Табиғатта тірі ағзалар түр түрінде кездеседі. Түрдің құрамында жеке даралар бар. Түрдің табиғаттағы таралу аймағын ареалы деп атайды. Түрдің даралары өз аймағының көлемінде түрлі топтар популяция деп аталады. Сөйтіп, түрдің құрамына популяция, популяция құрамына даралар енеді.
Популяция дегеніміз – эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын, еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы.
Популяция ішіндегі әртүрлі даралардың бір– бірімен кездесу мүмкіндігі едәуір жоғары болады. Популяция дараларының барлық қасиеттері мен белгілері өзара ұқсас болып келеді. Түрдің бір бөлігі болып табылатындықтан популяцияның өз ареалын кеңейте алады, жаңа аймақтарды игере отырып. Осылай таралу барысында олар бірі – бірімен тозаңдана алмайтындай арақашықтықта орналасып, шағын ареалы бар жеке популяцияларды құрады. Әрбір популяция белгілі бір жағдайда тіршілік етеді. Кез келген популяция табиғи сұрыпталудың нәтижесінде өзі тіршілік еткен ортаға бейімделетін болады.
Популяциялардың араласып кетуіне көптеген кедергілер әсер етеді: тау , теңіз, өзен, құм, тағы басқалар, бұл географиялық кедергілер.
Биологиялық кедергілерге – жыныстық мүшелерінің құрылыстарының әртүрлі болуы, жануарлардың ұя, ін салу мерзімдері, шағылысу кезіндегі мінез – құлықтар.
Популяция ішінде жүретін эволюциялық процесс – микроэволюция деп аталады. Популяция ішінде жүретін табиғи сұрыпталу нәтижесінде ең алдымен түршелер – одан ары қарай белгілердің ажырауы кезінде жаңа туған түрлер дамуы мүмкін.
Эволюциялық факторлардың кейбір түрлердің ареалы өзгеріп жатса және бір түрлерде сол ареалдың тұрақтануына мүмкіндік беріп, сол түрдің генотипі өзгеріске ұшырайды. Кейбір эволюциялық қаапайым факторлар уақыт аралығында әсерін күшейтуі мүмкін.
Табиғатта аса алшақтап кеткен ең соңғы формалар ғана үнемі сақталып қала бермей, ортанғы формалар да тірі қалып, ұрпақ бере алады. Ең соңғы формалардан кейде бір форма, тіпті одан да көп формалар дамуы мүмкін. Егер орта жағдайы өзгермесе немесе ұзақ уақыт бойы аздап қана өзгерсе, онда түрдің ата тегімен салыстырғандағы өзгерісі айтарлықтай болмайды.
Үстіміздегі ғасырдың 30-жылдары ғалымдар популяцияға түрдің тіршілік ету формасы ретінде назар аудару. Жаңа зерттеулер эволюция процесінің түр ішінде жүріп, түрішілік жаңа топтамалар- популяциялар мен түр тармақтарын түзетін ең бастапқы кезеңін айқын түсіндіріп берді. Бұл процесс микроэволюция деп аталады. Тарихи қысқа мерзімде өтетін болғандықтан, оны тікелей бақылап, зерттеуге болады.
Географиялық түр түзіліс бастапқы түр арелының кеңеюіне немесе табиғи пайда болған кедергілерден (климаттың өзгеруі, тау, өзен) ареалдың оқшауланған бөліктерге. Полиполидия құбылысын орыс ғалымы И. И. Герасимов 1890 жылы ашқан болатын. Ол бірсыпыра наркотикалық заттардың спирогира балдарнына тигізетін әсерін зертейді. Хлорлгидрат, хлороформ және эфир сияқты наркотиктермен әсер еткенде спирогира клеткасының қалыпты бөліну процесіне өзгеріс енеді. Осыған байланысты оның клеткасы бөлінгенде одан біреу ядросыз,екіншісі қос ядролы клетка пайда болады; мұнда ядросыз клеткалар өліп қалады да, ал қос ядролы клеткаларда күрделі өзгерістер жүреді. Бөліну кезде бұлардың ядролары қосылып, екі еселі хромосомды бір ядро түзеді. Осылай хромосомдар санының еселеп көбею құбылысын Г. Винклер полиполидия деп атауды ұсынды.
Өсімдіктерде, әсіресе гүлді өсімдіктерде полиплоидиялық түрлер жиі кездеседі. Түрлері дұрыс қатар түзейтін өсімдік туыстары бар; мұндағы түрлердің хромосомдар жиынтығы еселеп артып отырады. Мысалы, бидай түрлернін ( Triticum туысы) хромосом санына сәйкес үш топқа бөлуге келеді: бірінші тобының сомалық клеткаларында 14 хромосом, екінші тобында –28, үшіншісінде-42 хромосом болады. Ал, жыныс клеткаларында хромосом саны екі есе аз, соған сәйкес 7, 14, 21 болды. Бұл сандар 7-ге еселеп келеді. 7 деген сан полиполидиялық қатардың н е г і з г і саны (n) болып табылады; бұл гаплоидтық хромосом жиынтығындағы хромосом санына сәйкес келеді. Демек, бірінші топтағы түрлердің сомалық клеткаларында хромосомдардың екі жиынтығы (2n) – (диплоидты), екінші топтағы түрлерде төрт жиынтық (4n)- тетраплоидты; үшінші топ түрінде – алты жиынтық (6n)-(гексаплоидты) болады.
