Мектеп жасына дейінгі әр түрлі мекемелерде және отбасында балалармен дене тәрбиесі жұмысын ұымдастырудың ерекшеліктері туралы қазақша реферат
Балалардың дене тәрбиесі балабақшадан басқа да, қоғамдық кәсіпорындарда, емдеу-профилактикалық мекемелерде, сондай-ақ отбасында жүзеге асырылады.
Балалардың спорт мектептері – ерікті спорт қоғамдары жанынан ұйымдастырылады. Бұл мектептерде балалар мәнерлеп сырғанаумен, жүзумен, гимнастикамен, стол теннисімен шұғылданады. Сондай-ақ балалар спорт мектептерінде спорттың таңдаған түрін оқыту дене дайындығының жалпы негізінде, балалардың жас ерекшелігін ескере отырып және тұрақты дәрігерлік-педагогикалық бақылаудың барысында жүргізіледі.
Мектепке дейінгі балалармен жұмыстың басым көпшілігі мәдени және демалыс парктерінде, стадиондарда, сондай-ақ балалар паркінде, балалар қалашықтарында жүргізіледі. Балаларға арналған алаңдағы жабдықтарды, физкультура құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.
Бассейндерде балалармен сабақ өткізу үшін топтар ұйымдастырылады, олардың басты міндеті – жалпы дене дайындығын жақсарту, сондай-ақ балаларды жүзуге үйреті.
Скверлерде, үйлердің алаңдарында мектеп жасына дейінгі балалар үшін физкультура алаңдары жасалынады, мұнда текпешектер, шағын дуалдар, өрмелеуге арналған сатылар, тербелмелер, әткеншектер, шығырлар, аяқпен, шанамен сырғанауға арналған шағын таулар орнатылады, қимыл-қозғалысы ойындарын өткізуге, велосипед тебуге, шаңғымен қозғалуға арналған орындар бөлінеді, сырғанақтар құйылады.
Балалармен жұмыс істеуге спорт қоғамдарының жаттықтырушылары, ата-аналар, спорт мектептеріне қатысатын жоғары сынып оқушылары тартылады.
Балалар емханасының жанындағы емдеу физкультура кабинеттерінде денсаулығына байланысты дене дамуында қандай да бір кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізіледі.
Балалар ауруханаларында әр түрлі емдеу құралдарымен қатар дене жаттығуы мен массаж қолданылады.
Санаторий типтес балбақшаларда денсаулық жағдайының қандай да бір ауытқулары бар балалар орналастырылады, сондықтан да дене тәрбиесіне зор маңыз беріледі.
Есту, сөйлеу, көру, т.б. кемістіктері бар балалар мектеп жасына дейінгі арнаулы мекемелерде немесе кәдуілгі балабақшадағы арнайы топтарда тәрбиеленеді. Бұл мекемелерде дене жаттығуларын оқытудың ерекшелігі оқытудың әдістері мен тәсілдерінің мазмұндылығында болып табылады.
Балалар үйлерінде ата-аналары жоқ балалар тәрбиеленеді, сондықтан балалар мекемесінде дене тәрбиесі міндеттері толық жүзеге асырылуы қажет.
Отбасындағы дене тәрбиесі. Мектеп жасына дейінгі баланың отбасындағы және мемлекеттік мекемелердегі дене тәрбиесінің міндеттері біртұтас, сондықтан ол ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен шешіледі.
Тағы рефераттар
- Туризм ұғымы және түсінігі
- Бухгалтерлік есеп стандарты курстық жұмыс
- Қарағанды, көмір алабы
- Космоновтика
- Бастауыш мектептерде ана тілі пәні сабақтарында қазақ халық ертегілерін пайдалану