Күннің аспан меридианы арқылы өту сәті, әрине, бақылаушы орнының географиялық бойлығына тәуелді.Бақылаушы шығысқа қарай жылжыған сайын Күннің меридианнан өтуі батыстағымен салыстырғанда ертерек болады.Демек,Күннің меридиан арқылы өту сәті бізге жергілікті орынның күн уақытын береді.Жоғарыдағы тәсілмен анықталған уақыт тек берілген географиялық меридианда ғана қолданылатындықтан, күнделікті өмірде белдеулік уақытты қолдану ыңғайлы. Бұл үшін Жер беті плюстерді қосатын сызықтар көмегімен 24 сағаттық белдеулерге бөлінген. Әр сағаттық белдеу бойлық бойымен 15-градусқа созылады. Әр белдеудің ішінде оның орталық меридиандағы орташа күн уақыты осы аймақтың белдеулік уақыты осы аймақтың белдеулік уақыты алынады.
Гринвич обсерваториясы (Ұлыбританияда) орналасқан меридиан нөлінші сағаттық белдеу болып табылады. Гринвич меридианындағы жергілікті орташа күн уақыты бүкіләлемдік уақыт ретінде қабылданған. 1-сағаттық белдеудің (n=1) орталық меридианы Гринвич меридианынан 15-градус шығысқа қарай орналасқан. Басқа сағат белдеулерінің де бастапқы меридиандары осылай анықталады. Ал олардың екі жақ шекаралары мемлекеттік және әкімшілік шекаралары бойынша немесе табиғи аймақтармен (өзен,тау жоталары) бөлінген. Қазақстан Республикасының территориясы арқылы екі 4-және 5-сағаттық белдеу өтеді.
Бүкіләлемдік уақытты (және берілген орынның белдеуінің реттік санын (n) біле отырып, белдеулік уақытьтты табу оңай
1930 ж. Көктемде үкімет декреті бойынша КСРО территориясында декреттік уақыт ендірілді: барлық сағаттық белдеулерде сағаттық белдеулерде сағат тілі тұрақты түрде бір сағатқа ілгері жылжытылады. Кейбір елдерде декреттік уақытты жаз айларында тағы бір сағат ілгері жылжыту қабылданған.
Алматы және Астана уақыты (5-сағаттық белдеу) бүкіләлемдік уақыттан 6 сағ алда.
Географиялық бойлығы болатын орындағы жергілікті орташа күн уақыты бүкіләлемдік уақытқа сол бойлықтың уақытқа сол бойлықтың уақыт бірлігіндегі мәнін қосу арқылы анықталады: +
Аспан сферасы- радиусы анықталмаған жорамал сфера. Аспан шырақтары әр түрлі қашықтықта болғандықтан, оның бетіне бақылаушы белгілі бір уақытта өзі орналасқан көретін бүкіл аспан шырақтары проекцияланады.
Аспан сферасының орталық нүктесі, әдетте Жер орталығымен, немесе жер бетіндегі бақылаушы тұрған орнымен сәйкестендіріледі.
Аспан сферасында тек бұрыштық өлшеулер ғана қарастырылады. Бұрыштық қашықтық деп сферадағы екі нүктенің арасындағы доғамен өлшенетін қашықтықты немесе оған сәйкес орталық бұрыш шамасын айтады. Яғни бұл бақылаушы көзімен қарағандағы (аспан сферасының орталық нүктесінен) осы екі нүктеге тарайтын сәулелердің арасындағы бұрыш. Еске түсірсек, бұл принцип география пәнінде де қолданылады: ендіек пен бойлық – жер шары орындарының бұрыштық мәнде берілген географиялық координаталары. Аспан сферасы туралы ұғым адамзат тарихында өте ертеде пайда болған. Себебі аспан адамға жер бетін көмкерген өте үлкен күмбез тәрізді болып көрінеді. Ежелгі дүниетаным бойынша, бүкіл әлем қозғалмайтын шыраұтар (Ай, Күн, планеталар,жұлдыздар) орналасқан мөлдір сфералардан құрылған. “Аспан” сөзінің өзі көне үнді тілінде “тастан жасалған күмбез” деген ұғымды білдіреді. Түркі халықтарының ежелгі ұғымы бойынша аспан жеті немесе тоғыз қабаттан тұрады. Оларда дәрежелеріне сәйкес тәңірлер мекендейді. Астрономиялық дамуы мұндай түсініктің қате екендігін дәлелдеп берді, әйтсе де ыңғайлы болғандықтан аспан сферасы деген ұғым қазіргі астрономияда кеңінен қолданылады. Ерте заманда аспан сферасы айналады деп есептелсе,біз оның айналысы Жердің өз осін айналуынан пайда болатын көрінерлік құблыс екенін жақсы білеміз.Жер шары батыстан шығысқа қарай айналатындықтан, аспан бізге шығыстан батысқа қарай айналатын болып көрінеді. Осыдан аспан шырақтарының шығыстан туып, батыстан батуы туындайды.
Аспан сферасының негізгі элнменттері Зенит (Z) нүктесі бақылаушының дәл төбесінде, ал Надир (Z1)- сфераның қарама-қарсы нүктесінде орналасқан. Осы екі нүктені қосатын түзу вертикаль сызық немесе тік сызық, оған перпендикуляр әрі аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін жазықтық-математикалық немесе нақты көкжиек жазықтығы деп аталады. Ол аспан сферасын қиып үлкен дөңгелек (центрі аспан сферасының центрімен сәйкес келетін шеңбер мағнасында)- нақты көкжиек түзейді. Көкжиек аспан сферасын көрінетін және көрінбейтін екі бөлікке бөлінеді. Зениттен М шырақ арқылы надирге дейін өтетін үлкен дөңгелек шырақ вертикаль деп аталады. Аспан сферасы және шырақтардың тәуліктің айналасы дүние осінің төңірегінде өтеді. Жер өлшемі жұлдыздарға дейінгі қашықтықпен салыстырғанда өте кіші болғандықтан, іс жүзінде дүние осі жер бетіндегі кез келген орын үшін Жер осіне параллель болады. Дүние осінің аспан сферасымен қиылысатын нүктелері аспан сферасының айналасына қатыспайды. Сондықтан да олар дүние пллюстері деп алынады.Төңірегінде аспан сферасының айналасы (сфераның орталық нүктесінде орналасқан бақылаушы үшін) сағат тілінің айналу бағытына кері болатын полюс дүниенің солтүстік полюсі, оған қарсы полюс-дүниенің оңтүстік полюсі деп аталады.Дүниенің солтүстік полюсі маңында Темірқазық жұлдызы орналасқан. Зенит және дүние осі арқылы өтетін жазықтық аспан меридианының жазықтығы, ал оның аспан сферасымен қилысқан кезінде пайда болатын үлкен дөңгелек –аспан меридианы болып табылады. Аспан меридианы аспанның тәуліктік айналасына қатыспайды да көкжиекпен екі нүктеде қилысады, олар көкжиектің оңтүстік (S) және солтүстік(N) нүктелері. Математикалық көкжиек және аспан меридианы жазықтарының қилысуында пайда болатын түзу-талтүстік сызық деп аталады.Оның себебі тал түсте тігінен қойылған бағанның көленкесі осы түзу бойымен бағытталады. Жер бетінің кез келген нүктесінде нақты оңтүстік солтүстік бағыттты осы талтүстік сызық бағыты береді. Сондықтан да ол Жер бетінде дұрыс бағдарлану үшін өте қажет бағыт болып табылады. Аспанда оның қызметін аспан меридианы атқарады.
Аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін және дүние осімен тік бұрыш жасайтын жазықтық- аспан экваторының жазықтығы деп аталады. Жер экваторына параллель бағытталған бұл жазықтық аспан сферасымен қилысқанда пайда болатын үлкен дөңгөлек аспан экваторы деп аталады. Аспан экваторы аспан сферасын оңтүстік және солтүстік екі жарты шарға бөледі және көкжиекпен екі нүктеде – шығыс(E) және батыс (W) нүктелерінде қилысады.
Дүние полюстері және шырық арқылы өтетін үлкен дөңгелек шырақтың еңістік дөңгелегі деп аталады. Кез келген шырақ аспан сферасының тәуліктік айналасына қатыста отарып тәуліктік параллель деп аталатын кіші дөңгелектер бойымен қозғалады. Бұл жайт жылжымайтындай етіп бекітілген фотоаппаратпен түсірілген түнгі аспанның суретінен айқын көрінеді. Эклиптика – Күннің зодиак шоқұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек. Күннің эклиптика бойымен қозғалуы Жердің Күнді айналуын туындайды. Эклиптика жазықтығы аспан экваторының жазықтығына ε =26 бұрыш орналасқан. Күн шарығының орталық нүктесі аспан экваторына жылына екі рет -21 наурыз бен 23 қыркүйек маңында қиып өтеді. Бұл нүктелер көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелу нүктелері деп аталады. Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі (٧- Тоқты (Қозы) шоқжұлдызының таңбасымен белгіленеді) арқылы Күн аспан сферасының оңтүстік жарты шарынан солтүстік жарты шарына, ал күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі (Ω – Таразы (Өлкі) шоқжұлдызының таңбасымен белгіленеді) арқылы кері бағытта өтеді. Күн мен түннің теңелу нүктелеріне құрайтын Күннің тоқырау нүктелері орналасады. Жазғы күннің тоқырау нүктесі Торпақ пен Егіздер шоқжұлдыздарының шекарасында, Шаянның зодиак . Қысқы күннің тоқырау нүктесі Мерген шоқжұлдызында, Ешкімүйіздің белгіленеді. Негізгі жазықтықтар мен үлкен дөңгелектер аспан координаталарын енгізуде қолданылады.
Тағы рефераттар
- Музыкалық қабылдауды тереңдету барысындағы интонациялық (дыбыс биіктілігі) — әуенді есту сезімі және оның ролі
- Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіргендегі жағдайы
- Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері
- Мұхаммед Хайдар Дулати
- Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу