Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқаруды ұйымдастыруға әсер ететін ерекшеліктерін үш топқа бөлуге болады: салалық, өндірістік және технологиялық. Бұл ерекшеліктер ең алдымен шикізат ретінде мақта болатындығымен байланысты.

Мақта саласында ұйымдастыру-экономикалық механизмді  жүзеге асырудың бірнеше кезеңі қарастыруға болады және ол жаңа жұмыс орындарын құрудағы басқарудың барлық негізгі қызметтерін қамтиды. Әрбір кезең бірнеше кіші кезеңдерге бөлінеді және олардың әрқайсысында басқарудың бір иерархиялық деңгейіндегі нақты міндеттері қарастырылады.

Өндiрiстiк ерекшелiктерi кәсіпорында басқарушылық есепті құру оның ұйымдастырушылық және өндірістік құрылымына сүйенеді.

Ұйымдастырушылық құрылымыкәсіпорын қызметінің жекелеген түрлері арасындағы келісімділікті және бөлімшелердің негізгі міндеттері мен мақсаттарын орындаудағы жігерлерін қамтамасыз етеді.

Мақта өңдеу кәсіпорындарының ұйымдастырушылық құрылымы өндірісті басқарудың әртүрлі деңгейлерінің құрамы мен қатынасын және осы ұйымдастырудың формаларын анықтайды.

Мақта өңдеу кәсіпорыны — мақтаны дайындауды, сақтауды, тасымалдау мен өңдеуді қамтитын күрделі өндірістік механизм.

Мақта қабылдау-дайындау пункттерінде мақтаны дайындаудың технологиялық процесі бойынша  есеп және аудит жүргізу жоғарыда аталған ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі.

Қабылдау-дайындау пункттерінің өндірістік құрылымында басқарушылық есепті ұйымдастыруда жауапкершілік орталықтарына теңестірілетін келесі бөлімшелерді ерекшелеуге болады: мақтаны қабылдау аймағы, лабараториялық  кептіру — өңдеу өндірісі, мақтаны сақтау аймағы.

Олай болса жоғарыда көрсетiлген мақтаны дайындау, сақтау тасымалдау мен өңдеудiң салалық, өндiрiстiк және технологиялық ерекшелiктерi мақта өңдеу кәсiпорындарында  қаржы-ақша  басқаруға және оның есебін жүргізуге тигізетін ықпалы жоғары.

Мақта өңдеу кәсіпорындарынын тиімді қаржылық басқарудағы аса маңызды мәселе кәсіпорынның ерекшеліктері мен сыртқы шарттарға байланысты қаржы-ақша ағымдарын ұйымдастыру қызметі болып саналады.

Қаржы-ақша ағымдарның ең жақсы нысанын таңдап, соған сәйкес талдамалық қамсыздандыруын қалыптастыру үшін оның көлемін, қарқындылығын және уақытқа байланысты қалыптасу сипаттамасын нақтылап қарастыру қажет.

Дегенмен бүгінгі таңда, кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын қалыптастыру концепциясымен айналысқан экономист ғалымдар аталған мәселелерге әлі де болса толық жауап бере алмай келеді. Атап айтқанда көптеген ғалымдардың еңбектерінде сыртқы факторлар ретінде тек несие мекемелерінің қызметі мен есеп жүргізуді реттеуші нормативті актілердегі өзгерістер ғана қарастырылған [1,2,3].

Міне сондықтан да факторлардың аса толық жіктемесін өңдеу, оларға жеке дара мінездеме беру және әрбірінің, кәсіпорынның қаржы–ақша ағымының көлемі мен динамикасына әсерін қарастыру мәселесі туындап отыр.

Талдау барысында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан бірқатар мақта өңдеу кәсіпорындарына жүргізілген зерттеу нәтижесінде жинақталған теориялық мен тәжірибелі көрсеткіштерді қалыптастыру және үйрену арқылы біздің тарапымыздан кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарына ықпал ететін факторлардың жіктемесі жасалды.

Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару, ірі кәсіпорындарда кездесетін өзіндік қаржыландыру стратегиясымен тығыз байланысты. Бұл стратегияда кеңейтілген ұдайы өндіріс бойынша шығындар өзіндік қаражаттар көздері есебінен өтеледі. Бұл есепті кезеңдегі табыстардың негізгі соммасы қандай көздерден алынғаны және қандай мақсаттарда жұмсалғанын анықтауда, қаржылық шешімдерді қабылдау үшін, табыстар мен шығыстардың, пайда мен зиянның нақты бөлінуін талап етуді  білдіреді.

Мұндай түрдегі ақпаратты, ғылыми негізделген қағидалар мен тәсілдерден құрылған, ақша ағымдарын басқарудың талдамалық қамсыздандыру жүйесі ғана ұсына алады.

Мақта өңдеу кәсіпорындарның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру  және осындай басқарудың қажеттігін негіздеу арқылы, ең бастысы, мұндай басқаруды ұйымдастыруға болатындығын анықтау нәтижесінде, қаржы-ақша ағымдарын басқару мен қаржы-ақша қаражаттарын басқару әдістемесін сәйкестендірілуі қажет деп ойламаймыз. Қаржы-ақша ағымдарын басқару – бұл ақша ағымдарын басқарудың  мақсатты  параметрлері  мен негізгі  факторларына жалпы күшті шоғырландыру есебінен, ұйымды басқарудың барлық деңгейлеріндегі шешім қабылдауларды сапалық жақсартуға бағытталған  интеграцияланған үрдіс.

Қаржылық менеджмент мәселелеріне арналған ғылыми әдебиеттерде қаржы-ақша ағымдарының бөліну түрлерінің әртүрлі нұсқасы берілген. Бірақ, барлығы қабылдаған бірыңғай бөліну түрлері жоқ десе де болады.

Экономист ғалымдар тобы ұсынған бөліну түрлерінің ерекшеліктерін талдау арқылы, олардың кәсіпорынның менеджментінің жоғарылаған ақпараттық қажеттілігіне бағытталғанын көреміз. Капиталды басқару жүйесіндегі, акционерлік немесе нарықтық құндағы, кәсіпорын бизнесінің стратегиясы мен мақсатты бағыттарының өзгеруіндегі  белгілі бір мәселелердің пайда болуы оның ерекшеліктеріне байланысты зерттеуді қажет етеді. Ұсынылған бөліну түрлерінің жетістіктеріне қарамастан, олар елдегі кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибелік қызметінде кеңінен қолданылмайды.

Біздің ойымызша, жоғарыда қарастырылған бөліну түрлерінің негізгі кемшілігі, тәсілдердегі және бөліну ерекшеліктеріндегі жүйеліліктің жоқтығы болып табылады. Кәсіпорында пайда болатын барлық ақша ағымдарын, тәжірибеде әлеуетті мүмкіндігі бар, басқарудың сәйкес деңгейінің – стратегиялық, ағымдық және оперативті ерекшелігін анықтайтын, бірқатар сипатты ерекшеліктеріне байланысты бөлген дұрыс болар еді.

Қаржы-ақша ағымдарын басқарудың келесі маңызды теориялық-әдістемелік мәселесі, оның құрылымын анықтау болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде берілген ұғымның нақты анықталған тұжырымдамасы жоқ десе де болады. Басқару, талдау, менеджмент мәселелеріне арналған еңбектерде, авторлардың көп бөлігі қаржы-ақша ағымдарының осылай бөлінуін, бөліну түрлерінің ерекшелігі деп қарастырады.

Дегенмен бұл мәселелерді Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында мақта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында пайдалануды толығырақ зерттеген ғалым – экономика ғылымдарының докторы Т.Ж.Ниязов өз еңбектерінде қарастырған [4, 5, 6].

Мұнда қарама-қайшылық жоқ десе де болады. Қаржы-ақша ағымдарын басқару теориясы тұрғысынан, оларды қызмет түрлері бойынша бөлуі, бөліну түрлерінің ерекше сипаты екендігі сөзсіз, бірақ басқару тәжірибесі тұрғысынан қаржы-ақша ағымдарының осы түрлері кәсіпорын бойынша жиынтық қаржы-ақша ағымының құрылымын құрады.

