Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады:
- Кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де «халық», «қоғам», «ел» деген ұғымдарға сәйкес келеді;
- Тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, «үкімен», «әкімшілік» деген ұғымдарға сай келеді.Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады.Бұдан кейінгі жерде біз де сол көзқарасты ұстанамыз.
Мемлекет-саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы.Ол-керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.
Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ.Ол құлиеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар.Олардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:
ü Теологиялық теория.Оның негізін салушы А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді.
ü Патриархтық теория.Оның негізін салушы XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда боуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.Осыған ұқсас идеяны Аристотельде айтқан болатын.
ü Қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Г.Гроций,Ж.Ж.Руссо) егеменді әміршісі мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді.
ü «Зорлық жасау» теориясы (Е.Дюринг,Л.Гумплович, К.Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекетпайда болды деп пайымдады.
ü Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
ü Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады.Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету үшін және басқа таптардың қарсылығын асу үшін деп санайды.Ф.Энгельс мемлекет әрдайым «ең қуатты, экономикалық жағынан үстем таптың мемлекеті болып табылады, сондай-ақ ол тап мемлекеттің көмегімен саяси жағынан да үстем тап болып аладыжәне осы арқылы езілген тапты басып-жаныштау және қанау үшін жаңа құралдарға ие бола алады» деп жазды. (К.Маркс пен Ф.Энгельс.Шығармалар, 21-том, 171-бет)
ü Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі.Оған барлық халықтың,ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым,құрал ретінде қарайды.Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды оларды саяси жолмен шешу үшін мелекет негізгі әлеуметтәк топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болу керек дейді.
Сонымен мемлекет деп белгілібір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
Тағы рефераттар
- Биологиялық эволюцияның механизмдері
- Александр Спиридонович Квитков
- Автоматтандырудың сипаттамасы
- Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру курстық жұмыс
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары