырыса отырып криминологтардың біреулері (И.И. Карпец, И.Р. Ратинов) жеке индивидуалды құқықтық сананың бұрмалануы (құқықтық сананың үзілістілігі және құқықтық инфантилизм) жайлы айтады. Басқалары (Н.И. Стручков) қылмыс жасаудың себептеріне тек бастан өткерулерді ғана емес, сонымен бірге дұрыс емес көзқарастар мен түсініктерді де жатқызады; енді біреулері (Д.В. Филимонов), қылмыс жасаудың себептерін жеке адамуализмнен, карьеризмнен, қоғамдық мүліктерге деген ұқыпсыз қатынастардан және басқа да құбылыстардан қарастыра отырып, оларды адамның қоғамдық өмірдің әр түрлі қырларына деген қатынастары позициясынан ашуға тырысқан; төртінші біреулері (С.С. Остроумов) осындай себеп ретінде анти қоғамдық құндылық бағдарды жариялайды; бесіншілері (Г.Г. Зуйков) өткен шақтағы бастан өткерулерді тұлғаның анти қоғамдық бағдарымен теңестіреді [5, 37-40 б.б.]. Басқаша айтқанда, нақты қылмыстарды жасаудың себептерін ең алдымен жеке адамтің санасына жататын қандай да бір ортақ фактормен түсіндіруге талпыныстар жасалды, алайда бұл жерде күрделі әлеуметтік және биологиялық тіршілік иесі болып табылатын адамның оны тұлға ретінде қалыптастыратын көптеген әлеуметтік факторлардың әсерінде жүретіндігі ескерілмеген. Шеттетіліп алынған тұлғаның кез-келген қасиеттері мінез-құлықтың мазмұнын толығымен анықтай алмайтындығы айқын.
Қылмыс жасаудың әлеуметтік табиғатын талдау, адамның қылмыс жасау жолына түсуінің себебі ең алдымен ортаға және тұлғаның өзіне тән жүріс-тұрыстың әлеуметтік детерминанттарында жатқандығы туралы ойға алып келеді.
Осы орайда Е.А. Копыстынский қылмысқа барған жасөспірімдердің үлкен тобын зерттеген. Бұл зерттеу авторға құқық бұзушылардың мынандай бес тобын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді, олар:
1. Интеллектуалды қабілеттіліктері жақсы және тұлғасының этикалық ядросы сақталған жасөспірім құқық бұзушылар жанұядан кетудің нәтижесінде кездейсоқ реформаториумға кез болғандар. Қылмысқа барған жасөспірімдердің бұл тобы 10%-ды құраған.
2. Нашар микроортаның (ата-аналарының қазасы, жанұядағы ішімдікке салыну, жанұялық жанжалдар, ұрлық, аштық, ішімдікке салынулар және т.б.) әсерінен көшедегі өмірдің төменгі жағына түскен жасөспірім құқық бұзушылар. Балалардың бұл тобы өздерінің күәліктегі жастарына қарағанда 2 – 3 жасқа шамалы интеллектуалды артта қалулармен сипатталынады, бұл орталық жүйке жүйесінің органикалық өзгерістерімен емес, «ақыл-ойлық қабілеттіліктердің жаттығуларының жоқтығымен, жанұяның төмен мәдениетімен, аз дамыған моральдық сезімімен шарттандырылған». Бұл топтағы құқық бұзушылар 53%-ды құраған.
3. Туа берілген және жүре қалыптасқан ерте жастағы генездің біршама айқын көрінетін интеллектуалды дефективтілігі бар, орталық жүйке жүйесінің айқын көрінетін органикалық өзгерістері бар құқық бұзушылар. Бұл жағдайда дебильділіктің, тұлғалық ерекшеліктердің ұзақ мерзімдік эпилепсиясының, зақымдық церебростенияның, энцефалопатияның және басқа да аномалиялардың әр түрлі нұсқалары туралы айтылуда. Аталған топтағы балалар мен жасөспірімдер 17%-ды құраған.
4. Материалдық негізінде мәнді шамадағы церебральды, эндокриндік, сөздік және соматикалық түзелмейтін бұзылыстары басым қатал ақыл-ойлық артта қалған құқық бұзушылардың тобы. Бұл топ 4%-ды құрады.
