Меншік құқығының мазмұны мен жүзеге асырылуы туралы қазақша реферат

        Азаматтардың меншік құқығы дегеніміз,оны өзіне тиесілі мүлікті иелену,пайдалану және оған билік ету өкілеттігі болып табылады. Азамат өз қалауынша өз мүлкіне қатысты кез-келген қатынасты жасай алады (Азаматтық Кодекстің 188-бабы). Сонымен заң меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асырудың жалпы бағытын айқындап береді. Жеке кәсіпкер, егер заңда өзгеше көзделмесе,кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрін жүзеге асыруға құқылы («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 13-бабы). Жеке кәсіпкерлік азаматтың өзінің иелігіне жататын меншік және басқа құқықтар негізінде жүзеге асады, сол құқықтар арқылы әлгі мүліктерді иеленіп, пайдаланып, оған билік етеді.

Азаматтар заңға сәйкес өзінің қарамағындағы ғимараттарды, құрырылысты, мекен-жайды,  сондай-ақ көп пәтерлі үйдегі пәтерін кәсіпкерлік қызмет мақсатында жалға беруге құқылы.

Кәсіпкерлік істің бір бөлігі, не ол тұтастай сатып алу-сату,кепілдік, жалға беру және басқа келісімдер обьектісі бола алады, мұның өзі оның құқықтарының бекітілуі, өзгеруі және тоқтатылуына байланысты келеді.

Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүргізе алады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, жеке кәсіпкер сатуға арналған тауарларын кез-келген жерде, кез-келген әдіспен сата алады.

Азамат, кооператив мүшесі кооперативпен шығатын жағдайда өзінің жарнасын қайтаруды және басқа төлемдерді төлеуін талап етуге құқылы («Өндірістік кооперативтер туралы»Жарлықтың 13-бабы). Кооператив мүшесіне жарнаны немесе басқа да мүлікті беру жылдың аяғында, бухгалтерлік есеп-қисап қорытындысымен жүзеге асада. Кететін кооператив мүшесінің келісімі бойынша оған төленетін төлем заттай берілуі де мүмкін.

Жердің меншік иесі азамат меншік құқығына тән үш құқықты: еркін иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын еншілейді. «Жер туралы» Заңда бұл өкілеттіктер нақтыланған. Заңның 19-бабына сәйкес учаскесінің меншік иесі заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесін мемлекеттік органдардың қандай да болсын рұқсатын алмай-ақ, өз қалауы бойынша иелену,пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асырады. Азамат-меншік иесі өзінің жер учаскесімен заң актілерінде тыйым салынбаған кез-келген мәмілелерді жасауға, атап айтқанда, жер учаскесін уағдаластық баға бойынша сатуға, шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына жарна ретінде енгізуге, кепілдікке  беруге, сыйға және мұра етіп қалдыруға құқылы. Жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мәміле жасаған сәттегі барлық ауыртпалығымен қоса берілелі. Азамат, жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарттың негізінде жер учаскесін пайдалануға беруге құқылы.

Жер учаскесін уақытша пайдалануға беру туралы шарт жалға беру, жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусіз пайдалану туралы шарт (өтеусіз пайдаланушымен) нысанында жасалады.

Жер учаскесі жеке меншікте және ортақ меншікте бола  алады. Жер учаскесі қанша дегенмен азаматтық құқықтың обьектісі болғаннан соң қозғалмайтын мүлік ретінде оған Азаматтық кодекстің меншік туралы еркжелері кеңінен қолданылады (Азаматтық Кодекстің 11-бабы). Жер учаскесіне ортақ меншіктің-үлестік және бірлескен деген екі түрі болады.

Азаматтық кодекстің 240-бабы 1-тармағына сәйкес мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей он бес жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат ол мүлікке меншік құқығын(иелену мерзімін)алатын болса, бұл институт жер учаскесі қозғалмайтын мүлік болғандықтан жер учаскесіне де қолданылады.

Меншік құқығынан бас тарту-азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке меншік құқығынан бас тарта алады,бұл жөнінде ол жариялайды,не бұл мүлікке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз озінің мүлікті иеленуден,пайдаланудан және оған билік етуден шеттейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Меншік құқығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік иесінің құқықтары мен ніндеттерін тоқтатуғаәкеліп соқтырмайды.

Меншік иесі мүлкінен ақы өндіріп алу-меншік иесі міндеттемелері бойынша мүліктен ақы өндіріп алу, егер шарта өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен жүргізіледі. Ақы өндіріліп алынатын мүлікке меншік иесінін меншік құқығы заңдарда көзделген тәртіп бойынша меншік құқығы көшетін адамның алып койылған мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.

Меншік құқығына ие болу негіздері.

  1. Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді.
  2. Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу –сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін. Азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға  көшеді.
  3. Көзделген реттермен тәртіп бойынша тұлға меншік иесі жоқ мүлікке, меншік иесі белгісіз мүлікке не меншік иесі бас тартқан немесе өзге негіздер бойынша ол меншік құқығын жоғалтқан мүлікке мншік құқығын алуы мүмкін.
  4. Тұтыну (тұрғын үй, құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативтің мүшелері, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық төлеген басқа да адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады.

Иесіз заттар.

  1. Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз зат не меншік иесі оның меншік құқығынан бас тартқан зат иесіз болып табылады.
  2. Егер меншік иесі бас тартқан заттарға меншік құқығын алу туралы, олжа туралы қараусыз жануарлар туралы, және қазына туралы ережелер теріске шығармаса, иелену көнелігіне сәйкес иесіз қозғалмалы заттарға меншік құқығы алынуы мүмкін.
  3. Иесіз қозғалмайтын затарды олар табылған аумақтағы қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл округ әкімі апаратының мәлімдеуі бойынша қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуді  жүзеге асыратын орган есепке алады. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілдік берілген орган иесіз қозғалмайтын заттарды есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талап қойып сотқа жүгіне алады.

Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган жүзеге асырады.

Мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату тәрібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Сот шешімі бойынша коммуналдық меншікке түсті деп танылмаған иесіз қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншік иесінің иелігіне, пайлануына және билік етуіне қайта қабылдануы, не иелену мерзіміне орай меншікке алынуы мүмкін.

Олжа.

  1. Жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншік иесіне не оны алуға құқығы бар өзіне белгілі басқа адамдардың біреуіне дереу хабарлауға және табылған затты оған қайтаруға міндетті.
  2. Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның өзі немесе оның тұрған жері белгісіз болса, затты тауып алушы олжа туралы ішкі істер органдарына немесе қаладағы, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл округ әкімінің апаратына мәлімдеуге міндетті.
  3. Затты тауып алушы оны өзінде сақтауға не ішкі істер органдарына тапсыруға құқылы тез бұзылатын затты немесе сақтауға кететін шығындар оның құнына сәйкес келмейтін затты тауып алушы түсім сомасын растайтын жазбаша дәлелдемелер алып, сата алады.

Затты тауып алушы оның жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін өзінің  жасыру ниеті болған немесе өрескел абайсыздық жасаған ретте ғана және сол заттың құны шегінде жауапты болады.

  1. егер олжа туралы ішкі істер органдарына мәлімдеген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға заңды құқығы бар адам анықталмаса және затқа өзінің құқығы туралы оны тапқан адамға не милицияға немес жергілікті атқару органына мәлімделмесе, затты тауып алушы оған меншік құқығын алады. Егер затты тауып алушы тапқан затын меншігіне алудан бас тартса, ол коммуналдық меншікке  өтеді.
  2. Затты тауып алушы және оны алуға заңды құқығы бар адамға қайтарып беруші ол адамнан, ал зат коммуналдық меншікке өткекн ретте –тиісті жергілікті атқару органынан затты сақтауға, өткізуге, сатуға байлансты қажетті шығындарды және затты алуға заңды құқығы бар адамды табуға кеткен шығындарды өтетіп алуға құқылы.

Затты тауып  алушы затты алуға заңды құқығы бар адамнан зат құнының отыз пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы.   Егер табылған зат оны алуға заңды құқығы бар адам үшін ғана құңды болса, сыйақының мөлшері тараптар есептеп шығарған баға бойынша белгіленеді.
Тағы рефераттар