Операциялық (негізгі) қызмет бойынша ақша қаражаттарының ағымы кәсіпорынның операциялық кезеңін, яғни айналым капиталының айналымын сипаттайтын көптеген ақша қаражаттарының келуі мен шығуын қамтиды. Негізгі   (операциялық,  ағымдық)    қызмет    кәсіпорынға   табыстың   негізгі соммасын келтіреді. Көптеген кәсіпорындардың операциялық қызметінің негізін өндірістік-коммерциялық немесе сауда қызметі құрайды, олар кәсіпорын жүргізетін инвестициялық және қаржылық қызметпен толықтырылады.

Бәрімізге белгілі, жалпы қаржы-ақша ағымы (операциялық қызмет бойынша да) жеке есептік-талдамалық бірлік ретінде танылмайды. Сол себепті, есептеу теориясында қаржы-ақша ағымдарының бөліну түрлері мен оны құрылымдаудың әдістемелік тәсілдері қарастырылмаған, ақша ағымдарының басқарудың мақсатты параметрлеріне әсері ескерілмеген, қаржы-ақша ағымдарының көлемі мен интенсивтілігіне әсер ететін факторлар анықталмаған, ақша ағымдарының стратегиялық және оперативті есепке алу моделі құрылмаған, ал қаржылық есеп болса, қаржы-ақша қаражаттарының кәсіпорын шотындағы және кассасындағы қозғалысымен ғана шектелген.

Жоғарыда аталған себептердің барлығы осы зерттеудің өзектіліне негіз болды – ұдайы өндіріс үрдісіндегі қаржы-ақша қаражаттарының толық айналымындағы ақша ағымдарын басқаруда талдамалық қамсыздандыруды құру.

Жиынтық ақша ағымының негізі ретінде жасалынатын қызметтер бойынша оң ақша қалдығы қарастырылады.Тек оның азаюы, уақытша төмен болуы, кассаны толтырудың қосымша көздерінен ақша тартуды талап етеді, яғни активтерді жаппай сату, бағалы қағаздарды шығару, қарыз алу. Егер де, бұл қиындық туғызса немесе мүмкін емес болса, онда өндірістік қызмет тоқтап қалады, болашақтағы ақша ағымдары азаяды, ал ол кәсіпорынның төлемқабілетсіздігі мен өтімділігіне алып келеді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті құрудың негізгі екі әдісі бар: жанама және тікелей. Олардың арасындағы айырмашылық, операциялық қызметтегі ақша ағымдарын есептеу алгоритмін пайдалануына байланысты анықталады.

Жоғарыда аталғандардың барлығы қызмет түрлері бойынша қаржы-ақша ағымдарын құрылымдаудың маңыздылығын дәлелдейді.

Бірақ, тек қызмет түрлері бойынша ақша ағымдарын құрылымдау бір себепке байланысты пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды, яғни, қандай қаржы-ақша ағымы туралы екендігі беймәлім: жалпы, таза, еркін немесе дисконтталған.

Соған орай, қаржы-ақша ағымын құрылымдауды, есептеу әдістемесі бойынша, осы ақша ағымдарының құрылымдаудың қызметінің үш түрімен толықтырған дұрыс.Сол себепті, біз кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын құрылымдауды қызмет түрлері бойынша және қаржы-ақша ағымының көлемін есептеу әдісі арқылы өткізген дұрыс деп санаймыз, соның негізінде қаржы-ақша ағымдарын басқарудың мақсатты параметрлері анықталады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда  ақша ағымдарын басқаруды ұйымдастыру мақсатында, біздің ойымызша, ақша ағымының құрылымын, басқарудың әр түрлі деңгейлері (стратегиялық, ағымдық, оперативті) үшін есептік-экономикалық категория ретінде бөлшектеген дұрыс болады, соның салдарынан жалпы, еркін, таза және жинақты дисконтталған ақша ағымдары бөлінеді.

Қаржы-ақша ағымдарының құрылымдау тәсілдері, мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқаруда, талдамалық қамсыздандыруды құруға негіз болады.

Түсімді пайдалану, бөлу процесінің алғашқы кезеңін сипаттайды. Алынған түсімнен кәсіпорын шикізатқа, материалға, отынға, электр энергиясына, еңбектің басқа да заттарын алуға, сонымен қатар кәсіпорынға көрсетілген қызметтерге кеткен шығындардың орнын жабады. Түсімді одан ары қарай бөлу  негізгі қорлардың қайта өндірісі мен материалдық емес активтерінің қайнар көзі ретіндегі амортизациялық аударымдардың құралуымен байланысты.  Түсімнің қалған бөлігі  — жалақыны төлеуге немесе кәсіпорынның пайдасын құруға, сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға, салықтарға (пайдаға салынатын салықтан басқа), басқада міндетті төлемдерді төлеуге бағытталған қайтадан құрылған құн.

