Мердігерлік шартының жалпы ережелері туралы қазақша реферат. Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл – қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді. Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де нәтижелері болуы мүмкін, бірақ бұл мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққашығармайды, себебі оларды қол жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің маңыздысы болып келеді. Осы қызметті негізіне онды қызмет деп мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге қатынастармен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатқа ие болса, тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды. Сондықтан мердігерлік шартты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелермен елеулі ерекшеленсе де, жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу – сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы туралы айтады. Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу – сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсысыларының қатысушыларының құқықтары мен міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрінеді.
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап екінші тараптың тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырушыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақыт төлеуге міндеттенеді.
Мердігерлік шарты консенсуалды, ақылы және екіжақты шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу мерзімі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға тәуелдікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге ісер етеді. Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта болуымүмкін, суретке түсірі шарттары «тез» фотосуреттер дайындаумен байланысты мердігерліктің осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырушысының себептенуші негізінде болуы мүмкін.
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде 616 баптан бастап 683 бапқа дейін ұстанылып келеді. Одан басқа Қазақстан Респуббликасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитетінің 22.09.1996ж. № 9/ 7 – қаулысымен бекітілген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылдағаннан кейін құрылыс аясында мердігерлік қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5-өкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста мердігерлік шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 30.06.1994ж. №7-5 Қаулысымен бекітілген, бас мердігерлердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының ережелері күшін жойды.
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызды және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі сипаттамасына мыналар кіред:
1. тұрмыстық мердігерлік;
2. құрылыс мердігерлік;
3. жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік;
4. ғылыми зерттеу, тәжірибелік – конструкторлық, технологиялық жұмыстарға мердігерлік.
Тағы рефераттар
- Суретшілер шеберханаларында кездесу өткізу
- Келіп түскен құжаттарды тіркеу
- Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
- Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі
- Ақша массасының негізгі компоненттері