Қылмыстың құқықтағы қылмыстың анықтамасы. Қылмыс белгілері туралы қазақша реферат
«Қылмыс» ұғымы нақты бір белгілері бар, қылмыс деп санауға болатын елеулі қасиеттегі әрекеттерді көрсетуі тиіс қылмыстық құқықтың негізгі категориятарын бірі. Оның заң жүзіндегі анықтамасы әдістемелік те, тәжірибелік те мәнге ие болады. Осы ұғымға қандай мағына берілсе, соның мазмұны қылмыстық заңнамалардың тиімділігін арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін арнайы және заңгерлік шараларды таңдауға әсер етеді /15/.
Қолданыстағы заңнамада қылмыс ұғымының анықтамасы ҚР ҚК 9-бабында былай деп беріледі: «Қылмыстық кодекспен жазалау қатерімен тыйым салынган айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады».
Қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде қылмыс ұғымының «қылмыс деп, қолданыстағы заңнама бойынша жазалануға жататын әрекеттер танылады» деген формальды анықтамасына қатысты түрлі көзқарастар айтылды. Мұндай анықтама алғаш рет қылмыстық құқық тарихында 1791 жылғы Франция Қылмыстық кодексінде берілді, бұдан кейін бұл анықтама 1810 жылғы Наполеон кодексінен орын алды және содан кейін ол бүткіл буржуазиялық мемлекеттердің кодекстеріне тарап кетті /16/.
Қылмыс анықтамасы 1919 жылғы РКФСР қылмыстық құқығы бойынша жетекші бастауында: «қылмыс — қылмыстың құқықпен қорғалатын қоғамдық катынастар тәртібін бұзу» деп берілген (5 бап). Кеңес кезеңіндегі кылмыстық құқықта қылмыс үғымы материалдық деп танылды. 1922 жылғы РКФСР Қылмыстық кодексінде қылмыс деп «жұмысшы-шаруа өкіметімен белгіленген кеңестік құрылыстың негізіне немесе құқықтың тәртібіне қауіп төндіретін кез келген коғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік» танылды (6-бап). 1924 жылғы КСРО және одактас республикалар қылмыстың заңнама-сының негізгі бастауында қылмысты анықтауға арналған арнайы бап карастырылмады. 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық кодексі қылмысты қоғамдық кауіпті әрекет санай отырып, «қоғамдық қауіпті деп кеңес құрылысына немесе жүмысшы-шаруа өкіметіне қарсы әрекет немесе әрекетсіздік» деп көрсетті (6-бап). Қылмыс үғымына дөл осындай анықтама одақтас республикалардың Қылмыстық кодекстерінде де берілді. 1958 жылғы КСРО және одактас республикалардың кылмыстың заңнамалар Негіздерінде қылмыс ұғымына келесідей анықтама берді: «кеңестік қоғамдық немесе мемлекеттік құрылыска, шаруашылықтың социалистік жүйесіне, социалистік меншікке, жеке адамға, азаматтардың саяси, еңбек, мүліктік қүқықтарына қол сүғатын қылмыстық заңда қарастырылған қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ социалистік құқық тәртібіне қол сүғатын өзге де қоғамдлық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады» /17/.
Мәселен, көрнекті заңгер ғалым А. А. Пионтковский, «социалистік қылмыстық құқықтың өзінің таптык сипатын жасырудың қажеттігі жоқ, құқыктык мәні бар жекелеген қимылдар да болатын қимылдардың жиынтығы. Қьшмыстық-күқықтық әрекет күрделі сипатқа ие болады және ол ҚР Қылмыстық кодексімен анықталады, мысалы, «заңсыз банктік қызмет — ҚР ҚК 191-бабы», «есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнел-ту және сату — ҚР ҚК 259-бабы».
Қасақаналықпен істелген қылмыстарда қылмыстық әрекеттің басталған сәті кьшмыс істеу үшін жағдай туғызуға бағытталған дене қимылы болып табылады.
Абайсыздықпен істелген қылмыстарда кылмыстық әрекеттің басталуы зиян келтіруге қатер төндірген немесе қол сүғатын объектіге зиян келтіре бастаған сәттен саналады.
