Маркетингтік жоспарлар туралы қазақша реферат
Маркетингтік жоспарларды дайындамастан бұрын, нарықтағы жағдайларды анықтау қажет. Тұтыныс нарығында адам өзі тұтынатын тауарларды және қызметтерді сатып алады. Бұл нарық мұсылман-тұтынушылар субнарығы, кәмелетке жеткен жас тұтынушылар субнарығы, не кексе адамдар субнарығы сияқты көптеген субнарықтардан құралады.
Сатып алушының мінез-құлқына төрт негізгі факторлар топтары ықпалдарын тигізеді: мәдениет деңгейлі факторлар, әлеуметтік тәртіптегі факторлар, жеке адамдық тәртіптегі факторлар және психологиялық тәртіптегі факторлар. Олардың бәрі сатып алушыны қалай қамту және оған қалай қызмет атқару туралы түсінік береді.
Фирма өз маркетингісін жоспарлауды бастар алдында өзінің мақсатты нарықтарын анықтап және олардың сатып алу туралы шешім қабылдау процесінің қалай өтетінін анықтауы қажет. Нарық қайраткерлерінің міндеті сатып алу процесіне қатысушыларды түсіну және сатып алу мінез-құлқына негізгі факторлардың ықпалын ұғыну болып саналады. Нарық қайраткерінің осылай түсінуі өзінің мақсатты нарқына маңызды және тиімді маркетинг бағдарламасын дайындауға мүмкіншілік береді.
Тұтыныс нарықтары және тұтынушылардың сатып алу мінез-құлқы кезеңінде ең маңызды роль атқарады.
Курстық жұмысты жазу барысында
- Тұтынушылардың мінез-құлық үлгісі, оның құрамдастары, сонымен қатар, олардың түрлері, қажеттіліктері
- Тұтынушылардың тауарды сатып алуға итермелеуші факторларды және тұтынушының жауап қайтару реакциясы
- Қ.Р- дағы тұтынушылардың мінез-құлқының қалыптасу үдерісі
және т.б. мәселелері қарастырылған.
Сонымен әрбір кәсіпорын үшін тұтынушылардың мінез-құлқын білуге тиімді болып келетіні сөзсіз.
Сондықтан әрбір кәсіпорын өзінің тұтунышыларын бетке білуі керек. Кәсіпорын үшін тұтынушыларын, олардың мінез-құлқын білуде:
- Тауар бар және болашақ нарық талаптарын қанағаттандыратын өндіріс стратегиясы мен тактикасын құруға
- Сұранысқа әсер ету, маркетинг іскерлігіне және тауар жасауға кететін шығындардың тиімділігін арттыру, бар және болашақ сұранысты табу, бәсекелестерден артықшылық есебінен қызметтерді сатудың пайдасы мен рентабельділігін өсіруді қамтамассыз ету
- Тауар немесе қызмет рыногын оқу, салттық, жаңа тауарлар немесе қызметтерінің тұтынушыларын анықтау, бар және болашақ дамуға ұсыныстар, сауда орындарын аймақтық орналастыру бойынша
- Барлық тауарлар түріне бар және болашақ сұранысты қанағаттандыру бойынша кәсіпорын маркетингтік, өндірістік мүмкіндіктерін анықтап, рынок мұқтаждығын толық қанағаттандыру және пайданы өсіру мақсаттарында кәсіпорынның инвестициялық саясаты бойынша ұсыныстарды
- Кәсіпорынның жарнамалық және баспалық іскерлігін ұйымдастырып, байлныс кәсіпорынның жұмыс тиімділігін көтеруге
- Сыртқы ортаны үнемі бақылай отырып, стратегияны жүзеге асыруды ұйымдастырады және оған бақылау жүргізуге және т.б мәселелерді шешуге көмектеседі.
Сондықтан әрбір кәсіпорын өз тұтынушыларын білу үшін маркетингтік зерттеу жүргізіп, тұтынушыларын, олардың мінез-құлқын анықтау керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Есімжанова С.Р. Маркетинг.Оқу құралы. Алматы Экономика 2003
2. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығаратын жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан. — 1999. 2 тамыз.
3. Эванс Дж., Берман Б. Маркетинг: Сокр.пер. с англ. – М.: Экономика, 1993ж.
4. Багиев Г.Л. и др. Маркетинг: Учебник для вузов / Г.Л. Багиев, В.М. Тарасевия, X. Анн; Под общ. ред. Г.Л. Багиева. — М.: ОАО «Изд-во Экономика», 1999.
5. М. Мак –Дональд. Стратегическое планирование маркетинга. – СПб: Питер, 2000ж.
6. Голубков Е. П. Основы маркетинга. — М.: Издательство «Финпресс», 1999.
7.Сатыбалдыұлы С. Маркетинг – нарықтану. Алматы: «Білім», 1999ж.
8.Котлер Ф. Маркетинг негіздері. Ағылш. ауд. М.Т. Ізбасаров Алматы, Жазушы, 2000.
Котлер Ф. Маркетинг менеджмент — СПб: Питер Ком, 1999.
Маркетинг: Учебное пособие /Под ред. Н.К. Мамырова. — Алматы: Экономика, 1999.
Нысанбаев С.Н, Садыханова Г.А., Маркетинг негіздері, А.: Қазақ университеті, 2002
Тағы рефераттар
- Жарнама
- Тілдік теорияны үйрету үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің дамыту жағдайлары
- Айдың және планеталардың серіктерінің қозғалысы. Тұтылулар. Планеталардың серіктері және Ай
- Қазақстан Республикасының бюджет кодекiсiне шолу
- Қаржының атқаратын қызметі