Мазмұны:
Кіріспе…. 3
I.Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
1.1 Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түснігі…..5
II. Қоғамдық қауіпсідікке жататын қылмыстардың нақты түрлері
2.1Терроризм (233-бап)…. 6
2.2 Қазақстандағы терроризмге қатысты көзқарастар…. 9
2.3 Адамды кепілге алу (234-бап)…. 13
2.4 Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (235-бап).. 16
2.5Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап)… 18
2.6Бандитизм (237-бап)…….19
2.7Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238-бап)….. 22
III. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
3.1 Жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап)….. 24
3.2 Бұзақылық (257-бап)…. 25
3.3 Тағылық (258-бап)……. 30
Қорытынды……. 32
Қолданған әдебиеттер тізімі…. 33
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының бірінші бабына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – делінген.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық мемлекет орнатуға келтіретін залалы мол. Осылардың ішінде әсіресе ең қауіптісі террорлық іс-әрекет екені мәлім. Бұл әсіресе, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық әрекеттен соң айқындала бастады.
Сөйтіп, терроризм – ең қауіпті және қоғамның ең басты проблемасы ретінде адамзаттың 21 ғасырына енді. Яғни, соңғы кезде терроризм дами келе қоғамға қауіптілігі күшейіп, осының салдарынан көптеген елдерде және оның азаматтарына орасан түрде зиян келтіреді. Сонымен қоса саяси, экономикалық, имандылық немесе өнеге (мораль) саласында орасан зор шығындарға әкеліп соғады және көптеген адамдарға психикалық түрде әсер етеді. Ең бастысы ешқандай кінәсі жоқ жандардың құрбан болуы.
Қазіргі этапта терроризмнің жан-жақтылығы дамып, ол өте кең өріс алып отыр. Яғни, соңғы кездері терроризмнің салдары ұлтаралық, мемлекет аралық конфликтіге әкеліп соғуда. Соңғы жылдары террористік қылмыстың географиялық жағдайы өсіп, яғни оның жасалу айқыны ұлғайып және сипаттамасы күннен-күнге күрделеніп барады. Терроризмнің саны күрт өсуде және оның жасалу формасының әркелкілігі, объектісі мен мақсаттарының әркелкілігі онымен күресуге қиындық соқтырып отыр.
Ең басты өзекті мәселе ретінде терроризм қаупінен ешқандай мемлекеттің сақтандырылмауында болып отыр. Яғни, бұл дегеніміз мемлекет-мейлі дүние жүзінде ең мықты держава болсын немесе артта қалған дамушы мемлекет болсын бәрібір, олар үшін терроризм қаупі бірдей болып отыр. Бұған негіз ретінде 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Америка Құрама Штаттарындағы болған қанды оқиға мен 2002 жылдың 23 қазандағы Мәскеудегі болған әрекеттерді айтуға болады.
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға арналған осы ұсынылып отырған курстық жұмысымда аса назар аударғанымыз осы террорлық әрекет болып отыр.
Курстық жұмыс / 34 бет
Тағы рефераттар
- Әлеуметтік философия
- Бауыржан Момышұлының шығармашылығы лабораториясы дипломдық жұмыс
- Дарындылықтың негізгі түрлері
- Гидросфера-биосфера элементі және табиғи қор ретінде туралы қазақша слайд, презентация тегін
- Химияны оқытуда халықтық педагогиканың элементтерін пайдалану