Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының арнаулы мәселелері туралы қазақша реферат
Қылмысқа бірге келісіп қатысушылықтың жауаптылығының арнаулы мәселелерін шешудің теориялық және практикалық маңызы зор.
Ол біріншіден, қылмысқа қатысушының эксцесі (шектен шығушылығы) туралы мәселе. Қылмысқа қатысушының эксцесі деп – адамның басқа қатысушылардың ниетімен қамтылмаған қылмысты жасауы.Қылмысқа қатысушылардың біреуі алдын ала істеуге деп келісілген келісімнің шегінен шығып өз бетінше басқа бір қылмысты қосымша істеуі мүмкін.Мұндай жағдайда қылмысқа қатысушының шегінен шығушылығы үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұл жағдайда қылмысқа қатысушылардың бірі ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші немесе орындаушы басқа қылмысқа қатысушылармен бірге алдын ала ойластырылған, келісілген қылмыс істеудің орнына мүлдем басқа қылмысты немесе бірнеше қылмысты істейді. Мысалы: келісім бойынша тонауды жүзеге асырудың орнына, орындаушы қарақшылық жасайды немесе келісілген тонауды да, оның үстіне басқа қатысушылармен келісілмеген қосымша тоналған әйелді зорлауды жүзеге асырады.
Орындаушының эксцесі тар мағынадағы және бірге орындаушылықтағы қылмысқа қатысуда орын алады.Мысалы, бірге орындаушылықта қылмысты орындаушының біреуі қатысушылардың алдын ала келісілгендігінің шегінен шығып, адамды сабаудың орнына оған пышақ салып, жәбірленушіні қазаға ұшыратады. Мұндай жағдайларда қылмыстық құқықтың жалпы принциптеріне сәйкес орындаушының эксцессі үшін қылмысты орындаушы жеке өзі жауапты болады, ал қылмысқа басқа қатысушылар орындаушымен алдын ала істеуге келіскен қылмыс үшін ғана жауапты болады.
Сондай-ақ, қылмысқа қатысушылардың алдын ала келіскен жоспарында қылмыс жасау тәсілі, орны сөз болмаған болса, онда орындаушының мұндай әрекеті үшін басқа қылмысқа қатысушылар жауапты болмайды. Мысалы: алдын ала қасақана кісі өлтіру туралы келісім болды делік, бірақ кісіні қандай тәсілмен өлтіру жағы күні бұрын келісілмеген.Егер орындаушы кісіні ерекше қаталдықпен өлтірсе, онда оның әрекеті 96-баптың 1-бөлігі, «д» тармақшасымен сараланады да, ол басқа қатысушылардың әрекеті қасақана кісі өлтіруге қатысқаны (96-бап, 1-бөлік) үшін жауаптылықты белгілейтін баппен сараланады. Өйткені, бұлар орындаушының ерекше қаталдықпен кісі өмірін жоятынына алдын ала келіскен жоқ.
Тағы рефераттар
- Басқарудағы классикалық немесе әкімшілік мектебі
- Гельминтоздар туралы жалпы түсінік және олардың алдын алу
- Аналитикалық жолмен жасалған есімдіктер
- Легірленген болаттар
- Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі