Меншік құқығының обьектілері туралы қазақша реферат
1. Қазақстан Республикасының Конституциясында»Қазақстан Республикасының азаматары заңды түрде алған қандайда болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады»,- деп көрсетілген.
Азаматтық кодекстін191- бабы 2 — тармағына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез — келген мүлік жеке меншікте болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктін саны мен құны шектелмейді.
Азаматтық құқықтардың обьектілірі Азаматтық кодекстін 3 — тарауында реттелген. Азаматтардың меншік құқығын шектеу тек заңмен жүзеге асырылады, оған мыналар қатысты: а) азаматтардың меншік құқығын алуға немесе пайдалануға жарайтын мүліктердін аясын шектеу; ә) осы мүліктің саны мен құнының белгілері бойынша шектеу; б) мұндай шектеу әдетте жер учаскесінің аумағын белгілегенде қолданылады; в) арнайы заң құжаттарында көрсетілген шектелер. Мәселен, берілеуге рұқсат етілмейтін теңіз порттары мен айлақтар және тағы басқа айтуға болады. Бір ескеретін жағдай, кез — келген мүлік азаматтардың меншік құқығының обьектісі бола алады, біз олардың мейлінше маңызды деп аталатындарына ғана тоқталамыс.
2.»Жер туралы» заңның 2 — бабына сәйкес жер құқық обьектісі болып табылады, яғни жерге жеке меншік азаматтардың меншігі түрінде болады («Жер туралы» заңның 15 — бабы 2 — тармағы). Сонымен, жер азаматтық айналымға енеді екен, сондықтанда жер қатынасы мүліктік қатынасқа жатады. Мысалы, 33 — бабына сәйкес жер учаскесінің меншік иелері жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуға, пайдалануға және сақтауға бағытталған шаралар жүргізуге міндетті. Демек, топырақтын құнарлы қабаты бөлек алынған кезде дербес құндылыққа ие болады екен. Бұл арада топырақтың мұндай құнарлы бөлігін өз мағынасынан гөрі материалдық ерекшеліктерге ие болады, өйткені, ол пайдалану кезінде минералдық тынайтқыштармен тынайтылап, өнімділігн артырады, яғни ол меншік құқығынын дербес обьектісі ратінде көрінеді.
«Жер туралы»заңның 18 — бабына сәйкес азаматтардың жеке меншігінде өзінің мақсатына сәйкес үйлер мен ғимараттарды қамтуға арналған желерді қоса алғанда, құрылыс салуға берілген немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын — жайлар, үйлер, ғимараттар және олардың кешендері салынған жер учаскелері бола алады.
Жеке меншікке берілетін жер учаскелерінің көлемі Қазақстан Республикасының «Жер туралы» заңның 35 — бабымен реттеледі. Осы бапта азаматтардың меншігіне ақысыз берілетін жер учаскесінің көлемі анықталған: ауылдық жерде жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін — суарылмайтын жер 0,25га суармалы жер — 0,15га тұрғын үй құрылысың салу немесе қамтамасыз ету үшін — 0,10га бау — бақша және саяжай үшін — 0,12га. Жер учаскелерінің ен көп берілетін көлемі жергілікті атқару органдары арқылы жергілікті жағдайды ескере отырып жүзеге асырылады.
Жеке меншікке берілетін жер учаскесінің көлемі,егер заңмен тыйым салынбайтын болса,онда қала салу мен жобалау ‑техникалық құжаттарға сәйкес жер бөлу жөніндегі тәртіппен айқындалады.Бұл орайда азаматтарға берілетін жер учаскесі,оның ішінде шетел азаматтары да бар,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996жылы 8мамырда қабылданған»Жер меншікке берілетін немесе мемілекеттің пайдалануына берілетін жерге ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы»қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Қорғаныс,ерекше күзетілетін табиғат аумақтарының орман және су учаскелері,елді мекендер жерлеріндегі жалпы пайдаланудағы жерлер,бау‑бақша және сайажай құрылысынан басқасы,жеке меншікте бола алмайды (Заңның18 — бабы, 2 -тармағы).
3.Азаматтардың меншік обьектісінің маңызды түрінің бірі тұрғын-жай болып табылады.»Тұрғын үй қатынастары туралы»Заңға сәйкес азамат,егер заң актілерінд өзгеше көзделмесе,Қазақстан Республикасы аумағының қай жерінде тұратындығына қарамастан,жеке меншігіне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады.Бұл орайда бір азаматтың меншігіндегі тұрғын үйлердің саны мен көлеміне шек қойылмайды.1)үйдің бір бөлігін салу; 2)сатып алуөсату, айырбастау, сыйға тарту, өмір бойы күтіп ұстау,шартымен алып қою мәмілелері мен заңдарға қайшы келмейтін басқа да азаматтық- құқықтық мәмілелер жасау; 3)тұрғын үйді мұраға немесе құқықтың әмбебап түрде ауысуы ретімен алу; 4)жалға алушының мемлекеттік тұрғын үй қорының үйінде әлі өзі тұратын тұрғын үйді немесе тұрғын жайды жекешелендіру (сатып алу немесе тегін алу) жолымен меншігіне алуы; 5)тұрғын үйді (тұрғын үй-құрылыс)кооперативті мүшесінің тұрғын үй-жай үшін пайдалануының бүкіл сомасын төлеуі; 6)шарттық міндеттеме,соның ішінде азаматтың үй салуға өз қаражатымен немесе еңбегіне қатысуы туралы шарт негізінде тұрғын үй-жайды меншікке беру; 7)заңды тұлғалардың мемлекттік емес меншік нысанына негізделген тұрғын үйді сату не тегін беру жолымен өз қызметкерлерінің немесе өзге азаматтың меншігіне беруі; 8)мемлекеттік немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншік нысанына негізделген тұрғын үйді эаңда белгіленген шарттармен өз қызметкерінің не өзге адамның меншігіне беруі; 9)жеке меншікте болған тұрғын үйдің бұзылуы немесе күштеп алынуы салдарынан тұрғын үйден айырылуының өтемі ретінде тұрғын үй беру; 10)Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған басқа да негіздер бойынша («Тұрғын үй қатынастары туралы»Заңның 12-бабы).
Қазіргі кезде бағалы қағаздар азаматтық құқықтардың обьектілерінде кеңінен танымал. Олар азаматтардың меншік құқықтарының обьектілері болып есептеледі (Азаматтық Кодекстің ерекшеліктері арнайы заң актілерінде көрсетілген).
Тағы рефераттар
- Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау
- Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу
- Еңбекті нормалаудың еңбекақымен байланысы
- Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылықты жүргізудегі негізгі ережесі
- Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электр жабдыктары