Меншік құқығы туралы жалпы ережелер туралы қазақша реферат
Меншік құқығы, меншіктін өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орыннын бірін алады. Меншік қатынасын нормативтік реттеу Қазақстан Республикасында мемлекеттіктің қалыптасуының одан кейін КСРО құрамында болып, тек 1991 жылы ғана тәуелсіз мемлекет болды. Республикада меншік құқығы туралы нормативтік актілер айтылған мемлекеттердегі қалыптасқан ағымға бағынышты еді. Осы тарауда меншік құқығы саласындағы азаматтық заңдармен даму деңгейн түсінуге ықпал етіп, басты теориялық және іс жүзіндегі проблемаларды анықтауға, олардын шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеудің басты екі бағытың ерекшелуге болады. Біріншісі — меншік құқығы туралы неғұрлым жалпы нормативтік және доктриналық ережелерді ағылшын — саксон және роман — герман құқық жүйесінде қарастыру. Бүгінгі таңда құқықтық дамыған екі түрін, яғни қазіргі басты екі жүйеге сәйкес келетін нормативтік — соттық және нормативтік заңнамалық құқық жайлы сөз етуге болады.
Учо Маттеи меншік құқығының жалпы құқық жүйесінен мына басты ерекшелігін бөліп қарастырады. Ең алдымен, ағылшын тілдес елдердің құқықтық қауымдастығының өкілдері «Меншік» ұғымын кен мағынада түсініп, ол мазмұны бойынша экономистер қолданатың «Меншік құқығы» түсінігіне жақын болады. Соның нәтижесінде бұл категория құқықтың әр алуан саласын қамтиды, ал римдік құқық дәстүрінде оның ерекшелігі айқын сақталып, оны бірде — бір осы заманғы цивилисит меншік құқығына жатқызбас еді. Мысалы акционерлік капитал мен жалға беруді сақтандыруға қатысты туындайтын қатынас жалпы құқық пен меншік құқық ұғымына жатқызылады.
Жалпы құқықты елдерде меншік құқығы нақты (жылжымайтын) мүлікпен және дербес (жылжитың) мүлікпен байланысты негізгі заңды техникалық дихотомия төнірігіндегі болатыны айтарлықтай мәнге ие. Бұлай бөлу бір — біріне өзгеше аталған меншік түрлерінің қорғау тетігінің дамуымен сипатталады. У. Маттеи кейбір қатысушылықтың болғанына қарамастаң, жылжымалы және жылжымайтын мүлік институттары бір — бірінен ажыратылған және ерекшеленген меншік құқығының аспекті түрінде бола отырып, қазіргі танда құқықта бөлек екі саланы құрайтынын атап өтеді.
У. Маттеиннің пікірінше құрлықтын құқық үшін меншік құқығын нормативтік реттеудің бөлек әлденеше, жалпы заңдылықтары бар. Ол, біріншіден, заттың құқықтық бірлік теориясы. Ұлы француз революциясы кезінде меншік иесінің құқығы күші феодализімге тән сипатта ажырату өріс алады. Менщік иесі құқығы күшінің шектелген саны белгілі бір ауқымнын шықпауға, әрі бағаланбауға тиіс болды, ал меншік иесінің меншікке қатысты құқығы болса, тар ауқымда қатан түрде шектеліп отырды. Екіншіден, жеке басты еркіндігі ұғымынан туындайтын табиғи құқықты «байланыстырғыш» ретінде байқалады. Жеке адамның меншікке егемендігі мемлекеттің өктемдігіне қарсы неғұрлым тиімді тосқауыл ретінде қарастырылды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеуді, аңғарту, рационалдық және саяси ойдың жаратыстану — құқықтық мектептері өркениетті қоғамның институттық негізі ретінде қабылдады. Маттеи азаматтық құқықтың осы екі негізгі ережесі бойынша жалпы құқыққа сын тұрғысында қарама.
Тағы рефераттар
- АҚШ-та территориалды басқару қызметі мен жағдайы
- Қазақстандағы депозиттерді сақтандыру жүйесі
- 16 желтоқсан — Тәуелсіздік мерекесі
- Жолаушылар ғимаратының орналасу жерін таңдау
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық ісжүргізу құқығының түсінігі, маңызы және мақсаты