ЖОСПАР
КІРІСПЕ

1. ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1. Локомотив депосының қызмет түрі, мақсат-міндеттері
1.2. Локомотив депосының ұйымдастырылу құрылымы
1.3. Локомотив депосының ішкі ережесі

2. ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Еңбекақы есебі
2.2. Негізгі құралдардың есебі және амортизациясы.
2.3. Дебиторлық берешектің есебі
2.4. Тауарлы- материалдық қорлардың есебі

3. ЕСЕП

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Курстық жұмыcтың өзектілігі. Локомотив депосы өз қызметінің барысында Қазақстан Республикасындағы темір жолдарды техникалық пайдалану Ережелерінің, басқа да ережелердің, нормативтердің, поездардың магистральдік темір жол торабымен, станциялық және кірістік жолдармен қауіпсіз және үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ету шарттарының қадағалауын қамтамасыз етеді.

Локомотив депосы өз қызметін тиісті дәрежеде ұйымдастыруы үшін, келісілген көлемде магистральді темір жол торабы операторының ақпараттық торабын пайдалану құқығына ие болады. Ақпараттық ресурстарды беру, жабық ақпараттарды заңсыз пайдаланудан қорғау тәртібін, барлық тұтынушылар мен корпоративтік ақпараттық торап жүйелерінің қауіпсіз жұмыс істеу жағдайын, ақпараттық торапты пайдалану төлемақысын магистральді темір жол желісінің операторы анықтайды.

Локомотивтерді тиімді пайдалану поез жұмысының жоспарымен анықталады. Ол келесі міндеттерден тұрады: поез және локомотив нөмірлерін көрсете отырып, поездарды техникалық станциядан жөнелту, поездарды сұрыптау, телімдік және ірі жүк станцияларына қабылдау, поездарға локомотив беру уақыты және т.б.

Локомотив депосының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық – шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметінің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді [1].

Депоның басқару есебін ұйымдастырудағы маңызды жағдайлардың бірі – бухгалтерлік есептің жеке жүйесі ретінде кадрмен қамтамасыз ету болып табылады. Басқару есебін жүргізу үшін шаруашылық операцияларын тіркеумен ғана шұғылданбай, кәсіпорынды басқаруда да қатысатын білікті бухгалтер – талдаушы талап етіледі.

Локомотив депосы бухгалтерлік есепті жүргізген кезде мына жағдайларды қамтамасыз етеді:

— есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен кейбір шарушылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының өзгермейтіндігі;

— қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік кезеңде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте толығымен көрініс табуы;

— тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы;

— әрбір айдың басына синтетикалық есеп шоттары бойынша қалдығы, аналитикалық есептің айналымы мен сәйкестігі сақталуы керек [2].

Локомотив депосы қызметінен түсетін пайда, заңдар мен келісім – шарттық міндеттемелерде қарастырылған барлық төлемдерді төлегеннен кейін оның меншігінде қалады және ол мүліктік кешенді ары қарай дамыту, сонымен қатар, нарықтық тәуекелділіктер орын алған жағдайда қажетті қаржылық резервтерді қалыптастыру үшін пайдаланады [3].

Локомотив депосының Есеп бөліміндегі бухгалтерлердің жұмысы компьютерленген. Олар «Фаворит» АБУ бағдарламасымен жұмыс істейді. Бұл бағдарлама бухгалтерлердің жұмыстарын көп женілдетеді. Бұл бағдарламада керекті бланкілер дайын, тек сонда мәліметтерді мұқият енгізсе есепті өзі автоматты түрде есептеп бухгалтердің уақытын үнемдейді және қол жұмыстарын азайтады.

Курстық  жұмыстың  мақсаты. Локомотив депосының ұйымдастырушылық құрылымын зерттеу және нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау.

Курстық жұмыстың  міндеттері. Жоғарыда көрсетілген курстық жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттер туындайды:

— Локомотив депосының қызмет түрін, мақсат, міндеттерін қарастыру;

— Локомотив депосының  ұйымдастырушылық құрылымын зерттеу;

— Бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау.

Курстық жұмыстың әдістемелік негізі. Курстық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының заңдық актілері, Халықаралық қаржылық  есеп  беру  стандарттары, Cалық кодексі, бухгалтерлік   есептің   типтік шоттар жоспары, темір жол кәсіпорындарының есебін ұйымдастыруға байланысты отандық және шетелдік авторлардың оқулықтары, бухгалтерлік және қаржылық есеп пәні бойынша оқулықтар.

Курстық жұмыс бойынша алынған нәтиже:

— Локомотив депосының қызмет түрі, міндеттері қарастырылды;

— Локомотив депосының  ұйымдастырушылық құрылымы зерттелді;

— Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері анықталды.

Курстық  жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған. Кіріспеде курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты және оларды шешу жолдары көрсетілген. Бірінші тарауда Локомотив депосының басқару құрылымы мен мақсат, міндеттері, қызмет түрі, ішкі ережелері зерттелді. Екінші тарауда «Локомотив» АҚ депосының бухгалтерлік есебін жүргізу құрылымы қарастырылды.

Курстық жұмыс / 35 бет


Тағы рефераттар