5. Генезінде психопатиялық даму (аффективті-тұрақсыз, аса қозғыш, органикалық, истериялық және псевдологтар) жатқан жасөспірім құқық бұзушылар. Олар 16%-ды құрады [10, 57-59 б.б.].
Негізінен қылмыстық заңда,қылмысқа барған жасөспірімді әр түрлі терминдармен анықтайды: «қылмыс істеген жасөспірім», «қылмысты тұлға», «айыпкер» т.б. Қалайша, неге осы жасөспірім қылмыс әрекеттеріне барды? Нақты бір қылмыс жасаған жасөспірім қандай жауапкершілік арту керек? Оның қайта түзеу жүйесі қандай болу керек? Қылмыскер жасөспірім қалыптаспас үшін қандай ескертулер болу керек? Деген сұрақтарға жауап алу үшін қылмысқа барған жасөспірімнің тұлғалық ерекшеліктерін талдау керек.
Заң шығарушы қылмыс барысында жасөспірімнің байқалынған ерекшеліктерін айқындап алуы міндетті. Нақты қылмыс құрамын құрастыруда, жаза мен қылмыстық жауапкершілігін жекелеуінде де қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасының жеке индивидуалдылды ерекшеліктері еске алынады.
Қылмыскер жасөспірімді сипаттау – жеке адамның маңызды қасиеттерін типологиялық – криминогендік анықтау, зерттеу дегенді білдіреді. Жасөспірімнің қылмыстық тұлғасы – ол сол тұлғамен істелінген қылмысқа себеп болатын, жеке адамның типологиялық қасиеттерінің жиынтығы болып табылады. Қылмыс негізінен жеке адам қылмысқа тигіштігінен, дұрыс өмір сүру керек екендігін түсіне алмай немесе түсіне алғысы келмегендіктен емес, әлеуметтік шындықтың нақты бір жағына қатысты шартталынған адамның ой құрылымы жүйесінің бұрмалануынан іске асады. Қылмысқа барған жасөспірімнің тұлғасын бағалай отырып, оның мінез-құлқының жалпы үлгісін, өмірлік стратегиясын құрайтын басыңқы ниетін, өмір сүру әдістерін анықтап алуымыз керек. Негізінен адамның мінез-құлқы тұлғаның құндылық позициясымен ұйымдастырылады. Адамның мақсатқа жету үшін құралын таңдау субъектінің өзіндік сана сезімімен байланысты. Тұлғаның жетекші жүйелендіруші фактор ретіндегі механизмі оның мағыналық құрылымы. Жалпы адамның әр саналы әрекетін тұлғалық құндылық бағалайды. Қылмысқа барған жасөспірімдердің құндылықты мінез-құлқында бір жетіспеушілік бар,олар өздерінің қылмыстық ісіне адекватты емес баға береді. Өзінің антиәлеуметтілігін өз бетінше бағалай отырып, өзінің қылмыстық мақсатына жететін әлеуметтік құндылықтарды жоққа шығарып, өзінің мотивтерін қорғауға жүйе құрады. Жасөспірімдер қылмыстық мінез-құлық себебін өздерінің жағымсыз жақтарынан емес, басқалардың мінез-құлқынан, сыртқы қоршаған ортадан көреді. Әдетте олардың өзіндік бағалауы жоғары болады, ал бұл олардың адекватты емес бағалауын, тұлғасында құндылық аясының бұзылуын көрсетеді. Қылмыстың мотивациясы қылмысқа барған жасөспірімнің жағымсыз, яғни пайдақорлық, кекшілдік, қызғаныштық, мансапқорлық, қате түсініктер сияқты тұлғалық қасиеттерден құралады. Қылмысқа барған жасөспірімнің мативационді-қажеттілік сферасында терең қозғалыстар байқалады, олардың әрекеттері төменгі импульсивті нұсқаулық деңгейде жүреді. Мұндай әрекеттің мотивациясы жасырын болып, «мотивсіз»қылмыс деген жалған көрініс береді. Ал олардың қажеттіліктері бір жақтылығы мен шектеушілікпен, әлеуметтік жағымды қажеттілік түрлерінің дамымай қалғандығымен, төменгі деңгейдегі қажеттіліктердің тым шектен шығушылығымен ерекшеленеді [11, 142-144б.б.].
