Мотордың басты бөлшектері туралы қазақша реферат
Жылу энергиясын механикалық энергияға айналдыратын механизм – кривошипті-шатунды механизм. Цилиндр ішіндегі қоспаның жанған кезде ұлғайғаны поршеньді төмен қарай ығыстырады. Шатун мен иінді білік осы қозғалысты айналмалы қозғалысқа ауыстырады.
Кривошипті-шатунды механизмге цилиндр, поршень, шатун, иінді білік, маховик және картер кіреді (1.5.3-сурет). Осы механизмнің атқаратын қызметі — поршеньнің ілгерілемелі-кейінді қозғалысы иінді біліктің айналмалы қозғалысын жасатады.
Кривошипті-шатунды механизмнің иінді білігі айналып тұрады, ал оның кейбір бөлшектері ілгерілемелі-кейінді қозғалады (поршень комплектісі). Шатунның қозғалысы күрделі қозғалыс. Шатунның поршень саусағымен қосылған жоғарғы жағы ілгерілемелі-кейінді қозғалып тұрады; иінді білікпен байланысты төменгі жағы айналып тұрады.
Мотор бірқалыпты жұмыс істеп тұрған кезде кривошипті-шатунды механизм бөлшектерінің айналу қозғалысын біркелкі деп санауға болады. Механизмнің ілгерілемелі-кейінді жүріп тұратын бөлшектерінің қозғалысы біркелкі болмайды.
Шектік нүктелерде поршеньнің, шатунның басының жұмыс жылдамдықтары нөлге тең болады, өйткені олардың қозғалыс бағыты осы жерде өзгереді.
Тағы рефераттар
- Қылмысқа қатысу нысандары
- ”АБДИ Компани” А.Қ.-ның қызметі
- Мұрағаттық қорлардағы құжаттарды есепке алу ұғымы және негізгі ұстанымдары
- Талдағыштар,жас ерекшелігі, гигиенасы
- Тектілік туралы қазақша мақал-мәтелдер