Кіріспе
І бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау
1.1 Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
1.2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен түрлері
1.3 Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау Және оның даму тенденциялары
2.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру
2.2 Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау
2.3 2004-2006 жылдағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау жєне ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебі
ІІІ бөлім. Мемлекеттік қаржының бақылау қызметтерін жетілдіру шаралары
3.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауда туындайтын мәселелер
3.2 ҚР-дағы мемлекеттік қаржылық бақылауды одан әрі жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезендерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибиесі көрсетіп отыр.
Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі, кешеңді бақьлауды, соның ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті туып отыр. Бұл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді бідціреді. Қойылып отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс:
— мемлекеттік бақылауды нығайту;
— тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту;
— түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютерлендіру;
— бақылаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары.
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшылық қызмет. Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспралау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелілігі қаржылық жоспарлауда, опретивті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылау органдарының басты міндеті – бюджеттік қаржы мен мемлекет мүлкінің мақсатты да тиімді жұмсалуын мұқият қадағалап отыру. Қаржы саласындағы нақ осы бақылау қызметінің нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді басқару үдерісін қамтамасыз етуге тиіс неғұрлым пәрменді тетіктердің бірі болып табылады. Қаржы саласындағы тәртіп дұрыс жолға қойылса ғана, Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделері қорғалып, адамдардың әл-ауқаттарының артуына жағдай туғыза алатын болады.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері, типтері мен нысандарын теориялық жағынан ұғыну. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:
— қаржылықбақылаудың мәні мен мазмұнын қарастыру;
— қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен түрлерін зерделеу;
— мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тєжіриебесімен танысу;
— мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырылуын қарастыру;
— соңғы жылдардағы ҚР-дағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау;
— 2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебімен танысу;
— мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шараларын қарастыру, зерттеу.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
курстық жұмыс / 30 бет
Тағы рефераттар
- Елка ойыншығының суретін салу
- 1с. Б.з.д. VI ғ. дейінгі тайпалардан қазақ мемлекетінің белгілері
- Калькуляциялау
- Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәні (балабақшадағы жылдық жоспар)
- Мұрағат құжаттары