Мемлекеттік резервтерді жоспарлау туралы қазақша реферат
Экономиканы дамытуга жұмсалатын шығыстар — бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жүмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын күрделі жұмсалымдар — материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы алады.
Күрделі жұмсалымдардың құрамына:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
2) жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
3) өзге күрделі жүмыстар мен шығындар (жобалау-іздестіру, геологиялық-барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс аудару бойынша және т.б);
4) жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға жұмсалатын шығындар кіреді.
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
2) банктердің үзақ мерзімді кредиттері;
3) халықтың жинақ ақшасы (тұрғын үй қүрылысына);
4) бюджеттен қаржы бөлу. [6, 8 –б.]
Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бүл шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта жарақтандыру және қайта құруға арналған және кәсіпорын ұлғаймалы жаңғырту үшін толық жауап береді. Инвестициялық саясатты қайта қүрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік қүрылысты, сондай-ақ әлеуметтік инфрақүрылым объектілерінің құрылысын қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жөндеуге жұмсалатын шығыстартабиғи тозған және сапалық ескірген (негізгі капитадцарды ішінара қалпына келтіру жөне олардың жұмыс қабілеттілігі жағдайында болуын қолдап отыру үшін) негізгі капиталдарды жөндеудің арнаулы қоры есебінен жүргізіледі, бұл қор шығындарды көсіпорындар мен ұйымдар өнімінің (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) өзіндік қүнына нормативтер бойынша қоса отырып жасалынады.
Айналым қаражаттарының өсімікәсіпорындардың меншікті немесе оған теңестірілген қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Олар жетіспеген кезде негізінде жаңа кәсіпорындар үшін бюджет қаражаттары белінеді немесе кейін өтелетін кредит беріледі. Бұдан басқа, меншікті айналым қаражаттарының жетімсіздігін жабуға мақсатты қаржыландырудың қаражаттары бағытталады.
Резервтер жасауга жұмсалатын шығындарқаражаттардың үздіксіз ауыспалы айналымын және ұлғаймалы ұдайы өндірістің бүкіл процесін, шаруашылықтың үйлесімдерін сақтаудың, дүлей апаттардан болған ысыраптарды өтеуді қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Қаржы резервтері ақша ресурстарын оңтайландыруға, кәсіпорынның шаруашьшық қызметі процесінде пайда болатын уақытша қаржы қиындығын жоюға мүмкіндік береді. Резервтік капиталшаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде жасалады.
Мемлекеттік резервтер— мемлекет жасайтын шикізаттың, материалдардың, отынның, машиналар мен жабдықтың бірқатар түрлерін, астықтың, азық-түлік тауарларының, қорғаныс мұқтаждары үшін арналған өнімнің маңызды түрлерінің босалқы қорлары. Мемлекеттік резервтер үнемі қалпына келтіріліп, толықтырылып отыратын мемлекеттің айрықша орталықтандырылған қорын құрайды. Мемлекеттік резервтер мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жасалынады. [19]
Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларга— оқу-ағартуға, ақпарттық қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, өнерге, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздан-дыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:
1) білім беру және кадрларды кәсіпке даярлау;
2) мәдениет, өнер, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары;
3) денсаулық сақтау;
4) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.
Нарықтық қатынастар жағдайында түтынудың бұрын қалыптасқан қоғамдық қорлардан әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудан бас тарту болды. Нарық жағдайында еңбек салымына, харакеттің әр түріндегі адамның мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура тәуелділігі қалыптасады. Сондықтан қазіргі жағдайда жеке-дара табыстар адамдардың кәсіпкерлік және басқа қабілеттіктеріне қарай қалыптасады, сонымен бірге орталықтандырылмаған қорлар көбейеді, өйткені шаруашылық органдарының қарамағында олардың жүмысының нәтижелеріне қарай табыстың (пайданың) бір бөлігі қалады.
Соңғы уақытта елімізде әлеуметтік-мәдени шараларды қар-жыландырудың жаңа қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына көшуде. Білім беру сферасында — бұл кепілдендірілген бюджетіік нормаларға қосымша білім және көсіби машық үшін ақылы оқуды қолдану, денсау-лық сақтауда — ақылы медициналық қызмет көрсетуді дамыту.
Білім беругежұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беретін мектептерге, мектептен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарына, орта кесіптік білім беру оқу орындарына, жоғары көсіптік білім беру орындарына, кадрлардың біліктілігін арттыру жөне қайта даярлау оқу орындарына бөлінеді. Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады. Білім беру мекемелерін қаржыландыру бүл мекемелердің түрлері мен тұрпаты бойынша әр оқушыға анықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады. [19, 98 –б.]
Қызметкерлер мен өндірістегі басқа кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар өнімінің (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) өзіндік құнына кіріктіріледі.