Жануарларда полиполидты түрлер тым сирек кездеседі; көбіне ондайлар қос жынысты жануарларда (жауын құрттар) немесе партеногенездік қабілеті бар түрлерде (біз тұмсық қоңыздарда) болады. Алайда, қалыпты жыныс процесі болатын топтарда да, мысалы сүтқоректерде де (аламен тышқандарында) полиполидия табылады.
Қазіргі кезде, полиполиция негізгі екі топқа жіктеледі:
1)аутополиполидия
2) аллополиполидия.
Т ұ қ ы м қуалайтын өзгергіштіккеорганизмде пайда болғаннан кейін оның келесі ұрпақтарында сақталып отыратын және жыныстық жолмен көбейгенде сақталып отыратын қасиеттер жатады. Өсімдіктердің немесе жануарлардың бір түрлерінен белгілі бір орталыққа генетикалық бейімделген особьтар топтарын бөліп алып көрсетуге болады. Өсімдіктерде сондай топтардың болатынын бірінші байқаған Г. Турессон, ол түр ішіндегі сондай экологиялық формаларды э к о т и п деп атауды ұсынды. Бұл автордың ұғымында, экотиптерге тән сипат олардың әрқайсы белгілі экологиялық жағдайларда өмір сүреді және оның өзіне тән.
Сөйтіп, мұнда түқым қуалайтын экологиялық өзгергіштік болатыны байқалады. Бұған Турессон сипаттаған Оңтүстік Швециядағы шатырша ястребинка мысал болады. Өсімдіктің бұл түрі теңіздің құмды жағалауларында өседі, оның жіңішке, бетін түк басқан жапырағы, ұзын төселмелі өркендері болады. Құзды жағалауларда басқа формасы өседі. Бүл келте өркенді, жалпақ тегіс бетті, түксіз жапырақты болады. Үшінші формасы Швецияның орталық аймағынан алынып сипатталды, ол биік тік сабақты, жапырақ пішіні де өзгеше, кеш гүлдейді.
Тұқым қуалайтын езгергіштіктерден өзгеше, тұқым қуаламайтын өзгергіштіктер модификация немесе флюктуация деп аталады. Бұл организмнің онтогенез процесінде сыртқы орта жағдайларының әсерімен пайда болады және жынысты жолмен көбейгенде ондай өзгерістер келесі ұрпақтарына берілмейді. Осындай модификациялар болатындығын қарапайым тәжірибемен-ақ дәлелдеуге болады. Осы мақсатта
өсімдіктердің вегетативтік жолмен көбею қабілеті пайдаланылады. Сондай қабілетті өсімдік бірнешеге бөлініп, түқым қуалау қасиеттері бірдей бір топ индивидуум алынады. Бір особьтан вегетативті жолмен алынған ұрпақтардың бүкіл тобы клон делінеді. Бір клонның особьтарын әр түрлі орта жағдайларына орналастырып, олар түрліше экологиялық факторлардың талқысына түсіріледі. Калифорнияда Дж. Клаузеннің жүргізген осындай тәжірибесі ойпат жерден альп шалғындықтарына апарылып өсірілген өсімдіктің өзгеретінін көрсетті, ал оны тау етегіндегі алқапқа қайта апарып өсіргенде, оның бастапқы қасиеттері қайтадан өз қалпына келді.
Жеке өзгергіштік дегеніміз — бір жұп ата-ананың ұрпағындағы немесе тұтас бір популяциядағы жеке индивидумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ әрқайсының өзіне ғана тән қандай да бір белгілерінің болуы. Бір туысқан ұрпақтағы барлық особьтарды бір-бірімен салыстырғанда немесе бір жерде мекендеуші бір топ особьтарды бір-бірімен салыстырып қарап шыкқанда аталған жеке өзгергіштік оңай-ақ байқалады. Мысалы, бір жерден еркек бүғы қоңыздың бір тобын алып өзара салыстырсақ, олардың денесінің үлкендігі бірдей емес екендігін көреміз. Басқа насекомдардың реңі өте өзгергіш келеді. Бүған сары қоңыз мысал болады. Мүның металл тәрізді жалтырауық түсі әр особінде әр түрлі реңді болып келеді: жасыл, сарғылт-жасыл, күрең-қызыл, кейде күңгірт-күлгін, көк, тіпті қарасы да болады.
Қалыпты реңді ұялас қасқырлардың арасында мүлдем қара түсті қасқыр кездеседі. Көртышқандардың арасынан боз реңді индивидуумдар кездеседі. Бір жерде өсірілген бір сортты бидайдың пісіп жетілген масақтарын салыстырғанда, олардың ұзындығы, ондағы дәнектерінің саны, реңі және басқа белгілері әрқайсында әр түрлі болып шығады.
Тағы рефераттар
- Кен орнының геологаялық зерттелуі және игеру тарихы
- Жүк тасымалдаудағы кеден режимінің түрлеріне сипаттама (17 түрлі)
- Рекреациялық ресурстары туралы түсінік
- Солтүстiк Анды
- «Абай жолы» романындағы антропонимдердің жасалу жолдары түбір тұлғалы есімдер