Әрекетсіздік — қылмыстық әрекеттің дененің тыныштық күйімен ерекшеленетін енжар түрі. Қылмыстық әрекетсіздік — адамның істеуге тиісті және жасай алуы мүмкін әрекетті орындамауымен көрінентін қылықтық актісі. Қылмыстық әрекетсіздігіне байланысты қылмыстық жауаптылықка тарту үшін төмендегідей үш мән-жайды ескере отырып, оның басталу және аяқталу сәтін анықтау қажет:
1) адамның белгілі бір міндетті орындау міндеті;
2) оның осы жағдайда аяқтау мүмкіндігі;
3) одан талап етілетін әрекетті адамның орындамауы.
1997 жылғы ҚР ҚК 9-бабындағы «қылмыс» үғымына заң жүзінде берілген анықтамадан оның жақын және алыс шетел Қылмыстық кодекстерінің ережелеріне жақындау екенін байқауға болады және ол қүқық қолдану кызметінде заңдылық қағидаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Қылмыстық құқық теориясында қьшмыс ұғымы мен «қылмыс белгілері бар әрекет» ара қатынасы туралы мәселе қарастырылады. Заңгер ғалымдардың көгаыілігі қьшмыс пен қылмыс белгілері бар әрекеттің арасындағы айьфмашьшықтарды айыра алмайды, яғни оларды бір бірімен теңестіреді /20/.
Қалай дегенмен де, бұл ұғымдардың арасына теңдестік белгісін қоюға болмайды. Қылмыс белгілері бар әрекет дами келе ҚР ҚК 9-бабының 2-белігіне сәйкес, қылмыс болып қана емес, маңызы шамалы әрекет болып қалуы мүмкін.
Қылмыс белгілері бар әрекет қоғамға үлкен қауіп тендіретін немесе қандайда бір кылмыстың белгілеріне ие болса ғана қылмыспен бірдейлестіріледі, алайда оны істеген адам қылмыстық жазасыз түзелу жолына түсе алмайды. Егер адам кылмыстык жаза қолданбай-ақ түзу жолға түсетін болса, онда оның істеген әрекеті қылмыс болмайды, қоғамдық қауіптілігі болмауы салдарынан маңызы шамалы әрекет деп саналады. Оның үстіне, ерекше жағдайларда ҚР ҚК 68-бабына сәйкес, егер істі сот қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан әрекет қоғамдық қауіпті емес деп танылса, және егер оны істеген адам қоғамдық қауіпті болудан қалса, онда қылмыс белгісі бар әрекет қылмыс болып та, маңызы шамалы әрекет болып та саналмайды. Мағынасы жағынан осы норма істелген әрекет үшін кұқьіқтық ықпал ету шарасы ретінде қолданыла алмайтын болғандықтан, тиісінше мұндай әрекет кылмыстык-қүкықтық бағалауға да жатпайды. Міне, «қыл-мыс» пен қылмыс белгісі бар әрекеттің арасындағы айырмашылық осындай.
Қылмыс сол арқылы мән-мағынасы көрінетін өзіне тән бепгілерімен сипатталады. Қылмыс белгілерінің әр түрлілігі құбылыс мәнінің әр түрлілігін айғақтайды. Оның мәнін танып-түсіну құбылыстың өзін танып-түсіну болып табылады.
ҚР қолданыстағы заңының 9-бабының 1-бөлігіндегі қылмыстың анықтамасында мынадай белгілер айырықша көрсетілген: коғамдық кауіптілігі; заңға қайшылығы; кінәлілік және жазаланушылық.
Қоғамдық қауіптілік — қылмыстың әлеуметтік мәнін ашатын белгісі. Қоғамдық қауіптілік — қьшмыстың занда бекітілген, яғни қүқыкгық маңызы бар әлеуметтік мәнін ашатын материалдық белгісі (ішкі қасиеті). Бүл қасиет өзінің сипатына қарай объекгивті және өзгеріссіз, оның бар немесе жоқ болуы заңшығарушының еркіне де, заңды қолданушы органдардың еркіне де байланысты емес /21/. Қоғамдық қауіпті деп, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға, мүдделерге немесе игіліктерге зиян келтіретін емесе зияи келтіруі мүмкін әрекетгер таньшады (ҚР ҚК 2-бабы). Зиян түрлі: материалдық, күш көрсету, психикалық, моральдық жолдармен келтірілуі мүмкін. Қоғамдық қауіпті белгі қылмыстың материалдық анықтамасында негізгі керсеткіш болып табылады. Ол, заңшығарушьшың белгілі бір әрекетті шартты түрде қылмыс деп тани салмайтындығьш, бұл жерде сол әрекетгің істелу нәтижесінде келтірілетін немесе келтірілу мүмкін зиянды ескеретіндігін білдіреді.