Өнім екі формада болады: натуралды-заттай және құндық. Тауар-ақша қатынасы жағдайында қосымша өнімнің құны ақшалай формада өткізіледі және жеке қаржы категориясы болатын ақшалай жинаққа айналады.

Өткізуден түскен түсім қаражаттар айналымының аяқталғанын сипаттайды. Түсім түскенге дейін өндіріс және айналыс шығындары айналым қаражаттарының құралуының қайнар көздері есебінен қаржыландырылады. Қызметке салынған  қаражаттардың — шығындардың орнын толтыру мен қаржыландырудың меншікті қайнар көздерін құру: амортизациялық аударулар мен пайда — айналым нәтижесі болып саналады.

Осыған байланысты «Мырзакент» АҚ ның ақшалай қорларының қозғалысы туралы мәліметтерді талдауда мынадай нәтижелерді атап айтуға болады. Мысалы, негізгі  қызметтен дайын өнімдерді сатудан түскен түсім көлемі 2005-2009 жылдар аралығында 1692322 мың теңгеден 8858747 мың теңгеге дейін өсіп отырған, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 2294023 мың теңгеге төмендеген. Міндеттемелер бойынша берешек салыстырылып отырған жылдар аралығында  5198605  мың теңге көлемінде, банк қарыздары бойынша 6785559 мың теңгеге артқан. Инвестициялар көлемі 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 4219020 мың теңге көлемінде қысқарған.

Қаржы-ақша ағынын уақыт аралығында бөлуді есепке алу үшін есептеу коэффициентін анықтау тәсілін жетілдіру қажет, яғни  нақты ақшаның барлық ағынын уақыттың  бастапқы  кезеңіне келтіру керек. Бірақ та осындай әдісте есептеу коэффициенті тәсілі инвестициялық бағдарлама тиімділігін бағалау үшін бірінші жақындауға әкеліп соғады.

Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқару тиімділігін бағалаудың тәсілдерін тәжірибеде қолдану нақты кәсіпорын қызметінің ерекше мінездемелерін талдауды және оның қаржы ресурстарын ұйымдастырудың қаржы және ұйымдастыру-құқықтық ерекшеліктерін есепке алуды талап етеді.

Қаржы-ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін талдаудың ұсынылған тәсілдері соңғы нәтижеге әсер ететін мүмкін факторларды «қамтитын», «синтетикалық» көрсеткіштердің есебіне негізделеді, ал қаржы менеджменттің тиімділігі кәсіпорынның қаржы ресурстарының шамасы мен құрылымына әсер ету арқылы бағаланатын көрсеткіш – бұл қаржы-ақша ағымы болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Нидзл Б. Принципы бухгалтерского учета / Нидзл Б., Андерсен X. — М.: Финансы и статистика, 2005. — 125 с.
  2. Шеремет А.Д. Комплексный экономический анализ деятельности предприятия: Учебник. — М.: Экономика, 2005. — 360 с.
  3. Палий В.Ф., Палий В.В. Финансовый учет: Учебник. — М.: Финансы и статистика, 2004. — 342 с.
  4. Ниязов Т.Ж. Мақта тазарту кәсіпорындарындағы аудитті ұйымдастырудың концептуалды негіздері.// Ізденістер, нәтижелер . – Алматы, 2009 — № 4. 179-181 б.
  5. www.Kaz-referatik.ru сайты
  6. Ниязов Т.Ж. Кәсіпорындардың қаржылық айналымын жақсарту жолдарын жетілдіру мәселелері.//«ҚЭУ хабаршысы».- Қарағанды, 2009. —  №4(15).  53-56 б.
  7. Ниязов Т.Ж. Кәсіпорындардағы ақша ағымдарын талдау мәселелері және оны   жетілдіру.//«КазЭУ хабаршысы». -Алматы, 2010.- №3. 104-108 б.

Тағы рефераттар