Жалпы интеллектуалды дамудың жеткіліксіздігі, алдын-ала бейнелеудің қалыптаспағандығы, өзіндік рефлексияның төмен болуы – қылмыскер жасөспірімдердің негізгі айрықша ерекшелігі.Қылмыс жасаған жасөспірімнің мінез-құлық механизмдерін түсіну үшін «тұлғаның типі» деген ұғымды да қарастыру керек. Тұлғалық тип дегеніміз – бағыттылық, мінез-құлықтың жалпы әдістерімен сипатталынатын құндылық бағдар.
Тұлғаның әлеуметтік негізі болып оның бағыты, өмірлік қатынастардың жүйелері, мотивациялық-құндылық бағдары болса, онда осы негіз қылмыскер жасөспірімнің типін анықтауы керек. Қылмыскер жасөспірімнің типтік критериі, яғни асоциалды, антиәлеуметтік деформация мөлшері, өзіндік психологиялық реттеу кемшілігі оның қоғамдық қауіпсіздік дәрежесі болып табылады.
Жалпы әрекет қылмыс жасаған адамның субъективті жақтарын толық ашпайды. Заңды белгі бойынша ұсақ әрекеттер әр түрлі психологиялық факторлармен негізделеді. Қылмыскер жасөспірімнің криминалды – психологиялық классификациясының негізінде ең негізгі позициялар: итермелеуші күші, мотивтары, қалыпты мақсаттары, қылмыс жасаудың амалдары, тұлғаның десоциолизация өлшемі, антиәлеуметтік бағдардың сипаты жатыр.
Жасөспірім қылмысының сипаты келесі белгілер жиынтығымен анықталынады:
1. қылмыстың түрімен–объект, қылмыстық салдардың ауырлық сипаттылығымен;
2. айыптау формасы, қылмыстың мақсаты мен мотиві;
3. қылмыс жасаудың амалы немесе әдісі;
4. қылмыс жасаудың жағдайымен;
5. жұмсарту жағдайының бар болуы;
6. қылмысқа жасөспірімнің қатынасы, жасалынған қылмыстан кейінгі мінез-құлқы. [12, 46-47 б.].
Әлеуметтік дезадаптация дәрежесі бойынша қылмыс жасаған жасөспірімнің 2-типі бөлініп шығарылынады: бірінші, антиқоғамдық тип, яғни бірнеше рет қылмыс жасағандар, екінші, асоциалды тип-алғаш рет қылмысқа барғандар. Өзіндік реттеу кемшілігі бар қылмыскер жасөспірімді төртке бөледі:
а) әрекетсіз, қылмыстық селқостық жіберетіндер;
ә) өзіне тым сенімшілдік нәтижесінде қылмысқа барғандар;
б) қатты жан толқуларын сезініп, басқалардың заңсыз әрекеттеріне қарсы қылмысқа барғандар;
в) тым жоғарғы дезадаптация жағдайының әсерінен қылмысқа барғандар.
Құндылыққа бағдарланған бағыт бойынша қылмыс жасаған жасөспірімдерді келесідей түрлерге бөледі:
1. антиәлеуметтік – пайдақорлыққа бағытталған, олар әсіресе қоғамның құндылығына қол сұғумен айналысады.
2. антиқоғамдық пайдақор-зорлау бағытындағы .
3. антигуманды-агрессивті бағыттағы .
Айтылып кеткен қылмыстық типтер қажеттілік, мотивациялық, интеллектуалды, еріктік, эмоционалды-құралдық, мінез-құлықтық қасиеттер бағыты өзіндік «тұлға үлгісіне» ие [4, 354-355б.].
Қылмысқа барған жасөспірімдер қайта түзету мекемелерінде өзіндік бір психологиялық ерекшеліктерге ие болады.
Адамды еркінен айыру, оны әлеуметтен оңашалау-адамның мінез-құлқының күшті модификация факторы болып табылады. Бұл факторға әр адамның психологиясы әр түрлі жауап береді. Дегенмен, мұндай қысымдағы, ал кейде стрестік жағдайда адам мінез-құлқының негізгі психологиялық симптомдарын бөліп шығаруға болады. Түрме, колонния – адамның үйреніп қалған өмір қалпынан айрылуы, жақындардан ажырауы, қиын жылдарға ұшырауы болып табылады. Түрме — адаптацияға деген қиындықтың жоғарылауын көрсетеді: жиі тұлға аралық конфликттер, келіспеушілік, дөрекелік, тұрмыстық жағдайдың жеткіліксіздігі, криминалды субмәдениет, персонал жағынан криминалды топтық, көшбасшылар жағынан үнемі қысымның болуы және т.б. болып табылады. Осындай жағдайда түзету мекемесіндегі жасөспірімдердің тұлғалық дефектісі ұштаса түседі.