Атап өтетін жай, «зиян» мен «шығын» кейде бір магынаны білдіретін, бірақ әздерінің мағынасы жағынан өртүрлі біртектес сөздер /22/. Егер, қылмыс ұғымына қатысты «зиянның» орнына «шығын» сөзін қолдансақ, біріншісіне қарағанда екіншісі көңілге қонымды, өйткені «шығынның» келемін, мөлшерін анықтауға және бағалауға болады. Ал «зиянды» өйтуге келмейді. Жекелеген қылмыстарда, заңшығарушы қоғамдық қауіпті зардаптардың туындауына байланысты бүл сөзді күшейтіп «елеулі зиян» деп атайды. Елеулі зиян — бұл сараптама жолымен анықталатын және сол арқылы келтірілген шығынның мөлшерін анықтауға болатын бағалаушы ұғым.
Қылмыстық қүқық ғылымында қоғамдық қауіптілік ұғымы туралы мәселелер жөнінде заңгер ғалымдардың түрлі көзқарастары айтылады (П. С. Дагель, Ю. А. Демвдов, Н. Д. Дурманов, М. И. Ковалев, В. Н. Кудрявцев, Н. Ф. Кузнецова, А. И. Марцев, В. С. Прохоров, П. А. Фефелов, А. А. Пионтковский, Ю. М. Ляпунов және басқалардың еңбектерін қараңыз). Олардың мазмұндары бір-бірінен айырмашылықта болғанымен, шын мәнінде көптеген ғалымдардың қоғамдық қауітіпік «қылмыс» ұғымын сипатгайды және ол басқа белгілермен тығыз байланыста болады деген пікірлері бір жерде тоғысады. Бұл орайда, профессор Е. И. Қайыржановтың, әрекеттің қоғамдык қауіптілігі заңшығарушьшың қолсұғушылығы қылмыс болып табылатын негізгі объектілерді көрсету жолымен ашылады деген тұжырымымен косылуға болады /23/.
Сот тәжірибесін талдау, қазіргі уақытқа дейін кейбір соттардың сотталғандар әрекеттерін дұрыс сараламау салдарынан істеген әрекеттерінің ауырлығына сай жаза тағайындалмау жәйттері жиі кездесетінін көрсетіп отыр. Мәселен, Текелі қалалық сотының 2003 жылғы 6-карашадағы үкімімен бұрын үрлық істегены үшін тіпті үш рет сотталған Л. ҚР ҚК 175-бабы 3-бөлігінің «в» тармағы бойынша бұрын екі рет ұрлық үшін сотталған деп саналып, мүлкі тәркіленіп 3 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.
Сонымен бірге, сот ҚР ҚК 52-бабына сәйкес жаза тағайындау кезінде кінәлінің жазасының әділетті болуын, қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ жауаптылық пен жазаның жеңілдетуші және ауырлатушы мән-жайларын толық мөнде ескермеген.
Бұл жерде, 5 тауык ұрлаудың қоғамдық қауіптілігі онша емес екендігі, сол тауықтардың барлығының құны мың теңгеден аз-ақ асатындығы, сотталушының жәбірленушімен туысқандық қатынаста екендігін сот ескермеген. Сондықтан оған тағайындалған жаза, кылмыстың мән-жайлары мен келтірілген зардаптың ауырлығына сай келмегендіктен тым қатаң деп саналады.
Осы айтылғандарға орай, ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы ҚР ҚІЖК 467-бабының 6-бөлігі 2-тармағы мен 468-бабьш басшылыкка ала отырып, Текелі қалалық сотының ҚР ҚК 175-бабының 3-бөлігі бойынша кесілген үкімін ҚР ҚК 55-бабымен өзгертіп, жазаны І жыл 6 айға дейінгі мерзімге шегеріп, үзілді-кесілді 2 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға тағайындаған /24/.
