Мазмұны

Кіріспе…..5
1 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының теориялық негіздері…..7
1.1 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар, олардың мәні, мағынасы, есебі және аудитінің теориясы…7
1.2 Ақша құралдарының мәні, мағынасы және есебі мен аудитінің теориясы….10
2 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті….19
2.1 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының шаруашылық қызметіне және есеп саясатына сипаттама….19
2.2 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының ақша қаражаттары мен инвестициясының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру.26
2.3 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының қысқа мерзімді қаржылық салымдары мен ақша құралдарына аудит жүргізу әдістемесі және оның нәтижесі….29
3 Аудиторлық қызметті жетілдіру….36
3.1 Қаржы шаруашылық ұйымдары есебінің аудитін жетілдіруді арттыру…36
Қорытынды……39
Пайдаланған әдебиеттер…..41

Кіріспе

Бүгiнгi күнi Қазақстанның әрбiр азаматына оның экономикасының нарықтық жолға көшкенi мәлiм. Әрбiр мекеме өзiнiң жұмысы үшiн өзi жауап бередi және келешектегi дамуы үшiн шешiмдердi өзi қабылдайды. Ал нарықтық экономикада экономикалық қызметтiң негiзгi мәселелерiн шешу арқылы пайданың максималды мөлшерiн табу үшiн ресурстарды тиiмдi пайдалана бiлген мекеме әрқашан да алдыңғы орында болады.

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі ақша құралдары мен инвестиция арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек ақша құралдары негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.

Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.

Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты.

Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады.

Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк, инвестор және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.

Бүгінгі күні нарықтық қатынаста бәсекеге қабілетті кез келген кәсіпорынның ақша құралдарының жоғары көрсеткішке жетуі маңызды орын алады. Өз қызметінің әрі қарай ілгерілеуіне қаржылық инвесторларының да үлесінің көп болуы  сол кәсіпорынға тікелей әсер етеді.

Әр жылдың аудиторлық қорытындысы бойынша қаржы шаруашылық орындарының ақша құралдары мен қаржы салымдарының оң нәтижеге жетуі сол мекеме жұмысының жемісті болғандығын көрсетеді.

Курстық жұмысымның тақырыбы- «Қысқа мерзімді қаржы салымдары мен ақша құралдарын аудиттеу».

Курстық жұмыстың өзектілігі- қысқа мерзімді қаржы салымдары мен ақша құралдарына аудит жүргізудің теориялық мәні мен практикалық қызметін толықтай ашып көрсету.

Курстық жұмыстың  мақсаты- қысқа мерзімді қаржы салымдары мен ақша құралдарының теориясы мен тәжірибесін кәсіпорын қызметі арқылы көрсету.

Курстық жұмыстың мазмұны негізгі үш бөлімнен тұрады:

1 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының теориялық негіздері

1.1 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар, олардың мәні, мағынасы,есебі және аудитінің теориясы

1.2 Ақша құралдарының мәні, мағынасы және есебі мен аудитінің теориясы

2 Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті

2.1 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының шаруашылық қызметіне және есеп саясатына сипаттама

2.2 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының ақша қаражаттары мен инвестициясының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру

2.3 «Қазақшетсақтандыру» компаниясының қысқа мерзімді қаржылық салымдары мен ақша құралдарына аудит жүргізу әдістемесі және оның нәтижесі

3 Аудиторлық қызметті жетілдіру

3.1 Қаржы шаруашылық ұйымдары есебінің аудитін жетілдіруді арттыру.

Бірінші бөлімде ақша құралдары және қысқа мерзімді қаржы салымдары түсінігі, мәні мен мағынасы, есебі мен аудитіне теория жүзінде сипаттама берілген. Екінші бөлімде «Қазақшетсақтандыру» компаниясының есеп саясатына тоқталып, қаржы салымдары мен ақша құралдарын аудиттеуді  «Қазақшетсақтандыру» компаниясының  қаржылық операциясын қолдану арқылы жүргізген. Үшінші бөлімде қаржы шаруашылық ұймдары есебін аудиттеуді жетілдіру бағыттары көрсетілген. Соңында қорытындылап, пайдаланған ақпар көздері берілген.

 Курстық жұмыс / 42 бет
Тағы рефераттар