Алғашқы екі-үш ай–бұл алғашқы адаптация кезеңі деп аталады.Ол сотталғандардың психологиялық күйінің кернеуімен ерекшеленеді. Келесі кезеңде сотталғандардың құндылығы қайта бағдарланып, микроортаның құндылықтарын, нормаларын қабылдап, жаңа жағдайға мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын құрады. Барлық жаза өтеушілер өзіндік бағаны қайтаруды армандайды. Түрмеде, колонияда адам белсенді іс-әрекетпен өз жағдайын жақсарта алмайды.
Жазасын өтеуші адамның бүкіл өмірі түзету мекемесінің режимінің типімен анықталады. Түзету мекемесінің әкімшілігі жағында күштеп әсер етуге құқығы бар. Түзету мекемесінің режиміндегі жазасын өтеуші жасөспірімнің өмірлік режимі күнделікті қатаң тәртіпте болады, ол жаза өтеудің құралы, түзету, қайта тәрбиелеу амалдары болып табылады. Түзету мекемесінің режимі жазасын өтеуші жасөспірімнің мінез-құлқында жағымды дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Түзету мекемесі іс-әрекетінің психологиялық негіздерін қарастыруда олардың іс-әрекетінің екі негізгі міндетін бөліп көрсетуге болады: біріншісі, құқықтық жазаны орындау,екіншісі, сотталған тұлғаны –қайта түзеу- қоғамға қажетті бейімделгіш мінез-құлықтың қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Түзету мекемесінің негізгі тәрбиелік іс-әрекетінің ерекшелігі- жауапқа тартылғандарды тәрбиелеу кезіндегі қиындықтардың болуы. Тұлғаны қайта тәрбиелеу үшін түзету мекемесіндегі қызметкерлер әр сотталған адамның тұлғалық ерекшеліктерін білу керек. Бұл міндет қиын әрі көп көлемді болып келеді. Оны орындау арнайы психологиялық білімді, тұлға құрамындағы бағдарды, мінез-құлық динамикасын, әсер ету амалдарын талап етеді. Түзету мекемесінде әсер ету жүйелері жеке индивидуалды бағыттылықсыз алдына қойылған міндеттерді орындай алмайды. Жеке индивидуалды тәрбиелік жұмыстың табыстылығы тәрбиешінің педагогикалық- психологиялық компитенттілігіне байланысты. Түзету мекемесінің тәрбиелік жұмысының негізгі мәселелеріне шолу жасайтын болсақ, ондағы тұлға туралы мәліметтерді алу көзі түзету мекемесінің зерттеу әдістері болып табылады.
1. Жеке ісінің және басқа құжаттармен танысуы;
2. Объективті қосылған бақылау;
3. Зерттеулі әңгіме (сұрақ әдісі);
4. Медициналық зерттеу мәліметтерін талдау;
5. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтерді талдау;
6. Әр түрлі тәрбиелік әсердің нәтижелерін талдау.
Сонымен, қорыта келгенде, біз қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық ерекшелігін қарастыра отырып, мынадай қорытындыға келеміз. Қылмысқа барған жасөспірімнің делинквенттілігі – бұл заңның немесе қоғамдық нормалардың бұзылуында жүзеге асырылатын әрекеттердің кең ауқымы үшін нақты емес түсінік болып табылады.Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, В.Н. Кудрявцев, В.Л. Василев және т.б. осы секілді көптеген авторлар қарастырып, өз үлестерін қосқан болатын.
Тағы рефераттар
- Көрнекті үгіт жұмыстарына экскурсия жасау әдістері
- “Жаһандану жағдайындағы банктік технологияның дамуы” («Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында) дипломдық жұмыс
- Кремнийорганикалық полимерлердің химиялық қасиеттері
- Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық қызметі
- Банктердің есеп айырысу шотындағы есептің жүргізілуі