Ұлан байтақ кеңістікте XIII ғасырдың басында орнаған. Алтын Орда мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арақатынасы мен оның тарихи атауларына байланысты қазіргі заман ғылыми айналымына енген түрлі пікірлер бар. Орта ғасыр араб саяхатшы-географтарының шығармаларында Еуразия даласы әр кезеңде түрлі атауларға ие болған. Негізінен, ол мұсылман әлемінің шығыс және солтүстік жағынан түйісіп жатқан даланы мекендеген көшпенділердің ішінде әскери жағынан күш қуаты мықты, саяси беделі мен билігі артып тұрған тайпаның атымен белгілі болып, бұл атау сол өңірді мекен еткен көшпелі халықтардың бәріне ортақ деп есептеген. X ғасырда Арал өңірін араб географтары «Муфазат әл-ғузз», яғни «Оғыздар даласы» деп атаса, ал XI ғасырда қимақ-қыпшақ одағы тарапынан оғыздар Батысқа қарай ығыстырылып, бүл жерлер парсы жазба дерек көздерінде «Дешт-и Кипчак», ал араб деректерінде «Сахра әл-Қибчақ» (Қыпшақ даласы), деп атала бастайды. Орта ғасыр араб жазба дерек көздерінде парсы варианты кеңірек қолданыс тапқан. Алғашқы кезде, Қыпшақ даласы деген ұғым IX және X ғасырдың басында қимақ және қыпшақ этникалық және мемлекеттік ортақтастығы қүрылған Солтүстік Алтай және қазіргі Шығыс Қазақстанның аумақтарын қамтыды. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткен соң, оғыздардың ығыстырылуына байланысты бұл жерлер парсы авторлары Насири Хусрау және Әл-Марвазидің (XI ғ.) шығармаларында жаңа атауға ие бола бастайды.
Русьтің шекараларына көшпенділердің жаңа толқындары туралы алғашқы деректер XI ғ. басына жатады. Бұл заманның жазба дерек көздерінің қатарына Лаврентьевтің жылнамаларын (1054 ж.) жатқызуға болады. [5. 16 бет].
Қыпшақтар Еділден асып, Дунай мен Днепрге дейін өздерінің иеліктерін кеңейтуінің нәтижесінде кейінгі орыс жыл-намаларында Ұлы дала «Половецкое поле» деген атаумен енсе, ал араб және парсы жазба деректерінде «Дешт-и Кипчак», немесе сирегірек қолданылған «Сахра әл-Кибшақ» атауларымен кеңінен танымал болады. XIII ғасырдың басында Қыпшақ даласы моңғолдар тарапынан жауланып, онда Алтын Орда мемлекеті құрылғаны тарихта белгілі. Осы уақыттан бастап, Дешті-Қыпшақ атауының тарихи-этникалық, жағрафиялық ұғымға айналуына қарамастан, мамлүк кезеңінің араб жазба деректерінде бұл атау Алтын Орда мемлекетінің синонимі ретінде қатар кеңінен пайдаланылып, ол — «Билад әл-Қибшақ», немесе «Мамлакат әл-Қибшақ», яғни «Қыпшақ елі», немесе «Қыпшақ мемлекеті» деп, ал оның хандары «Алтын Орда ханы» атаумен қоса «Қыпшак ханы», «Дешті ханы» деген атаулары қатар қолданыста жүрді.
Сондықтан, араб жазба деректеріне негізделген зерттеуімізде Алтын Орда және Дешті-Қыпшақ атаулары тең ұғымға ие болып, кейінгісінің жағрафиялық және этникалық мағыналары алдыңғысына қарағанда анағұрлым сыйымды, әрі ауқымды болуы себепті, Дешті-Қыпшақ түрінде пайдаландық.
Сұлтан Байбарыстың 1260 жылы билікке келуіне байланысты Мамлүк мемлекетінің сыртқы саясатында басқа елдермен қарым-қатынасында жаңа бағыттар орын алды. Олардың ішін-де, 1261 жылы Дешті-Қыпшақпен орнатқан эскери-саяси жэне дипломатиялық байланыстарының екі мемлекет үшін де тарихи жэне саяси орны мен рөлі ерекше үлкен мәнге ие болды.
Тақырыпты зерттеген араб тарихшыларының Дешті-Қыпшақ хандарының ішінде ерек-ше ілтипатқа ілінгендерінің ішінде Берке-хан мен Өзбек-ханды айрықша атауға тұрарлық. Ол түсінікті де. Өйткені, аталғаи екі ханның билігі кезінде екі мемлекет арасындағы байланыстар өзінің шырқау биігіне жетіп, өзара саяси кұдаласумен бекітілгені мәлім.
