Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру туралы қазақша реферат
Мемлекеттің ақша ресурстарының жасалуы, бөлісуі және пайдаланылуы бойынша іс-әрекет нормативті-құқықтық актілерге негізделеді және олармен реттеледі. Осы іс-әрекеттің заңдылығын қамтамасыз етудің маңызды және қажетті құралы болып мемлекеттік бақылау және оның құрылымдық бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылаудың маңызы мен қажет болуы негізінде ақша құралдары қорын жасалуы, бөлісуі мен пайдаланылуына байланысты экономикалық қатынастарды әлпеттейтін және экономикалық категория болатын қаржыларын бақылау функциясымен дәйектеледі.
Қаржылық бақылауға мынадай түсінік беріледі: «Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – ол мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару, есебі мен атқару жөнінде есептік жүргізу, оларды атқарылуын бағалау, гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекеттің кепіліндегі заемдарда, мемлекеттік мекемелерді тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатудан түскен және олардың билігінде қалатын ақшаларды пайдалану бойынша іс-әрекетін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігін тексеру».
«Мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі» ұғымына ҚР үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджет түсімдерін төлету мен бақылауына жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық ұйымдары, бюджет құралдарын алушылар, мемлекеттің гранттарды, активтерді, мемлекеттің кепілдігіндегі заемдарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жатады.
Негізінде қаржылық бақылауды іске асыру, біріншіден, барлық шаруашылық субъектілердің қаржылық заңнамалар мен қаржылық тәртіпті сақтауларын бақылау жөніндегі арнайы құрылған органдардың заңнамалы реттелген іс-әрекетін маңыздайды. Екіншіден, қаржылық бақылау – ол қажеттілігі қоғамдық дамудың объективтік мұқтаждарымен дәйектелген қаржылық процестерді басқарудың міндетті элементі және маңызды функцияларының бірі, себебі қоғамдық қаржы құралдарын басқару қоғамының алдында өзінің жауапкершілігін құштар етеді.
Қаржылық бақылаудың негізгі мақсаты – бюджетке ақша құралдарының түсуін максималдау, оларды ашық түрде пайдалануын қамтамасыз ету және мақсатсыз жұмсамауды жібермеу.
Қаржы бақылауының маңызы, бір жағынан қаржылық бақылау объектілерінің қаржылық іс-әрекетте заңнамалы белгіленген тәртіпті сақтауды тексерумен, екінші жағынан осы объектілердің жүргізіп жатқан қаржы операцияларының тиімділігі мен экономикалық қажеттілігін, олардың қоғам, жалпы мемлекет мақсаттарына сәйкестігін тексерімен дәйектелінеді.
Басқару жүйесінің қажетті бөлігі болып табылатын қаржылық бақылауды жүргізу – бақылау объектілерінің нақты ахуалы жөнінде толық ақпарат алуға мүмкіншілік береді. Ал мұндай ақпарат арқылы объектілердің іс-әрекет нәтижелерін бағалауға, жіберілген ауытқулар мен олардың салдарын, жалпы айтқанда басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтауға болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің дамуы мен жетілдірілуі республикада халықаралық тәртіпке сәйкес, бірақ Ұлттық экономиканың даму ерекшеліктері мен әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін есептей отырып және әректтегі әдіс-тәсілдерді, құралдар мен әдістемелік шешімдерді сақтаумен іске асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары
Мемлекеттік қаржылық бақылау өз алды билік пен басқарудың арнайы органдарының мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыруына байланысты ақша құралдарының қозғалысын, олардың толық және өз уақытында түсуі мен мақсатты пайдалануын тексеруді іске асыру үшін экономикалық-құқықтық барлығы әрекеттерін көрсеттеді. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың заңнамалық негіздері Конституцияда бекітілген ережелермен реттеледі.
Мемлекеттік қаржы бақылау келесі типтерге жіктеледі:
- Сәйкестікті бақылау, яғни бақылау объектілері қызметкерінің әрекеттегі заңнамалар талаптарына сәйкестігін тексеру және бағалау;
- Қаржылық есептікті бақылау, яғни бақылау объектілерінің қаржылық есептіліктерін өз уақытында құру мен ұсынуды және олардың сенімділігі мен дәйектілігін тексеру, бағалау;
- Тиімділікті бағалау, яғни бақылау объектілерінің республикалық немесе жергілікті бюджеттерінің құралдарын мемлекеттің активтері мен мемлекеттің кепіліндегі заемдарды мемлекеттік мекемелердің тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды атқарудан түскен ақшаларды, гранттарды пайдаланудың үнемділігін, нәтижелілігін және өнімділігін тексеру мен бағалау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау тексерілетін мәселелердің арнауы мен көлеміне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- Кешендік бақылау, мұнда жаппай әдіспен бақылау объектісінің белгіленген уақыт мезгіліндегі барлық іс-әрекеттерді тексеріледі және бағаланады;
- Тақырыптық бақылау, мұнда жаппай әдіспен бақылау объектінің белгіленген уақыт мерзіміндегі әрбір мәселелері бойынша іс-әрекеті тексеріледі және бағаланады;
- Қарама-қарсылық бақылау, мұнда операциялар бірлігімен өзара байланыстық құжаттар салыстыру негізінде үшінші тұлғалардың тексеріліп жатқан мәселе шегіндегі бақылау объектісінің арақатынастары тексеріледі және бағаланады.
Бақылау объектілерінің қаржылық әрекеттерін бақылау заңнамаға сәйкес іске асырылады, ал ішкі бақылау заңы реттелмейді, бірақ қаржыларды басқарудың қажетті механизмі болып табылады. Сыртқы бақылау ретінде есеп комитеті мен маслихаттарының дивизиялық комиссияларының іске асырылатын мемлекеттік қаржылық бақылау, ал ішкі бақылау болып орталық уәклеті орган мен жергілікті тиісті органдардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдардың ішкі бақылау қызметтерімен іске асырылатын мемлекеттік қаржылық бақылау табылады.
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістер пайдалану арқылы жүргізіледі. Солардың ішіндегі ең көп тараған әдістің бірі – ревизия, тексеріс, қайта қарау атты әдіс, яғни бақылау объектісінің қаржы шаруашылық әрекетін толық тексеру. Ревизия жүргізу процесінің мақсаты – бақылау объектісінің қаржылық әрекетінің заңдылығын, дұрыстығын, мақсаттығын және соның нәтижесінің тиімділігін дәлелдеу [22].
Тексерілетін мәселелердің мақсаты мен көлеміне байланысты ревизиялар жоспарлы және жоспарлы емес толық және кешенді және тақырыптық түрлерден болуы мүмкін. Ревизиялардың негізінде мемлекеттік бақылаушы органдар жүргізеді, бірақ оны ведомстволық ішкі бақылауыш қызметтер мен мемлекеттік емес бақылаушы органдар жүргізуі мүмкін.
Ел президенті мен Парламенті жағынан мемлекеттік қаржылық бақылау қаржылық іс-әрекетке жататын заңдар қабылдағанда республикалық бюджет жобасын қарау және оны атқару жөніндегі есепті бекітуде іске асырылады. Республикалық деңгейде қаржылық бақылауды өкілдік биліктің тиісті құрылымдары – Сенат пен Мәжілістің комитеттері, ал жергілікті деңгейде – маслихаттардың тиісті ревизиялық комиссиялары жүргізіледі.
Тағы рефераттар
- Ата — аналармен қарым қатынас жасау кезіндегі тәрбиешінің есте сақтайтын ережелері
- Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- Экономикалық өсуді зерттеу
- Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу. Қор биржалары
- Штаттық кесте