Этика – мінез-құлық нормалары турылы ғылым, белгілі қоғамдық топтар мен нормалардың системасы және т.б. Аристотельдің айтуы бойынша, не істеу керектігін және керек еместігін түсініп білу этикаға жатады.
Басқару және координация процессінде менеджерге тек қана жалпы адамдар этикасын ғана қолданай, оған қоса, іскери адамның этикетін қолдану керек. Оған, қаратудың, сәлемдесудің, танусыдың нормалары, іскери қатынастар, іскери протоколдың мәдениеті, сыртқы бейне, мінез-құлық және т.б. жатады. Жалпыға бірдей үйреншікті іс-әрекетті мысалға келтірсек:
Бірінші болып, ер адам әйелмен, кішісі үлкенмен, лауазымы төмен жоғарыдағымен бірінші болып танысады.
Әріптестерге айтатын сөз типі, бүкіл коллективке қолданатын стильмен түсіндіріледі. Әріптестерге аты-жөнін айтып сөз қату керек, ең жақсы нұсқасы, оған «мырза» немесе «жолдас» деген сөздерді қосу. Және әр түрлі мемлекеттерде қаратпа сөздерінің ерекшеліктерін есте сақтау керек.
Атын атап сөйлеуге, тек жақын әріптестерге болады, егер олар жас болып, оған қарсыласпаса. Ұжымда ағайынгершілік қарым-қатынастан аулақ болыңыз. Жұмыс уақытында қол астындаыларға тек «Сіз» деп сөйлеуге болады. «Сен» деп атауға, тек жұмыстан тыс жерде рұқсат етіледі. Таныс емес адамдармен іскери кездесуде, өзіңізді таныстырып кетуіңіз керек, немесе оны кездесу ұйымдастырушылаы жасау керек. Ер адам әйелге бірінші болып танусыға міндетті. Танысқан адамнан, қосымша мәліметтер сұрауға болмайды.
Қазақ этикасы –Қазақ топырағында әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, әмбебап ғалым — Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым ретінде қарастырды. Оның түсінігінше, адам жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау керек. Ғұлама данамыз Әл-Фараби «Қайырымды қаланың бірінші басшысы, қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана бола алады деген. 1) Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; 2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; 3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; 4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; 5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; 6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс; 7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; 8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек; 9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; 10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек; 11) әдептілік; 12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек…» — дейді. Мұның бәрі қазақ халқының бала тәрбиесіне үлкен мән бергенін дәлелдейді. «Он үште отау иесі» деген ұғым бойынша бабаларымыз ес білген шағынан бастап баланы өмірге даярлаған, әсіресе ер бала шыр етіп келген сәтінен он үшке дейінгі кезеңде өмірдің құпия сырын, ауыртпашылығын, тұрмыс-қарекетінің жыл мерзіміне сай ерекшелігін үйретіп, құлағына құйып отырған. Он үш жасқа дейін осынау ғаламды дұрыс игерген бала өзінің өмірін де басқара алады, елін қорғауға да ақал-парасаты жетеді деп түсінген. Халық педагогикасында ең негізгі қағида адамнан, адамның өмірінен артық, одан қымбат, одан қасиетті ешқандай құндылық жоқ деген көзқарасты ұстану және адамды айырбастайтын, оны өмірі пида боларлық дүниеде ешқандай құндылықтың жоқтығын түсіну болып табылады. «Адам деген ардақты ат», «Адам болып туған соң, адам болып өлу лазым», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», т.с.с. халық даналығындағы мақал-мәтелдер адамның құндылық екенін дәлелдейді. Қазақ халқының моральдық-этикалық нормалары болашақ мұғалімдерді мақсаттылыққа, ішкі сұраныспен өмір сүру және жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру ісіне, барлық жағдайда моральдық кодекс принциптері мен жоғары адамгершілік идеяларды басшылыққа ала отырып, оларды оқу-тәрбие ісінде жүзеге асыруға, кәсіби парыздылық сана-сезімінің қалыптасуына көмектеседі.
Тағы рефераттар
- Мемлекет ұғымы
- Халықаралық Валюталық қор қызметі
- Ойлау және оның балалық шақта дамыту
- Абылай хан (Әбілмансұр)
- Акциз салығын алуды жетілдірудің жолдары