Қазақ елі тарихында Сырым Малайсары Тоқтауылұлы атақты батыр, елші, мәлімгер, тархан, қоғам қайраткері, дәулетті бай Бәсетиін руының басшысы «старшыны», қол бастаған қолбасшы ретінде танылған тұлға болып танылады. Ол туралы сақталған деректер көзі әр-алуан.
Малайсары батыр туралы деректерді алғаш рет Шоқан жазбаларынан кездестіреміз. Шоқан берген баға бойынша Малайсары батырдың тарихтағы орыны Қаз дауысты Қазыбек, уақ Деріпсал, Баян батыр денгейінде:
«Малайсарының түр келбеті ақсақалдардың айтуынша, батыр ұрпақтарының ата-бабаларынан естіген деректері бойынша-кең иықты, ұзын бойлы, алқымды, шекелі, мұрынды болыпты» — деп сипаттайды Жеңіс Марданов.
Шоқан еңбегінде Абылайханның Малайсарыға берген бағалауы келтіріледі. «Ал өз батырларымыздың ішінде байлығы мен батырлығы, мінезі жөнінде Малайсары, ақылы мен өжеттігінен Уақ Баян батыр бәрінен жоғары тұр». [5, б.75]
Сол замандағы қазақ жырауларының батырды «Абылайды сан қалмақ қамап жатыр, туыңды алып шаба гөр Малайсары» деп дәріптеуінде де терең сыр жатыр. Иісі қазақтың тоқсан жақсысын бастап барып Қазыбек би мен Малайсары тарханның Абылайды Қалдан Серен қолынан аман –есен босатып алып келгенін бүгінгі күні кім білмейді?! XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының тағдыры Абылайға байланысты болса, Абалайдың Абылай болуына Малайсарының еңбегі күшті.
Мәшһүр Жүсіп Малайсары батырға қатысты қызықты әнгімелерді қазақ батырларына, оның ішінде Олжабайға арналған аңыздар топтамасында келтіреді. Шежірешінің айтуына қарағанда «Орта жүз Арғын Сырым Малайсары батырдың әкесі Тоқтауыл батыр заманыңда батыр атанған кісі екен». Тоқтауыл батырдың ауылы бір қопалы көлге қонып, оттасын, жайылсын деп бұйдасын түріп бос жіберген түйелері қопаның ну қамысына шөгіп, бет-бетімен аралап кіріп кетіпті. Не екенін білмейді, бір нәрсе түйелерді лақтырып, «оп, оп» деген дауыс естіген соң, дәуде болса, бұл жолбарыс шығар деп жұрт ду көтеріле шапқанда Малайсары шұбар тай мініп олай — былай шапқылап жүрген бала. Жұрттан бұрын абайсызда жолбарысқа барып қалғанда жолбарыс шұбар тайдың құйрығынан алып «оп» деп аспанға атқанда бала тайымен бірге кетіпті. Жолбарыстың үстінде мойнынан құшақтап, ұйқы — тұйқы болып жүргеннің үстіне Тоқтауыл батыр барып қалып, жолбарысты жарып, баласын аман айырып алыпты.
Қаһарманның әлеуметтік жағдайы жағынан дәулетті болғаны, әрі «орыс» партиясына қарсы «қалмақ» бағытын ұстанғаны Кеңес өкіметі идеологиясы тарапына сынға алынып, Малайсарыны зерттеу ісіне тыйым салынды.
Батырдың ұрпақтары саяси қудалауға ұшырап, Малайсарының сауыты т.т. заттары ел арасына таратылып кетілді. Ал кейінгі В.А. Моисеев, Р.Б. Сүлейменов зерттеулерінде көбінесе оның қоғамдық саяси көзқарас бағыты ғана басым қарастырылады.
Ата-тегі: Бәсентиін-Сырым-Жабық-Досым-Тоқтауыл-Малайсары.
Ал Мәшһүр шежіресінде сәл өзгеше таратылады: Бәсетиін-Сырым-Жабық-Самай-Досым-Тоқтауыл-Малайсары.
Қаһарманның ХVІІІ ғғ. қазақ қоғамында ұстанған саяси бағытына, тарихи өміріне назар аударайық:
«ХVІІІ ғ. бірінші жартысында халық арасында Абылайдың алғашқы жақтастарының бірі болған Малайсарының беделі өсті… Абылай манына әр- түрлі партиялар топтасты. Солардың арасында азаттық партиясын Малайсары басқарды», — деген мәлімет Шоқан жазбасында келтірілген. В.А. Моисеев пікірінше ХVІІІ ғ. 40 жылдары Қалдан Серен саясатынан туындаған «қалмақ» бағытын жақтаушылар тобының партиясын Малайсары бастаған.
Тарихта Абылайдың тұтқынға түсіп, 1741-1742 жылы жүргізілген келіссөздер барысында босатылғаны белгілі. Ауыз әдебиет үлгілерінде бұл оқиға әр-түрлі айтылады. Бұхар Жыраудың:
Абылайдың мінгені ыңғай сары,
Айғайласып келгенде жердің тары,
Абылайды сан қалмақ қамап жатыр.
Туынды ал шаба көр, Малайсары, — деп батырды көмекке шақырған сөзі. 1741 жылы Абылайдың шағын жасағымен қоршалып тұтқындалған оқиғасын меңзейді.
