Қырым конференциясында көтерілген Германия мәселелері туралы қазақша реферат
1945 жылы 4-11 ақпанда өткен Ялта конференциясы ІІ дүниежүзілік соғыстың дипломатиясы тарихында маңызды орын алды. Бұл антигитлерлік коалицияның үш ұлы державасы – КСРО (РФ), АҚШ, Англияның басшылары қатысқан екінші кездесу еді. Тегеран конференциясы сияқты бұл конференция да түптеп келгенде жеңісті ұйымдастыру ісінде де, әлемнің соғыстан кейінгі қайта құрылымы саласында да келісілген шешімдер жасауға ұмтылған тенденцияның басымдығымен өтті.
Ялта кездесуінің қарсаңында АҚШ пен Англия да антигитлерлік коалицияға қатысушы басты үш мемлекет арасында уағдаласуға жол бермеуге тырысқан күштер қызу әрекет жасап бақты. Қызыл армияның гитлершілдерге күйрете соққы беруі, Совет әскерлерінің батысқа қарай шапшаң жылжуы, оның бірқатар шығыс Еуропа мемлекеттерінің территорияларын азат етуі КСРО рөлінің нығаюы өздерінің әлеуметтік жеңілдіктері мен империалистік пиғылдарына қауіп төндіреді деп түсінген топтарды дүрліктірген еді. Олар Москва жөнінде «қатаң позиция» ұстайтын кез келді деп санады.
40 жылдарғы «қырғи қабақ» соғыстың әйгілі идеологы Дж. Кеннон Ялтадағы кездесуге қатысқан американдарға былай деп бағдарлама ұсынды:
- Халықаралық ұйым құрудың бірден-бір практикалық нәтижесі «орыстардың өршіп отырған және көкейге қонбайтын ықпал ету өрісін» қорғау АҚШ-тың міндеті болғандықтан Біріккен Ұлттар Ұйымын құру жоспарын «мүмкіндігінше тезірек жою» керек.
- Американ халқына бейбітшілікті қауіпсіз ету біздің қарулы күштерімізді қайдағы бір заң құжатында көзделген қандай да бір нақты жағдайларға қолдану туралы сөзсіз міндеттеме алғанымызға байланысты деген пікірдің жаңсақтығын түсіндіру қажет. Америка Құрама Штаттар біздің қарулы күштерімізді қай жерде пайдалану керектігін өздері шешетін құқығын сақтауға тиіс.
- Америка Құрама Штаттар Германияны толық бөлісуді әбден шешілген іс деп қарап, ағылшындармен және француздармен Германияның Батыс аудандары кіретін Батыс Европа Федерациясын құру туралы консультация алмасуды бастауға тиіс деген шешімге келді. Шын мәнінде, бұл дүниежүзін дұшпан екі лагерьге бөлу бағдарламасы еді. Президент Ф.Д.Рузвельт пен оның жақын адамдары Дж.Кеннонның шақыруына құлақ аспай ынтымақтастықты дамыту бағытын ұстанды.
- Маршаллдың пайымдауынша, бұл операциялар одақтастар армиясының Германияның өнеркәсіп объектілеріне жасайтын соққыларына нұқсан келтірген жоқ.
