Мазмұны

Кіріспе……5

1. Мемлекет нысаны және мемлекеттік құрылым нысаны: түсінігі, түрлері және олардың анықталуына қатысты келелі мәселелер…7
2. Унитарлық мемлекет…….32
2.1 . Унитарлық мемлекеттің түсінігі, белгілері және ерекшеліктері….32
2.2 . Унитарлық мемлекеттердің түрлері ……34
3. Мемлекеттік құрылымның федеративті нысаны……38
3.1. Федерацияның түсінігі, белгілері, міндеттері және құрылу принциптері ……..38
3.2. Федерацияның түрлері …….43
4. Мемлекеттік құрылымның конфедеративті нысаны……49
4.1. Конфедерацияның түсінігі, белгілері және ерекшеліктері ….. 49
4.2. Мемлекетаралық және одақтық құрылымдар…….. 51

Қорытынды………54
Пайдаланылған әдибиеттер тізімі……..60

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Мемлекет – бұл әр түрлі функциялары, нысандары, құрылу принциптері және тағы басқалары бар күрделі саяси ұйым. Мемлекет типін анықтауда мемлекет нысаны сияқты түсінік көмектеседі. Мемлекет нысаны түсінігі басқару қалай қалыптасатынын, кім басқаратынын, мемлекет бөліктері мен тұтас мемлекет арасында өзара байланысты, билікті жүзеге асыру үшін қандай әдістер қолданылатындығын білуге мүмкіндік береді. Мемлекет нысаны туралы біршама толық түсінікті оның үш құрамдас бөліктері – басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және мемлекеттік құқықтық режим береді.

Өзімнің дипломдық жұмысымда мемлекеттік құрылым нысандарының: унитарлық, федеративтік және конфедеративтік нысапндарының түсінігі, олардың анықталуында, ұйымдастырылу принциптеріндегі, айырмашылықтарындағы, түрлеріндегі келелі мәселелер қарастырылады.

Мемлекеттік құрылым мәселесі көп уақыт бойы, және қазіргі уақытта да өзекті болып табылады. Ол өзіне деген қызығышылықты құқықтанушы мен тарихшы зерттеушілер арасында ғана емес, сондай-ақ алғашында КСРО одақтық мемлекеттің егеменді мемлекеттерге ыдырауы мен бұл мемлекеттердегі проблемаларды, кейіннен Югославияның ыдырауы мен ондағы азаматтық соғысты және осы уақытқа дейін мемлекеттің ұлтық немесе қандай да бір өзге белгілері бойынша бөліну мәселелері жөнінде байқап жүрген жай азаматтардың арасында қызығушылық туындатады.

Дипломдық жұмыста алға қойылған мәселелерді тек теориялық және құқықтық тұрғыларда ғана қарстырылып қана қоймайды, сондай-ақ қандай да бір тарихи жақтары мен ұқсастықтары қарастырылады, мемлекеттік құрылым нысандарына қатысты кейбір мысалдар келтіріледі және өзімнің жауаптарым баяндалады. Дипломдық жұмысымда қарастырылатын мәселелердің біршама жалпы түсініктеріне тоқталамын, өйткені әрбір сұрақ үлкен ғылыми зерттеудің объектісі болуы мүмкін және сондай болып табылады.

Мемлекеттік құрылым нысандарының келелі мәселелерін көптеген зерттеушілер айналысқан және айналысып та жатыр. Мемлкеттік құрылым мәселелері Маркстің және Энгельстің көз қырларына түскен кезде, олар унитарлы мемлекеттің  федеративтінің алдында басымдықты иеленетіндігін айтатын. Олардың пікірінше, еңбектің жоғары өнімділігі, еңбек етушілер арасындағы біршама тығыз байланыстар революциялық процеске ықпалын тигізуі керек, оған федеративті бастамалар кезінде қол жеткізуге болмайды. Бірақ мұндай алғышарт Германия, Франция сияқты елдерге, ұлтаралық қақтығыстар болмаған және болмайтын, ұлттық қатынаста бір текті болатын елдерде орынды болады. Олар өз назарларын Ұлыбританиға аударғанда, британдық колониялар астында төрт әр түрлі халықтың өмір сүретіндігін байқайды, және онда мемлекет унитарлы болса, онда таптық емес, ұлттық белгілері бойынша бөлінуі мен келіспеушіліктердің болуы сөзсіз. Яғни ағылшын жұмысшысы ағылшын буржуазиясымен, шотландық шотландықпен және т.б. бір бірімен бірігеді. Мұндайды алдын алу үшін, Маркс пен Энгельс, Британияда мемлекеттіліктің федеративті нысаны қажеттігін белгілеген, ол әр түрлі халықтардың тең құқылығын қамтамасыз етеді, ұлттық мәселені көтереді және әртүрлі халықтардың консолидация құралы болады.

Осыған орай, марксистік теория шегінде мемлекет нысаны ретінде мемлекеттің әлеуметтік таптық және ұлттық-аумақтық мазмұнының сыртқы көрінісі түсінілетін, ол мемлекеттің негізгі құрылымдары – жоғарғы мемлекеттік билік органдары арасында, бұл органдар мен мемлекеттің аумақтық бөлімшелерінің билік пен басқару органдары арасында ара қатынастарының сипатымен анықталады. Бірақ мемлекеттік құрылым нысанына ықпал ететін ұлттық және тарихи дәстүрлер, ұлттық психология, діни сана, мәдени орта, қоғамды идеологияландыру және саясаттандыру деңгейі, эколгиялық факторлар және басқалары зерттеу шектерінен тыс қалады.

Қазіргі таңда, қоғамдық дамудың марксистік концепциясының жалпы дадарысымен байланысты, методологиялық дағдарысты бірте бірте жеңіп жатқан отандық мемлекет және құқық теориясы мемлекет нысандарының негізгі сипаттамаларының бірі ретінде мемлекеттік құрылым нысанын біршама толық және жеткілікті негізді түсінуін ұсына алады, бұл нысандардың бршама салмақты саралануын бере алады, олардың дамуының біршама шынайы болжамын белгілей алады. Бұл елдің аумақтық құрылымын біршама тиімді ұйымдастыру нысанын іздестіру кезінде елдің саяси өмірі үшін өте маңызды.

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері – мемлекеттік құрылым нысанының түсінігіндегі, оның түрлеріндегі келелі мәселелерді қарастыру.

Жұмыстың зерттеу объектісі — мемлекеттік құрылым нысандарының: унитарлық, федеративтік және конфедеративтік нысандарының түсінігі, олардың анықталуында, ұйымдастырылу принциптеріндегі, айырмашылықтарындағы, түрлеріндегі келелі мәселелер.

Жұмыстың методологиялық негізі. Дипломдық жұмыс тақырыбын ашып, оған қатысты  мәселелерді  қарастыру кезінде тарихи, әлеуметтік, салыстырмалы-құқықтық зерттеу әдістері қолданылды.

Жұмыстың тәжірибелік мәні. Мемлекеттік құрылым нысанына қатысты дипломдық қарастырылған мәселелер оқу үрдісінде, лекция және семинар сабақтарында дерек көзі ретінде алынуы мүмкін.

Жалпы дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған қайнар-көздер тізімінен тұрады.

 Дипломдық жұмыс / 64 бет
Тағы рефераттар