1741 – 1742 жж. Абылайды тұтқыннан қайтару жөнінде жүргізілген келіссөздер барысында қалмақ жағын жақтағаны үшін, Қалдан-Серен Малайсарыға 1743 жылы тархан атағын берді. «Тархан» атағы көнеден келе жатқан лауазым, дәреже, бұл атақтың иелері алым — салықтан босатылады, анау-мынау ұсақ қылмыс бойынша тек хан алдында ғана жауап береді. Көне түркілік «тархан» дәрежесі XVIII ғасырда Жоңғария мемлекетінде барынша көрініс табады.
Шоқан Уалиханов Малайсарыға қатысты Абылай тарапынан берілген жоғары бағаларды сүйсіне отырып жазады. Бір басында ерілігі де, мырзалығы да, терең ойлы кемеңгерлігі де жарасып тұратын Малайсарыны қалай мақтасаң да сиымды.
Тағы бір әңгіме Қаракерей Кабанбай батырдың жары болыпты делінетін Малайсары батырдың қарындасы Гауһар туралы. Өлкетанушылардың айтуына қарағанда Гауһар батыр ағасы сияқты батыр екен, «Калмаққырғанның сыртындағы тауға Гауһар батыр қарауылға шығады екен». Бұл бұрыннан бері ақсақалдардың аузында жүрген дерек болса керек.
Малайсарының ұлы Тілеуқабыл да әрі бай, әрі батыр болыпты. Бірақ көпке дейін ер баласы болмай құдайға жалбыранып: «мына қалың жылқыға ие бере көр?» деп сұрайды екен. Ақыры мұқтажы орындалып, дүниеге келген ер баланың атын «Бісміллә» қойған екен. Бұл ауызша деректер де «Қазақ халқының каһармандары» кітабына Жеңіс Тілеукеұлы енгізген ел аузынан жиналған дүние.
«Үш жүздің батырларының ішінен қайсысын ерекше құрметтейсіз?» деп сұрағанда Абылай: « Мен өзіммен бұрын болған екі кісіге таңданамын, ол Қаракесек Қазыбек пен уақ Дербісәлі.
Бұл екеуі де жау қолындағы тұтқындарды босатып алды. Қазыбек Қалданға барып өтініп, 90 туысын босатты, ал Дербісәлі ауылында отырып, қорқытып босатып алды.
Өз батырларымның ішінде Бәсентиін Малайсары мен Уақ Баян батыр бәрінен де жоғары тұр.
Ертіс пен Сырдың бойын еркін жайлаған бәсентиін-сырым елінің қалың ортасында, Тоқтауыл батырдың шаңырағында дүниеге келген.
Малайсарының маңдайына жас кезінен ақ ерлік- азаматтық істер жазылғанын айтпасақ та болады. Ол 1754 жылы Алтын Емел тауының баурайында, қазір Малайсары аталған үлкен — алып жотаның, үстінде қайтыс болды.
Қаратал өзені екі ғасыр қалмақ қонтәжілерінің ордасы /ұрға/ болған үлкен саяси орталық. Қалдан Серен заманында көтерілген құрылыстардың орыны бұл жерден әлі де көрінеді. Онымен қатарлас Алтын Емел жотасы.Алтын Емел атанатын жерлердің билікке тікелей қатысы бар. Қазақшаға аударғанда «алтын ердің қасы, немесе ердің алтын қасы» деген ұғымды білдіреді. Осы Алтын Емел тауының бір сілемінде Малайсары батыр оққа ұшты. Сол заманнан бері бұл жота Малайсары атанады: биіктігі 1446 м, батыстан шығысқа қарай 100 шақырым созылып жатыр, ені 10-20 шақырым. Жоңғар Алатауының басталатын тұсы да осы жер.
Абылай хан еш уақытта жорыққа Сырым Малайсарысыз, Тарақты Байғозысыз, Уақ Баянсыз, Балта керей Тұрсынбайсыз аттанбайды екен. Бірде Малайсары қалмаққа тұтқынға түсіп, қонтажы екеуі өзара сыйласып, ақ мылтықтың аузын жаласып, соғыспауға анттасады. Бірақ Абылай болмай жорыққа ертіп кетеді. Қорғанды барлауға шыққан кезеушілерге қалмақ мергендері оқ атып, Малайсары белінен қатты жараланады. Ұрыс даласынан алып шығып, қосқа әкеліп қарайды. Абылай көріп, ішегін жыртатын сүр ет бермеуін қадағалауды тапсырып кетеді. Бақыршысына бармай ала қоржын түбіндегі қазының ортасын жеп қалып, батыр көз жұмады.
Малайсарының анттасқаның алдыға тартып, жорыққа шығудан бас тартуы арқылы оның тарихта қалмақтарды жақтағаның аңғару Абылай көріп, ішегін жыртатын сүр ет бермеуін қадағалауды тапсырып кетеді. Бақыршысына бармай ала қоржын түбіндегі қазының ортасын жеп қалып, батыр көз жұмады.
Малайсарының анттасқаның алдыға тартып, жорыққа шығудан бас тартуы арқылы оның тарихта қалмақтарды жақтағаның аңғаруға болады. Жазба деректерде Малайсарының жоңғарларға тұтқын болғаны туралы дерек жоқ. Тек аманат ретінде Әбілфейіз сұлтанмен бірге Жонғарияда 1743 ж. аманатта болғаны, қалмақтарға қарсы бір жорықта қаза тапқаны мәлім. [4, б.93]
Тағы рефераттар
- АҚШ-ТЫҢ АУҒАНЫСТАН ЖӘНЕ ИРАКПЕН СОҒЫСТАРЫ
- Тұтыну ссудасы
- Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау
- 1917-1930 жж. кеңес өкіметінің музей ісіне арналған іс-әрекеттері
- Мәліметтердің үш негізгі модельдері