Екі мемлекет арасындағы байланыстардың орнап дамуына ыкпал еткен негізгі себептерді қарастырсақ, олардың біріншісі ол — әлемдік маңызы бар тарихи оқиғаларға толы XIII ғ., яғни саяси оқиғалардың тарихи алғышарттарының факторы ретінде Шыңғыс-хан империясының құрылуы мен күшеюі, кейінгі уақытта Жошы Ұлысы, яғни Алтын Орда мен Құлағу Ұлысының (Ирандағы Елхан мемлекеті) тарихи сахнага шығуы және соңғысының Таяу Шығыстағы араб-мұсылман әлеміне жасаған жорығы — Мысыр Мамлүк мемлекетінің сыртқы саясатындағы шешуші алғышарттың бірі болғаны анық. Екіншісі — Мысыр мен Шам еліне билігін жайған Айубилер әулеті мүшелерінің арасында өзара келіспеушілік пен қарама-қайшылықтардың шиеленісуінің нәтижесінде бүл өңірдегі әскердің саны түркі мамл үктерінің есебінен күрт көбейтіліп, XIII ғ. ортасына қарай Таяу Шығысқа Батыс Еуропа тарапынан кресшілердің жорықтары мен Шығыстан моңғол жаулаушылығына қарсы тойтарыс бере алатын бірден-бір әскери күшке айналуының нәтижесінде олардың әскери билікпен қоса, саяси билікті өз қолдарына алуына негізгі алғышарттары жасалды.
Ең алдымен Мысыр мен Дешті-Қыпшақ арасында достық қарым-қатынасқа деген ниет алғаш рет XIII ғасырдың 60-шы жылдарының басында Мысыр тарапынан білдіріліп, ол XIV ғасырдың аяғына дейін Мысырдың сыртқы саясатындағы Елхан мемлекетінің мәмлүк иелігіндегі аумақтарға бағытталған шабуылдарына тосқауыл қою үшін қажеттіліктен туып, Берке-ханның (1256-1266) ислам дінін қабылдауы Мысырдың алдына қойған мақсатына жетуін едэуір жеңілдеткен, мүмкін шешуші рөл атқарған фактор болуы да ықтимал.
Араб және мысыр зерттеушілерінің басым көбі қолдайтын, діни фактор да бүл мэселеде негізгілердің бірі болғанын мойындау керек. Бұл кезенді зерттеген кезде, жүзеге асырылатын кез келген саясат пен іс-әрекеттерді идеологиялық жағынан негіздеу және нығыздау үшін діннің рөлі өте күшті болғанын естен шығармаған жөн. Бастапқы кезде, өздеріне қауіп төндіріп тұрған Ирандағы моңғолдарға қарсы Алтын Орданы айдап салуда мамлүк сұлтандарының қолында «кэпірлерге қарсы қасиетті соғысқа шығу» үшін «Джихадқа» шақыру сияқты күшті идеологиялық қару болды. Алайда, арада 40 жыл өткен соң, XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында Ирандағы Елхандар да исламды қабылдауына байланысты ол идеологиялық қару болудан қалады. Бұл жағдайды пайдаланып кейбір зерттеушілер екі мемлекеттің, яғни Мысырдың Дешті-Қыпшақпен жақындасуындағы діни фактордың рөлін кемітуге тырысады. Жоғарыда айтқандай, кейін-гі саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты Иранға қарсы кейінгі соғыстарда діни фактор бірінші қатардан кетуіне қарамастан, бастапқы кезеңде ең басты болмаса да, негізгі себептердің бірі болғанын ескеру қажет.
Дешті-Қыпшақ ханы Берке-хан Жошы-ханның ұлы болғандықтан өзін әулеттегі үлкені есептеп, моңғол заңы бойынша Құлағудан өзіне бағынышты болуы мен құрмет көрсетуін талап етеді.
Шыңғыс-ханның заңы бойынша, еншілікке берілген жерлер толығымен оның иесінің құзырында болуына қарамастан, империя басындағы Ұлы ханға бағынышты болуы тиіс еді. Бастапқы кезде солай болады. Алайда, Шыңғыс-ханның империясы бірнеше дербес мемлекеттерге ыдырауы себепті мұндай жағдай ұзаққа созылмады.
Алтын Орда мемлекетінің негізін салған Бату-ханның кезінде Төле-хан екеуінің арасында ағайындық пен достық қарым-қатынас сақталып тұрған, жэне де Ұлы Моңғол империясының ішкі саясатында 1251 жылы Меңгуді Қара-Қорымда Ұлы хан тағына отырғызарда бәрі ауыз-бірлікте болғандығын көруге болады.
Тағы рефераттар
- Жүйенің инфологиялық моделі
- Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары
- Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері курстық жұмыс
- Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
- Қаржылық жай-күйдің мәні мен оны талдау міндеттері