Қоғамдық қауіптілік қылмысқа ғана емес, басқа да құқық бұзушылықтарға тән. Қоғамдық қауіптілік сипаты деп қылмыстың өзіндік қасиеті танылады. Қоғамдык кауіптілік сипаты қылмыс объектісінің мөнімен, келітірілген зиянның мазмұнымен (материалдық, күш қолдануы, психикалық, моральдық және т. б.), кінәлілік нысанымен (қасақаналық — ҚР ҚК 20-бабы немесе абайсыздық — ҚР ҚК 21-бабы) және басқа да мән-жайлармен анықталады. Қылмыстарды қауіптілік сипаты мен дәрежесіне қарай бөлу қылмыстарды санаттарға бөлуге негізделген (ҚР ҚК 10-бабы).
Сөйтіп, егер адамның істеген әрекеті қүқыққа кайшы болмаса, егер ол қылмыстык заңмен тікелей карастырылмаған болса, онда ешкім де қылмыстық жауаптылыққа тартылып жөне сотталуы тиіс емес.
Атап өту керек, қылмыс қашанда жоғары дәрежедегі қоғамдық қауіптілігіне орай сипатталады. ҚР Жоғарғы соты Пленумының 1999 жылғы 30-сәуірдегі «Соттардың қылмыстық жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты сақтауы туралы» қаулысында қылмыстың қоғамдық кауіптілік дәрежесін анықтау кезінде нақты бір қылмыстық әрекет істелген кездегі мән-жайлардың барлығының жиынтығын қарастыру талап етіледі (кінә нысаны: ҚР ҚК 20-бабы «қасақанальщпен істелген қылмыс», ҚР ҚК 21-бабы «абайсыздықпен істелген қылмыс», қылмыс істеудің ниеті, себебі, тәсілі, жағдайы немесе са-тысы, келтірілген зардаптың ауыртпалығы, қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының қатысу дәрежесі мен сипаты және басқалары).
Осы айтылғандырдың мысалы ретінде мынаны келтіруге болады. Орал қалалық сотының 2003 жылғы 19-қарашадағы үкімімен Б. мен Т. кінәлі деп танылады. Атап айтқанда, Т. учаскелік инспектор, ал Б. учаскелік инспеьсгордьщ орынбасары болып жүргенде 2202 жылдың тамыз айында полицияның тірек бекетіне кәмелетке толмаған Ч.-ны алып келіп, қызметтік өкілетгіктерін асыра сілтеп, жәбірленушіні қолдарымен, аяқтарымен ұрып-соғьш, тепкілеп, одан қалды резеңке таяқпен сабап, денесінің әр жеріне жарақат түсіреді.
Сот бірінші инстанцияда қателікпен тағылған деп Б. мен Т.-ны ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігі бойынша айыптауды жоққа шығарса, ал 178-баптың 2-бөлігінің «а», «в» тармақшалары бойынша сотталушыларды кінәлары дәлелденбеді деген желеумен ақтаған.
ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы іс бойынша шығарылған қаулының күшін тоқтатады да, істі келесідей негіздеме бойынша қайыра соттық қарауға жібереді: жәбірленуші Ч.-ның дәйектілікпен бекітуі бойынша ұстау кезіндегі сотталушы Б. мен Т.-ның оның 700 теңге ақшасын заңсыз иемденіп алып қоюы фактісі туралы. Оның мұндай көрсетуін куәлер М. және Б. растады. Осы сияқты аталған мән-жайлар бойынша сот бірінші инстанцияда ҚР ҚК 178-бабы бойынша күні бұрын ақтаушы үкім шығарған.
ҚР ҚК 54-бабының талаптарына қарамастан сот жаза тағайындаудың бірінші инстанциясында келесідей ауырлатушы мән-жайларды ескермеген: кәмелетке толмағандарға қатысты арнайы шығарылған техникалық құрал — резеңке таяқты азаматгардың заңды құқықтары мен мүдцелерін қорғауға бағытталған полиция қызметкерлерінің кәсіби борышын орындауды бүза отырып қолданудағы осы қылмыстың қоғамдық қауіпті зардаптары. Бұдан басқа Б. мен Т. жәбірленушінің денсаулығына нүқсан келтіруіне байланысты материалдық шығындардың орнын толтырмаған.
Осы айтылған мән-жайларды ескере отырып және соттың ҚР ҚК 308-бабы 4-бөлігінің санкциясында қарастырылған он жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасының орнына ҚР ҚК 52-бабымен қарастырылған жаза тағайындау жалпы бастамасына байланысты бір жыл және бір жыл алты айға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауы істелген әрекеттің ауыртпалығы мен кінәлілердің тұлғасына сай келмейді және шамадан тыс жеңілдігіне орай әділетті деп саналмайды/25/.