Білім беру мекемелері бюджеттен тыс қаражаттарды және ресурстарды, соның ішінде валюталық ресурстарды, ақылы оқыту қызметтерін көрсету есебінен тартады; қаражаттардың бір белігін кәсіпорындар мен ұйымдар — демеушілер береді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес гранттар және кредиттер негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа механизмі қолданылады: бірінші жағдайдақаражаттар қажетті профилдің мамандарын даярлау үшін мемлекеттік бюджет есебінен етеусіз бөлінеді, екіншісінде оқитындарға келісімшарт негізінде коммерциялық банк құрылымдары тарапынан ұзақ мерзімді кредит беріледі (банк мекемесі — студент — жоғары оқуы орындары — Білім және ғылым министрлігі)
Мәдениет пен өнерді қаржыландырукітапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерін, мұражайлар мен кермелерді, театрларцы, филармонияларды, сазгерлік ұйымдарды, ансамблдерді, киностудияларды ұстауды қамтиды; олар бюджеттен, сондай-ақ көсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Мәдениет пен шығармашылықтың бірқатар мекемелері (театрлар, цирктер) шаруашылық есепте тұрады және олар бойынша меншікті табыстарымен жабылмайтын шығыстардың мөлшерінде бюджеттен демеу қаржының сомасы белгіленеді. [19, 88 –б.]
Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауга жұмсалатыншығыстар мемлекет құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радио хабарын таратуды, теледидарды, баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.
Халыққа арналған бірқатар медициналық қызметтер бұрыннан ақылы жүйеде көрсетіліп жүргендігі белгілі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы қаңтардың 27-сіндегі № 135 қаулысына орай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі белгіленген. Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттік — Республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, аумақтық денсаулық сақтау органдары — жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады. [19, 94 –б.]
Азаматтарға республикалық бюджеттің есебінен орындалатын тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша ересектер мен балаларға оңалту көмегін қоса алғанда: хирургиялық, нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және радиологиялық, тері-венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, акушерлік-гинекологиялық және зиянды өрі қауіпті өндірістік факторларға байланысты аурулар, туберкулез, лепра кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге;
2) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетуге;
3) шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуге;
4) сот-медициналық сараптамаға бағытталады.
Азаматтарға жергілікті бюджетгің есебінен орындалатын тегін медициналық көмек:
1) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті; алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша мамандандырылған амбулаториялық-емханалық үйымдар жүзеге асыратын консультациялық-диагностикалық көмекті;
ортодонтикалық көмектен басқа 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге жөне тісі қатты ауырған науқастарға стоматологиялық көмекті;
18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапевтік көмекгі;
2) жедел және шұғыл жәрдем керсетуді;
3) шүғыл көмек керсетуді;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша аурулардың барлық түрлері, соның ішінде: онкологиялық, психоневрологиялық, инфекциялық, офтальмологиялық, хирургиялық, ңейрохи-рургиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, терапевтік, травмотологиялық, тері-венерологиялық, жүкті әйелдер мен аурулардың гинекологиялық ауруларына, алкоголизммен жөне нашақорлықпен, туберкулезбен, қант диабетімен, тыныс жолы өкпе ауруларымен ауыратындар бойынша жоспарлы көмек көрсетуді қоса алғанда, жергілікті деңгейде ересектер мен балаларға стационарлық медициналық, соның ішінде оңалтушылық көмек көрсетуді;
4) шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді;
5) ВИЧ-инфекциясын жүқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
Әскери қызметшілерге, ішкіістер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің өскери қызметшілеріне заңдарда белгіленген төртіппен тегін медициналық көмек көрсетіледі. Басқа қалғандарының бәрі ақылы нысанда көрсетілуі тиіс, бұл дұрыс нарықтық медициналық қызметтер көрсетудің дамуына жеткізеді. [18]
Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландырудыңкөздері мыналар болып табылады: ұзақ мерзімді экономикалық нормативтер бойынша бөлінетін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары; шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерінен аударылатын аударымдар, министрліктің, ведомстволардың және басқарудың басқа органдарының мақсатты субсидиялары; арнаулы бағдарламалар бойынша халықаралық үйымдардың қаражаттары; республикалық және жергілікті валюта қорларынан бөлінетін валюталық қаржы;
жүмыс берушілерге нормативтерден тыс медициналық және басқа қызметтер көрсетуді орындағаны үшін және ақылы қызметтер мен шаруашылық қызметтің басқа түрлерін көрсеткені үшін алынған медициналық мекемелердің қаражаттары; ұйымдар мен азаматтардың, соның ішінде басқа мемлекеттердің қайырымдылық салымдары.
Мемлекеттік денсаулық сақтаудың қаражаттары мыналарға бағытталады: азаматтарға медициналық көмек көрсетуге; денсаулық сақтаудың мақсатты кешенді бағдарламаларына; мемлекеттік денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасыи дамытуға; емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерді ұстауға; медициналық кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға; медициналық ғылымды дамытуға және енгізуге; жұқпалы аурулар эпидемияларын жоюға.
Денешынықтыру мен спортқажұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары, кәсіподақ ұйымдарының қаражаттары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері, спорт қоғамдарының меншікті қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Стадиондар мен басқа спорт ғимараттарына жүмсалатын күрделі жүмсалымдар, спорт үйымдарының аппаратын ұстау, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге бөлінетін қаржылар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Шығыстардың бір бөлігін ұйымдар — демеушілер, әдеттегідей, жарнамалық мақсаттарда өтейді.
Тағы рефераттар
- Жобалар және қайта қалыптастыруды жобалау
- Инновациялық қызметтерді басқарудағы жаңа тәсілдері
- Скважина қорларының өзгеру динамикасы
- Есеп жүйесін стандарттаудың қажеттігі
- Популяциядағы жануарлардың өзара тиімді байланыстары