Жоспар
Кіріспе……….3
1-тарау Қылмыстық істі қозғау сатысында жүзеге асырылатын іс-әрекет тәртібі………6
1.1. Қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілері…….6
1.2. Қылмыстық істі қозғау сатысында дәлелдеу құралдары …..13
1.3. Қылмыстық істі қозғау сатысының мерзімдері…….23
2-тарау Қылмыстық істі қозғау сатысының құқықтық табиғаты……32
2.1. Қылмыстық процесстің алғашқы сатысының түсірігі және мәні… 32
2.2. Қылмыстық істі қозғау сатысының негіздірімен себептері…….38
2.3. Қылмыстық істі қозғауды туындатпайтын жағдайлар…… 42
3-тарау Қылмыстық істі қозғаудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету…….44
2.1. Қылмыс жөніндегі алғашқы материалдарды қарау және шешуге ведомстволық бақылау……..44
2.2. Қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау….48
2.3. Заңдылықты қамтамасыз етуге соттың ролі…..51
Қорытынды…….56
Қолданылған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімі…..59
Қосымшалар……..62
Кіріспе.
Қылмыстық істі қозғау қылмыстық іс жүргізу заңында 2-түрлі мағынада қаралады.
Біріншіден, қылмыстық істі қозғау қылмыстық процестің алғашқы сатысы болып табылады, мұнда қылмыстық ізге түсу органы қылмыс жөніндегі арыздарды (хабарларды) қарайды, қылмыстық істі қозғау жөніндегі шешімді қабылдайды, оны ары қарайғы өндіріс үшін жібереді немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тартады.
Екіншіден, қылмыстық істі қозғау – көрсетілген сатының қорытындысы бойынша қылмыстық іс бойынша өндірістің бастауы жөніндегі қылмыстық ізге түсу органының шешімі.
Тақырыптың өзектілігі.
Қылмыстық істі қозғау қылмыстық ізге түсудің басталуын білдіреді. Бұл сатыдағы іс-әрекеттің сәттілігінен Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген қылмыстық процестің белгіленуі жүзеге асырылады, яғни қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.
Қылмыстық сот өндірісі органдарының іс-әрекеттерінің тиімділігін көтеру қылмыстық процестің алғашқы сатысында жеке тұлғаның процессуалды кепілдігін күшейту мәселелері көптеген процессуалист-ғалымдардың зерттеулерінде елеулі орын алады. Көп уақытқа дейін қылмыстық сот өндірісінің алғашқы сатысындағы іс-әрекеттердің нақты қылмыстық-процессуалды регламентациясы берілмейді.
Берілген әрекет азаматтардың жеке құқықтары мен заңды мүдделер аумағына мемлекеттің қылмыстық-процессуалды араласуының алғашқы қадамы болып табылады. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау Қазақстан Республикасы Конституциясымен белгіленген мемлекеттің міндеті болып табылады, сондықтан бұл кезеңде қатаң заң шектеулерін белгілеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Әлі де осы қылмыстық процестің алғашқы сатысында адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзу жағдайлары сондай-ақ қылмыстық істі қозғаудан негізсіз және заңсыз бас тарту жағдайлары ұлғаюда. Мұның бірнеше себебі бар. Яғни, қылмыс жөніндегі алғашқы мәліметтерге уақытылы назар аудармау, қылмыс жөніндегі мәліметтер бойынша алдын ала тексерулердің сапасыз ұйымдастырылуы мен жүргізілуі, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының кәсіби дайындығының төмен болуы.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негіздері:
Қылмыстық істі қозғау сатысының мәселелері көптеген процессуалист-ғалымдардың зерттеулерінен орын алды. Атап айтқанда, Ю.Н. Белозеров, Марфицин П.Г. Галустян О.А. “Проблемы обоспечения законности при возбуждении и отказе в возбуждении уголовных дел органами дознания и предварительного следствия ” (1997); Григорьев В.Н. “Задержание подозреваемого” (1999); Давлетов А.А. “Возбуждение уголовного дела” (1994); Фаткуллин Ф.Н. “Возбуждение уголовного дела” (1961); Николюк В.В. “Стадия возбуждения уголовного дела ” (1995); Тетерин Б.С. “Возбуждение уголовных дел”, Шуруханов Н.Г. “Қылмыстар туралы хабарламалар мен арыздарды алдын ала тексеру” (1998) және т.б.
Бұл дипломдық жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым төмендегідей:
- Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігін, мәнін ашу;
- Қылмыстық істі қоғау сатысында жүзеге асырылатын іс-әрекеттер тәртібін көрсету;
- Қылмыстық істі қозғаудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасызету жағдайларын көрсету.
Осы белгіленген мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді белгіледім:
- Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігін беру;
- Қылмыстық істі қозғау сатысының негіздері мен себептерін көрсету;
- Қылмыстық істі қозғауды туындатпайтын жағдайларды көрсету;
- Қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілерін көрсету;
- Қылмыстық істі қозғау сатысының мерзімдерін көрсету;
- Қылмыстық істі қозғау сатысының заңдылығына прокурорлық қадағалау жүргізілу тәтібін көрсету;
- Заңдылықты қамтамасыз етуде соттың ролін көрсету.
Дипломдық жұмыс құрылымына келсек: ол кіріспеден, үш тараудан, әрбір тарау бірнеше параграфтан, қорытындыдан және қолданылған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиет тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда қылмыстық процестің алғашқы сатысына түсінік беріледі, екінші тарауда қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілері, бұл сатыдағы дәлелдеу құралдары және осы сатыдағы процессуалды мерзімдер жөнінде түсінік беріледі, ал үшінші тарауда қылмыстық істі қозғау сатысына жүргізілетін ведомстволық бақылау, прокурорлық қадағалау, соттық бақылау түсінігі берілген.
Дипломдық жұмыс / 68 бет
Тағы рефераттар
- Генетиканың даму тарихы
- Қазақ фольклорының негізгі белгілері мен сипаттары
- Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм
- Жоғары сынып оқушыларға психо – педагогикалық сипаттама
- Еуразия Одағы және еуразиялық интеграция мәселесі