Қоғамдық қауіптіліктің жоғары дәрежесін кейбір кезде кылмыстың заңмен қорғалатын объектіге елеулі зиян келтіруімен немесе келтіру мүмкіндігімен көрінетін коғамдық қауіпті зардаптар сипаттайды. Мысалы, қызмет өкілетгігін теріс пайдалану — ҚР ҚК 307-бабы, өзінше билік ету — ҚР ҚК 327-бабы, егер азаматтардың құқықтары мен занды мүдделерін және қоғам мен мемлекетгің заңмен корғалатын мүдделерін елеулі бұзушылық пен бұзуды ұйымдастыру анық көрініп түратын болса, мұндай әрекет қылмыс деп танылады.
Демек, тек қана сырт қарағанда формальды түрде сәйкес келген нақты қылмыс белгісі бар істелген әрекет, егер оның жекелеген қылмыстарға тән дәрежедегі коғамдық қауіптілігі (елеулі зияны) болмаған жағдайда қылмыс деп атауға келмейді. Мүндайда қылмыстык іс қозғалмайды, ал қозғалған іс тоқгатыладьі.
Қылмыстың келесі міндетті түрдегі белгісі құқыққа қайшылығы болып табылады. Қылмыстық құқыққа қайшылықты қылмыс белгілерінің қатарына қосу біздің заңнамалық тарихымызда алғаш рет 1958 жылғы Қылмыстық заңнамалар Негіздерінде колға алынып, еліміздегі заңдылықты нығайтудың, қылмыстық қүқық бойынша жауапкершілік қағидаларын заң жүзінде орнықтырудың, қылмыстық заңдарды ұқсастығы бойынша қолдану практикасын жоюдың одан арғы маңызды қадамы болып саналды /26/.
Құқыққа қайшылық қылмыстық заңмен жазалаумен қорқыту арқылы қылмысқа тыйым салушылықты көрсетеді. Қалай дегенмен де қоғамдық қауіпті әрекет, егер ол үшін қылмыстық заңмен жауаптылық қарастырылмаған болса, ол қылмыс деп танылмайды.
Бұдан бүрын айтып өткеніміздей, құқыққа қайшылық — бұл қылмыстың формальды белгісі. Заңдылык кағидаты құқықтық мемлекет түрғызған түғырдың негізгі кірпішіне айналған жағдайда формальды белгі өзінің маңыздылығы жағынан материалдық белгіге жол бере қоймайды. Аталған осы екі белгінің екеуі де бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-біріне бағынышты. Заңшығарушы, әдетте қоғамдық қауіпті әрекетке қылмыстық-құқықтық тыйым салады, ал қоғамдық кауіптілік күшін жоғалтқан жағдайда әрекеттің қылмыстық-құқықтық тыйым салушылығы алынып тасталады (әс-әрекет кылмысқа жатқызылмайды).
Атап өтетін бір жай, кылмыстық заңмен тыйым салынған жағдайда ғана қылмыс жайында сөз қозғауға болады. Құқықьың басқа салаларының (әкімшілік, азаматтык және басқа да құкықтар) нормаларымен салынатын тыйымдар әрекетті қылмыс деп тануға немесе танымауға негіз бола алмайды. Мысалы, Қазақстан аумағында шетел валютасымен пайдалы келісім жасасуға валюталық реттеу заңымен тыйым салынған, бірақ мұндай әрекет ҚР Қылмыстық кодексінде қарастырылмаған, демек мұндай әрекет қьшмысқа жатпайды. Шамасы, қазіргі жағдайдағы кылмыстың формальды белгісінің есуін айырықша керсеткісі келген заңшығарушы ҚР ҚК 9-бабының 1-бөлігінде қылмыстық занды үқсастығы бойынша қолдануға болмайтындығы туралы конституциялық норманы (ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағьшың 10-тармақшасы) сөзбе сөз келтірген /27/.
Заңшығарушының ҚР ҚК 9-бабының 1-бөлігінде қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға болмайды деген нұскауы қоғамдык қауіпті әрекетті қылмыстық заңмен тыйым сальшған санатқа жатқызуда заңшығарушының ерекше құзырын көрсетеді. Басқаша айтқанда, белгіленген нормада «занда белгіленбейтін қылмыс болмайды» деген нақтылы ереже бекітілген.
