Материалдық жағынан қамтамасыз етуді жоспарлау туралы қазақша реферат
Жоспарлау және оперативтік реттеу жабдықтау жоспарларының жүйелі түрде анықталып отыратынына байланысты және мұнда іс жүзінде пайда болатын нақты жағдайлар ескеріледі. Материалдық-техникалық базаларды жоспарлауды және реттеуді неғұрлым тығыз байланыстыру үшін көптеген кәсіпорындарда үздіксіз оперативті-күнтізбелік жоспарлау жүйесі қолданылады.
Өндірісті қамтамасыз етудің бөлек алдын ала және оперативті баланстары жасалатын жоспарлаудың дискреттік әдісінен айырмашылығы, бұл жүйе жабдықтауды басқару процессінің барлық элементтерін үздіксіз байланыстыра алады: материалдық ресурстарға қажеттілікті анықтау, оларды бөлу, қорларды сатуға және материалдардың шығындалуына т.б. бақылау жасау.
Сонымен, нақты өндіргіш жағдай ескеріліп, өнімдерді сырттан әкелу жоспарларын үздіксіз анықтау, запастардың мөлшерін анықтау жүзеге асады, бұл жабдықтаудағы ол қылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Материалдық-техникалық жабдықтаудың үздіксіз жоспарлау процессі айлық (тоқсандық) өндіру бағдарламасын орындауға қажетті материалдардың, ауыспалы запастарды жасауға керекті, аяқталмаған өндірісті толтыруға қажетті материалдардың ерекше сұраныстағы есебін қарастырады; кәсіпорынға сырттан әкелінетін материалдардың жоспарын жасауды, материалдық ресурстарға бөлінген қаржы қорларының жүзеге асуын есепке алуды қарастырады.
Цехтарды материалдармен жабдықтауды жоспарлау және реттеу.
Материалдық-техникалық жабдықтауды оперативті-үздіксіз жоспарлаудың негзгі формасы мен әдісі болып материалдардың (жинақтаушы бұйымдардың) бәсекелестік атаулары жөніндегі карта-баланс есептеледі.
Карта-балансқа материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлауға қажетті бастапқы мәліметтер ғана кірмейді, сонымен бірге олардың тоқсандар және айлар бойынша жасалған жоспарлары бар бүкіл жыл бойындағы өзгерістері кіреді. Онда барлық негізгі жоспарлар мен есептік көрсеткіштер шоғырландырылған, бұл жұмыскерлерді жабдықтау қызметінен босатады, өндірісті жабықтаудың бір немесе бірнеше мәселелерін шешкен кезде сансыз көп нормативтерді, жоспарлы және есептік құжаттарды үнемі атқара бермеу қажеттілігенен босатады.
Ресурстарға мұқтаждық:
— Тәуліктік шығын нормасы;
— бағдарламаға мұқтаждық;
— аяқталмаған өндіріс: а) норматив, б) мерзім басындағы қалдық;
— Жыл басындағы қоймалардағы қалдық, жолдағы жүктерді қоса есептегенде;
— Қоймадағы ауыспалы запастардың нормативі;
— Айдық басындағы қоймадағы есептелген қалдық;
— Бөлуге арналған көлем;
— Берілген спецификацияда бөлу үшін қарастырылған.
Ресурстар:
— Сонымен керекті ресурстар;
-Нақты іс жүзіндегі ресурстар;
Ресурстардың өзгеруі:
-Нақты бөлу қағазы бойынша;
-Шеткері босатылатыны;
-Жөндеу-эксплуатациялық мұқтаждыққа босатылатыны;
-Ақаулы және жоғалатын;
— Бекітілген жоспармен салыстырғандағы өндірістік бағдарламалардың нақты орындалу қозғалысының көлемдік номенклатуралары;
— материалдарды айырбастау;
— Ресурстардың басқадай өзгерістері;
Қаржы қорларын игеру:;
— Тапсырыс немесе келісім-шарт бойынша алынады деп қарастырылған;
— Нақты іс жүзіндегі түсірілген жүк;
— Жыл басынан бері игерілген қаржы қорларының нәтижесі;
— Материалдарды қоймадан босатуға белгіленген шек (лимит);
Лимиттің өзгеруі:
— Аяқталмаған өндірісті толықтыруға;
— Жоспарды артығымен орындауға;
— Ақаулардың орнын жабуға;
— Өзге де өзгерістер;
— Өзгерістер ескерілген лимит;
— Қоймадан нақты берілгені;
— Лимитті пайдалануды орындаудың нәтижесі (өскен нәтижесімен);
— Айдың басындағы қоймадағы нақты қалдық.
Өндірісті материалдармен қамтамасыз ету есебі тәулік-позициялармен жүргізіледі. Бұл кәсіпорынның аталған материалмен қандай мерзімге дейін қамтамасыз етілгенін, қанша және қандай уақытқа дейін әкелу қажет екенін дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Баланстарды толтырудың бірыңғай методологиясы өндірісті материалдармен қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселелер шешімін жасауға, жоспарлау әдісінде бірінғай құрылуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Барлық бөлімдірден топтастырылған картаның көрсеткіштері.
