Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жұмысын ұйымдастыру туралы қазақша реферат
Жылдық және келешекке арналған жоспарларды Қазақстан Республикасы аумақтарында ұлттық және мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік реттеу, мемлекет, дайындаушы мен тұтынушы мүддесін қорғау саласындағы саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қоры ( ҚР МСҚ ) құрамын жетілдіру, жұмыстарды орындау мерзімі мен тақырыптаманы анықтау мақсатымен әзірлейді.
Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына әзірлеу, қайта қарау, өзгерістерді енгізу және мемлекеттік пен мемлекетаралық стандарттарды жою жөніндегі тапсырмалар қосылады.
Жұмыстар жоспары жиынтық кестеден және екі бөліктен тұрады:
1) республикада мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардан;
2) мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстар бағдарламаларының өлігі болып табылатын және Қазақстан Республикасына орындалуы бекітілген мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстардан.
Мемлекеттік және мемлекетаралық стандартты әзірлеуді алдын ала қарастыратын тақырыптарды стандарттау жоспарына бірінші кезек ретінде төмендегілерді қосады:
1) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында негізге
алынатын нормалар мен талаптарына, халықтың денсаулығы, өмірі мен мүлігі және қоршаған орта үшін өнімдер, процесстер және қызметтердің қауіпсіздік нормалары мен жалпы техникалық нормаларына, сыныптауға, терминологияға, өнімді буып-түю, таңбалау, тасымалдау және сақтау ережелеріне;
2) халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарды және
шетелдердің нормалары мен ережелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары ретінде тікелей қолдану жұмыстарына.
Мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің тапсырушылары ретінде Мемстандарт, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазқұрылыс комитеті және республика аумақтарындағы басқа мүдделі мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық мекемелер, заңды жәе жеке тұлғалар болуы мүмкін.
Стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспары 1 жылға немесе келешекке 3- тен 5 жылға дейін әзірленеді және қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етілген, мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды орындауға белгіленген тізбесімен, осы кезеңде үнемі күші бар құжат болып табылады.
Тағы рефераттар
- Концептуалды схема
- Манарбек Ержанов
- Шет елдердегі суицид мәселесі
- Банктағы персоналды баскару курстық жұмыс
- Қазақстандағы депозиттерді сақтандыру жүйесі