- Ақпанда пленарлық мәжілісті аша келіп, президент Ф.Д.Рузвельт Германия проблемасын сөз еткенде, ең алдымен уақытша оккупациялау аймақтары туралы мәселені қарау керек екенін айтты. Бірінші кезекте АҚШ пен Англия Тегеран конферециясында ұсынған Германияны бөлшектеу туралы сөз болып, Орталық Үкіметтің құрылуы жөнінде мәселе қойылды. Ағылшын премьері У.Черчилль Рейн алқабы мен Саар өнеркәсіпті аудандары, Рур мәселесі қозғалды. Бұдан кейін кеңеске қатысушылар репарация туралы мәселеге көшті. Бұл қағидалар Германия заттай төлемді оның ұлттық байлығының шамамен 80 пайызын беру жолымен, немесе жыл сайын тауар түрінде берумен өтеуге тиіс болды.1 Репарациялардың мақсаты да Германияны қарусыздандыруға әкеп соғуға тиіс болды. Сондықтан мамандандырылған әскери кәсіпорындардан 100 пайыз алу керек делінді. Репарациялар мерзімі 10 жылға белгіленіп, ағылшын — совет — американ бақылауымен жүргізілуге тиіс еді. Пікір алысу қорытындысында, үш держава өкілдерінен штаб-пәтері Москвада болатын Репарациялық комиссия құру туралы уағдаластыққа қол жетті. Осыдан кейін Сталин Репарациялық комиссия үшін негізгі басшылық бағыттарын жасауды ұсынды. Ол репарацияларды бөлгенде негізгі принцип мынадай болу керек деген пікір айтылды: Репарацияларды бірінші кезекте соғыстың негізгі ауыртпалығын көтеріп, жауды жеңуді қамтамасыз еткен мемлекеттер алатын болды, яғни КСРО, АҚШ, Англия. Төлемді тек орыстар ғана емес, сондай-ақ, американдар мен ағылшындар да алуы керек және оның үстіне ең мүмкін мөлшерде алуы керек. Егер Америка Құрама Штаттардың Германиядан машиналар немесе жұмыс күшін алғысы келмесе, онда репарациялардың басқа формалары, оларға неғұрлым қолайлы формалары, мәселен шикізат және т.б. табылуы мүмкін. Қайткен күнде де репарацияларды жауды жеңу ісіне неғұрлым зор үлес қосқандар алатыны айқын белгіленуі тиіс1 деген пікірді В.И.Сталин ортаға салды.Ф.Д. Рузвельт пен У.Черчилль бұл пікірлермен келісті. Ялта конференциясының 6 ақпанда болып өткен пленарлық мәжілісі жаңа Халықаралық Қауіпсіздік ұйымы уставының жобасы жасалған Думбаржан-Окстағы конференциядан кейін шешілмей қалған мәселелерді талқылаудан басталды. Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру ережесі келісілмей қалды. Бұл конференцияға Сыртқы Істер Министрлері , штаб бастықтары т.б. қатысты. ІІ Дүниежүзілік соғыс тарихында Қырым конференциясының маңызы өте зор. Біріншіден, конференцияда гитлершіл Германияны талқандап, сөзсіз тізе бүктіру мақсатына байланысты одақтас үш державаның соғыс жоспарлары өзара келісілді. Екіншіден, конференцияда Одақтас державалар соғыстан кейін мызғымас бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік орнату принциптерін іске асыру саясатын бірауыздан қабылдады.
1945 жылы 13 ақпанда В.И. Сталин, Ф. Д. Рузвельт, У. Черчилль қол қойған Қырым конференциясының коммюникесі жарияланды.2 Мұнда тізе бүккен Германияда одақтас үш держава қарулы күштерінің ерекше аймақтарын құру, оған орталық бақылау комиссиясы арқылы басшылық ету белгіленді. Үш державаның басшылары герман милитаризмі мен нацизмді жою, герман қарулы күштерін таратып, герман ауыр өндірісін бақылауға алу туралы мәлімдеді. Конференция тізе бүккен Германия өзінің басқыншылық соғыстары арқылы басқа елдерге келтірген зиянын өтеуге әділетті деп тауып, арнаулы комиссия құруды белгіледі. Германия мәселесімен қоса, Қырым конференциясына қатысушылар, басқа одақтас державалармен бірге бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымын құру, 1945 жылы 25 көкекте (сәуір) Сан-Францискода Біріккен Ұлттар конференциясын шақыруды ұйғарды. Қырым конференциясында Одақтас үш державаның басшылары қабылдаған «Азат етілген Европа туралы декларацияда» Европадағы нацистік Германия және оның езгісінен босатылған халықтарға саяси және экономикалық күрделі көмек беру туралы келісілді.