Кеңестік әдебиеттерде коғамдық кауіптілік пен құқыққа қайшылық қылмыстың барлық белгілерін сарқа түгендеп бере алмайды деген пікірлер айтылды. Мұндай көзқарасты жақтаушылар әрекеттің қоғамдық кауіптілігі мен құқыққа қайшылығы қатарына сонымен бірге биморальдықты /28/, кінәлілікті /29/ және жазаланушылықты /30/ қосуды ұсынады. Биморальдықты қылмыстың белгісі ретінде көрсету тым артықтау сияқты өйткені бұл қоғамдық қауіпті және кұқыққа қайшы әрекет ретінде қылмыстың сипаттамасына ештеңе де қоса алмайды /31/.
Қылмыстың келесі белгісі кінәлілік болып табылады. Қылмыстық құқық теориясы мен құқық қолдану іс-тәжірибесі субъективті айыптауға бейімдірек және объективті айыптауға — кінәсіз жауаптылықка жол бермейді/32/. Қылмыстық заң қылмысты деп кінәлі әрекетті ғана таниды/33/.
ҚР ҚК 19-бабының 2-бөлігіне сәйкес, объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Ал, ҚР ҚК 19-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қасақана немесе абайсызда әрекет істеген адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Кінәлілік күқыкка қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болып табылатындыктан субъектінің өрекетінде кінәнің болмауы оның әрекетінде құқыкқа кайшы белгінің болмағандығын да білдіреді.
«Қылмыс» ұғымын заң жүзінде қалыптастыру кезінде қылмыс қылмыстық жазамен тығыз байланысты болғандықтан жазаланушылық белгісіне ие болады /34/.
Кеңестік қылмыстық-құқық әдебиеттерінде қылмыстың жазаланушылық белгісі танып-білу жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Бір авторлар, егер зардап болмайтын болса, жаза қылмыстың белгісі болудан қалған болар еді, деп санайды /35/. Ал басқалары белгі ретіндегі жазаны қьшмыстың қоғамдық кауіптілігі мен заңға қайшьшығына ерекше мән бере отырып, оның қасиеті деп санайды /36/. Үшіншілері, жаза қылмыстың белгісі — қылмыстың зардабы, деп бекітеді/37/.
Ескеруге тура келеді, ҚР Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің нақты баптарының диспозицияларында көрсетілген заңдағы жаза қолдану қатерінің болуы қылмыстың белгісі жазаланушылық болып табылатындығын айғақтай түседі. Егер ерекетте ең болмағанда қылмыстың бір белгісі болмайтын болса, онда оны қылмыс деп атауға болмайды. Мәселен, әрекетте коғамдық қауіптілік (немесе қүқыққа қайшылық, кінәлілік, жазаланушылық) сезілмесе, онда бұл әрекетті қылмысқа жатқызуға болмайды. Сөйтіп, ҚР Қылмыстык кодекстің 9-бабы жоғарыда аталған кылмыс белгілерінің кайсыбірінің болмай қалуы жалпы қылмыстық әрекеттің болмағандығын айғақтайды.
Жаза қолдану қатерімен күшейтілмеген қылмыстық-құқықтық тыйым салу осы тыйым салынган әрекеттерді қылмыс деп санауға негіз бола алмайды. Мәселен, ҚР ҚК Жалпы бөлімівде бірқатар тыйым салушылық белгіленген. Бұл жерде әрекеттің кылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін немесе жауаптылық пен жазаны күшейтетін немесе басқа жолмен әрекет істеген адамның жағдайын нашарлататьш жаңа заңның кері күші болмайды (ҚР ҚК 5-бабы).
Қолданыстағы қылмыстық заңнамада белгілі бір жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан (шын өкінуіне байланысты — ҚР ҚК 65-бабы, жәбірленушімен татуласуына байланысты — ҚР ҚК 65-бабы) және қылмыстық жазадан босату мүмкіндіктері қарастырылған (ауруға шалдығуына байланысты — ҚР ҚК 73- бабы, айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты — ҚР ҚК 75-бабы), бірақ мұның бәрі қылмыстылығын жою болып табылмайды. Дегенмен, бұл жерде әрекеттер өздеріне тән белгілерімен қылмыс болып қала береді /38/.