Бірінші бөлім өндірістік бағдарламаны орындауға қажетті материалдық ресурстар мұқтаждығының көрсеткіштерінен, қоймадағы ауыспалы запастарды жасауға қажетті және аяқталмаған өндірісті толықтыруға қажетті материалдық ресурстар мұқтаждығының көрсеткіштерінен тұрады. Онда материалдардың нақты іс жүзіндегі қалдығы және жинақтаушы бұйымдардың әр айдың бірінші күніне қалған, сондай-ақ аяқталмаған өндірістің жыл басына қалған қалдықтары туралы мәлеметтер бар (тиісті материалдарға аударыла отырып). Бұл бөлімде нақты іс жүзіндегі наряд бойынша бөлінген материалдық ресурстар туралы мәліметтер ескрілген (1-8 жолдар).
Картаның екінші бөлімінде материалдық ресурстармен қамтамасыз етілудің нақты іс жүзіндегі көрсеткіштері бар (9-10 жолдар), бұл көрсеткіштердің үздіксіз жасалған есебі өндірістік бағдарламаның таяуырағы перспективада (ағымдағы тоқсан, жартыжылдық) қалай қамтамасыз етілгенін күнделікті көріп, біліп отыруға мүмкіндік береді.
Үшінші бөлім — өндіріс жоспарлары мен жабдықтау жоспарларын орындау процессінде пайда болған ресурстар мұқтаждығының өзгерісі (11-17 жолдар).
Төртінші бөлім – наряд бойынша бөлінген қаржы қорларын игеру барысы (18-20 жолдар).
Бесінші бөлім – зауытқа түскен материалдық ресурстарды пайдалану, цехтарға берілген лимиттерді өзгерту, қоймадан нақты қағаз жүзінде алынған материалдар мен жинақтаушы бұйымдар (21-28 жолдар).
Алтыншы бөлім – айдың басында қоймаларда қалған материалдар мен жинақтаушы бұйымдардың нақты қағаз жүзіндегі қалдығы (29 жол).
Жетінші бөлім (артқы беті) – материалдардың зауытқа түсуін ескереді; олардың басқа жаққа босатылуын жөндеу-эксплуатациялық мұқтаждыққа, стандартты емес жабдықтарды жасауға босатылуын және т.б. ескереді, және ең соңында негізгі өндірістің қамтамасыз етілуін ескереді. Бұл бөлімнің мәліметтері қойма есебінің негізінде толтырылады.
Өндірістің тәулік – позицияларда қалай қамтамасыз етілгенін анықтау үшін (карта баланстың артқы теріс беті), зауытқа түскен материалдардың мөлшері орташа тәуліктік мұқтаджыққа бөлінеді. Мысалы, 15-ші наурыздағы жағдай бойынша, зауыт (жыл басынан бастап) 18 ХГТ маркалы 60 щеңбермен 80 тәулікке қамтамасыз етілген (10-бағана); 15-ші наурызда бұл профильден 26 т. түсті. Орта тәулікітік мұқтаждық 2 т. болғанда, өндіріс тағы 13 тәулікке қамтамасыз етілетін болады және бұл профильмен қамтамасыз етілу 93 тәулікті құрайды (3-ші сәуірге дейін).
Осылайша материалдарды жөндеу-эксплуатациялық мұқтаждыққа, басқа жаққа және тағы басқа босатқан жағдайда негізгі өндірістің қамтамасыз етілуінің азаю шамасы анықталады.
Жабдықтаудағы үздіксіз оперативтік-күнтізбелік жоспарлау жүйесінің маңызды элементі болып, өндірістік бағдарламаны қамтамасыз етудің картотека-графигі саналады. Оның көмегімен өндірісті бәсекелес материалдармен қамтамасыз етуді көрнекі түрде көріп қана қоймай, бөлінген қаржы қорларын игерудің барсын да айқын көре аламыз.
Транспорт және қойма шаруашылығын: транспорт-қойма цехтары мен участоктарын бірыңғай қызмет аясында біріктіру кәсіпорындардағы материалдардың толассыз ағынын ұйымдастыруды жақсартудың және осы ағындарды басқаруды жақсартудың маңызды шарты болып есептеледі.
Бұл бөлімше жалпызауыттың тиеу-түсіру, транспорт және қойма жұмыстарын орындау кезіндегі технологиялық процесстер бірлігін қамтамасыз етуге ең төменгі еңбек шығындары кезіндегі материалдардың толассыз ағынын ұйымдастыруға жұмылдырылған. Соңғысы қосымша жұмыстардағы еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Тағы рефераттар
- Оңтүстік Қазақстан Облысының егін шаруашылығы дипломдық жұмыс
- АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАСЫ курстық жұмыс
- Тәттімбет Қазанғапұлы
- Фискальдық саясаттың механизмі
- Жергілікті және аймақтық таратылған желілер