Алайда осы жалпы қағидалар шеңберінде Ялта кездесуіне қатысқан үшеудің әрқайсысының өзіне тән басты мәселелері болды. Черчилль ең алдымен Британ империясының тағдырын ойлады. Ал Сталин болса, біз ең кемінде алдағы 50 жылға бейбітшілікті қамтамасыз етуді көздеді. Халықаралық қауіпсіздік ұйымының болашақ уставы туралы мұнша маңызды болып отырғаны да сондықтан. Болашақта басты үш державаның аралары алшақтап кетпеуі үшін мүмкіндігінше көп тосқауылдар жасау керек. Мәселенің бұлайша терең де принципті қойылуы болашаққа шын жаны ашығандық еді. Халықаралық қауіпсіздік ұйымының болашақ ұрпақтар үшін бейбітшілікті сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін механизмін жасау керек болды.Ол кезде он жыл туралы айтылған еді, бірақ Сталин 8 жыл, ал Ялта кездесуінен кейін толық емес алты апта өткен соң Рузвельт қайтыс болды, ал оның ізбасарлары АҚШ — тың бағытын егесу және Совет одағына қарсы соғысқа әзірлену жағына қарай бұрып жіберді. Бұл кезде үкімет басынан кетіп қалса да, мұндай инициаторларының бірі Черчилль болып шықты. Мұның бәрі Гитлерлік Германия мен милитаристік Жапонияға қарсы соғыс қимылдары аяқталған соң , көп кешікпей басталған еді.
Поляк проблемасын талқылау Ялта конференциясының 6 Ақпандағы пленарлық мәжілісінде басталды. Бірінші болып сөз алған Рузвельт Польшаның шығыс шекарасын Керзон линиясының бойымен жүргізуді жақтаған пікір айтты, бірақ бұған қоса осы линияның оңтүстік учаскесінде поляктарға жеңілдік жасау туралы мәселені қарастыру жөн деп жариялады.
Қырым конференциясының шешімдері соғыстың соңғы кезінде антифашистік коалицияның нығаюына және Гитлерлік Геранияны жеңуге көмектесті. 1945 жылы ақпан — наурызда Қызыл армияның басты күш- жігері Берлин бағытында шешуші соққы жасауды тездетуге жұмылдырылды. Осы мақсатпен Совет әскерлері шығыс Померания, Төменгі және Жоғарғы Силезия, Шығыс Пруссия территорияларында дұшпанның қанаттағы топтарын қарсы шабуыл операцияларын жүзеге асырып, кострин мен франкфрут маңында Одердің сол жағасындағы басып алған бекіністерін кеңейту үшін табан тірескен ұрыстар жүргізді.
Қырым конференциясында үш ұлы державаның Қиыр Шығыс мәселесі жөніндегі келісімі қабылданды. Келісім бойынша, Германия толық тізе бүгіп, Еуропада соғыс аяқталған соң 2-3 айдан кейін Гитлершіл Германияның шығыстағы одақтасы – милитаристік Жапонияға қарсы Совет одағы соғыс ашатынын белгіледі. Соғыс аяқталғаннан кейін Сахалин аралының оңтүстігі Совет Одағына қайтарылып, Курил аралдары КСРО-ға берілуі ұйғарылды.
Қырым конференциясы шешімдерінің негізінде Одақтас үш держава саяси және соғыс мәселелерін шешуде тарихта айтарлықтай із қалдырды.
Тағы рефераттар
- Ақша массасы және оның жылдамдығы
- Озон қабатының бұзылуы
- Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері және оны қалыптастыудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар
- Қазақстан территориясындағы хандықтар
- Шәкәрім Құдайбердіұлы ( 1858 – 1931 )