ҚР қылмыстық заңнамаларында мынадай ережелер көрініс тапты:
1) әрекеттің қылмыстылығы, оның жазаланушылығы мен өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптары тек қана қылмыстық заңмен анықталады. Қылмыстық заңды ұксастығы бойынша қолдануға жол берілмейді (ҚР ҚК 9-бабының 1-бөлігі);
2) соттың үкімінсіз және заңға сәйкессіз ешкім де қылмыс жасады деп танылмайды және қылмыстық жазаға тартылуы тиіс емес;
3) қылмыс істеу, яғни Қылмыстық кодексте кезделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі болып табылады (ҚР ҚК 3-бабы);
4) істеген қылмысы үшін жаза ҚР ҚК Ерекше белімі баптарының санкциясы шегінде ғана анықталады;
5) қылмыс істеген адам қылмыстық заңмен қарастырылған жағдайда ғана қылмыстык; жауаптылық пен жазадан босатылуы мүмкін (ҚР ҚК 65-76-баптары).
ҚР ҚК 9-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ҚР ҚК Ерекше бөлімінде кезделген қайсыбір әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды.
Бұл норма тыйым салу кінәлі адамға ойланбастан бірден-ақ жауаптылық жүістей салуды білдірмейтіндіктен қылмыстық-құқықтық тыйым салуды бағалау көзқарастарының негізділігін көрсетеді. Басқаша сөзбен айтқанда, ҚР ҚК 9-бабының 2-бөлігі қолданғанда мәселе қоғамға онша қауіптілік тудырмайтын әрекеттің елеулі маңызы болмайтындығы жайында қозғалады. Қылмыс құрамының болмауы әрекеттегі қылмысқа тән тиісті дәрежедегі қоғамдық қауіптіліктің жоқ екенін көрсетеді, ендеше бүл қылмыстық жауап-тылыққа тартуға ешқандай негіздің жоқ екендігін де білдіреді. Мәселен, бір бөлке нан (бір қорап темекі) үрлаған жағдайда келтірілген шығынның онша елеулі емес екендігіне байланысты мұндай әрекетті қылмыс деп тануға болмайды. Мұндай әрекет бұл жағдайда ұсақ ұрлық-қарлық деп саналып, кінәлі тиісінше қылмыстық емес, әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Сөйтіп, қылмыстық жауаптылық, егер әрекет және оның зардабы мелшері мен сипаты елеулі деп танылған жағдаида ғана болу мүмкін /39/.
«Қылмыс» ұғымының анықтамасы мен белгілерін дұрыс қабылдай отырып, маңызы аз әрекет деген ұғымды қылмыстық заңнан альш тастау керек деген қазақстандық заңгер ғалымдардың айтқандары әбден әділетті деуге болады /40/. Мәселен, профессор И. Ш. Борчашвили, ҚР ҚК 9-бабының 2-бөлігіндегі «….яғни жеке адамға, қоғамға және мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупын туғызбаған» деген сөздерді осы баптың жалпы мағынасына қайшы келетіндіктен алып тастау қажет деп санайды /41/ . Осы айтылғандарды аиғақтай келе, автор заңшығарушы екі түрлі жағдайды байланыстырған жағдайда ойға қонымсыз жағдай туындайды, деп атап өтеді. Бір жағьшан, заңшығарушының ойы бойынша, белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмаған-дықтан қоғамдьщ кауіпті емес қайсыбір әрекет (әрекетсіздік) қьшмыс болып табылмайды. Екінші жағынан, жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған әрекет (әрекетсіздік) қылмыс болып табылмайды. Осы жерде егер істелген әрекет зиян келтірмесе және зиян келтіру қаупін тудырмаса қылмыс туралы сөз қозғауға бола ма деген сұрақ туындайды. Жауабы біреу ғана — жоқ! Елеулі маңызы жоқ істелген, ешқандай қоғамдық қауігггілігі жоқ әрекеттің өзі жасалаған әрекетгі қьшмыс деп танымауға негіз болады. Осыған байланысты И. Ш. Борчашвили ҚР ҚК 9-бабының 2-бөлігін мынадай жаңа редакциямен беруді ұсынады: «ҚР ҚК Ерекше бөлімінде кезделген қайсыбір әрекетгің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес әрекет (әрекетсіздік) қылмыс болып табылмайды»
Тағы рефераттар
- Кактус
- Баян батыр
- «Шура-и-ислам» және «Шуро-и-Улема» ұйымдарының құрылуы мен қызметі
- Моноклоналді антиденелерді алу технологиясы
- Нарықтық экономика жағдайында мақта шаруашылығының дамуы