Қоғамдық санада кәсіпкер – бүл тек адам, индивидум деген пікір берік орнаған. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекеттік қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы,соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.
Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкердік ерекше сипатқа, ерекше мәнге ие болады. Мемлекет нарықтық жүйе жолында заңды тұлға ретінде жаңа функцияны – кәсіпкерлік қабілетті игенру қажет.
Қазақстан Республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санының 23,5% құрады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігі үлесі көп емес, бірақ, нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.
Келтірілген кәсіпорындар Қазақстан Республикасында коммерциялық және коммерциялық емес бастаулардың қосылуында жұмыс істейді.
Мемлекет кәсіпорындарды олардың дербестігінің сипатына байланысты үш топқа бөледі:
1). Бюджеттік (ведомстволық);
2). Қоғамдық (корпорациялар);
3). Аралас акционерлік қоғамдар (холдингтер).
Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорынға мына кәсіпорындар жатады:
1). Мемлекттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т.б.)
2). Қазыналық, жедел басқаруға құқығы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген (байланыс, телекоммуникация, геодезиялық жұмыстар өндірісі және т.б.).
Бірақ мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі аталған кәсіпорындармен жұмысын шектемейді. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет ұлттық экономиканың барлық және мемлекеттің экономикалық әуелетінің дамуына әсер ететін, мемлекеттік бюджетті айтарлықтай толықтыруға, өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласына таралады.
Оған 90-шы жылдардың ортасындағы Қазақстан Республикасы мемлекетінің кәсіпкерлік қызметі мысал бола алады: Қазақстанның кен өндіру, отын-энергетика және металлургия кешендерінің аса ірі өнеркәсіп өндірістерін төлем төлей алмаушылықтан қорғай алып, дәл уақытында шетел капиталын тарта білді.
Қазақстан мемлекетінің кәсіпкерлік қызметінің келесі мысалы 1996 жылдың басында Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуроазия темір жолы бойынша транзиттік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Еуропа мен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша оның инициативасынан көрінді.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жүктері келісімдерге сәйкес Батыс Еуропа елдеріне тасымалданады, ал осы елдерден Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне белгілі ақыда тасымалданады.
Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтиненталды темір жол магистральдары өтеді: Трансазия (Қытай – Қазақстан – Түркия), Еуроазия (Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа), Орта Азия және Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралы. Еуропа – Скандинавия – Иран (Парсы шығанағы) арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін «Солтүстік – Оңтүстік» жоба қаралуда.
Осы аталған магистральдарды жандандыруға және қайта жаңартуға, барлық магистральдар бойынша қосымша жұмыс орындарын құруға, осы магистральдар жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады. Мемлекеттік кәсіпкерлік өтпелі экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеумен тығыз бірлікте болады.
Нарықтық экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеу тікелей және жанама әдістер көмегімен жүргізіледі.
Өтпелі экономикада мемлекеттік реттеудің объектілері ең алдымен экономиканы тұрақтандыру саясаты немесе циклге қарсы саясат, ақша айналымына, инфляцияға, мемлекеттік бюджет балансын бақылау, халықты жұмыспен қамту саясаты, монополияға қарсы саясат, яғни нарықтық бәсеке жағдайына бақылау, халықты әлеуметтік қорғау саясаты болып табылады.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей әдістер кіші мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін мемлекеттік экономикалық бағдарламаларды жасау мен іске асыру арқылы жүзеге асыралады.
Осындай бағдарламалардың мысалы соғыстан кейінгі Оңтүстік Корея экономикасын қалпына келтіру бойынша төтенше бағдарламалары, ал Жапонияда «Автомобиль жолдарының құрылысы бойынша төтенше шаралар туралы» заң қабылдануы болады. Жапонияда мемлеттің оннан астам институттары нарықтың даму бағдарламаларын және жоспарларын құрады. Қазіргі жағдайда мемлекеттің кез келген реттеу шаралар негізінде ақша айналымы болады. Өтпелі экономика үшін ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы тиіс. Бұл мемлекеттің макроэкономикалық деңгейіндегі ең маңызды реттеу функциясы. Осы жағдай «экономикалық құдіретті» тудырған Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань елдерінде жиналған тәжірибемен бекітіледі.
Осы елдерде ең қиын жылдары (1970-80ж) өнеркәсіпті реформалау және құрылымдық қайта құру кезеңінде ақша айналымы, инфляция, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы әрқашан мемлекеттің бақылауында болды және бұл олардың қирату салдарынан жұмсартуға және тіпті болдырмауға жол ашты.
Қазақстан Республикасы нарыққа өтудің басында (1990ж) басқа старттық жағдайда болды. Республика экономикасы Кеңес Одағының халық шаруашылығы кешенімен тығыз біріккен болды. Өндірістің құлдырау жағдайында ақшалай табыстардың өсуі тауар массасымен қамтамасыз етілмеді. 1990ж халықтың жинақтағы қалдықтары 13млрд. сом құрады, ал қанағаттандырылмай қалған сұраныс 17млрд. сом немесе жылдық тауар айналымы мен ақылы қызметтердің 76%-нан көбін құрады. Жабық инфляция ашық инфляцияға ұласты және қаржы жүйесі бақылаудан шықты.
Қазақстан реформаны дербес тек 1993 жылдың қараша айында ұлттық валютаны енгізгеннен кейін, 1994 жылдан бастап, жүргізе бастады. Реформа жылдарында мерзімдік баспасөз келтіргендері бойынша инфляция деңгейі 13250 есе өсті, өндірістің құлдырауы 1991 жылдың деңгейінің 50%-ға жетті.
Тағы рефераттар
- Сарыағаш ауданы
- Конъюнкция
- Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары
- Қидандар мен Чжурчжендердің басып кіруіне қарсы Корелықтардың саясаты
- Қабілеттер мен ерік