Білім –бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.
Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық процесс – бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.
Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-əлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты- қоғамның əлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске əлеуметтік тəжірибе ұсынылады, əрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат бағдарлы ұйымдастырылған іс-əрекеттер жəрдемімен, тəрбиелеуші жəне тəрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шəкірттер санасына, еркі мен көңіл-күйіне жүйелі əсер етумен орындалып жатады.
Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері- бұл оқу жəне тəрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі, тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады. Өз кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-əрекет процестерінен құралады: оқу-оқыту жəне бұдан туындайтын өзіндік тəрбие.
Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:
— ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру);
— тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі);
— дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі);
— аксиологиялық (тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру);
— əлеуметті икемдестіру (тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу).
Педагогикалық процестің құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады: 1) педагогикалық процеске қатысушылардың субъективті құрамы, 2) іс-əрекеттік құрамы.
Педагогикалық процестің субъекттері — тəрбиеленуші жəне тəрбиелеушілер. Бұлардың құрамы сан қилы. Мысалы , тəрбиеленушілер қатарында алты жастан алпыс жасқа дейінгі сəбилер мен қариялар; ал тəрбиелеушілер сапында ата-аналарды, кəсіби педагогтарды тікелей тəрбиеші субъекттер деп білсек, бұқаралық ақпарат құралдарын, салт-дəстүр, дін, тіл, табиғат жəне с.с балаға ықпал жасайтын барша əлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың бəрін жанама да, тікелей де тəрбиеші деп танығанымыз жөн.
Педагогикалық процесс субъекттерінің өзара байланысты іс-əрекеттерінің соңғы нəтижесі – тəрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тəжірибені игеруі.
Педагогикалық процестің іс-əрекеттік (процессуалды) құрылымында төмендегідей бірліктер ажыралады:
Педагогикалық процесс қозғалысы (динамика) педагогикалық процестегі кейінгі өзгерістердің мөлшері алдағы кезеңдердің өзгерістер өлшеміне тəуелді. Қолға түскен жетістіктер неғұрлым жоғары болса, нəтиже де соғұрлым салмақты келеді. Бұдан шығатын қорытынды — педагогикалық процесс педагог пен тəрбиеленуші арасындағы дамып барушы ықпалдастық ретінде бірізді «сатылық» сипатқа ие. Осы заңдылық салдары: аралық нəтижесі жақсы болған оқушы жалпы жетістіктерінде де жоғарылау көрсеткіштерге ие болады;
— педагогикалық процесте тұлғаның дамуы педагогикалық процесс, тұлға дамуының арқауы. Тұлғаның даму қарқыны мен жетілген деңгейі нəсілділікке, тəрбие жəне оқу ортасына, оқу-тəрбиелік іс-əрекеттерге жегілуіне, қолданымдағы педагогикалық ықпал жабдықтары мен тəсілдеріне тəуелді;
— оқу-тəрбие процесін басқару педагогикалық процестің тиімділігі тəрбиеленушілер мен тəрбиешілердің арасындағы кері байланыстың жеделдігіне, сондай-ақ тəрбиеленушілерге жасалған реттеуші ықпал əсердің шамасы, сипаты жəне негізділігіне орайлас келеді;
— ынталандыру: Педагогикалық процестің өнімді болуы оқу-тəрбие қызметтерінің ішкі ықпалдарына (стимулдарына) жəне сыртқы (қоғамдық, педагогикалық, моральдық, материалдық) жəне т. б. ықпалдардың əсеріне байланысты болады;
— педагогикалық процестегі сезімдік, логикалық жəне іс-тəжірибелік элементердің бірлігі. Оқу-тəрбие процесінің тиімділігі сезімдік қабылдау, қабылдағанды қисынды тоқу, тоқығанды іс-тəжірибеде қолдана білу шарттарына тəуелді;
— сыртқы (педагогикалық) жəне ішкі (танымдық) іс-əрекеттің бірлігі. Педагогикалық ықпал нəтижелілігі педагог қызметінің сапасына қалай байланысты болса, тəрбиеленушінің өзіндік оқу танымдық іс-əрекеттерінің сапасына да соншалықты тəуелді келеді;
— педагогикалық процестің себептілік негізінің болуы. Оқу тəрбие процесінің жүрісі мен нəтижесін алдын ала анықтап отыратын жағдаят- қажеттілік, сондай-ақ тұлға мен қоғам мүмкіндіктері (материалды-техикалық, экономикалық жəне т.б.), процестің оқыту.
Тағы рефераттар
- Банкет-шай
- Аймақта білім беру мен денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру ерекшеліктері
- Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары
- Қазақстан Республикасында туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері
- Тәуке ханның қоғамды саяси – әлеуметтендіруі