Льюис моделі туралы қазақша реферат. Қазіргі жаңа экономикалық өсу теорияларының бірі – Нобель сыйлығының иегері А. Льюистің моделі болып табылады. 1950 ж. Ортасында құрылған Льюистің екі секторлы моделі 3-әлем елдерінің еңбек шығынды экономикасы үшін маңызды теория болды.
Льюис моделінде әлсіз дамыған экономика 2 секторадан тұрады:
- Натуралды ауыл шаруашылығымен, жабық қайта қоныстандыруымен және еңбектің нөлдік шекті өнімділігімен сипатталатын дәстүрлі сектор. Мұндай жағдай Льюиске осы секторда шығынды жұмыс күші түсінігін енгізуге тура келді.
- Әлсіз дамыған экономикада дәстүрлі сектормен қатар, жоғары өнімді қазіргі индустриалды сектор да бар, оған қалалық өнеркәсіп жатады. Қала өнеркәсібіне ауыл шаруашылығынан жұмыс күші ақырындап жылжи бастайды. Модельде ауылдан қалаға жұмыс күшінің миграциясына және индустриалды секторда жұмыспен қамту және өндірістің өсуіне үлкен мән беріледі. Индустриалды секторда миграция мен жұмысбастылық экономикалық өсуге тәуелді, ал ол өз кезегінде капитал қорлануымен және өнеркәсіпке инвестиция деңгейімен анықталады.Мұнда жалақы дәстүрлі сектордағы жұмысшының орташа табысын бірнеше есемейді. Оның пікірінше, қаладағы жалақы ауылдағыға қарағанда 30% -ке жоғары болу тиіс, өйткені олардың арасындағы мұндай алшақтық миграцияны яғни жұмыс күшінің ауылдан қалаға ауысуын ынталандырады.
Осы жұмыста қарастырылған негізгі теориялық бағыттардың, өкілдердің көзқарастары мен пікірлерін келесі негіздерде қорытындылауға болады:
— Харрод пен Домар экономикалық өсуді тек бір ғана факторға – капитал қорлануға тәуелді дейді. Харродтың пікірінше табыс көлемі 1-4% дейін өскен жағдайда табыстағы жинақ үлесі де 4 есеге ұлғаяды дегенді мүлдем елестетуге болмайды, яғни капитал қорлануы табысқа тәуелсіз.
— Неокейнстіктер бойынша, экономикалық тұрақтылыққа жетуде тиімді сұраныс проблемасының маңызы зор, олардың алдындағы негізгі проблема -өткізу проблемасы, яғни егер сұраныстың қозғалуындағы өндірістік ресурстардың толық тұтынылуын қамтамасыз етсе,онда экономика динамикалық тепе-теңдік жағдайда болады. Неокейнстіктің пікірінше ұлттық табыстың өсуі капитал қорлануының функциясы болып табылады. Олар экономикалық өсудің басты факторы – инвестициялар дейді.
— Неоклассиктер өсудің көзі ретінде пайданың өсуін айтады. Кәсіпорынның толық жүктелмеуінің, жұмыссыздықтың себебі – инвестиция мен техникалық прогрестің төмен темпі, осының негізінде пайданың, техникалық жаңашылдыққа ынтаның төмендігі. Олар жалақыны көтеруге, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге шығындардың көбеюіне қарсы шығады, пайдаға салықты төмендетуді және жанама салықтарды ұлғайтуды ұсынады. Бұл теорияның монетарлық бағытының пікірінше, «ұзақ мерзімді» жоспарда ақшалардың тұрақсыздығы экономикалық өсудің тұрақсыздығына әкеледі. Ақша массасының қысқаруы экономикалық өсу темпінің баяулауына, ал көбеюі – жылдамдауына әкеледі. Осы бағыттың көрнекті өкілі Р. Солоу: «пайыз ставкасы халық санының өсу темпі мен бүкіл экономикалық өсу темпіне тең болуы тиіс»
— Өсудің жаңа теориялары, соның ішінде эндогенді өсу теориясы неоклассиктердің капиталдың кемімелі шекті өнімділігі туралы алғышартын теріске шығарады және капитал салымдарының рентабельділігіне әсер ететін сыртқы эффектілеріне көп көңіл бөледі. Экономикалық өсудің тежелуі – адам капиталына, инфрақұрылым мен НИОКР–ға инвестициялардың төмендігі. Олар даму процесінде мемлекеттің белсенді араласуын қолдайды.
Льюис өзінің екі секторлы моделінде дәстүрлі сектордан индустриалды секторға өту мақсатында қала өнеркәсібінде (индустриалды) жалақыны 30% -ке дейін көтеруді ұсынады.
Жалпы экономикалық өсу проблемаларын былайша көрсетуге болады:
— экономикалық өсу факторлары;
— қазіргі және болашақтағы тұтынудың арақатынасы және олардың өсу темпіне әсері;
— экономикалық өсу мен табыстарды бөлудің өзара әсерлесуі
— экономикалық өсудің тарихи тенденциясы
— тепе-тең (тұрақты, балансталған) өсу шарттары
Осымен, біздің міндетіміз жоғарыда аталған териялардың негізінде қазіргі кезде қоғамның әл-ауқатын көтеру мақсатында экономикалық өсуді жан-жақты қарастырып, позитивті жақтарын ескерген жөн. Әрине әрбір ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне байланысты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін басты тетіктерінің қызметін оңтайлы іске асыру оңай шаруа емес. Сондықтан да әлемдік тәжірибеге көңіл бөлу, жетістіктерге мән беру, алдағы уақытты тұрақты дамудың кепілі болып табылады.
Тағы рефераттар
- Құжат айналымын ұйымдастыру: жалпы ережелер
- Карбон қышқылдары
- Кәсіпорынның материалдық-техникалық ұйымдастырылуы курстық жұмыс
- Резиналық қоспаны екісатылы дайындау
- Аудармашылардың ауызша аударманы жүзеге асыру кезінде туындайтын қателіктерін дұрыстау әдістері