МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……..3

МЕЛЕКЕТТІК НЕСИЕ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ…….5

1.1. Мемлекеттік несие мен мемлекеттік қарыз мәні…….5

1.1. Мемлекеттік несиелердің негізгі қызметтері…….9

1.2. Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері…….11

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ…..16

2.1. Мемлекеттік қарыз және оны басқару……16

2.2. Мемлекеттік қарызды басқарудың заңнамалық нысандары…….20

2.3. Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы……..23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ….28

3.1. Мемлекеттік қарызды басқаруда кездесетін мәселелер……28

3.2. Мемлекеттік қарызды басқарудағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары……..31

3.3. Мемлекеттік қарыздың экономикалық салдары……34

ҚОРЫТЫНДЫ…….39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….40

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыштарды зерттеудің маңыздылығы экономикалық жүйедегі орнымен анықталады.

Көптеген елдер, оның ішінде Қазақстан да борышкерлік міндеттемелермен, әсіресе, активтер мен пассивтердің құрамы мөлшерінің құбылмалы пайыздарының үлкен көлемдері және қысқа мерзімдер мен сипатталатын инвестициялардың ағындары дұрыс болжауда қиындықтарды кездестіруде. Үйлестіру қажеттілігі түрлі мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар мен қарыз алу жөніндегі бағдарламалардың өсуімен арта түседі. Біз, бұл мәселеге қатысты кешігіп қалмауды төтенше маңызды санаймыз, өйткені, кейін борышқорлық міндеттемелерді өтеу құны мемлекеттің әлі келмейтін мәселе болуы мүмкін, оның көптеген дамушы елдерде орын алғанын байқауға болады.

Қазақстан қазіргі кезде экономикалық өсу сатысында және мемлекет тұрғысынан инвестициялардың, ал соңғы жылдары жеке меншік арналар бойынша аса балсенді айтарлықтай үлкен көлемдерін тартуда. Мемлкеттік кепілдігі жоқ жеке меншік секторының борышы еліміздің жалпы борышының 90,4%-ын құрайды, және оның одан әрі өсу үрдісі бақалады. Мұнда ең үлкен қауіпті екінші дәрежедегі банктердің сыртқы міндеттемелердің өсуі тудырады.

Еліміздің дүниежүзілік экономикаға белсенді кірігуі, еліміздің тәуелсіз несие рейтингінің жақсаруы, шетел инвестициясының үлкен көлемін тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық Банктің валюта режимін ырықтандыру жөніндегі жоспарлары Қазақстан Республикасының тұрақты дамуында сөзсіз шешуші рөл алады.

Сонда да, экономиканың ашық деңгейін арттыруға бағытталған қадамдар, сондай-ақ толыққанды ішкі қаржы нарығын қалыптастыру қажеттілігі Қазақстан Республикасы Үкіметі, Ұлттық банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның республиканың экономикалық қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ борыш құралдарының ішкі нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі бірқатар шаралар қабылдауға алып келеді.

Біріншіден, бұл қаржы секторы тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуді және экономика салаларын дамытуды ескере отырып, несие капиталының ішкі және сыртқы нарықтарында қарыз алуды дұрыс жоспарлау мәселесі. Екіншіден, бұл мемлекеттік сектордың борышын басқару тетіктерін жетілдіру және қажетті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жеке сектордың сыртқы борышын реттеу мәселесі.

Халықаралық  тәжірибе байыпты қарыз алу саясатын жүргізу және мемлекеттік сектор борышын басқару және жеке сектордың сыртқы борышын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдау елдің макроэкономикалық тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін ең маңызды фактор болып табылатындығына куә болып отыр.

Әлемдік практикада, әдетте, көптеген елдердің сыртқы және ішкі нарықтарда өз қарыз алу стратегиялары және борышты басқару саласындағы әлеуетін нығайту жөніндегі жоспарлары бар. Бұл қажеттіліктер капиталдың ішкі нарығын дамыту деңгейімен, валюта режимінің ерекшеліктерімен, макроэкономикалық саясаттың және нормативтік реттеу шараларының сапасымен, реформаларды әзірлеу және жүзеге асыру саласында ұйымдастыру-құқықтық әлеуетпен, елдің кредит қабілеттілігімен және оның борышты басқару саласындағы мақсаттарымен айқындалады.

Экономикалық ахуалын және институционалдық мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке бір ел алып қарайтын берешектің экономикалық жағынан қолайлы деңгейлері көрсеткіштерінің (өлшемдерінің) белгілі бір біріздендірілген нормалары бар.

Мемлекеттік несиелер әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда — бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату; жазылу; мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп (сатып) алу; мерзімсіз қарыздарда — пайыздық кірісті дүркіндік төлеу).

курстық жұмыс / 40 бет


Тағы рефераттар